ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Облыс әкімінің өкімімен Даужанов Нәби Тоқмырзаұлы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Н. Даужанов 1964 жылы туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының Қызылорда облысы бойынша филиалын және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, сондай-ақ Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының аспирантурасын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 
Еңбек жолын Жалағаш ауданы Аққұм кеңшарында құрылыс бригадасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1995-1996 жылдары – Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының ғылыми қызметкері.
1996-2001 жылдары – Қызылорда политехникалық институтының аға оқытушысы, ақпараттық-есептеу орталығының бастығы.
2001-2018 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, факультет деканы, проректоры.   
2018-2019 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры.
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді. 
 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика