ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУРУХАНА КЛОУНАДАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ
Қызылорда облыстық балалар ауруханасында «Аурухана клоунадасы» жобасы жұмыс жасай бастады, деп хабарлайды nur.kz.
Жобаның мақсаты - қысқа және ұзақ мерзімді ем алушы балаларға арт-терапия, ойын терапиясы арқылы өмірге құлшынысын ояту, диагноздық ауруларын жеңуге жәрдем жасау, аурухана атмосферасына үйрету, көңілдерін аулап бос уақыттарын тиімді өткізу.
Биылғы жылдың тамыз айынан бастау алған жоба, бүгінгі күнге дейін облыстық балалар ауруханасы базасындағы әр түрлі диагноздағы балаларға және тұрақты «Пульманология» бөлімшесінің балаларына да қызмет көрсетуде.
Жоба авторларының айтуынша әрбір қызметті ұсыну кезінде балалардың шынайы күлкісі мен олардың бір сәт болсын өздерін ауруханада жүргендерін ұмытып, ерекше құлшыныстарын көру үлкен қуаныш сезімін тудырады.
Қазіргі таңда, жоба аясында Қызылорда қаласында орналасқан оқу орындарының педогогика мамандықтарының студенттері, шығармашыл және белсенді жастар жұмыс жасап келеді.
Әлемдік тәжірибеде бұл жоба осыдан 30 жыл бұрын қолданыла бастаған. Көрші Ресей елінде бұл жоба «Больничная клоунада» атауымен 10 жыл бұрын басталған екен.
Ал, біздің елімізде бұл жоба алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласында жүзеге асырыла бастады.
Бұл Қызылордалық белсенді жастардың қоғамдастықтың игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларын дамыту, қоғамға қажетті әлеуметтік маңызы бар жобаларды арттыру жолындағы ұтымды бастамаларының бірі деуге болады.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика