ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

«DIGITAL TALKS» ПІКІР ТАЛАС АЛАҢЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан»ЖҚ ұйымдастыруымен «Digital Talks» пікірталас клубының отырысы өтті.Онда «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдараламасының тиімділігі мен ел дамуындағы маңыздығы талқыланды.
Шараға ЖОО және ТжКБ ұйымдарының студенттері, қала жастары және арнайы шақырылған спикерлер қатысты.
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берген болатын. Демек бағдарламаның басты мақсаты қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру екені сөзсіз.
Кездесуді ашқан облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес алдымен Елбасы Жолдауынан туындаған бұл бағдарламаны іске асырудың маңыздығына тоқталды.
- Сәт сайын құбылып, ғарыштық жылдамдықпен өзгеріске ұшырап жатқан қазіргі кезең бізден әрбір ісімізге сергек болумен қатар цифрландыруға жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Елбасының атап өтетіндейі де бар, ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Бүгінде біздің елімізде де бұл бағытта көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр. Мысал келтіретін болсақ, eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Ал, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл жүйенің жұмысы одан әрі жетілдірілуде. Қазір мектептерінде электронды күнделік қолданысқа енгізіліп, педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсыруға мүмкіндік алып отыр,-деді Талғат Тлес.
Сондай-ақ жиынға қатысқан спикер, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Компьютерлік Ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, жас  ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы Сәбит Ибадулла бағдарлама аясында өңір жастарымен жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті.
Шара барысында арнайы шақырылған қонақтар «КазРоботикс» федерациясының Қызылорда облысы бойынша өкілі Р.Сариев пен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Нұрлан Құлмырзаевтар да бағдарламаның тиімділігі мен дамыту бағытында өз ойларын  ортаға салып, жастар сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика