ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің
қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалы
 
 «Жосалы механикалық зауытының тарихы архив деректерінде» 
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының архив қоры құжаттарынан Жосалы механикалық зауытының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Жосалы механикалық зауытының тарихы архив деректерінде» тақырыбында көрме дайындалды. 
Көрменің мақсаты бүкілодақтық маңызы жоғары, соғыс уақытында арнайы тапсырмамен оқ-дәрілер, миналар жасап, сызба арқылы соғысқа қажетті қару- жарақтардың бөлшектерін жасаған, шойын құюмен, тіпті елді мекендерге электростанциялар жүргізу,  соғыс уақытында эвакуацияланған ыдыс-аяқ шығаратын цехы бар «Эмальштамп» зауытымен қосылып, тәуелсіздік алған жылдарда да өнеркәсіпті дамытқан бірден-бір мықты зауыттың тарихын жастардың санасында жаңғырту, еліміздің тарихын терең зерделеуге бағытталады.
1939 жылы 15 маусымда КСРО Түрлі түсті металлургия халықтық комитетінің  
№301 бұйрығымен Жосалы авто жөндеу шеберханасы негізінде тау-бұрғылау құрылғыларымен Жосалы механикалық зауыты болып қайта құрылды.
Облысымыздағы бұрынғы зауыт ошақтарының бірі болған Жосалы механикалық зауытының құрылысы 1930 жылдары басталды. Сол жылдарда Орталық Қазақстанда Қарсақпай мен Жезқазған кен орындарын игеру кең көлемде өрістетіліп, өндіріс мыс рудаларын темір жолға тасымалдауға арналған құрамында негізінен «АМР» маркалы 350 автомашинасы бар автобаза ұйымдастырылады. Автобаза 1939 жылы «Қарағанды-Жезқазған» темір жолы пайдалануға берілгенге дейін негізгі тасымалдаушы мекеме болған. Сол жылы бұрынғы автобазаның жөндеу шеберханалары базасында Түрлі түсті металлургия комиссариатына қарасты механикалық зауыт құрылды. 
Зауыт Қармақшы ауданы, Жосалы станциясында орналасқан. Алғашқы жылдары зауытта кәсіптік білім бағдарын нығайту мақсатында зауыт жанынан 100 адамды қамтитын  курстар ашылып, 30 токарды оқытып шығарған. 1940 жылдың 1-ші тоқсанынан бастап, К-300, К-500 бұрғылау станоктарын өндіре бастады. 
1939 жылдың қазан айынан шойын  құюды зауыт толықтай игеріп, құю өндірісі іске қосылған. 
1941жылы қараша айында зауыт аумағына  500 станокты қабылдауға, 1000 кбт электр энергиясын  жүргізу келісілді. 
1942 жылғы КСРО Қорғаныс комитетінің қаулысымен соғыс үшін 82 мм-лік миналар шығара бастады, майданға оқ-дәрі дайындады. 
Архив қорындағы Жосалы механикалық зауыттың бастауыш партия ұйымының құжаттарындағы мәлімет бойынша 1978 жылдың қорытындысымен Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитетінің естелік дипломымен, облыстық атқару комитетінің, Қазақстан Лениншіл Жастар Одағы облыстық комитетінің дипломдарымен марапатталған. 1978 жылдың қараша айында зауыт «Ауыспалы Қызыл Ту» жеңіп алған.
1980 жылдары зауыт тұрғындарды сумен, жылумен, газбен қамтамасыз етіп отырған.
Зауыт өндірген ФКО фильтрлері (сүзгіш) әлемнің 9 мемлекеттерімен патенттелген. Соның ішінде АҚШ–мен, Германия Федерациялық Республикаларымен тығыз байланыс орнатқан бірден-бір қуатты өндіріс орны. Елімізге экономикалық пайда әкелген Одақ бойынша танымал зауытқа айналған.
1990 жылдары КО-206А қар тиегіш машинасын жасап шығаруды жоспарлаған.
Жосалы механикалық зауытының құрылуы тіпті ұзақ жылдар халыққа қызмет етуі, Ұлы Отан соғысы жылдарында Одақ бойынша күшті өндіріс орнына айналуы облысымыздың тарихы үшін таптырмас қазына.
Қызылорда облысының әділет департаментінің 2004 жылдың 21 сәуіріндегі 
№ 533 санды бұйрығымен  «Жосалы механикалық зауыты» ашық акционерлік қоғамының таратылуы тіркелген.
Көрмеге Түрлі түсті металлургия халықтық комитеттің бұйрығымен  Жосалы механикалық зауыттың құрылуы туралы ақпарат, стахановшылар тізімі, зауыт басшысының Жосалы механикалық зауыты болып құрылу тарихына қатысты ҚК(б)К Қызылорда облыстық комитетіне жолдаған хаты, басшылардың жеке іс-парағы, озат жұмысшылардың грамоталары, эвакуацияланған зауыттардың келуі, зауыттың шет елдермен байланысы жайлы,Ұлы Отан Соғысының ардагері, автобазаның алғашқы басшыларының бірі Б.Қайырбековтің есімін қыстақтағы  көшелерінің біріне беру туралы шешімі,  зауыттың бастауыш партия ұйымының хатамалары т.б. құжаттар  қойылды. 
Түрлі Түсті Металлургия халықтық комитеттің бұйрығымен Жосалы механикалық зауыттың құрылуы туралы ақпарат,1939ж.
 
 
Жосалы механикалық зауытының слесарлық-монтаждау цехының жұмысшылар тізімі және өндірістік жоспарының орындалу барысы, 03.11.1939ж.
 
 

 

Механикалық цехтың өндірістік жоспарының орындалу қорытындысы, 10.04.1940 ж.
 
 

КСРО Түрлі Түсті Металлургия халықтық комиссарының орынбасары В.Флоровтың Жосалы механикалық зауытын нығайту мақсатында кадр мәселесімен, бұрғылау техникаларымен қамтамасыз ету, өнімді тексеру зертханасын ашу жөнінде көмек көрсетілуі туралы, 30.09.1940 ж.
 
 
Жосалы механикалық зауыт директоры В.С Голиковтың зауыттың Жосалы авто жөндеу шеберханасынан тау- бұрғылау құрылғыларын шығаратын Жосалы механикалық зауыт болып құрылу тарихына қатысты ҚК(б)К Қызылорда облыстық комитетіне жолдаған хаты, 27.09.1940 ж.
 

 

 

 

1939-1940 жылдары зауыттың «КА-300», «КА-500» бұрғылау станоктарын шығарғаны туралы өндірістік көрсеткіш, 25.12.1940 ж.
 
 

Зауыт директоры В.С.Голиковтың эвакуациаланған зауыттардың құрылғыларын қабылдауға келісімі, 26.11.1941 ж.
 
Бірінші персоналдық штаттық кестесі,13.04.1944 ж.
 
 

КСРО Түрлі Түсті Металлургия халықтық комиссариатының  Жосалы механикалық зауытына  1942 жылдың наурызынан 10мың дана 82 мм мина жасау жөніндегі бұйрығы, 06.03.1942 ж.
 
 
 
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің  арнайы тапсырмасын орындау мақсатында зауыттың құрал-жабдықтықтармен қамтамасыз етілуі, 82 мм  шойын мина жасап, күніне 500 мина өндіргені жайлы мәлімет, 1942 ж.
 
 
 

1942 жылдың 5 сәуірдегі Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы негізінде  соғысқа оқ-дәрілер шығарып, тапсыру жөнінде  КСРО Түрлі Түсті Металлургия халықтық комиссариатының  бұйрығынан үзінді, 14.04.1942 ж.
 
 

«Эмальштамп» зауыты туралы КСРО халық комиссарлар кеңесі жанындағы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының Қазақ КСР-індегі уәкілетті өкілінің хаты,19.03.1942 ж.
 
 
Жосалы механикалық зауытына Мәскеуден эвакуацияланған «Реммашпуть» зауытынорналастыру туралы анықтама, 1942 ж.
 
 
Эвакуацияланған зауыт жұмысшыларының соғысқа көмегі, социалистік жарыстарға қатысуы туралы мәлімет, 1944ж.
 
 
Жосалы механикалық зауытының 1950 жылдары атқарған жұмысының қорытындысы туралы анықтама.
 
 
Социалистік жарыстың қорытындысы бойынша еңбек екпінділерін анықтау жөніндегі Жосалы механикалық зауыттың кәсіподақ комитетінің мәжіліс хаттамасы, 20.01.1976 ж.
 
 

Социалистік жарыстарда жеткен жетістіктері үшін инженер мен техниктерді марапаттау бұйрығы 1982-1983 жж.

 

 

Жосалы механикалық зауыты ашық акционерлік қоғамының таратылуы туралы  Қызылорда облысының Әділет департаментінің бұйрығы, 21.04.2004ж.
 
 
Штыков Лев Яковлевич- зауыт директорыжеке іс-парағы, (00.04.1939ж-1940ж.),14.05.1940 ж.
 
 
Голиков Виктор Семенович – жеке іс- парағы, зауыт директорлығына қабылдау туралы бұйрығы,  19.07.1940 ж.
 
 
Кузьмин Иван Ефимович- зауыт директорыжеке іс-парағы, 14.03.1950 ж.
 
 
Шматов Владимир Евдокимович- зауыт директоры жеке іс-парағы, 15.12.1954 ж.
 
 
Пушкарь Анатолий Гаврилович- зауыт директоры жеке іс-парағы, 07.10.1963 ж. 
 
 
Кобышев Михаил Максимович- зауыт директоры жеке іс-парағы, 26.06.1967 ж. 
 
 
Көсепов Әнуарбек Көсепұлы- зауыт директоры жеке іс-парағы, 13.02.1978 ж. 
 
 
Нақыпов Бақберген - зауыт директорыжеке іс-парағы, 1984 ж.
 
 
Механикалық цехтың шебері В.Губанов, 1948 ж.
 
 
Механикалық цехтың шебері - Губанов Вахидтің «Құрмет кітабына» енгізілгені туралы куәлігі, 23.04.1971 ж.
 
 
 

 

 

 

Жосалы механикалық зауыттың ұжымы, 15.06.1954 ж.

 

 

Бұрғылаушы, токарь, «Бесжылдық озаты», «Құрмет» грамотасының иегері - Қауымбаева Жібек
 
 
Жосалы механикалық зауытының бұрғылаушысы Ж.Қауымбаеваның В.И.Лениннің туылғанына 110 жыл толуына орай «Құрмет грамотасымен» марапатталуы, 28.02.1980 ж.
 
 
Зауыт директоры А.Бекшебаевтың жұмысшы комиссиясын құру туралы бұйрығы, 12.08.1993ж.
 
 
 
«Жайлау» мемлекеттік Акционерлік компаниясының жұмысын ұйымдастыру туралы қаулы, 18.11.1993ж.
 
 
Жосалы механикалық зауытын «Жайлау» мемлекеттік Акционерлік компаниясының құрамындағы акционерлік қоғамға айналдыру туралы шешімі, 09.12.1993ж.
 
Жосалы механикалық зауытының Ашық Акционерлік Қоғам болып қайта құрылуы туралы қаулысы, 31.12.1993ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құрылған күні: 28-11-2019 10:01
Жаңартылған күні: 29-11-2019 16:10
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика