ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

СЫР ГИМНАСТШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің 6 облысынан 26 команда, 8-16 жас аралығында 200 спортшы қатысты.
Дүбірлі бәсекеде Сыр гимнастшылары екі жас ерекшелігі бойынша күміс және қола жүлделерге қол жеткізді.
10-12 жас аралығында өткен сайысқа 8 команда қатысып, қыздар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал 8-10 жас аралығында өнер көрсеткен гимнастшылар ІІІ орынды еншіледі. Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан дайындады.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, біршама жетістіктерге жетіп жүрген Сыр гимнастшылары алғашқы рет ел чемпионатынан жүлделі орындарды иеленді.
Ағымдағы жылдың 14-16 желтоқсан күндері «Мұз айдыны» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді. Бұл жарысқа еліміздің 8 облысынан 12 команда қатысады.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика