ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕСІ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» облыстық филиалының Саяси кеңесі мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Астанадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында қабылданған мәселелер мен 2019 жылға арналған міндеттерді баяндады.
Кездесу барысында аймақ басшысы өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2019 жылға арналған міндеттерді белгіледі.
«Кеше Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қызылорда облысының бірқатар мәселелері қаралды: су шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру, соның ішінде «Күміскеткен» су қоймасы құрылысы, сондай-ақ жаңа жылу электр орталығы мен Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды автомобиль жолының құрылысы, мұнай-газ секторын дамыту және тағы да басқалары. Барлық көтерілген мәселелерді Мемлекет басшысы қолдады және оларды шешу үшін нақты нұсқаулар берілді», - деді аймақ басшысы.
Қорытындылай келе, облыс әкімі  Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мен Сыр өңірін дамытуда белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Жиында партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қоғамдық кеңестің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның Ресей қоғамы Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат Имандосов сөз сөйледі.
 

 

Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика