Толық нұсқа
Өлшемі  A  A  A
Сайт түсі   C    C    C 
Бейне  Йә  Жоқ
Шрифт
Arial 
Times 
Verdana
Интервал
Қалыпты
Орташа
Ірі
 СЫР ЕЛІНДЕГІ НАУРЫЗ САЛТАНАТЫ
22/03/2017 - 11:30
Бүгін Қызылорда жұрты шаһардағы орталық алаңда  ұлысқа мерей, туысқа мейір сыйлайтын әз–Наурыз ерекше салтанатпен атап өтті.  Отыз киіз үй, 6 шатыр тігілген алаңға ағылған жұрт керемет көріністің куәсі болды. Ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарды тамашалады. Алаңның қақ ортасына қазандарын қаз–қатар орналастырған аспаздар Наурызкөже фестивалін өткізді. Басты дәмнің бағасын берген тағы сол қарапайым көпшілік болды.
Алаңдағы «Экспо-2017» павильондарында Астанада өтетін халықаралық көрме билеттері саудаланды.   
Қыс қыспағынан аман шыққан жұрт жергілікті өнерпаздармен қатар халықаралық ТҮРКСОЙ ұымы делегациясы қатарында қазақ жерін аралап жүрген түркітілдес өнер өкілдері концертін тамашалады. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, өткен жылы жеткен жетістіктерімізді саралады.
˜–Былтыр біз Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық  мерейтойын ауызбірлікпен атап өттік. Жылды жемісті қорытындыладық. Мерейлі –жылы Сыр елі орасан зор жетістіктерге қол жеткізді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту және тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша облыс республика аймақтарының арасында көшбасшылар қатарында. Төртінші жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жинап, күрішшілерімізді Елбасы арнайы құттықтады,- деді Қырымбек Көшербаев.
Мұнан соң жиналғандарды ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов құттықтап, ұйым тарапынан қолға алынған «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы жайлы айтып берді. Кеше осы жобаға сәйкес Түркістан шаһарындағы салтанатқа қатысқан ұйым делегациясы бүгін Сыр елінен табан тіреп отыр.
Құттықтау рәсімінен кейін облыс әкімі мен бас хатшы алаңдағы үйлерді аралап, сәбилердің тұсауын кесіп, жаңа өмірге талпынған балақандарға ақ жол тіледі.   

 

 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРҒА ТҰТАС ЖАҢА ТҰРҒЫН АУДАН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
22/03/2017 - 11:00
Қызылорда облысында қалыптасқан игі дәстүр бойынша Наурыз мерекесінде 12 көпқабатты үйден тұратын тағы бір жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Жаңа мөлтек ауданда 580 отбасы тұратын болады. Бұдан бөлек «Титов» шағын ауданында апатты жағдайдағы үйлердің орнына 100 пәтерлік көпқабатты 2 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды «Наурыз мерекесімен» құттықтап, құрылысшыларға жемісті еңбектері үшін ризашылығын жеткізді. 
- Елбасы тапсырмасымен биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады, оның аясында елімізде алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделуде. Бұл мақсатты жүзеге асыру ісінде де Сыр елі көшбасшылар қатарында болатындығына кәміл сенімдімін,- деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, соңғы 4 жылда қаламызда жаңадан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам отбасы баспанаға қол жеткізді. Құрылыс жұмыстары барысында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.
- Жыл өткен сайын тұрғындар санының, оның ішінде жас отбасылардың қатары артып келе жатқандығы қуантады. Соңғы 2 жылда 5250-дей жұп некеге тұрған болса, жаңа жылдан бері 500-дей жас шаңырақ иелері отау құрды. Бұл – қызылордалықтардың өз еліне, болашаққа және Елбасы саясатына сеніммен қарайтындығының айқын белгісі,- деді облыс әкімі.
 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ
22/03/2017 - 10:30
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Жалағаш, Сырдария аудандарында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары өтті. 
Жиында аймақ басшысы әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуы – әкімдердің жұмысының  ең басты көрсеткіштерінің бірі  екендігін атап өтті. 
- Бірінші кезекте әр аудан бойынша олардың географиялық орналасуын, табиғи байлығын, кәсіби салтын ескере отырып, бизнес жобалардың іске асырылуын қолға алу қажет. Мысалға айтатын болсақ, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында суармалы егін, көкөніс, бақша шаруашылықтарын дамытуға болады. Жалағаш ауданында мия өңдеу зауыты айналасында мия сусыны, тыңайтқыш өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, комибикормдық жем шығару, ал элеватор кешені айналасында күріш кеспесі, күріш ұны, күріш майы, күріш сабанынан қап, крафт қағаздарын шығаратын кәсіпорындарды дамыту керек,- деді Қырымбек Көшербаев.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким, аудан әкімдері және Қызылорда облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Асқар Махамбетов ШОБ дамыту және жуырда қабылданған аймақтағы кәсіпкерлікті дамытудың 2017 жылға арналған бірыңғай жол картасын жүзеге асыру  бойынша баяндамалар жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен аймақтық даму институттарының басшыларына Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен және  «Байқоңыр ӘКК»-мен бірлесе отырып, ең бірінші кезекте елді-мекен тұрғындарына шағын кәсіп ашудың негіздерін үйрету шараларын қабылдау, бизнес жобаларды жүзеге асыру мен аудандардағы индустриялық аумақтарды дамыту, жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған, жаңадан кәсібін ашқан азаматтарға қолдау танытып, көмек көрсету жұмыстары тапсырылды. 
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша актив отырыстары сондай-ақ, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен облыс орталығында да  өтеді. 

 

 АРАЛДА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
21/03/2017 - 10:31
20 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту мәселелері  бойынша актив отырыстарын өткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Арал қаласында аудандық орталық аурухананың іргетасын қалауға қатысты. Қ.Көшербаев аралдықтарды  Наурыз мерекесімен және жаңа денсаулық сақтау нысаны құрылысының басталуымен құттықтады. 
Біздің өңір әлеуметтік дамуды жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бойынша  республикада алдыңғы орында екендігін атап өткен жөн. 
Осы күні Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында кәсіпкерлердің және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен  шағын және орта бизнесті  дамыту жөнінде актив отырыстары өтті. Онда әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың және кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғаудың өзекті  мәселелері талқыланды.  
Микро, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы облыс үшін аса маңызды, себебі ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті бюджеттің нығаюына және  салық базасының ұлғаюына септігін тигізеді. Бұл мәселе мысалға  алдағы уақытта енгізілетін  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздардың, жеке кәсіпкерлердің заңды түрде тіркелуін қажет етеді. Облыс әкімі ауыл халқын бизнестің  негізін үйрететін «Бизнес-Бастау» және «Бизнес-Кеңесші» бағдарламаларына мейлінше көптеп тартуды, кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша жаңа жобалар әзірлеуді тапсырды. 
21 наурызда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған отырыстар  облыстың Жалағаш және Сырдария аудандарында да өтеді. 

Батапқы бетке еш контент құрылмады.