ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

СЫР ЖАСТАРЫ РҮСТЕМ ӘБДІРАШПЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылордада А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде жастар "Қазақ хандығы" фильмінің режиссері, суретші, сценарист Рүстем Әбдірашпен кездесті. Көрермендер назарына " Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмі ұсынылды. Осыған дейін өңірімізде "Қазақ хандығының" екінші бөлімі кинотеатрда көрсетіліп, оң пікір қалдырған болатын. Дегенмен режиссердің айтуынша, алдағы уақытта екі апта көлемінде қайта көрсетіледі.
«Шынында, ауыз толтырып айтатын үлкен сапалы кино дүниеге келді. Тек қазақ халқы үшін ғана емес, басқа тілде сөйлейтін көрермендер үшін қызықты болатындай жасалды. Түпнұсқасы қазақ тілінде. Сонымен қатар, Санк-петергбургке барып,орысша нұсқасын да жасап шықтық. Яғни, қазақ тілін білмейтін, бірақ Қазақстан тарихын білем деген көрерменге ыңғайлы. Ең бастысы, қазақ тілінде толық дубляж бірінші рет жасалып отыр", – деді Р.Әбіраш.
Сондай-ақ, алдағы уақытта ағылшын тілінде де дубляж жасау жоспарлануда. Шара барысында, көрермендермен кері байланыс орнап, жастар көкейдегі сұрақтарын қойды.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика