ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Алматы қаласында шахматтан əйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Швейцар жүйесі бойынша сынға түскен Əсел Серікбай рапидтен, Назерке Нұрғали блицтен 9 турдан 7,5 ұпай жинап, екі алтынды иеленді.
Айта кетейік, қос шахматшы ересектер арасында бірінші рет шеберлік байқасып отыр. Бұл облыс тарихында əйелдер арасында алғашқы медаль.
Сондай-ақ Назерке Нұрғали жеңісіне орай ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика