ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ИИДМБ-2 АЯСЫНДА 6 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРАЙТЫН 28 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде «Мемлекеттік индустриялық инновациялық даму бағдарламасының» екінші кезеңі аясында 25 өңірлік және 3 республикалық кәсіпкерлікті қолдау картасындағы жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 677 жұмыс орны құрылған 7 жоба іске қосылды.
ИИДМБ-2 аясында Қызылорда облысында 7 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында өңірде 17 жоба жүзеге асырылып, 1000 жуық жұмыс орын ашылды.
Екінші бесжылдықтың 28 жобасы ішінде 7 жоба 2015-2018 жж. жұмысын бастаса, тағы да 7 ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында жоспарлық қуаттылығын 90-100 пайызға игерді.
Барлық 28 жобаның толық іске қосылуынан кейін аймақта 6000 астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика