ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА МЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНДА ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫЛАРЫ АУЫСТЫ
Өңірлердегі қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болды, депхабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
ҚР Ішкі істер министрі, генерал-майор Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы лауазымына СҚО ҚАЖ депаратментін басқарған әділет полковнигі Мұрат Нәкенов тағайындалды.
Әділет полковнигі Мұрат Сабырұлы 1974 жылы Көкшетау облысында туған, заңгерлік бойынша жоғары білім алған.
Пенитенциарлық жүйедегі қызметін 1997 жылы СҚО ІІБ ҚАЖ басқармасының мамандандырылған медициналық-профилактикалық мекемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Түрлі жылдары ол облыстық ҚАЖ депаратментінің басшысының орынбасары, мекемелер басшысы қызметтерін атқарды.
Дәл осындай бұйрықпен Әділет подполковнигі Басаров Жасталап Ерсайынұлы Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін Ж. Басаров Атырау облысындағы ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ж.Басаров 1972 жылы Ақтөбе облысында туған. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбек жолын Ақтөбе облысындағы ҚАЖ басқармасының ҚА-168/3 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім тәрбиешісі болып бастаған.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика