ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«KITAP FEST – 2019» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap Fest - 2019» кітап фестивалін ұйымдастырды.
Фестивальге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов оқырмандарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Open Space: Кітапхана жастар көзімен…» ашық сұхбат алаңында жастардың кітап оқу мәселесі бойынша актуалды сұрақтары талқыланды. Кеш қонақтары өздері оқыған сүйікті кітаптарын оқырмандарға ұсынып, өз пікірлерін білдірді.
Шара барысында қонақтар «Кітапхана – жастар көзімен...» тақырыбында сурет немесе сызба түрінде ойларын қағазға түсірді. «Қазақстанның болашағы – жастар» атты ашық микрофон алаңы ұйымдастырылды.
Ашық микрофонға қатысқан қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледж оқытушысы Талғат Аманкелдіұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің техника ғылымдарының магистрі, оқытушы Нұрбек Жаппарбеков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің химия ғылымдарының кандидаты Нұрғали Ақылбеков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің философия докторы Нұралі Нұрғалиев және «Болашақ» университетінің «Ойдария» пікірсайыс клубының белсенді жастары ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың ролі, АІ технологиялар, робототехника жасау, цифрландыруға көшу секілді тақырыптарды еркін түрде сөз қозғап, жаңа идеяларымен бөлісті.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика