ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАҒА «ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫ КЕЛДІ
Kyzylorda-news.kz. Жастар жылы аясында «Astana Musical» Мемлекеттік театры Қызылорда қаласына  гастролдік сапарымен келді.  Аталған өнер ұжымы сырбойылықтар үшін ерекше 3 туындыны ұсынып отыр. Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының әкімшісі Жұмажан Жұлқаш баяндады.
Қала тұрғындары 8-10 мамыр аралығында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының қойылымдарын Н. Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында тамашалай алады. Театр репертуары үш қойылымнан тұрады: «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі, «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және  «Шәмші» мюзиклі.
«Astana Musical» Мемлекеттік театрының басты ерекшелігі - шығармашылық құрамының жүз пайызы  жастардан құралған. Алғашқы кезеңде театрда отыз актер болса, қазір олардың саны елуге жетті.
Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін  «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) – Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей)  бес мемлекетке гастрольдік турне жасады. Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да  болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді»,- деді Жұмажан Амандықұлы.
Тетрдың актеры Оразалы Игіліктің айтуынша,  бірнеше күн бұрын Орал қаласында тұсауы кесілген «Шәмші» туындысын Қызылордалық көрермен жаңа форматта тамашалай алады. Режисерлық топтың жұмысы арқасында бір қойылым ішінде Шәмші рөлін 3 әртіс сомдамақ.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика