ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2018 жыл қорытындысы
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін 195 қызмет түрі бойынша 2018 жылы барлығы  2 127 334 қызмет көрсетілген (2017 жылы-2708536). 
Оның ішінде:
-Мемлекеттік корпорация арқылы – 130 334 (2017 ж. – 177 241,  яғни  26,5%  азайған, себебі – бірқатар қызмет түрлерінің электронды форматқа ауысуы).
-«электронды үкімет» веб-порталы және «ДамуМед» КМАЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 852 304(2017 ж. – 482 572, яғни 1,8 есе артқан);
автоматтандырылған өзге де ақпараттық жүйелер («Е-собес», «ЕАСУ МСХ РК», «ИСЖ) арқылы – 376 649;
мемлекеттік органдар арқылы - 767 974 қызмет (о.і.571 710 қызмет – баламасыз түрде тікелей мемлекеттік органдармен көрсетілген).
Көрсетілген қызметтердің салааралық қатынасы келесідей:
1 527 188 қызмет (71,8%) – денсаулық сақтау саласында;
181 319 (8,5%) – ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында;
167 322 (7,9%) – білім саласында;
145 480 (6,8%) – әлеуметтік қорғау саласында;
42 015 (2,0%) –АХАТ саласында; 
21 081 (1,0% ) – құрылыс, сәулет және қала құрылысы  саласында;
10 381 (0,5%) – жер қатынастары сласында;
32 272 (1,5%) – басқа салаларда көрсетілген қызметтер.
Мерзім бұзушылық фактілері. 2018 жылдың  11 айында (желтоқсан айының мәліметтері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен нақтылануда) мерзімі  бұзылып көрсетілген қызметтер саны - 14 (2017 ж. – 67), оның ішінде 5 мерзім бұзушылық  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау жұмыстары нәтижесінде анықталған. 
Нәтижесінде  25 жауапты қызметкерлерге түрлі тәртіптік жазалар қолданылды, атап айтқанда:
10 қызметкерге - «ескерту»;
3 қызметкерге -  «сөгіс»;
12 қызметкерге – «қатаң сөгіс».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мемлекеттік органдарға түскен арыз-шағымдардың саны – 1(2017 ж.–0).
Ішкі бақылау жүргізу шаралары.
2018 жылы  іс-шаралар жоспарына сәйкес 178 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, барлығы 178 объекті қамтылды, о.і.:
-жергілікті атқарушы органдары саны – 119;
-ведомстволық бағыныстағы ұйымдар саны  - 59, анықталған бұзушылықтар саны – 458.
Ішкі бақылау актілерінде берілген ұсынымдарға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны  - 19, 16 – «ескерту»,3- «сөгіс».
Оның ішінде 7-уі -жергілікті атқарушы орган қызметкерлері болса, 12-уі – ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметкерлері. 
2018 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 308, оның 90 -ы облыстық, аудандық және қалалық газеттердегі мақалалар.
Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру.  
Облыс әкімі аппаратымен жыл сайын Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыруға арналған жоспар кестесі бекітіледі және қызметтер үлесін аталған жоспарға сәйкестендіріп көрсету мәселелері күнделікті қадағалануда.  
Облыс бойынша тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы электронды қызметтердің үлесін арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты  ұйымдастырылуда. 
Бүгінгі күнге барлығы 8 акция өткізіліп, оларға 28 281 адам қатысты. Қатысушылардың ішінде 506 адам ұтыскер болып танылып, оларға 690 сыйлықтар  (телефон, ақпарат тасығыш (флешка), смартфон телефон, картридер, роутер модемі, планшет, ноутбук және теледидар) табысталды.  
Жүргізілген жұмыстар онлайн қызметтер үлесінің 2017 жылмен салыстырғанда  1,8 есе артуына мүмкіндік берді. 
Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін автоматтандыру
Әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында  «Кәсіпкерлерді қолдау орталығында» коммуналдық қызметтерге (-электр, -газ, -су, жылу құбырлары) техникалық шарттар алудың онлайн механизмі ендірілді.  
Нәтижесінде, техникалық шарттарды монополиялық құрылымдарға бармай-ақ электронды түрде алу мүмкін болып,  мерзімі 5 жұмыс күнінен  3 күнге дейін қысқартылды.
Сондай-ақ, жыл басынан облыс бойынша  балаларды бала-бақшаға кезекке қою және қабылдау мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру мақсатында «Электронды балабақша» жүйесі құрылды. Бүгінгі күнге аталған жүйеге 659 бала-бақша қосылды. 
Одан басқа, «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі  базасында «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтері автоматтандырылды. 
Жыл басынан бері  «Дамумед» арқылы барлығы 239 764  қызмет көрсетілді. 
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі дамыту және  жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігімен Орталық мемлекеттік органдарға 50-ден астам ұсыныстар ұсынылды. 
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері  үнемі жүргізілуде және облыс әкімдігінің назарында.

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
2017 жыл қорытындысы
 
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін 190 қызмет түрі бойынша 2017 жылы барлығы  2 708 536 қызмет көрсетілген (2016 жылы - 3 017 132 ). 
Оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 177 241 (2016 ж. – 159 464, яғни 10,1%  артқан).
- электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 482 572 (2016 ж. – 87 749, яғни 5,5 есе артқан).
Көрсетілген 2 708 536 қызметтің салааралық қатынасы келесідей:
2 039 937 қызмет (75,3%) – денсаулық сақтау саласында;
219 621 (8,1%) – әлеуметтік қорғау және АХАТ саласында; 
177 186 (6,5%) – білім саласында; 
169 382 (6,3%) – ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында;
44 914 (1,6% ) – АХАТ саласында;
11 188 (0,42%) – жер қатынастары сласында;
46 308 (1,7%) – басқа салаларда көрсетілген қызметтер.
Мерзім бұзушылық фактілері.
2017 жылы  мерзімі  бұзылып көрсетілген қызметтер саны  - 67 (2016 ж. – 30), оның ішінде  48 мерзім бұзушылық  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау жұмыстары нәтижесінде анықталған. 
Нәтижесінде  17 жауапты қызметкерлерге түрлі тәртіптік жазалар қолданылды, атап айтқанда:
13 қызметкерге - «ескерту»;
3 қызметкерге – «қатаң сөгіс»;
1 қызметкерге – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мемлекеттік органдарға түскен арыз-шағымдардың саны – 0 (2016 ж. – 0).
Ішкі бақылау жүргізу шаралары.
2017 жылы  іс-шаралар жоспарына сәйкес 206 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, барлығы 206 объекті қамтылды, о.і.:
- жергілікті атқарушы органдары саны – 128;
- ведомстволық бағыныстағы ұйымдар саны - 78, анықталған бұзушылықтар саны – 167.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 308, тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны  - 9 («ескерту» түріндегі жаза), оның ішінде 4-уі -жергілікті атқарушы орган қызметкерлері болса, 5-уі – ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметкерлері. 
Жүргізілген бақылау іс-шараларының актілерінде берілген ұсынымдарға сәйкес  барлығы 21 тәртіптік шара қолданылды. 
Оның ішінде, 19 тәртіптік жаза – «ескерту» түрінде, 2-уі– «сөгіс» түрінде. 
Оның ішінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлері – 14, ведомствоға бағынысты ұйымның қызметкерлері – 7. 
2017 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны –672, оның 111-і облыстық, аудандық және қалалық газеттердегі мақалалар.
Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру.  
Облыс әкімі аппаратымен жыл сайын Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыруға арналған жоспар кестесі бекітіледі және қызметтер үлесін аталған жоспарға сәйкестендіріп көрсету мәселелері күнделікті қадағалануда.  
Облыс бойынша тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы электронды қызметтердің үлесін арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты  ұйымдастырылуда. 
Егер 2014 жылдан бері өткізілген 6 акцияға барлығы 18 497 адам қатысқты, оның ішінде 2017 жылдың екінші жартыжылдығында өткізілген 6-шы акцияға 7 721 адам қатысқан (акцияның өткізілу мерзімі – 3 апта).  
131 электронды қызмет алушыларға сыйлықтар ретінде ұялы телефон, ақпарат тасығыш (флешка), смартфон телефон, картридер, роутер модемі, планшет, ноутбук және теледидар табысталды.   
Жүргізілген жұмыстар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтер үлесінің 2016 жылмен салыстырғанда  5,5 есе артуына мүмкіндік берді. 
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері үнемі жүргізілуде және облыс әкімдігінің назарында.

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
 
Мемлекеттік қызметтерді алуда оңайлылық пен жоғары сапаны қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдардың тұрғындармен жұмыс жасаудағы ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
Жалпы  мәлімет. Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жыл барлығы  3 017 132 (2015 жылдың  ұқсас кезеңінде – 934 594)  мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
2 329 293 қызмет (77,2%) – медицина саласында көрсетілетін қызметтер;
201 992 (6,7%) – білім беру саласы;
191 580 (6,3%) – әлеуметтік қорғау саласы;
173 888 (5,8%) – ауыл шаруашылығы саласы;
47 668 (1,6%) – азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтері бойынша^
72 711 (2,4%) – басқа қызметтердің үлесі.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2016 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 174 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Оның ішінде 66 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы (2015 жылы – 58 қызмет), 89 қызмет портал арқылы (2015 жылы – 67 қызмет) көрсетілген.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 159 464 (2015 ж. – 115 072, 28%-ға өскен).
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –– 87 749  (2015 ж. – 30 733, 2,8 есе артқан).
Мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны  - 30 (2015 ж. – 25). Нәтижесінде 18 қызметкерге «ескерту», «сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты түскен арыз-шағымдардың саны – 0 (2015 ж. – 0).
Регламенттердің бекітілуі. 2016 жылы 90 регламент бекітілді, оның ішінде 16 регламент – жаңадан қосылған қызметтер бойынша, 74 регламент –  стандарттарға тиісті өзгерістер енгізілуіне байланысты қайтадан бекітілген. 
Жалпы, 174 қызметтің 172-нің  регламенттері бекітілген, жер қатынастары саласындағы 2 қызметтің стандарттары бекітілмегендіктен, тиісінше регламенттері  де бекітілген жоқ. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру мақсатында атқарылған шаралар.
2016 жылдан бастап Өңірлердің даму бағдарламасы бойынша ҚР Үкіметі мен облыс әкімінің арасындағы Меморандумға «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің  көрсетілу сапасымен қанағаттану деңгейін көтеру» мақсатты индикаторы қосылды.
Бұл мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсетудегі жауапкершілігін одан әрі арттыруды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды күшейтуді жүктейді.
Осыған байланысты:
1) 2016 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жүргізу бойынша 9 іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес барлығы 47 бақылау іс-шаралары жүргізілді. Ішкі бақылау жұмыстарымен барлығы 84 объекті қамтылып, оның ішінде 66 – ЖАО, 18-і - ведомстволық мекемелер.
Жүргізілген ішкі бақылау шараларының нәтижесімен 4 қызметкердің тәртіптік  жауапкершілігі қаралып, ұсынымдардың саны  106-ны құрады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қабылданған Іс-қимылдар алгоритміне сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыс әкімі аппаратының мобильдік тобымен аудандық мен Қызылорда қалалық дербес бөлімдермен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мерзім бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында барлығы 369 әдістемелік көмек шаралары жүргізілді (2015 жылы - 55).
3) мемлекеттік қызмет көрсетудегі әкімшілік кедергілерді жою (мемлекеттік қызметті көрсету барысында қайталанатын артық (тиімсіз) рәсімдерді (іс-қимылдарды) алып тастау), мемлекеттік қызметті көрсету процесінің әрбір қатысушысының қызмет ету функционалын нақты бекіту және мемлекеттік қызметтер көрсету бизнес-процестерін әрі қарай оңтайландыру мақсатында 8 мемлекеттік қызметтің (білім, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы салаларында) бизнес-процестерін реинжинирингілеу бойынша семинарлар өткізілді. Нәтижесінде стандарт әзірлеуші уәкілетті орталық атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерін жақсарту және оңтайландыру бойынша 38 ұсыныс (2015 жылы – 12 ұсыныс) жолданды.
4) 2016 жылы Евроодақтың «Қазақстанның даму бағдарламасы» жобасы аясында үш облыстың (Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау) әкімдіктері арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үздіксіз жетілдіру желісін құру  жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында 2017 жылға Іс-шаралар жоспары бекітіліп,  Қызылорда облысы әкімінің аппараты ҚР Ұлттық экономика министрлігімен іріктелген 10 мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстеріне реинжиниринг жүргізеді. 
5) Есепті кезеңде 20 мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысып, біліктіліктерін арттырды. 
Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру.  
Мемлекеттік корпорация және портал арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін арттыруға арналған жоспар кесте бекітіліп, қызметтер үлесін аталған жоспарға сәйкестендіріп көрсету мәселелері күнделікті қадағалануда.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2014 жылдан бері Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы ғимаратында  облыс тұрғындарын қызметтерді «электронды үкімет» порталы арқылы алуға ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» науқаны өткізіліп келеді. 
2016 жылы аталмыш науқанға  4962 қызмет алушы қатысып, сыйлықтар ретінде  47 ұялы телефон, 170 ақпарат тасушы (флешка), 7 планшет, 11 смартфон, 7 роутер модем және 1 ноутбук тапсырылды. 
Жүргізілген жұмыстар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер үлесінің 2015 жылмен салыстырғанда 28%-ға, электронды қызметтер үлесінің  2,8 есе артуына мүмкіндік берді,
Қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2016 жылы қоғамдық мониторинг ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес «Білім» ғылыми-зерттеу  орталығы» ЖШС-мен жүргізілді.
2016 жылға арналған Қызылорда облысының Өңірлік даму жоспарына сәйкес  ҚР Премьер-Министрі мен Қызылорда облысы әкімінің арасындағы Меморандумда «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру» көрсеткішінің жоспарлы мәні 82% деп жоспарланып, орындалу мәні  89%-ды құрады. Нәтижесінде ЖАО-дың жалпы рейтингісінде Қызылорда облысы 4-ші орынға ие болды. 
Дегенмен, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында қол жеткізген қандай да бір көрсеткіштерге қарамастан, бұл салада  шешілуі қажет жүйелілік, құқықтық және техникалық сипаттағы  мәселелер жетерлік. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі арттыру мен жетілдіруді талап етеді.  
Көрсетілген мәселелерді шешу, мерзім бұзушылықтардың алдын алу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына 2017 жылы келесі міндеттерді орындаудағы жұмыстарды күшейту керек:
-азаматтар мен кәсіпкерлік қоғам өкілдеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының барлық параметрлерін жақсартуға тікелей  бағытталған жұмыстар жүргізу;
-көрсетілетін қызмет беруші органдарда көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын бақылау тетігін күшейту және одан әрі жетілдіру;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерінің бұзылып көрсетілуіне жол бермеу бойынша  алдын алудың кешенді шараларын жүргізу;
-тұрғындарды мемлекеттік мекеме ғимараттарында орналасқан стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы уақытылы ақпараттандырып отыру;
-ХҚКО арқылы «бір терезе» қағидатымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін одан әрі арттыру бойынша шараларды жүргізу (түсініктемелік жұмыстар  сипатындағы шаралар);
-мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігін кеңінен таныту және ақпараттандыру шараларын жүргізу;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

"Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңының жобасы

ҚР Заңының жобасына ITS Досье

Құрылған күні: 06-09-2012 15:19
Жаңартылған күні: 15-10-2019 19:43
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика