ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары Серік Сүлейменов пен Серік Қожаниязовты және Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітованы әріптестері жаңа қызметке шығарып салды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев әріптестерінің жаңа жұмыстарына табыс тілеп, аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ал облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін С.Қожаниязов, С.Сүлейменов және И.Ақжігітова Қызылорда облысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика