ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ҒАНИЖАН ҚАЛИЕВТІ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келген Қалиев Ғанижан Піртазаұлы жуырда ротациялау тәртібімен Қостанай облысына ауысты.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Ғанижан Піртазаұлына аймақтағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.
"Ғанижан Піртазаұлы облыста қызмет атқарған жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, қарамағындағы қызметкерлерді алға қойған мақсатқа жұмылдыра білетін білікті басшы ретінде көрсете білді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілетін аумақтық Департаменттердің қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес 2018 жылдың қорытындысы бойынша Департамент үшінші орынға ие болса, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен Департамент екінші орынды иемденді. Өзінің тікелей қызметінен бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде кеңестің жұмысына белсене араласты», - деді аймақ басшысы.
Қуанышбек Досмайылұлы Ғ.Қалиевтің жаңа қызметіне табыс тілеп, облыстың Құрмет грамотасын табыстады. 
Өз кезегінде, Ғанижан Піртазаұлы облыс әкіміне және барлық әріптестеріне бірігіп атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика