ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАЛАҒАШ ЖӘНЕ СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария және Жалағаш аудандарында болып, жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру шарасына және сумен жабдықтау жүйесінің іске қосылу рәсіміне қатысып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылдық округінде таза ауыз су берілді. Облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.
«Халық денсаулығының мықты болуы ең алдымен таза ауыз судың сапасына байланысты. Мемлекет қолдауының арқасында аймағымызда сумен қамту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 2020 жылы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 80 пайызға жетуі керек делінген. Осы ретте, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кент және 9 елдімекенде ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, сумен жабдықтау жүйесі республикалық және облыстық бюджет есебінен құрылған.Құрылыстың бас мердігері – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 
Жалпы соңғы 5 жылда Жалағаш ауданында 17 әлеуметтік нысан: мектеп, 9 балабақша, 3 амбулатория, аудандық емхана, 2 клуб және спорт кешені салынды.
Сондай-ақ, Таң ауылдық округінде тәулігіне 100 тонна күріш өңдейтін цех ашылды. Айта кетейік, биылғы жылы ауданның шаруа қожалықтары 36 315 гектар жерге, оның ішінде 22 366 гектарға күріш еккен. Сонымен қатар, жалағаштықтар мақсары, бидай және жоңышқаның мол өнімін жинады.
Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бесарық ауылындағы облыстық бюджет есебінен салынған "Жаңадария" арнасы арқылы өтетін көпірді аралап көріп, ел игілігі үшін жұмыс жасап тұрған құрылыс нысанына оң бағасын берді.
Көпірдің ұзындығы 60,2 метр, ені-13 метр. Айта кетейік, Сырдария ауданында соңғы 5 жылда 20-ға жуық ірі және шағын көпір салынған.
Сонымен қатар, аймақ басшысы "Абай-Дәулет" ЖШС-нің өндірістік базасымен және Бесарық ауылындағы әлеуметтік нысандармен танысты. "Абай-Дәулет" ЖШС-нің базасында жылқы бордақылау алаңы, кірпіш зауыты, қой фермасы, құрама жем дайындау цехы, алма бағы және түйе шаруашылығы жұмыс істейді. Кәсіпорын қайырымдылық жобаларына белсене қатысады. Мысалы, жақында орта мектеп оқушылары үшін спорт жабдықтарын сатып алып, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

 

Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика