ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Kyzylorda-news.kz. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Мелдешов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының 19 сайлау учаскелерінде болып, олардың сайлауға әзірлігімен танысты.
Барлық сайлау учаскелері әдістемелік құралдармен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін лупалар сатып алынып, брайль шрифтімен ақпараттық материалдар әзірленген. Өңір бойынша сайлауды өткізуге әзірлік жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес тиісті дәрежеде жүргізіліп, сайлаушылардың тізімі тиісті әкімдермен учаскелік сайлау комиссияларына өткізілген.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Мелдешов «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
Сайлау науқанының әрбір кезеңімен, сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастырушылардың негізгі өкілеттіктерімен және міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқыту әдісімен электораттық оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика