ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы
(2016 жылдың қорытындысы бойынша)
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Ақпараттық топтардың елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, өңірде түсіндірме шаралары жүргізілді. Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 271 мүшесі бар 46 ақпараттық топ қызмет атқаруда.
Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 298 кездесу ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, 292 сюжет, 3 брифинг, 373 мақала, тікелей эфирде 2 бағдарлама көрсетіліп, тұрғындар жер мәселесімен қатар (жеке жер алу мәселесімен қоса), өздерінің өзге де толғандырып жүрген әлеуметтік, экономикалық және саяси сұрақтарына жауаптарын алды.
Есепті мерзімде облыс бойынша жалпы 1248 кездесу өткізіліп, оларға 103 597-ге жуық тұрғын қатысты.
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2015 жылдың 2 желтоқсан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Біртұтас іс-қимыл Стратегиясы», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 620 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 445 сюжет көрсетілді. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 54 брифингі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 
30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы 
(2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша)
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.
Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 298 кездесу ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, 292 сюжет, 3 брифинг, 373 мақала, тікелей эфирде 2 бағдарлама көрсетіліп, тұрғындар жер мәселесімен қатар (жеке жер алу мәселесімен қоса), өздерінің өзге де толғандырып жүрген әлеуметтік, экономикалық және саяси сұрақтарына жауаптарын алды.
Облыс бойынша жалпы 449 кездесу өткізіліп, 39200 адам қамтылды.
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және имтернет-ресурстарда орналастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2015 жылдың 2 желтоқсан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Біртұтас іс-қимыл Стратегиясы», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 606 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен апталық «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050» бағдарламаларынан 431 сюжет көрсетілді. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 17 брифингі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 
30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы 
(2016 жылдың I тоқсаны бойынша)
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.
Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2015 жылдың 2 желтоқсан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Жасампаздық Жолдауы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Біртұтас іс-қимыл Стратегиясы», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Послание Президента:Резонанс», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Жолдау бізге жол көрсетеді, біз Жолдауға қолдау көрсетеміз», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз» атты айдарлармен барлығы 584 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен апталық «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050» бағдарламаларынан 387 сюжет көрсетілді. Елбасы Жолдауында атап көрсетілген басты міндеттер бойынша 14 ролик әзірленіп, облыстық телеарналар арқылы ақпараттандырылуда. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының брифинг кестесі бекітіліп, ұйымдастырылуда.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Іс – шаралардың Жалпыұлттық жоспарының Қызылорда облысы бойынша орындалуы

1.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Кызылорда; Атырау – Астрахан автожол магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету

 «Қызылорда  -  Павлодар - Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының Қызылорда облысына қарасты жол бөлігінің ұзындығы 204 шақырым. Осының 59 шақырымын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сметалық құны 10,1 млрд теңге.

2015 жылға Ұлттық қор есебінен 900,0 млн теңге қаржы қаралды.

2.

Өңірлерде шағын және орта бизнес өндірістерін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды салу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту бағытында индустриалдық аймақтар құру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша индустриалды аймақтар құруға 2014 жылы республикалық бюджеттен 834,7 млн. теңге бөлінді.

2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриалды аймағын электр желілерімен қамтамасыз ету үшін 1 530,1 млн. теңге бөлінді (ҰҚ- 1 120 млн. теңге, РБ – 410,0 млн. теңге).

Сырдария ауданындағы Н.Ильясов елді мекеніндегі астық қоймасының   кірме жолын қайта жаңғырту үшін 42,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыстың Арал, Қазалы, Жалағаш және Шиелі аудандарында индустриялды аймақтар құрылып, инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Жаңақорған ауданында  индустриалды аймаққа 5 га жер бөлініп 22 жер телімі аукцион арқылы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын орналастыру үшін берілді.

Сондай-ақ, Қармақшы және Сырдария  ауданындарында индустриалды аймақ құру үшін бюджеттік өтінімдер Ұлттық экономика министрлігіне жолданған, дегенмен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп аталған жобалар бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Көрсетілген аудандарда индустриалық аймақтар құру шағын және орта бизнесті дамытудың бірден-бір жолы болғандықтан жергілікті  бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер жолданып облыстық бюджеттік комиссия шешімі күтілуде.

3.

Туристтік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етудің, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жоспарын әзірлеу

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында жол бойы сервис объектілерін салу үшін 33 жер учаскесі белгіленді. Оның ішінде: «А» санаты бойынша - 2, «В» санаты бойынша - 11 нысан, «С» санаты бойынша – 17 ұсыныс түскен.

Облыстың рекреациялық аймағының бірі «Қамыстыбас» демалыс аймағына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында сыртқы инженерлік инфрақұрылымдар жеткізілді. Туризмнің күрделі нысандарын салу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Қамыстыбас көлінің солтүстік батысында «Саутс-Ойл» ЖШС-і жеке және мемлекеттік әріптестік аясында 100 орынға лайықталған «Қамбаш балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» пайдалануға берілді.

Облыста «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне қонақтарын қабылдау үшін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» әуежайының терминалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Келешекте терминал сағатына 250 жолаушы қабылдайтын болады. Әуежайға «халықаралық әуежай» статусы берілді.

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жыл сайын осы мақсаттарға 100 млрд. теңгеге дейін көздей отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту қарқынын жеделдету

Жылумен  жабдықтау жүйелерін модернизациялауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 2015 жылға жылу жүйелерін жаңғырту үшін жалпы құны  3,0 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаға қаржы бөлінді. Қазіргі күні құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылға 7 жоба шеңберінде 0,9 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша бюджеттік өтінім жолданды.

5.

2015 – 2016 жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 180 млрд. теңге көздей отырып, халықтың әртүрлі санаттарына төмен пайызбен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз, делдалдарсыз ұзақ мерзімді жалға беру мақсатында жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы көлемін ұлғайту

«Қазақстанның Ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы «Арай» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы қолдау тапты. 2015 жылға 1 069,1 млн. тенге қаржы бөлініп, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының «Ипподром» ауданында 50 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Аталған 300 пәтердің ішінен 225 пәтер «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша үлестірілсе, қалған 75 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында үлестіріледі. 

Сонымен қоса, Қызылорда қаласындағы «Арай», «Арай–2», Шүкіров мөлтек аудандарындағы тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде, оған 2015 жылға 1 017,6 млн. тенге қаржы бөлінеді.  

2016 жылға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан тұрғын үйлердің құрылысына және тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 8 303,2 млн. теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

6.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 70 млрд. теңге көздей отырып, 2017 жылдың соңына дейін апатты мектептерді және үш ауысымдық оқытуды толық жоюды қамтамасыз ету

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылға Шиелі ауданының Тәжібаев елді мекеніндегі және Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі – 300 орындық мектептердің құрылысына 400 млн. теңгеден қаржы бөлінді. Қазіргі күні нөлдік цикл жұмыстары жүргізілуде.

 Сонымен қоса, Қызылорда қаласында 280 орынға лайықталған балабақша құрылысына 2015 жылға 150 млн. тенге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

7.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 20 млрд. теңге көздей отырып, сондай–ақ жеке секторды тарту жолымен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқартуды қамтамасыз ету

Облыс бойынша қазіргі таңда 611 (355 балабақша, 256 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды,  онда 41939 бала  тәрбиеленуде. 1-6 жастағы  балаларды қамту - 49,5 пайыз, 3-6 жастағы балаларды қамту- 92,2 пайызды құрады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 203 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды. Мемлекеттік–жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында  қалалар мен аудан орталықтарында орын тапшылығын азайту проблемасы шешілуде.

8.

Жастарды «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыруға тартуды қамтамасыз ету

Жыл басынан бері «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға жастарды барынша көптеп тартуды қамтамасыз ету бағытында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-н бірлесіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың басым бағыттары бойынша 20 іс-шара ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық атқарылған шараларға  3000 нан астам жас қамтылды.

9.

Қоғам санасында «Мәңгілік Ел» идеясын бекіту, кинематография, құжаттану, публицистика мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұлттық тарихты зерделеу, жастардың тарихшылармен кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

2015 жылғы 23 қаңтарда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға бағытталған Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылдың 3-18 наурыз аралығында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың тарихшы ғалымдары қаланың 12 мектебінде болып, оқушылармен кездесті. Онда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының мақсаты және мемлекет дамуының негізгі басымдықтары түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын қоғамдық санада орнықтыру және оны кеңінен насихаттау мақсатында «Сыр бойы» газетінің 2015 жылғы 6 ақпандағы санында «Ұлт көшбасшысының Ұлы идеясы», 14 ақпандағы санында «Бірлік бастауы» атты тақырыптарда мақалалар жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі – Жолдау) түсіндіру жұмыстары облыс көлемінде жүйелі түрде жүргізілуде. 
Жолдауды түсіндіру мақсатында облыс әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №566-Ө өкімімен облыстық деңгейдегі 80 адамнан жасақталған 8 ақпараттық топ құрылды.      
Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, этномәдени орталық және БАҚ өкілдері енгізілді. Сонымен бірге, қала және аудандар бойынша 281 адамнан жасақталған 58 ақпараттық топ құрылды. 
Ақпараттық топтардың атсалысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған 1248 түрлі форматтағы өткізілген кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен лекцияларға және т.б. нысандағы іс-шараларға барлығы 32927 адам қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт Жоспары-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасын түсіндіру жұмыстары облыс көлемінде жүйелі түрде жүргізілуде. 
Осындай маңызды реформаны халықтың барлық санатына жеткізуде ақпараттық түсіндірме жұмыстары, оның ішінде тұрғындармен жүзбе-жүз кездесу форматының маңыздылығы ерекше. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылды. 
Бірінші кезең 2015 жылғы  14 қаңтар - 14 ақпан аралығындағы барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып, 146 кездесу өткізілді, оған 42467 адам қатысты.
Ағымдағы жылдың 22-25 маусым аралығында облыстық ақпараттық топтың екінші легі басталды. Облыстық 8 ақпараттық топтың құрамына 93 адам тартылды. Топтардың салалық құрамы бойынша: мемлекеттік орган, кәсіпорын басшылары – 48,7%, облыстық депутаттар – 33,8%, ЖОО оқытушылары -17,5%.
Облыстық ақпараттық топ облысымыздың барлық аудандарын қамтып, аудандарды қамту көрсеткіші 100% болса, топ мүшелері 128 елді мекенде 128 жиын өткізді. Кездесуге орта есеппен 11520 адам қатысты.
Үстіміздегі жылдың 20 шілде – 21 тамыз аралығында ақпараттық топтың үшінші легі өз түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Ақпараттық топтардың атсалысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған іс-шараларға барлығы 1946 адам қатысты.
Облыстық ақпараттық топтың құрамына 91 адам тартылды. Топтардың салалық құрамы мемлекеттік орган, кәсіпорын басшылары, облыстық депутаттар және ЖОО оқытушылары.
Ақпараттық топтардың өткізген іс-шаралары республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды және интернет-ресурстық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.
 
Ақпараттық түсіндерме жұмыстары

Мемлекет басшысының Жолдауы – әлеуметтік-экономикалық дамудың және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттырудың алтың діңгегі. Елбасының жыл сайынғы Жолдауы нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталып, ел әлеуетіндегі түбегейлі өзгерістер мен түбірлі толқыныстарға негіз болып табылады.

Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын халықтың барлық санатына жеткізуде ақпараттық түсіндірме жұмыстары, оның ішінде тұрғындармен жүзбе-жүз кездесу форматының маңыздылығы ерекше. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Осылайша, бірінші кезең 2015 жылғы

14 қаңтар – 14 ақпан аралығындағы барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылды: 146 кездесу өткізіліп, оған 42467 адам қатысты.

Орын алып отырған жаһандық дағдарыс жағдайын ескеріп, екінші толқынының басты тақырыбы ретінде Жолдаумен қатар, ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы қабылданған шараларын кеңінен түсіндіру қарастырылды. Ағымдағы жылдың 2-6 наурыз аралығында өткізілген барлық аудан орталықтарындағы кездесулерге түрлі сала өкілдері мен халықтың барлық санаты кеңінен қамтылды. Қатысушылар саны – 728 адамға тең.

Бұдан басқа, мектептер мен кітапханаларда Жолдауды түсіндіруге бағытталған мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған зиялы қауым өкілдерімен қатар, халықтың кең көлемді қабаты тартылды.

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасы ғасырлық мәні бар стратегиялық құжат және қоғам мүдделерінің іске асырылуына барынша қабілетті реформа. Аталған құжат үстіміздегі жылдың 20 мамырында жарияланып, қазақстандықтар тарапынан қызу қолдауға ие болды.

Қоғам өмірін дамытудың барлық сатыларын қамтыған бұл құжатты түсіндіру бойынша 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 22-25 маусым аралығында аталған топтар өңірдің барлық аудандарын болып, 128 елдімекенде кездесу өткізді, оған 11 520 адам қатысты.

2015 жылғы 21 шілде - 21 тамыз айлары аралығында Ұлт жоспарын түсіндірудің екінші легі басталды. 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17-қаңтардағы

«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету мақсатындағы

кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық–насихаттық қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс–шаралар жоспары бекітіліп, тиісті деңгейде насихат жұмыстары ұйымдастырылды. ОАНТ мүшелеріне әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып таратылды.

Облыс әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы №335-Ө өкімімен бекітілген облыстық ақпараттық насихаттық топтар (АНТ) құрылып, оның құрамына ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан тұратын кәсіби лекторлардан, облыс бойынша барлығы 56 топ, 345 мүше енгізілді.  

2014 жылдың 20-28 ақпаны аралығында ОАНТ облыстың барлық елді мекендері тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттары бойынша 130 кездесу ұйымдастырды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ негізінде Жолдаудың іске асырылу барысын және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» қызметіне байқау жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының

2014 жылғы 12 ақпандағы №01-38.16 бұйрығымен бекітілген республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері 2014 жылдың 18-20 наурыз аралығында Қызылорда облысында болды.

Республикалық ақпараттық топ мүшелері жоспар бойынша облыстың барлық аудандарында, оның ішінде аудан/қала орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарымен 31 кездесу болып өтті. Кездесулерге барлық санаттағы азаматтар: кәсіпорын және ауылшаруашылық жұмысшылары, орта және шағын бизнес өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, жұмыссыздар, жастар және т.б. қатысты.

Насихаттық шаралар барысында облыстық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындардың толғандырып жүрген сұрақтарға жауаптар алды, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, қалыптасқан кездесулермен қатар РАНТ мүшелері мерекелік шараларға да қатысып, халықпен ресми емес жағдайда етене араласты.

РАНТ-тың Қызылорда облысындағы шаралары республикалық және жергілікті БАҚ – да кеңінен ақпараттандырылды. Атап айтқанда, барлығы 15-тен астам мақала жарияланып, оның ішінде республикалық «Хабар», «24 кz» телеарналарында «Қызылорда облысында газды кешенді дайындау құрылғысы салынады» тақырыбымен  2 сюжет көрсетілді.

Республикалық «Мұнара» басылымында 1 мақала, «Bnews», «Қазақпарат» ақпараттық сайттарда 3 материал жарық көрген. Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттық топтың Сыр өңіріндегі жұмыс сапарлары бойынша «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналарында екі тілде 6 сюжет көрсетілу ұйымдастырылған.

Облысқа тарайтын «Сыр бойы» газетіне «Мұнай-газ кешені аймақ дамуының көкжиегін айқындайды», «Кызылординские вести» басылымында «Не забывая свои истоки», аудандық «Қармақшы таңы» газетінде «ҚР Мұнай газ министрі Ұ. С. Қарабалин ауданымызда болды» тақырыбымен көлемді мақалалар жарияланған.

2014 жылғы 28-29 сәуір күндері «Нұр отан» партиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Мұхамедов пен Қ.Баймаханов облысымызға келіп, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданы тұрғындарымен Елбасының Жолдауын кеңінен талқылады.

Кездесу барысында халық қалаулылары Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да болып үкіметтік емес ұйымдармен, аудандық мәслихат депуттатарымен, аудан активтерімен Жолдауды кеңінен насихаттап, бірқатар өзекті мәселелерді қозғады, атап айтқанда діни сауат ашу ошақтарының көптеп ашылуына көңіл бөлу керектігі және де халықтың әл-ауқатын жақсарту, зейнетақыны көтеру, шағын мектептермен балабақшаларды салу туралы мәселені Үкімет тарапынан тереңірек қаралуын және қолға алынуын жөн санап, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, 3 мамырда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында театр ұжымында Елбасы Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қ.Ыдырысов және Қ.Әнуарқызымен кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры Жолдаудың іске асырылу барысын және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» қызметін жүзеге асыруда.

2014 жылдың 1 мамырына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшінші бағыты аясында Қызылорда қаласында бір 30-пәтерлік қызметтік тұрғын-үй құрылысы аяқталып, пайдалуға берілді. Барлығы 30 отбасында 127 адам қоныс аударды, (60- ы еңбекке жарамды). Аудандарда орналасқан әлеуеті төмен елді мекендерден 13 отбасы, оның ішінде:

Қазалы – 2 отбасы/9 адам;

Қармақшы - 8 отбасы /37;

Жалағаш – 3 отбасы/15 адам;

Қызылорда қаласынан  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың 17 отбасы 66 адам. Барлығы 2011-2014 жылы облыс бойынша 190 отбасы немесе 912 адам жаңа үйлерге қоныстанды, оның ішінде 460 адам еңбекке жарамды азаматтардың 256-і (55,6%) жұмыспен қамтылды, оқуға жолданған 18 адам оқуын жалғастыруда.

2013 жылы аймақта алғаш рет Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге білім беру қызметіне ақы төлеу үшін облыстық бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетуге 51 654 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінде 123 студент (бакалавр) білім алуда.

Аталған игі шараның жалғасы ретінде өңірге қажет мамандықтар бойынша мамандар даярлау мақсатында 2014 жылға 177 облыс әкімінің гранты (140 бакалавр, 37 магистр) белгіленіп отыр. Осыған орай, облыс көлеміндегі мемлекеттік мекемелер, Аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға өңірге қажет мамандықтарға қажеттіліктер анықталды.

2014 жылғы 21-28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі облыстық ақпараттық-насихаттық топ қала орталығы мен барлық аудандарды аралауға шықты. АНТ мүшелері облыс тұрғындарымен кездесу барысында Елбасы Жолдауының жүзеге асырылу барысын сөз етеді.

21 тамыз күні Қазалы ауданының Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Мұратбаев, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, Алға, Ақжона, Майдакөл, Арықбалық, Көларық, Сарыкөл, Аранды, Бірлік, Өркендеу ауылдық округтерінде облыстық, аудандық АНТ мүшелері тұрғындармен кездесті. Оған 600-ге жуық адам қатысты. Сонымен бірге, Қармақшы ауданының Төретам кенті, Ақай, Иіркөл,  Жосалы, Жаңажол, Ақтөбе, Дауылкөл, Ақжар, Алдашбай ахун,  Көмекбаев, Қуаңдария ауылдық округтерінде кездесулер өткізіліп, тұрғындарға Елбасы Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың орындалуы жайлы ақпарат берілді. Арал ауданы Сексеуіл кентінің №177 орта мектебінде де тұрғындармен кездесу өткізілді.

Жалағаш ауданының Мырзабай ахун, Мәдениет, Мақпалкөл, Жаңаталап, Аққыр, Таң, Бұқарбай батыр, Ақсу, М.Шаменов, Қаракеткен ауылдық округтерінде де АНТ мүшелерімен кездесу жиыны өткізілді.  

Сырдария ауданының Айдарлы, Жетікөл, Амангелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Илиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма, Қалжан ахун, Тоқмағамбетов, Сейфуллин, Тереңөзек ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастырылып, шараға 400 адам қатысты. Сонымен қатар, Шиелі ауданының орталығы мен Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Ортақшыл, Тартоғай, Қоғалы, Майлыоғай, Сулытөбе, Алмалы, Ақтоған, Телікөл, Бестам, Жуантөбе, Еңбекші, Жиделіарық, Төңкеріс, Ақмая, Гигант, Қарғалы, Жаңатұрмыс, Иіркөл, Керделі ауылдық округтерінде де АНТ мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылып, жиынға барлығы 450 адам қатысты. Кездесулер барысында тұрғындар мазадап жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ Жолдаудың жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттық материалдар таратылды.  

2014 жылғы 16-19 шілде аралығында Елбасы Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры және «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-сі бірлесе отырып, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал ауданында түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырды. Шараға аудандардың жұмыссыз жастары, соттылығы бар азаматтар мен аудандардың белсенді жастары, оқушылары қамтылды. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, болашақ жастардың өзіндік тұрғыда қалыптасуына, оның жан-жақты дамуына арнайы әзірленген жастар бағдарламалары, оның ішінде: «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен - ауылға», «Жасыл ел», «Құрылыс жасақтары» туралы және елімізде бүгінгі таңда іске асырылып жатқан үдемелі индустриялық – инновациялық даму, «Жұмыспен қамту-2020», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» сынды бағдарламалары бойынша толығымен мәліметтер ұсынылды. Жастарға өзекті мәселелерін шешу механизмдерін қалыптастыру бағытында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, іске асыру жолдары туралы ақпараттар берілді. Семинар-тренинг барысында қатысушылар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Аталған мемлекеттік бағдарламалар аясында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, шараға аудандар бойынша 1300 -ге жуық адам қамтылды.

Елбасы Жолдауына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салааралық бағдарламаны іске асыру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2014 жылғы 18-шілдеде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік, оның түрлері мен нысандары» тақырыбында жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ақпараттық талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, қаржы полициясының майоры Б.Жамантаев «2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде атқарған жұмыс есебі» тақырыбында баяндама оқыды. Басқосудың қорытынды сәтінде жас мамандар  келген меймандарға сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды.

Елбасы биылғы Жолдауында «Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды. Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек» - деген болатын. Осы мақсатта 2014 жыл 22 шілдесінде Сырдария тынығу лагерінде «Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау» еңбек етіп жатқан жастарды насихаттау арқылы жастарды еңбекке баулу шаралары өткізілді. Аталған шаралар барысы facebook.com, vk.com әлеуметтік желілерінде, baq.kz ақпараттық порталында, «Қазалы», «Тіршілік тынысы», «Қармақшы таңы», «Толқын» аудандық газеттері мен «Сыр бойы», «Кызылординские вести» облыстық газеттерінде, kyzylorda-news.kz интернет газетінде ақпараттандырылды.

9 қыркүйек күні Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық мемлекеттік мекемесі ұжымына «Қазақстан – 2050» Стратегиясын түсіндіру мақсатында лекция оқытылды.

Қазан айының 7-11 аралығында ААНТ мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі мен «Жастарды қолдау орталығы» МКК және «Жас Арал өрендері» жастарды қолдау орталығы, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Арал ауданының Қамыстыбас, Ақирек, Бекбауыл, Аралқұм, Сапақ, Октябрь ауылдық округтері мен Сексеуіл кентінің жастарымен «Елбасы Жолдауы – жас ұрпақтың қолдауы» атты кездесулер өткізілді. Кездесуде Елбасы Жолдауының басым бағыттары талқыланып, оның ішінде жастар арасында «Серпін» бағдарламасы қызығушылыққа ие болды.

Жиын барысында жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпарат беріліп, ауыл жастарының пікірлері мен ұсыныстары талқыланды.

«Сыр бойы», «Толқын», «Құрылтай» газеттеріне медиа-жоспарға байланысты ауданның белсенді азаматтарының пікірлері және сұхбаттары жарияланып, «Елбасы Жолдауын халық қолдауда» атты айдар ашылып, аталмыш басылымдарда жыл басынан бері «Ұлы мақсатқа жетудің бастауы», «Кәсіпкерлікке кең өріс ашылмақ», «Мәңгілік ел идеясы баянды болашаққа бастайды», «Ұлтты ұйыстыратын ұлы мақсат», «Әлеуметтік ахуалды жақсартуға басымдық берілді» т.б. барлығы 91 мақала жарияланды.

Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы Елбасы Жолдауының басым бағыттары бойынша ауданда атқарылған  жұмыстардың нәтижесі туралы 8 көрсетілім ұйымдастырылды.

Қазан айында «Жалағаш жаршысы» газетінде «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Өркениетке бастар ұлы жол!», «Халық» газетінде, «Жолдаудағы  жағымды жаңалықтар  жаңаша  серпін  береді», «Өскен өңір»  газетінде «Ұлы мақсаттарға жетелейтін Жолдау», «Қармақшы таңы» газетінде «Мәңгілік ел – ұрпақ арманы», «Жаңақорған тынысы» газетінде  «Жолдау аясындағы жүздесу» тақырыптарында мақалалар жарияланды.

15-17 қыркүйек күндері АНТ мүшелері Төретам кенті мен Ақжар, Ақтөбе, Ақай ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулерге аталған ауылдардан жалпы саны 420 адам қатысты.  Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар беріліп, ауылшаруашылығы саласы, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселелерінің басым бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Үстіміздегі жылғы 15-24 қыркүйек аралығында Елбасы Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастардың өзара пікір алаңын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді.

Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша есепті мерзімде «Қармақшы таңы» газетінде 7 мақала жарияланды. 

Атап айтқанда, 1 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ұлытау етегіндегі ой толғау» тақырыбындағы конференцияда, 5 қазан күні Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының құрылғанына 50 жыл толуына арналған шараларда, 7-8 қазан күндері «Қорқыт және Ұлы дала сазы» түркі тілдес елдердің халықаралық фольклорлық музыкалық фестивалі мен ғылыми-теориялық конференциясында, 10 қазан күні мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесуде, 12 қазан күні М.Ералиева атындағы Мәдениет үйіндегі «Елбасы Жолдауы – дамудың асыл арнасы» атты кеште, 16 қазан күні облыс басшысының грант игерлерімен кездесуінде, 18 қазан күні «Алтын күз-2014» мерекелік шарасында, 18 қазан күні Қызылорда қаласында Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион аумағында тұңғыш әлеуметтік спорт алаңы ашылды. Бұл спорт алаңы паркур, воркаутер, скейтбординг сынды спорттың түрлеріне қызығушылығы бар жастарды қолдау мақсатында салынған. Облыс басшысы Қ.Көшербаев жастарды жаңа спорт алаңқайының ашылуымен құттықтап, Елбасы мен мемлекет тарапынан аймақ жастарының спортпен шұғылдануына барынша қолдау көрсетілетін айтты. Сондай-ақ, Әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы И.Ильин ризашылық білдіріп, жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Осы күні «Ақсуат» ауылдық округіндегі 140 орындық «Сыр самалы» балабақшасы мен Қызылжарма кентіндегі 280 орындық «Сыр дидары» балабақшасы әлеуметтік нысандарының іске қосылу рәсімдерінде, Қызылжарма ауылдық округі мен Ж.Махамбетов ауылындағы дәрігерлік амбулаториялардың ашылуында Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуы жан-жақты сөз етілді.  

Қазан айының 6 -14 аралығында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-сінің, «Жас Отан» жастар қанатының, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының, «Қызылорда облысының жастар Одағы», «Ақиқат Айнасы», «Ұлағат Ұландары» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерімен 8 кездесу өтті. Онда Елбасы Жолдауының және мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік жастар саясатының өңірімізде жүзеге асырылу барысы сөз болды. Кездесулерге 1600 жас қатысып, өз ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, қазан айының 7-11 аралығында Арал ауданының АНТ мүшелері және «Жастарды қолдау орталығы» МКК және «Жас Арал өрендері» жастарды қолдау орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері Қамыстыбас, Ақирек, Бекбауыл, Аралқұм, Сапақ, Октябрь ауылдық округтері мен Сексеуіл кентінің жастарымен «Елбасы Жолдауы – жас ұрпақтың қолдауы» атты кездесулер өткізді. Кездесуде Елбасы Жолдауының басым бағыттары талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.

16 қазан күні облыс басшысы Қ.Көшербаев грант игерлерімен кездесті. Соңғы екі жыл көлемінде өңірге қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 365 түлек облыс әкімінің грантын иеленді. 2013 жылы 123, биыл 242 жасқа грант тағайындалған.  

Елбасы Жолдауында атап көрсетілген «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 18 қазан күні Қызылордада 3 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 130 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында - көп балалы және жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әлеуеті төмен ауылдық жерлерден көшіп келген отбасылар мен жетімдер бар. Осы тұрғын үйлерді пайдалануға беру рәсімдерінде аймақ басшысы Мемлекет басшысының алға қойған стратегиялық бағдарламалар мен іс-шаралардың аймақта жүзеге асырылу барысы туралы сөз етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қорқыт Ата атындағы  ҚМУ-дың Студенттер сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аймақтардағы этносаяси қатынастар: тәжірибелер мен тұрақтылықтың маңызы» атты семинар болып өтті.   

Қазан айында аймақ басшысының, мәслихат депутаттарының, мемлекеттік орган жетекшілерінің, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен ірі көлемді 11 қоғамдық-саяси, әлеуметтік маңызды іс-шара өткізілді. Оның ішінде жаңадан салынған әлеуметтік нысандарды пайдалану рәсімі, іске қосылған жобалардың тұсаукесер шарасында, конференциялар мен кездесулер барысында Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар халық арасында кеңінен насихатталды. 

27-31 қазан аралығында облыстық басқарма басшыларынан құрылған ОАНТ мүшелері барлық аудандардың тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды. Аталған іс-шаралар жергілікті БАҚ арқылы кеңінен ақпараттандырылды.

13-14 қараша аралығында РАНТ мүшелері облыс көлеміндегі барлық аудандарды аралап, Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың орындалуы жайлы ойларымен бөліседі деп жоспарлануда.

Құрылған күні: 26-02-2015 12:21
Жаңартылған күні: 11-01-2017 17:53

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика