ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ҚАЙСАР-КАМ-ҚМУ» АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Алматы қаласында гандболдан əйелдер арасында өткен 4-ші клубтық Азия чемпионатында қызылордалық «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командасы жеңімпаз атанды.
Команда жүлделі І орынды қанжығаларына байлады.
Жарысқа Солтүстік Корея, Өзбекстан, Алматының «Алматы» гандбол клубы жəне «Қайсар-КАМ-ҚМУ» командалары қатысты.
Нəтижесінде қызылордалық команда 12 ұпаймен жеңіске жетіп, екінші мəрте клубтар лигасының Азия чемпионы атанды.
Команда бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеславтың айтуынша, команда 3 рет клубтық Азия чемпионатына қатысып, оның екеуінде жеңіске жеткен. Ал бірінде күміс жүлдені иеленген.
Бұл жарыс нәтижесімен команда 1-4 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өтетін клубтар лигасы арасындағы Əлем чемпионатына жолдама алды.
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика