ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«СЫР БОЙЫ» МЕН «КЫЗЫЛОРДИНСКИЕ ВЕСТИ» ГАЗЕТТЕРІНЕ 90 ЖЫЛ
Бүгін А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің  90 жылдығына арналған «Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.  Шарада аймақ басшысы Қ. Ысқақов  қос басылым қызметкерлерін құттықтап, Облыстың Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттарын марапаттады. 
«Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің мерей тойында ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі Е. Байтілес пен Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С. Матаев  сөз сөйлеп,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Қ. Елеуұлының құттықтауын табыстады.   
Конференция барысында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің аймақтық ақпарат кеңістігіндегі тарихи орны мен маңызы», «Аймақтық баспасөз дамуының алғашқы сатылары», «Сыр бойы» - шығармашылық шеберханасы» мен «На страницах газеты – летопись региона» сонымен қатар, «Аймақтық басылымдардың тарихы және бүгінгі медиадағы дәстүр сабақтастығы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
"Газеттердің өткені мен бүгіні қатар жүріп, болашаққа бағдар жасалып, ел еркіндігі мен ынтымағының, әрбір жарқын жаңалықтың жаршысына айналып келеді. Қос басылымның талай талантты түлеткен ұстахана екенін ұмытпауымыз керек. Осы газеттердің шығармашылық мектебінен өткен қаншама журналист республикаға танылды қаламгерлер атанды. Бүгінде олардың әрісі Нұр-Сұлтан, Алматыда, берісі өз өлкемізде абыройлы қызмет етіп жүр",- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның соңы «Атыңнан айналайын, Атамекен» атты жыр мүшәйрасымен жалғасты.
 
 
 
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика