ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Жаңа ресурстық орталық Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.
Ресурстық орталықта IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев облыс жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.
«Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн-нан аса қаржы қаралса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған биылғы Жастар жылына орай қосымша 70 млн. қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты»,-деді аймақ басшысы. 
Айта кетейік, аймақ басшысының тапсырмасымен ресурстық орталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік  қолдауымен пайдалануға беріліп отыр.
Аталмыш орталық интернет-кітапхана және антикафе, IT-парк, жаттығу және конференц-залдарын қамтиды. 
Анықтама: соңғы бес жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеп (5,1-ден 4,2-ге), экономикалық белсенді жастардың саны артты (3 мың жасқа). 
Сыр өңірінің 510 түлегі Ресей Үкіметі грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Ал 900 жуық дарынды да талапты ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде. Сонымен қатар, 4,5 мыңнан астам сырбойылық жас  «Серпін» бағдарламасы аясында орталық, шығыс-солтүстік аймақтарының  оқу орындарында оқып жатыр.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика