ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылордада «Рухани жаңғыру» орталығында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде орталық директоры Нұрлыбек Мыңжас, археолог ғалым Әзілхан Тәжікеев, профессор, ф.ғ.д. Бағдат Кәрібозұлы, орталықтың бөлім басшысы Серікбай Қосан, ақын Шәкизада Әбдікәрімов және т.б. зиялы қауым өкілдері ой бөлісті.
Олардың айтуынша, бұл мақала "Рухани жаңғыру" бағдарламасын дамыту нақты міндеттерін айқындауымен маңызды. Мемлекет басшысы тарихи сананы жаңғыртудың маңызына тоқтала келіп, бірқатар жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
"Ұлы даланың жеті қыры" аз уақытта 9 тілге аударылып, түркі тілдес елдердің ғалымдары мен саясаттанушыларының қызығушылығы мен қолдауына ие болды. Қазрігі таңда мақалада көрсетілген міндеттерді іске асыруға байланысты жоспар жасалып, дайындық жұмыстары басталды.
Жиын барысында орталықтың жаңа жобалары талқыланып, аймақ ғалымдары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» орталығы аймақ басшысының қолдауымен Бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыру мақсатында ашылды. Қазақстанда тұңғыш ашылған орталық тәжірибесі бүгінгі таңда Маңғыстау,  Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарында жалғасуда. Орталық бастамасымен бүгінгі күнге дейін 185 ауқымды шаралар өткізілді. «Туған жер» жобасы аясында аймақтың жанашыр азаматтарының қолдауымен 13 млрд. теңге көлемінде түрлі әлеуметтік нысандар, спорт кешендері мен саябақтар және т.б. салынды. Орталық бастамасымен жаңа туған 20 сәбиге домбыра сыйлап, мектепте домбыра оркестрі ашылды. Бұл шара Ұлттық домбыра күні мерекесіне ұласты.
Сондай-ақ аймақ басшысының қолдауымен «Қорқыттың даналық сөздері» үш тілде жарық көреді.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика