ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҰРСЫНБАЙ ҚҰЛАХМЕТ БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз финалда үндістандық Ашиш Кумармен бас жүлдені сарапқа салды.
Аса тартысты өткен жекпе-жекте Т.Құлахмет айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Алда 81 келі салмақтағы Бек Нұрмағанбеттің Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтің өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жегі бар.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика