ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ 4 КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ
Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жалағаш аудандарындағы нысандарға бүгінде жер бөлініп, инфрақұрылымы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Болгария, Франция және Ресей компаниялары оны жүзеге асыруға ниетті. Қазір Жалағаш ауданында сағатына 30 мегаватт күн энергиясын өндіретін станцияны салу басталды. Құны 12 миллиард теңге болатын жоба сәтті жүзеге асса, өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал етеді. «Тәуелділіктен арылып, тарифті реттеу мүмкін болады», – дейді мамандар.
«30-ға жуық техника жұмыс жасап жатыр. Жобаның негізгі құрылысы 2019 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарлануда. Жоба іске асырылған жағдайда 15 адам тұрақты жүмыспен қамтылып, аудандық бюджетке 150 млн теңгедей жыл сайын салық түседі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тағы бір күннен электр энергиясын өндіретін станциясын салу жоспарда бар», - дейді Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет.
 
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика