ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада республикалық "Жомарт жүрек" жобасы салтанатты марапаттау рәсімінің қалалық кезеңі өтті.
Шараның мақсаты – бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету.
Қызылорда қаласы бойынша жеңімпаздардың есімін назарларыңызға ұсынамыз.
1. «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясымен қаламыздың белсенді жас еріктісі, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы;
2. «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясымен «Астана сервис ЛТД» ЖШС директоры Әбдіхалықов Муса Жақыпұлы;
3. «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясымен «Интегрострой» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы;
4. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қоры;
5. «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен «Қанат» шаруа қожалығының төрағасы Ізбасқанов Қайрат Маханбетиярұлы марапатталды.
Айта кету керек, аталған жоба биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 7 аудан мен қаладан жоғарыдағы номинацияға лайық деп танылған азаматтар облыстық кезеңге қатысып, жеңімпаздар Республикалық "Жомарт жүрек" байқауына жолдама алады.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика