ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ  БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімі Н.Нәлібаев пен жауапты басқарма басшылары да қатысты.
Азаматтарды қабылдау үзіліссіз 8 сағатқа жуық жүргізіліп, 70 адам аймақ басшысының қабылдауында болды. Келгендердің негізгі мәселесі тұрғын үй, әлеуметтік мәселе мен білім және денсаулық салаларына қатысты.
-Соңғы жылдары  қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Осы жылы  тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды, сондай-ақ, бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 25 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кілті табысталды,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Кезекте тұрған азаматтар үшін баспана заңға сәйкес кезең-кезеңімен беріледі. Баласы Қанат Жудабаевтың 1 санаттағы мүгедек екенін, үй кезегінде 13 жыл бойы тұрғандығын айта келген Роза Асқарова кезегінің жақындағанын білмей, пәтер сұрап келген. Аймақ басшысы Роза Асқароваға кезегінің келіп, Сырдарияның сол жағалауынан пәтерлі болғандығын айтып,қуантты. Баспаналы болған ана облыс әкіміне алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Қабылдауға  келген бір топ ақсақалдар Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы аяқ су мәселесі және каналдардың қоқысқа толып, тазаланбай тұрғанын көтерді. Қуанышбек Досмайылұлы келесі жылы егін маусымына дейін каналдарды тазалап, аяқ су жеткізу мәселесін шешуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Жеке мәселе ғана емес, түгел ауылының, облыс орталығында өзі тұратын шағын  аудан, көшелерінің мәселесін көтеріп қоғамдық ахуалды айтқан азаматтар да сұрақтарына жауап алды.
Облыс әкімінің қатысуымен  дәл осындай қабылдаулар алдағы уақытта да өткізілетін болады.
    
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика