ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "БОЗТОРҒАЙ" БАЛАЛАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған облыстық ХХІ «Бозторғай» конкурсының ашылуы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.1999 жылдан бастау алған, облыс көлемінде дәстүрге айналған облыстық «Бозторғай» конкурсы биыл 21 мәрте ұйымдастырылуда.
Осы уақыт аралығында Сыр елінен шыққан көптеген жеке орындаушылар мен би топтары байқау лауреаттары атанып, көпшілігі әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, Сыр елінің даңқын әлемге паш етуде.
Биылғы облыстық байқауға ән, хореография, аспапта ойнау, халықтық орындау және көркемсөз оқу жанрлары бойынша 500-ге тарта өнерпаз қатысып, өнерлерін ортаға салады. Облыстың барлық аудандары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан байқаудың іріктеу кезеңіне 1000-ға тарта талапкерлер қатысты.
Байқаудың биылғы ерекшелігі аспаптық ансамбльдер мен жеке аспапта орындаушылар бөлек-бөлек марапатталады.
Байқауға кәсіби мамандардан құралған өнер иелері қазылық ететін болады.
 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика