ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды. 
Жоба бойынша мәлімет
Жобаның атауы: «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату».
Жобаны іске асыру саласы: Цифрландыру/Ақпараттық технологиялар.
Мақсаты және міндеті: 
«Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаты- Қызылорда қаласының тұрғындарына қызмет көрсету мәдениеттілігін және сапасын арттыру үшін 600 бірлік автобусқа интеллектуалдық көліктік жүйе кешенін орнату арқылы жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету тиімділігін арттыру болып табылады. 
Тапсырмалар:
- интеллектуалды көлік жүйесі кешенін (ИКЖК) сатып алу және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і мен Қызылорда қаласындағы жеке тасымалдаушыларға беру;
- ИКЖК жабдығын жеткізу және құрастыру (монтаж);
-«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің қызметкерлері мен жеке тасымалдаушыларды ИКЖК-нің техникалық және функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануды оқыту;
- ИКЖК кепілдігі және кепілдемеден кейінгі қызметі;
- жолақы төлемі арқылы жылдық қаржы көлемін арттыру;
- МЖӘ келісімшартының бүкіл мерзімі ішінде және жобаны енгізудің
2-ші жылынан бастап 100%-ға қолма-қол ақшасыз төлемге көшу.
Жобаны іске асыру орны: «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жібек жолы тұйығы 3, құрылыс 16.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 
МЖӘ-нің жалпы мерзімі - 5 жыл 3 ай, оның ішінде:
жабдықтарды сатып алу және жеткізу - 3 ай;
пайдалану кезеңі - 5 жыл.
2019 жылдың 14 маусымына дейін конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптес «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын ұсыну қажет, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады. 
Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, «Облыстық мекемер үйі» ғимараты (облыс әкімдігі), 4 қабат, №429 кабинеті.
Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Байланыс үшін: 
Макашева Дария
8 (7242) 60-54-77
Д.М. Тілеуов, Б. Жұпарбеков
8 (7242) 60-54-75; 8 (7242) 60-54-77
Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 
15.00- ден 18.30-ға дейін (Қызылорда облысының уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 
1 мекен-жайындағы «Облыстық мекемер үйі» ғимараты (облыс әкімдігі), 
4 қабат, 429 кабинетінен алуға болады. Құжаттардың көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады. 
Категория: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика