ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімі бойынша 2017 жылдың І-тоқсанына ақпарат
Жылумен жабдықтау
2017 жыл І-тоқсан
Облыстық бюджеттен 612,481 млн.тг бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 87,416 млн.теңге, Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту (ЕБРР) (қоса қаржыландыру) – 115,787 млн.теңге, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге – 101,675 млн.теңге, Қызылорда қаласының елді-мекендерін абаттандыруға – 155,970 млн. теңге, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарыдың жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға – 135,736 млн. теңге, "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" жобасы бойынша МЖӘ концепциясын құжаттамаларымен әзірлеуге – 15, 897 млн. теңге.
Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
2017 жыл І-тоқсан
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр.
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы (06.02.2017 жылғы №10-05/797) тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі) 12 үй жөндеуге 59,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 4 үй жөндеу жоспарлануда. Сырдария және Жаңақорған аудандары бойынша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде. 

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстары
 
Жылумен қамту бойынша 
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы 6,4 шақырымды (екіжолақты құбыр бойынша) құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімінде аяқталып, жаңартылған құбырлар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. ЕБРРмен бірлесіп іске асырылып жатқан "Қызылорда қаласының жылу жүйесін жаңғырту" жобасымен 4,1 км жылу желісі қайта жаңғыртылды және 29 дана дербес жылу пункттері орнатылды.
Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары (ҚЖЭО, ҚЭТТК, Су жүйесі, ОДСП «Арал» және ҚазТрансГаз Аймақ) штаттық режимде жұмыс істеуде.
Аудандық бюджеттен бөлінген 22,0 млн.теңгеге «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы қазандықтарын газға бейімдеу жұмыстары жасалып, қазіргі кезде кәсіпорын газбен жұмыс істеуде.
Облыс бойынша 1177 әлеуметтік нысанға (464 - білім, 336 –денсаулық, 377 – мәдениет және спорт) және 647 көпқабатты үйге тұрақты жылу беріліп тұр.
Әлеуметтік сала нысандарына қажетті 39,3 мың тонна көмір, 16,1 мың тонна дизель отынының қаражаты шешілген, отын жеткізушілермен келісім шарт жасалған. Қазіргі таңда, әлеуметтік нысандарда отынмен қамту бойынша мәселе жоқ.  
Облыстың жылу-электр орталықтарының (ҚЖЭО, "Оңтүстік қазандық", Қазалы жылу орталығы) тоқтаусыз жұмыс жасауы үшін ҚР Үкіметі резервінен 2016 жылдың 4 тоқсанына 1 183,6 млн. теңге бөлініп, 22,9 мың тонна мазут жеткізілді. 
Анықтама үшін:
ҚЖЭО - 15,6 мың.тонна; "Оңтүстік қазандық" филиалы - 6,6 мың.тонна; "Қазалы-Теміржолжылу" филиалы - 0,7 мың.тонна.
"Қазалы-Теміржолжылу" кәсіпорны жылу қазандықтары газға ауыстырылды. 
Анықтама үшін:
облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 80,421 млн теңге бөлініп, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қорытындысы (№01-0287/16, 07.07.2016 ж.) алынды.
Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 10 және қазандықтарды газға бейімдеу (Талсуат е.м. оңалту орталығы, №3 қалалық емхана) бойынша 2 жоба-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу бойынша облыстық бюджеттен 80,5 млн.теңге бөлінді. Есепті кезеңге осы 12 жобаның 5-еуінің мемсараптама қорытындысы алынды, 7-інің құжаттары қаралуда.
Халықаралық қаржы ұйымымен жұмыс бойынша
Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 
2015 - 2016 жылы жобаны ЕБРР-ден 4,0 млн.АҚШ доллары түсті. Оның: 
- 2,746 млн. доллары 2 газтурбиналық қондырғыны жөнделіп, кәсіпорынға жеткізілді; 
- қалғаны 419 764 мың теңгенің -178,4 млн.тг Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға (2 учаске); 
179,7 млн. теңгесі - 29 дана дербес жылу пункттерін құруға (ИТП); 
61,6 млн. теңгесі - жылу жүйесінің гидравликалық модулін жасауға;
- республикалық бюджеттен - 1 562,8 млн.теңге (174,440 млн.тг + 1 388,423 млн.тг) бөлінді, оның: 
- 66,4 млн. теңгесі - Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғыртуға (2 учаске);
- 101,1 млн.теңгесі - дара жылу пункттерін құруға;
- 1 395,2 млн.теңгесі ҚЖЭО есеп-шотында.
- облыстық бюджеттен - 154,3 млн.тг (154,269 млн.тг) бөлінді.
- 113,396 млн.теңгесі - жылу құбырларын сатып алуға;
- 40,872 млн.теңгесі - ҚЖЭО есеп-шотында.
Жобаның компоненттері бойынша жұмыстар жалғасуда.
Көпқабатты тұрғын үйді жөндеу бойынша
Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды қаражат есебінен (48,16 млн.теңге) 3 көпқабатты тұрғын үй, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінде 2 үй (9,8 млн.теңге), Тереңөзек кентінде 4 үй (18,5 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, комиссиямен қабылданды.
Абаттандыру бойынша
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесін абаттандыру (Бегім ана, Жалаңтөс баһадүр, Асандар көтерілісі туралы ескерткіш комплексін және «Тәуелсіздік» монументін орнату) бойынша облыстық бюджеттен 309 999,2 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Облыстың ауыл аймақтарын абаттандыру мақсатында «Жұмыспен қамту – жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 239, 281 млн теңге бөлініп, 214,4 млн.теңгеге тиісті жұмыстар атқарылды. Үнемделген қаржы 24,881 млн.тг.

Жылумен қамтамасыз ету  
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы 6,4 шақырымды (екіжолақты құбыр бойынша) құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде. ЖАО бойынша қаржыны игеру 100%, ТМС (СЕМ) - 95%.
*Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, 5 жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады. Жоспардың компоненттеріне мыналар кіреді:
1 жоба - орталық жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту (2015-2017 жж.);
ППУ құбырларын сатып алу және 4108 м жылу желісін жаңғырту 15110 п.м.
Қазіргі таңда, трубалар алынды.4,1 км жылу құбырлары жаңартылуда.
ТК21 – жалпы соммасы 262,3 млн.теңге, игерілгені 124,6 млн.теңге немесе 47%.
ТК41 – жалпы соммасы 143,0 млн.теңге, игерілгені 49,1 млн.теңге немесе 31%.
2 жоба - 2 дана турбогенераторды күрделі жөндеу (2015-2016 жж.);
"Базовое машиностроение" ЖШС контрактік келісім жасалды (РФ) 8.06.2016 
Аяқталу мерзімі - 2016 ж.
3 жоба - ыстық сумен қамтуды қалпына келтіру үшін дара жылу пункттерін енгізу (ИТП) (2015-2017 жж.);
Мердігер - "Комстроймонтаж" ЖШС келісім жасалды. 66 тұрғын және қоғамдық ғимараттарға ИТП орнату жүруде. Қазіргі таңға орнатылғаны 21 ИТП, 19 ИТП орнатылуда. 
Жобаның аяқталуы - 2016-17 жж. 
4 жоба - гидравликалық модульді жасау (2016-2017 жж.);
Мердігер - Ecolnfra Engineering LLP компаниясымен 20.05.2016 жылы гидравликалық модульді жасау жөнінде 30,8 млн. теңгеге жұмыстар жасалды.
Жобаның аяқталуы - 2016 жыл.
5 жоба - SCADA жүйесін енгізу (2016-2017 жж.)
Бастапқы ақпарат жинақталуда, техникалық тапсырма әзірленуде.
Аяқталу мерзімі - 2016-17 жж.
* «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 80 421 мың. теңге бөлініп, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қорытындысы алынды.
* Облыстық мәслихаттың шешімімен (19.05.2016ж №28) «Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы» әзірленіп бекітілді. 
* 12 жоба бойынша жоба-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу бойынша облыстық бюджеттен 80 520 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңге 10 жоба бойынша ЖСҚ әзірленді, мемсараптаның қорытындысын алу жұмыстар жүруде. Қалған 2 "Қызылорда қаласындағы №1 ескі қазандықтан Астана көшесіндегі №8 АБМҚ және "Сырдария" м/а №1 АБМҚ дейінгі жылу магистралдық жылу жүйелірін кеңейту" және "Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандық, "ҚЖЭО" МКК және №6 Павильоннан №6 ЖТ-ға дейінгі жылу магистралдық жылу жүйелірін кеңейту" жобалары бойынша ЖСҚ дайындалуда.
* 2016-2017 жылдарғы жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары 1177 әлеуметтік нысандарда, тіршілікті қамтамасыз етуші нысандарда (ҚЖЭО, ҚЭТТК, Су жүйесі) бекітілген кестеге сай жүргізілді.
Білім саласының нысандары - 100% (464), мәдениет және спорт - 100%. (377), денсаулық - 100%. (336).
Әлеуметтік нысандардағы 552 қазандықтың дайындығы 100%.(552)
Әлеуметтік сала нысандарына 39,3 мың тонна көмір, 16,1 мың тонна дизель отыны қажет. Қаражаты шешілген, отын жеткізушілермен келісім шарт жасалған. Қазіргі таңға, көмірдің және дизель отынының 85% жинақталған. Отын қорының бір бөлігі сақтау сыйымдылығына қарай нысанда, қалғаны отын жеткізушінің жауапты сақтауына берілген.  
Облыстың жылу-электр орталықтарының (ҚЖЭО, "Оңтүстік қазандық", Қазалы ЖО) алдағы жылыту кезеңінде тоқтаусыз жұмыс жасауы мақсатында тиісті министрліктермен (ҰЭМ, ЭМ, ҚМ) жұмыстар жасалып, нәтижесінде ҚР Үкіметі резервінен 2016 жылдың 4 тоқсанына 22,9 мың тонна мазут сатып алуға 1 183,6 млн. теңге бөлінді (ҚЖЭО - 15,6 мың.тонна; "Оңтүстік қазандық" филиалы - 6,6 мың.тонна; "Қазалы-Теміржолжылу" филиалы - 0,7 мың.тонна).
Мазутқа байланысты а.ж. 30 қыркүйекте Үкіметтің қаулылары шықты (№555,554).
* «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы қазандықтарын газға бейімдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде газ жүйесіне қосылып, құжаттары дайындалуда.
 
Көпқабатты тұрғын үйді жөндеу
Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды 48,16 млн.теңге қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуде 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүруде.
 
Абаттандыру бойынша
* Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Қ. Пірімов көшесін абаттандыру (Бегім ана, Жалаңтөс баһадүр, Асандар көтерілісі туралы ескерткіш комплексін және «Тәуелсіздік» монументін орнату) бойынша облыстық бюджеттен 309 999,2 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Облыстың ауыл аймақтарын абаттандыру мақсатында «Жұмыспен қамту – жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 239 281 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы 
 
Жылумен қамту бойынша 
* «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба бойынша Ұлттық қордан 997 176 мың. теңге қаржы бөлінді. Мелекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 7 мердігер мекеме анықталып, тапсырыс беруші "ҚЖЭО" МКК келісімге отырды. Қазіргі кезеңде мердігерлермен жылу құбырларын демонтаждау жұмыстары жүруде. ҚМЖ аяқталу а.ж. 25 қыркүйегі.
* Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, 5 жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады. Жоспардың компоненттеріне мыналар кіреді:
1 жоба - орталық жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту (2015-2017 жж.);
Жоба екі бөлімнен тұрады: 15110 п.м. ППУ құбырларын сатып алу және 4108 м жылу желісін жаңғырту.
1 бөлім бойынша а.ж. сәуір-мамыр айында 23,7 млн.теңгеге құбырлар жеткізілді.Мамырда 69,6 млн.теңгеге құбырларды тиеуге дайын екендігі жөнінде есеп-шот келді, маусымда 93,3 млн.теңге аударлыды. Аяқталу мерзімі 2016 жыл.
2 бөлім бойынша екі учаске бойынша құбырларды жаңғырту. Жобалаушы мердігер "Комстроймонтаж" ЖШС а.ж. мамырда 81,1 млн.тг аванс төленді. 22,4 млн.тг ЖСҚ әзірленді. 
2 жоба - 2 дана турбогенераторды күрделі жөндеу (2015-2016 жж.);
Тендер 14.04.2016 ж. қайта жариыланды. 3 компания қатысты. "Базовое машиностроение" ЖШС (РФ) 8.06.2016 жылы контрактік келісім жасалды. Аяқталу мерзімі - 2016 ж.
3 жоба - ыстық сумен қамтуды қалпына келтіру үшін дара жылу пункттерін енгізу (ИТП) (2015-2017 жж.);
66 тұрғын және қоғамдық ғимараттарға тендер өткізілді. Жеңімпаз - "Комстроймонтаж" ЖШС келісім жасалды. 
А.ж. сәуірде 56 тұрғын және қоғамдық ғимараттарға ЖСҚ әзірленді. 100 тұрғын және 93 қоғамдық ғимаратқа тендерлік құжаттама дайындалды. 23.06.2016 ж. 100 тұрғын үйге тендер жарияланды. Қосымша қалған ғимараттарға құжаттама әзірленуде.
Аталған жоба бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі мен ЕҚҚД банкі арасында үшжақты келісімге сәйкес 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 388 423 мың. теңге бөліну керек. Облыстық бюджеттен 154 269 млн.теңге бөлінді.  
Жобаның аяқталуы - 2016-17 жж. 
4 жоба - гидравликалық модульді жасау (2016-2017 жж.);
Мердігер - Ecolnfra Engineering LLP компаниясымен 20.05.2016 жылы гидравликалық модульді жасау жөнінде 30,8 млн. теңгеге жұмыстар жасалып, қаржысы төленді. Жобаның ақталуы - 2016 жыл.
5 жоба - SCADA жүйесін енгізу (2016-2017 жж.)
Бастапқы ақпарат жинақталуда, техникалық тапсырма әзірленуде.
Аяқталу мерзімі - 2016-17 жж.
Аванстық шоттарды, жеткізілген материалдарды есеп-шотын және контракт бойынша атқарылған жұмыстар көлемін төлеуге а.ж.27 мамырда ЕҚҚДБ бірінші траншы -750 мың АҚШ доллары түсті.
* «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 80 421 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қарауында.
Осы жобаға Мемлекеттік сараптама жүргізу үшін 3 729 мың теңге бөлінді.
* 12 жоба бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша облыстық бюджеттен 80 520 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңге мемлекеттік сатып алу конкурсымен 12 жобалаушы ұйымдар анықталды, олармен келісім шартқа отыру жұмыстары жүруде.
* 2016-2017 жылдарғы жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары 1177 әлеуметтік нысандарда, тіршілікті қамтамасыз етуші нысандарда (ҚЖЭО, ҚЭТТК, Су жүйесі) бекітілген кестеге сай жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйді жөндеу
Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды 48,16 млн.теңге қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, Қармақшы ауданында 2 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 9,8 млн.теңге, Сырдария ауданында 4 үйді күрделі жөндеуден өткізуге 18,5 млн.теңге бөлінді, келісім шарт жасау жұмыстары жүруде.
Абаттандыру бойынша
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Қ. Пірімов көшесін абаттандыру (Бегім ана, Жалаңтөс баһадүр, Асандар көтерілісі туралы ескерткіш комплексін және «Тәуелсіздік» монументін орнату) бойынша облыстық бюджеттен 309 999,2 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу жоспарлануда.

2016 жылдың 1 тоқсанында 
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бойынша
атқарылған жұмыстар туралы 
 
Жылумен қамтамасыз ету  
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба бойынша Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге қаржы бөлінді.
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту» жобасы бойынша облыстық бюджеттен технико-экономикалық негіздемені аяқтауға 84,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, технико-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекетік сараптама қарауында.
«Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша 2014 жылы 18 желтоқсанда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында кредиттік несие шартқа қол қойылды. Қаржыландырудың жалпы құны – 37,3 млн. АҚШ долларын құрайды (эквивалентте – 6,75 млрд. теңге). 
Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады. Жоспардың компоненттеріне мыналар кіреді:
- орталық жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту (2015-2017 жж.);
- 2 дана турбогенераторды ауыстыру (2015-2016 жж.);
- ыстық сумен қамтуды қалпына келтіру үшін дара жылу пункттерін енгізу (2015-2017 жж.);
- гидравликалық модульді жасау (2016-2017 жж.);
- SCADA жүйесін енгізу (2016-2017 жж.)
Аталған жоба бойынша 2015 жылы материалдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 156,9 млн теңге бөлінді. 2015 жылы 29 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі мен ЕҚҚД банкі арасында үшжақты келісімге қол қойылды (жобалардың жалпы құны - 35,5 млн. АҚШ доллары, эквивалентте 8,875 млрд.тг). 2016-2017 жылдарға аталған жоба бойынша қоса қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 2 430,5 млн. тенгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.  
Қазіргі таңда 5 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Облыстың білім саласындағы 395, мәдениет саласындағы 
310, денсаулық сақтау саласындағы 336 нысанға және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 621 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу тоқтаусыз берілді. Әлеуметтік нысандар отын қорымен толығымен жасақталған. Тіршілікті қамтамасыз етуші коммуналдық кәсіпорындар (ҚЖЭО, ҚЭТТК, Қазалы Теміржолжылу, Су сүйесі, ҚТГА) штаттық режимде жұмыс жасады.
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің 2016 жылдың 29 ақпандағы 
№354 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта құру және қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК «Қазалы-Теміржолжылу» МКК біріктіру жолымен қайта құрылды, және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) болып қайта аталды.
 
Көпқабатты тұрғын үйді жөндеу
2016 жылы Қызылорда қаласы бойынша қайтарымды қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге құжаттар әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
 
Абаттандыру бойынша
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Қ. Пірімов көшесін абаттандыру (Бегім ана, Жалаңтөс баһадүр, Асандар көтерілісі туралы ескерткіш комплексін және «Тәуелсіздік» монументін орнату) жобасы бойынша 130 658,2 мың теңге бөлінді. 
 
"Энергия үнемдеу-2020" бағдарламасы бойынша
2016 жылы 10 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясында №351 шешімімен "Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің Кешенді жоспары" бекітілді.
 
2016 жылдың 2 тоқсанына міндеттер
Мемлекеттік «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7 жоба бойынша жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын іске асыру.
ЕҚҚДБ бірлесіп «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру.
«Қызылорда қаласының солжағалауының инженерлік инфрақұрылымын дамыту» жобасын әріптестік туралы келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Азия даму банкі инвестициялық жобалар тізіміне енгізу бойынша жұмыстарды атқару.
«Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту» жобасына 2016 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасауға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсыру.
2015-2016 жылғы жылу беру маусымын қорытындылау
2016-2017 жылдарғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру және өз дәрежесінде өткізу.
2016 жылы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көздерін анықтау.
"Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің Кешенді жоспары" шараларын іске асыру.
ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министр кеңсесі, орталық атқарушы органдар, облыс әкімдігінің тапсырмалары бойынша құжат айналымын мерзімінде орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау, тәртіптік жауапкершілікті сақтау, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу.
 
Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының
2015 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде
ЕСЕБІ

2015 жылы жылумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттен 3,2 млрд.теңгеденаса қаржы бөлінді. 11,9 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, 5,44 шақырым жаңадан салынды, 2 сорғыш насос станциясы және 3 қазандық жаңартылды.

Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер интернаты мен облыстық балалар ауруханасының қазандықтары газға көшіріліп, пайдалануға берілді.

Нәтижесінде магистралды және кварталаралық жылу жүйесінің тозығының жетуі 2014 жылғы 55%-дан 2015 жылы 48%-ға немесе 7%-ға азайды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қазандығын қайта жаңғыртуға (газға көшіруге) жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қызылорда қаласы Сырдария өзені солжағалауын жылумен қамту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауында.

 Көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

"2011-2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" және "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламалары бойынша 2011-2015 жылдар аралығында  3,4 млрд.теңгеге 148 үйлер күрделі жөндеуден өткізілді, 3 үй қайтарымды қаражат есебінен қайтарылды.

Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 2011 жылғы 73 %-дан 2015 жылы 59,5%-ға немесе 13,5 пайызға азайды.

Елді мекендерді абаттандыру

Абаттандыруға облыстық бюджеттен 217,1 млн.теңге бөлініп, Арал қаласында "Қан мен тер" романы бойынша нышан айиағы, Әйтеке би кентінде Даңқ аллеясы, Қызылорда қаласында "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің маңайы және бірнеше көшелер абаттандырылды.

 Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық

 «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша 2014 жылы 18 желтоқсанда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында кредиттік несие шартқа қол қойылып, осы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Басымды инвестициялар жоспарына сәйкес, жоба 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады.

Аталған жоба бойынша 2015 жылы материалдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 156,9 млн теңге бөлінді. А.ж. 29 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, облыс әкімдігі мен ЕҚҚД банкі арасында үшжақты келісімге қол қойылды (жобалардың жалпы құны - 35,5 млн. АҚШ доллары, әквивалентте 8,875 млрд.тг). Қазіргі таңда 5 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

 2015-2016 жылғы жылыту кезеңі

Облыс бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталып, тұрақты өтуде.

Әәлеуметтік нысандар бойынша, білім саласындағы 395 нысанға, мәдениет саласындағы 310 нысанға, денсаулық сақтау саласындағы 336 нысанға және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 621 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толығымен берілуде.

Әлеуметтік нысандарда жеткілікті отын қоры жинақталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 679,2 млн. теңге бөлінді.

"Қазалы-Теміржолжылу" МКК үшін облыстық бюджеттен 31,0 млн.теңге көмек берілді.

Құрылған күні: 07-08-2012 08:29
Жаңартылған күні: 04-05-2017 09:03

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика