ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ КОСМОНАВТИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МӘСКЕУДЕГІ ӨТКЕН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
Мемлекеттік Кремль сарайында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне, сондай-ақ, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 58 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Авиация және ғарыш қызметкерлері мен ардагерлерін Владимир Путин, РФ Үкіметі Төрағасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша орынбасары Юрий Борисов және "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры, РФ Президентінің халықаралық ғарыш ынтымақтастығы бойынша арнаулы өкілі Дмитрий Рогозин құттықтады.
Қазақстан делегациясының атынан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік концертте Кремль сарайы сахнасында облыстық филармониясының "Ақмешіт" фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Ансамбльдің солисі Назым Сағынтай Латиф Хамидидің "Бұлбұл" әнін орындады.
Мерекелік шарада Ресей эстрадасының әртістері Лев Лещенко, Юрий Антонов, Вячеслав Добрынин, Александр Маршал, "Земляне" тобы, Анита Цой, Валерия, Алла Духованың "Тодес" балет ұжымы және т.б. өнер көрсетті.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика