ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Облыс басшылығының бастамасы бойынша өңірдің 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданатын болады, бұл өз кезегінде мұнай өндірудің төмендеуінен экономикалық шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қорытынды мәлімдемесінде айтты.
«Өздеріңізге белгілі, аймақ үшін маңызды мәселенің бірі - ағымдағы жылдың ақпан айында біздің бастамамызбен Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Қызылорда облысының өзекті мәселелері талқыланды. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен біз 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын әзірлеп, салалық министрліктермен келісудеміз, сонан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілетін болады. Айта кету керек, дәл мұндай кешенді жоспар тек Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ғана бар., Ал, төртінші жоспар Қызылорда облысы бойынша бекітілетін болады»,-деді аймақ басшысы.
Үш айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемін, тиісінше өнеркәсіптік өндіріс көлемін қоспағанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша көшбасшылар қатарында.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы инвестиция тарту, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан бес өңірдің қатарына кірді.
«Тек өңдеуші сектордың өзінде оң динамика бірнеше жылдар бойы сақталып келеді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 2013 жылдың деңгейіне қарағанда, бұл саладағы өсім 71% құрады, республика бойынша - 16,2%. Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артқан! Біз аймақ үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз»,-деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Қ.Көшербаев аймақты дамытудың алдағы жоспарларын белгіледі. Түрлі қиындықтарға қарамастан биыл Қазақстандағы алғашқы табақ шыны өндірісі іске қосылады. Шалқия қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын, кальцийлендірілген сода шығару зауытын және басқа да перспективалы экспортқа бағдарланған өндірістерді салу бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін агроөнеркәсіптік кешен саласында кемінде 10 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде жылдық қуаты 1500 тонна өнім шығаратын құс фабрикасын, аумағы 2,2 гектар автоматтандырылған жылыжай кешенін, 1200 мал басына арналған сүт өнімдері фермасын, күріш зауытын және т. б. салу жоспарлануда.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика