ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Ғалымжан Орынов тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғалымжан Қалдыкөзұлы, 1975 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 1996 жылы Қазақ тұтыну кооперация институтын, 2010 жылы  Қ.А.Яссауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университетін бітірді, біліктілігі – экономист, заңгер, экономика ғылымдарының магистрі.
Салық жүйесінде 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, 1996 жылдан 2006 жылға дейін - Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары; 2006 жылдан  2007 жылға дейін - Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитеті  төрағасының орынбасары, 2007 жылдан  2011 жылға дейін- Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 2011 жылдан 2018 жылға дейін-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2018 жылдан  бері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру жұмыстары департаменті Қаржылық қамтамасыз ету  басқармасының басшысы.    
2019 жылғы 8 мамырдан бастап Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  басшысы.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика