ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА
Сыр өңіріне жұмыс сапарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шайымова 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасы бағдарламасы арқылы көп қабатты тұрғын үйлер салынып жатқан Қызылорда қаласының сол жағалауында болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – Қызылорда облысының тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
«Орда» Жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары А. Ізбасар атап өтті. Бағдарлама баспананы алдын ала салымсыз, ай сайынғы арендалық төлемдер шарттарымен алуға мүмкіндік береді. Осылайша, екі бөлмелі пәтерді 7 млн. теңгеге алуға болады.
Өз кезегінде, А. Шаимова бұл бағдарлама мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне өте тиімді екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Агенттік төрағасының орынбасары, негізгі мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Рухани Жаңғыру» орталығымен танысты.
 
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика