ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

САЙЛАУҒА 500 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ағымдағы жылдың 9 маусымына тағайындалған.
«Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 10/232 қаулысымен аталған сайлауды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтүзбелік жоспары бекітілді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну жайлы айтатын болсақ, оның мерзімі ағымдағы жылдың 10 сәуірінен басталады және 28 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары ғана ұсына алады», - деді А. Жүнісов.
Сондай-ақ, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау науқанына байланысты облыста атқарылатын шараларға тоқталып өтті.
«Облыс аумағындағы аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан 2019 жылдың 19 сәуірінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясы құрамдары жарияланатын болса, жергілікті әкімдіктер ағымдағы жылы 24 сәуірінен кешіктірмей аудандық, қалалық газеттерде сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайтын болады. Айта кету керек, облыс бойынша 9 аумақтық және 366 учаскелік сайлау комиссиялары бар, олар биылғы жылдың қаңтар айында 5 жылға сайланды, бүгінде олардың құрамдары толық», - деп мәлімдеді А. Жүнісов.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика