ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ЕВГЕНИЙ КИМ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУННАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Ким Евгений Германович осы уақытқа дейін облыс әкімінің өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Е.Ким 1975 жылы Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетін және қоғамдық ғимараттар институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы болып бастаған. 2001-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2004-2006 жылдары "Жетісу" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, қаржы-талдау департаментінің директоры және вице-президенті қызметтерін атқарды.
2006-2010 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2012 жылдары "Ларими Инвест Груп" ЖШС Бас директоры болды.
2012-2013 жылдары - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың наурызынан бастап Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болған.
 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика