ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облыс әкімдігінің

2010 жылғы «22» қаңтардағы

                № 639  қаулысымен

                бекітілген

Қызылорда облысы әкімдігінің регламенті

1.  Жалпы ережелер

1. Қызылорда облысы әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) - Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіретін алқалы орган болып табылады, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын Қызылорда облысы аумағын дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен

үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Облыс әкімі облыс әкімдігін басқарады.

3. Облыс әкімі әкімдіктің дербес құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппараты басшысынан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады және облыстық мәслихаттың сессиясының шешімімен келісіледі.

4. Әкімдік қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен  және  осы Регламентпен реттеледі.

5. Облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-қүқықтық, құжаттамалық және басқа да қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.

6. Құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен

жүргізу, әкімдікке немесе облыс әкіміне жолданған хат-хабарларды,

оның ішінде әртүрлі байланыс және мәліметтер жолдау арналары бойынша түскен хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы, облыс әкімдігінің және әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобаларының өтуінде осы Регламентте белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Жұмысты жоспарлау

8. Облыс әкімдігі мәжілісінде қаралатын мәселелер әкімдіктің заңнамада белгіленген өкілеттігіне қарай  ұсынылады.

9. Аппарат әкімдік мүшелерінің және облыстық бюджеттен

қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің, аппараттың құрылымдық бөлімдерінің ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін келесі тоқсан басталғанға дейін жасайды.

Әкімдіктің мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесі облыс әкімінің бірінші орынбасарымен келісіліп, әкімнің  өкімімен бекітіледі.

Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, аудандар мен Қызылорда

қаласының әкімдеріне, аппараттың құрылымдық бөлімдері басшыларына, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, аппарат басшысының нұсқауымен басқа мемлекеттік органдардың немесе өзге де ұйымдардың басшыларына таратылады.

Жоспарланған мәселені қарауды тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді облыс әкімінің бірінші орынбасарымен келісіліп, аппарат басшысының ұсынысымен мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойып, облыс әкімінің атына жолдаған жазбаша жүгінім негізінде және әкімдіктің  мәжілісі өткізілетін күніне дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілген жағдайда әкім қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.

3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі

10. Әкімдік мәжілістері мәселелердің тоқсандық тізбесіне сәйкес немесе қажеттілігіне қарай, бірақ, кемінде айына бір рет өткізіледі және оны әкім шақырады.

11. Әкімдік мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған кезде – облыс әкімі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.

12. Әкімдік мәжілістері ашық болып табылады, мемлекеттік және /(немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.

13. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Әкімдік мүшелері мәжілістерге өзін алмастыру құқығынсыз қатысады.

Әкімдіктің мәжілісінде мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша қаулылар қабылданады. Қаулы қатысып отырған әкімдік мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжіліске төрағалық етушінің берген дауысы шешуші болып табылады.

14. Әкімдіктің мәжілістеріне, әдетте, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихат депутаттары, облыстық бюжеттен қаржыландырылатын басқарма басшылары, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, сондай-ақ, кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, аппарат қызметкерлері мен өзге де лауазымды тұлғалар қатыса алады.

Әкімдік мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне облыс әкімі аппараты басшысының келісімі бойынша аппарат басшысының орынбасары қол қояды. Жабық мәжілістер және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтап және мәжіліске кіруді шектей отырып өткізіледі.

Әкімдік мәжілістеріне талқыланатын мәселелерге қарай шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.

15. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік мәжілістерінде қарауға мәселелерді дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына жобаны әзірлеген органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, сондай-ақ, құжатты енгізетін аппараттың жауапты лауазымды адамы алдын ала бұрыштама қояды;

жоба мен анықтаманың мәтіні, әдетте облыс әкімі аппаратының басшысымен келісілген ерекше жағдайдан басқа, 5 парақтан аспауы, бір жол аралығында басылып (мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіндерінде 14 «Times New Roman» қарпі пайдаланылады), А-4 форматтағы жай парақтарда жазылады;

әрбір мәселе бойынша қаулының жобасы мен анықтаманың тақырыптары бірдей болуы және мәселенің мәні толық көрсетілуі тиіс;

әкімдіктің мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;

мәселені енгізген орган немесе аппараттың жауапты лауазымды тұлғасы мәжілісте талқыланатын мәселелер бойынша шақырылғандардың тізімін белгілеп, нақтылайды және олардың қатысуын жүзеге асырады. Аппарат тұрақты шақырылатындардың қатысуын қамтамасыз етеді.

16. Аппарат мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын тұлғамен келісілгеннен кейін оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жөнелтім көрсеткішіне сәйкес мәжіліске дейін үш күнде әкімдік мүшелеріне, ал, қажет болған ретте басқа да лауазымды тұлғаларға жолдайды.

Әкімдік мәжілісінің қарауына мәселе ұсынған атқарушы орган материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күн бұрын тапсырады. Әкімдік мәжілісінің қарауына ұсынылған мәселелер бойынша қосымша сараптамалық материалдар әзірлеу мақсатында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімі және аппараттың тиісті бөлімі (облыс әкімінің, облыс әкімінің бірінші орынбасарының немесе облыс әкімінің аппараты басшысының ұсынысымен) тексеру жүргізуі мүмкін. Дайындалған материалдар әкімдік мүшелеріне мәжіліс өткізілетін күні таратылады.

Тиісті органдар, аппараттың жауапты лауазымды тұлғалары материалдарды уақытында бермеген жағдайда аппарат басшысы бұл туралы облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақтылы тапсырылмағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жауапкершілік жүктеледі.

Әкімнің не әкімнің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша әкімдік мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және әкімдік мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей беріледі.

17. Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді, хаттамада қатысқан лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің аты және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі әкімдік мәжілісі аяқталған күннен бастап бір апта мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжіліске төрағалық етуші қол қояды. Әдетте, әкімдік мәжілістерінің дыбыстық жазбасы жүргізіліп, кейіннен фонограммаларда жазылғандардың мағынасын ашып, олар басып шығарылады. Қажет болған кезде аппарат басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.

Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе олар атынан келіп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.

18.   Әкімдік мәжілістерінің әрбір хаттамасына ретімен күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік нөмір беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінді көшірмелері оларға қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, ал қажет болған кезде, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Хаттамалар (үзінді көшірмелер) жөнелтімінің көрсеткішін мәселені енгізген мемлекеттік орган немесе аппараттың жауапты лауазымды тұлғасы жасайды. Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ, олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары) және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.

4. Мемлекеттік органдардың, әкімдік қаулыларының және

әкім шешімдері мен өкімдері  жобаларын дайындау мен ресімдеу тәртібі

19.   Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар өз құзырларына кіретін мәселелер бойынша шешімдерді өздері қабылдайды. Бірнеше атқарушы органдардың құзырына кіретін мәселелер бойынша бірлескен шешім қабылданады, олар бірлескен бұйрықтар немесе басқа да актілермен ресімделеді.

20. Атқарушы органдар облыс әкімдігінің, әкімінің тиісті шешімін қабылдауы үшін олардың атына мынадай жағдайларда:

1)   мәселені шешу облыс әкімдігінің, әкімнің құзыретіне кіргенде;

2)   жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік

туындаған кезде;

3)  мәселенің шешілуі жергілікті атқарушы органдардың және

орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап еткенде ұсыныстар енгізеді.

21. Мемлекеттік органдар әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық  актілері негізінде және оларды орындау үшін әзірлейді.           

Облыс әкімі өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

Облыс әкімдігі қаулыларының және әкім шешімдерінің жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және осы Регламенттің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік тілде жүзеге асырады және орыс тіліне аударылуын қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің өкімдері мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда олардың әзiрленуі орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.

Мүдделі органдармен келісіліп, бірінші басшылары немесе олардың міндетін атқаратын тұлғалар бұрыштама қойған облыс әкімдігі қаулыларының және әкім шешімдерінің жобалары мемлекеттік тілде орыс тіліндегі қосымшасымен қоса ұсынылады. Мүдделі органдармен келісіліп, бірінші басшылары немесе олардың міндетін атқаратын тұлғалар бұрыштама қойған облыс әкімі өкімдерінің жобалары мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тіліндегі қосымшасымен қоса ұсынылады. Жобаға «ескертулермен» келісу болған кезде келіспеушіліктер туралы бірінші басшылар немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар қол қойған қажетті түсіндірмелер берілген анықтама тіркеледі. Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде қаралып отырған мәселелердің мәні құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді. Келіспеушіліктерді жою кезінде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келіспеушілік болған жағдайда әкімнің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімге не оның міндетін атқарушы тұлғаға ақпарат береді.

22. Жобаларды әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы (немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға) жобалардың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясына, басқа да бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, іс жүргізу мен заңдық техника талаптарына сәйкес келуі, жобаның уақтылы әзірленуі мен белгіленген мерзімде әкімдікке ұсынылуы, сондай-ақ, жобаның мемлекеттік  және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәл болуы үшін дербес жауап береді.

23. Жобалар міндетті түрде: 

1) құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, бұл ретте жобамен келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ, жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді;

2) экономикалық мақсаттылығы және жобаның мемлекеттік   әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, бюджеттік жоспарлау шеңберінде жобаны қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісіледі.

Егер жоба дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары бірге беріледі.

24.  Жобаны әзірлеуші, егер оны қабылдағаннан кейін мұндай қажеттілік туындаса, жобада бір мезгілде бұрын қабылданған облыс әкімдігінің қаулыларын және әкімнің шешімдерін жобаға сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды ескереді.

Қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес салыстырмалы кесте қоса беріледі.

Әзірлеушімен жобаға әзірлеуші-мемлекеттік орган басшысының әр парағына қол қойылған және қолы қойылған осы Регламенттің  2-қосымшасына сәйкес түсіндірме жазба қоса беріледі.

Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса және/немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімдік немесе әкім қабылдаған жағдайда оларды іске асыру қорытындылары бойынша әзірлеуші актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп беруі тиіс.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға) және аппараттың жауапты лауазымды тұлғасы актілер жобаларының және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиіс.

25. Аппаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігін аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі тексереді. Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болса аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі  жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.

Жоба (тиісті материалдарымен бірге) аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде тіркелгеннен кейін сараптамадан өткізіледі. Аппарат басшысының бұйрығымен құрамы бекітілетін сарапшылар тобының сараптама өткізуінің жалпы мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Сараптамадан өткеннен кейін жоба келісу үшін әкімдік мүшелеріне жолданады.

Сараптама жобаның дайындалу сапасын, негізділігін, дер кезінде орындалуын бағалау, мүмкін болатын теріс салдарды айқындау үшін, сондай-ақ,  жобаның жоғары деңгейде Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі және жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігіне, мәніне жүргізіледі. Жобаларға сараптама жасаудың нәтижелері облыс әкімі мен оның орынбасарлары, аппарат басшысы үшін олар тиісті жобаларға қол қою немесе келісу туралы шешімдер қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатта болады.

26. Аппарат сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері жөнінде жобаны мынадай негіздер бойынша:

1) оның жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталғанда;

2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірдей еместігі анықталғанда;

3) аппаратта іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысын және осы Регламенттің талаптарының бұзылғаны анықталғанда әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы.

Жобаның сараптамадан өткізу барысында сарапшылар арасында келіспеушілік пайда болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, аппарат басшысында шұғыл жағдайда сарапшылар тобының кеңесі шақырылып, таласты мәселелер талқыланады, қорытындысы хаттамамен ресімделеді.

Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.

27. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттерінің бөлінісіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатына ескертулер туындаған жағдайда олар, қажеттілігіне қарай,  нәтижелері хаттамамен рәсімделетін кеңес шақырады. Жобаға аппаратта сараптамадан және әкімдік мүшелерінің келісуінен өткеннен кейін аппарат басшысы бұрыштама соғады және оған қол қою  үшін әкімге не оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды.

28. Әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды. Актілерге қол қойылғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзетулер енгізуге жол берілмейді.

29.  Облыс әкімдігі және әкім қабылдаған әр актіге аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі облыс әкімі қызмет істеген кезеңге реттілікпен тіркеу  нөмірлер береді.

Аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған

көшірмелерін облыс әкімі аппаратының жауапты лауазымды тұлғасы  әзірлеуші-мемлекеттік органмен келісіп жасаған жөнелтім көрсеткішке сәйкес таратады. Жобаны әзірлеуші қағаз және электронды жеткізгіштердегі оның дәлме-дәлдігін қамтамасыз етуге міндетті.

Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдіктің және әкімнің актілері тіркелгеннен кейін алушыларға таратылады. Құжаттардың уақытылы шығарылуы мен жөнелтілуіне жауапкершілік аппаратқа жүктеледі. Әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде  сақталады.

30. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.

31.  Аппарат актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.

32. Әкімдік және әкім қабылдаған актілердің есебін,

жүйелеу және бақылау жасауды, сондай-ақ, қолданыстағы әкімдік және әкімнің актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді аппараттың жауапты лауазымды тұлғасы әкімдік және әкімнің актілерін (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік органның ресми атауының өзгеруі, мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ, жұмыс істеп жатқан комиссиялар құрамының өзгеруі) әзірлеуші - мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады. 

33.Техникалық қателері болған кезде әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.

34. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.

4-1. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторниг жүргізу тәртібі

34-1. Облыс әкімдігі мен әкімінің  актілеріне мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылу тиімділігін бағалау мен оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақытылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі.

34-2. Облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне мониторнигті оларды әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.

34-3. Әзірлеушісі аппарат болып табылатын облысы әкімдігі мен әкімінің актілері бойынша мониторингті оларды тікелей әзірлеген оның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырадыү

34-4. Жартыжылдықтың соңғы айының 30-ы күніне дейін мемлекеттік органдар аппаратқа мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.

5. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезінде жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру

Ескерту: 5 тарау және 35,36,37 тармақтар облыс әкімдігінің    2010 жылғы 19 наурыздағы №698 қаулысымен алынып тасталған.

6. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің,

әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау тәртібі

38. Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер- Министрі актілерін, облыс әкімдігінің және әкімнің актілерін, сондай-ақ, Президенттің, Премьер-Министрдің, олардың орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшыларының, орталық министрліктер және ведомстволардың басшыларының, облыс әкімі мен оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бар құжаттарын орындауды ұйымдастыру "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №976 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды, олардың орындалу барысы туралы облыс әкімін, аппарат басшысын жүйелі түрде хабардар етіп отыруды аппарат жүзеге асырады.

39. Жоғарғы органдардың актілерін және тапсырмаларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру мемлекеттік органдардың, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің оларды уақтылы және толық орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларын әзірлеу және қабылдаудан тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің бақылаудағы актісін орындауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орган, аппараттың құрылымдық бөлімшелері қажет болған жағдайда оны орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол тікелей орындаушыларға жеткізіледі.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы аналитикалық мәліметті және жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың (ҚР Президенті мен Премьер-Министрдің қатысуымен өткен мәжіліс хаттамаларының тапсырмалары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы мен Үкіметі  Қенсесі Басшысының тапсырмаларының орындалуына жинақ папкасын жасау арқылы) орындалуы туралы мәліметті дайындап тоқсан сайын облыс әкіміне ұсыну ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөліміне жүктеледі.

40.  Бақылау:

1)    қажетті ақпаратты талап ету;

2)    орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

3)    тексеру және құжаттық тексерудің  өзге де нысандары;

4)    жергілікті жерге барып тексеру;

5)    заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.

Бақылау:

1)    мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-

қимылдары олардың алдарына қойылған міндеттерге сәйкестігі;

2)    уақтылы және толық орындалуы;

3)    орындалу кезінде заңнаманың талаптарының сақталуы мәніне жасалады.

41.  Мынадай, оның ішінде құпия, құжаттар (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

1)    жергілікті атқарушы органдарына тапсырмалар берілген заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілістерінің хаттамалары, Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің өкімдері;

2)    жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшылығы, орталық министрліктер мен ведомстволар берген тапсырмалары (оның ішінде мәжілістердің хаттамалары мен іс-шаралар жоспарларында қамтылатындар), егер оларды орындау мерзімі көрсетілсе  немесе бақылауға алу жөнінде, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілері бар тапсырмалар, сондай-ақ, мазмұнынан оны бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;

3)    Парламент, облыстық мәслихат депутаттарының сұраулары;

4)    прокурорлық қадағалау актілері;

5)    облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарына

тапсырмалары бар әкімдік қаулылары, әкімнің шешімдері мен

өкімдері, сондай-ақ нақты орындау мерзімі көрсетілген облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары .

42.  Заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығының, орталық министрліктер мен ведомстволардың, әкімдік және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

43. Жоғарғы органдардың бақылаудағы құжаттарының, облыс әкімдігінің және әкімнің актілерінің, мәжілістерде және жиналыстарда облыс әкімі берген тапсырмалардың облыстың барлық мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларының мүлтіксіз орындауына бақылау жасау жөніндегі жұмысын үйлестіруді аппарат басшысы, аппарат басшысының орынбасарлары, ал тікелей бақылауды - аппараттың тиісті бөлімдері мен жауапты лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

44. Жоғарғы органдардың бақылаудағы құжаттарының, облыс әкімдігінің және әкімнің актілерінің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылауды аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің және Президент Әкімшілігі Басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларын, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірілмей орындалады.

45. Бірнеше орындаушыларға берілген тапсырмалардың

орындалуын тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлға үйлестіреді. Ұсыныстарды жинақтайтын органға тапсырманы бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар орындалу мерзімі белгіленген күнге дейін  2 күннен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді. Бұл ретте облыс әкімінің «шұғыл»  немесе «жеделдетіңіз» деген белгісі бар тапсырмалары 3 жұмыс күнінде орындалады.

Тапсырманы бірлесіп орындаушы аппараттың құрылымдық бөлімшелері өз ұсыныстарын жинақтайтын бөлімшеге орындалу мерзімі белгіленген күнге дейін бір күннен кешіктірмей береді.

46. Егер тапсырманы орындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда орындаушы тапсырма берген лауазымды тұлғаға тапсырманың орындалу мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш жасайды. Тапсырманы орындауға қосымша мерзімді тапсырма берген басшы

белгілейді.

47. Бақылаудағы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және

Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне жинақтау папкалары ашылады, онда актіні жүзеге асыру барысы жөнінде барлық  материалдар (актінің көшірмесі, оны орындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары, басшылық тапсырмалары, тексерудің қорытындылары, сұраулар мен ақпараттар, басқа құжаттар) жинақталады.

48. Бақылаудағы құжаттардың орындалуына жауапты

мемлекеттік органдар, аппараттың лауазымды тұлғалары аппараттың    бақылауындағы әрбір құжаттың немесе оның нақты тармақтарының белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуы туралы есептерін тапсырады. Есептерде міндетті түрде:

1)    егер тапсырма дәлелді себептер бойынша белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда жаңа нақты мерзімі көрсетілген орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2)    егер тапсырма толық көлемде орындалса, бақылаудан алу жөнінде өтініш;

3)    егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімдік ақпарат

беру қаралса, онда құжат ақпарат ретінде ұсынылғаны жөнінде жазба болуы қажет.

49.Әкімдік қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын енгізуді көздейтін бақылаудағы тапсырмаларды бақылаудан алу үшін негіз тиісті әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің қабылдануы болып табылады.

50. Орындалған құжаттарды тапсырма берген лауазымды тұлға немесе басқа  уәкілетті лауазымды тұлға бақылаудан алады.

51. Аппарат басшысы орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы облыс әкімін ай сайын хабардар етіп отырады.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жоғарғы органдардың бақылаудағы құжаттарының, облыс әкімдігі мен әкімнің актілерінің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпараттық-талдау анықтаманы екі аптада бір рет ұсынады.

52. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың  орындалуына жауапты мемлекеттік органдар облыс әкімі аппаратына есепті айдан кейінгі айдың 1-іне орындаушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін  бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.

53. Аппарат басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша облыс әкіміне кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

54. Жоғарғы органдардың бақылаудағы құжаттарын, облыс әкімдігі мен әкімнің актілерін, облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы орындамау, орындаудың сапасыздығы, сондай-ақ, орындау мерзімін ауыстыру фактілері орын алған жағдайда, орындаушылық тәртіп жөнінде жедел кеңес отырысында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен қаралады.

7. Қорытынды ережелер

55. Облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

Қызылорда облысы

әкімдігінің Регламентіне

1-қосымша

Облыс әкімдігі мен әкімінің актісіне салыстырмалы кестенің нысаны

_____________________

    жобаның атауы

Р/с №

Өзгерістер және толықтырулар енгізілетін актінің құрылымдық бөлімі

Қолданыстағы

редакция

Ұсынылған  редакция

Негіздеме

Мемлекеттік органның

    бірінші басшысы                                                                                                         _____________/______________________

                                                                                                                                                     қолы            қолдың толық жазылуы

 __________________

              күні 

Қызылорда облысы

әкімдігінің Регламентіне

2-қосымша

Облыс әкімдігі мен әкімінің актісіне

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

_____________________

    жобаның атауы

Р/

с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдауға негіздеме және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі

4.

Жоба қабылданған жағдайдағы болжамды салдарлар

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс  әкімдігі мен әкімнің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

7

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін оған сәйкес келтіру қажеттігі және жобаның қабылдануына байланысты оларды өзгерту және/немесе күшін жою туралы ұсыныс дайындау немесе нақты мерзімдері белгілеу арқылы оларды сәйкестендіру туралы тапсырма көзделеді

 8

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 

Мемлекеттік органның

    бірінші басшысы                                                                                                     _____________/______________________

                                                                                                                                                  қолы            қолдың толық жазылуы

 __________________

              күні 

Құрылған күні: 14-09-2012 10:52
Жаңартылған күні: 16-02-2016 15:26

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика