ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«DALATEX» – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Астана қаласында "Қазақстанның үздік тауары - 2018" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Марапат иелерінің қатарында қызылордалық "DALATEX" ЖШС де бар. Ерлер жейдесін тігетін серіктестік "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, «DALATEX» ЖШС 2016 жылы құрылған. Жұмыс жасай бастағанына көп бола қоймаса да, қазіргі таңда серіктестіктің танымалдығы күн санап артуда. Қуаттылығы айына 11 мың дана ерлер жейдесін тігетін кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. «DALATEX» өнімдері өз елімізбен бірге Ресей мемлекетінде де сатылымда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының "Парыз - 2018" сыйлығының "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша қола жүлдесін "Ру-6" мекемесі жеңіп алды. Ал жаңақорғандық "СКЗ-U" ЖШС Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясының күміс жүлдегері атанды.
 
Теги: 
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика