ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

2018 жылдың 1 желтоқсаны мен 10 желтоқсан аралығында «2018 жылдың Қызылорда қаласының ауылдық округтері/кенті мен аудандардың үздік ісін жаңа бастаушы кәсіпкер» номинациясына қайтарымсыз қаржылай сыйақылар табыстау мақсатында Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен конкурс ұйымдастырылуда. 
Аталған конкурсқа, 2018 жылы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері ғана қатыса алады.
Конкурс нәтижесіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 8 үздік ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлер іріктеліп, әрқайсысына 1 000 000 теңгеден қайтарымсыз қаржылай сыйақылар үйлестірілетін болады.
«2018 жылдың Қызылорда қаласының ауылдық округтері/кенті мен аудандардың үздік ісін жаңа бастаушы кәсіпкер» конкурсына қатысу үшін сауалнама мен тиісті құжаттар Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42 «Кәсіпкерлер үйі» ғимараты, 10-қабат, 1004-кабинетінде немесе oblkasipkerlik@korda.gov.kz және 2018.konkurs@inbox.ru электронды мекенжайлары бойынша қабылданатын болады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 10 желтоқсаны аралығында, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін(жергілікті уақытпен). Түскі асқа үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 жылғы 1 желтоқсан сағат 9:00(жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 жылғы 10 желтоқсан сағат 10:00(жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Конкурсқа қатысу ережелері мен өтінім үлгілері Қызылорда облысы әкімідігінің https://e-kyzylorda.gov.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған.
Аталған конкурс бойынша қосымша ақпаратты 8/7242/40-10-59, 70-54-87 және +7 708 571 79 31 байланыс телефондары арқылы алуға болады.
 
Категория: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика