ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2018 жылдың 9-айында жүргізілген тексерулер 
туралы ақпарат
Облыс көлемінде жер заңдылықтарының сақталуына бақылау Қызылорда облысы әкімдігімен 2015-2016 жылдары бекітілген, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің бекітілген тізімі» бойынша жүргізіліп келеді.
Бекітілген шараларға сәйкес, 2018 жылдың 9-айында облыс көлемінде Басқармамен, ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шараларының саны – 201-ді құрайды, оның ішінде: ішінара – 9, жоспардан тыс – 84, бақылаудың өзгеде нысанында – 108. (мемлекеттік мекеме-4, заңды тұлғалар – 34, жеке тұлға – 94, дара кәсіпкер – 69). 
Тексерулермен барлығы 34890,0925 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 8386,11 гектар жер учаскелерінде 135 субъекті тарапынан 138 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 73 заң бұзушылықтар жойылды (53,7 %). 
Орын алған құқық бұзушылықтардың 77 факті бойынша 25883,063 мың теңге көлемінде айыппұл, 33 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 28 факті бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. 
Ескертпе: Орын алған құқық бұзушылықтардың 88 фактілері бойынша (2 заңды тұлғаларға, 76 жеке тұлғаларға, 10 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 136,338,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 60 факті бойынша 5944,913 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 8 факті бойынша 1924,0 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 3 факті бойынша 577,2 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 360,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 17076,2 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде, 64 тұлғалармен 23660,275 мың теңге салынған айыппұл сомалары өз еркілерімен, 2 тұлғаға қатысты салынған айыппұлдың 301,74 мың теңгесі, мәжбүрлі түрде сот орындаушыларымен мемлекет бюджетіне өндірілді (92,6 %). 8 тұлғаға қатысты салынған 1259,677 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты, мәжбүрлеп өндіру үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 2 тұлғаларға қатысты салынған 481,0 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімдері бар. 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының әкімшілік сотының қаулысымен, Басқарманың 29.01.2018 жылғы № 7-К қаулысының күші жойылып, 1 тұлғаға қатысты салынған 180,375 мың теңге айыппұл өндірістен қысқартылды.             
Сонымен қатар, 6 субъектінің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 106,87 мың теңге болып есептелініп, оның ішінде 5 субъектілер тарапынан 106,3 мың теңге мемлекетке өндірілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша пайдаланбай және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 71 субъектілерге қатысты анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 74 нұсқама берілді. Оның ішінде 18 нұсқама әкімшілік іс өндірісін қозғамай берілген. Қазіргі таңда берілген нұсқамалардың 24–не қатысты заң бұзушылық фактілері толығымен жойылды (32,4%).
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР жер заңдары саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығына және өтініштің қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына қатысты жоспардан тыс 4 бақылау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде құқыққа сыйымсыз шешім қабылданғаны үшін 2 нұсқама, берілген өтініштердің қаралу мерзімінің бұзылуына байланысты 2 нұсқама берілді.
Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою және нұсқама талаптарын мәжбүрлеп орындату мақсатында барлығы 22 субъектінің пайдалануындағы 25 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды. Нәтижесінде 8 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, көлемі 6667,2766 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданса, 8 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 9 талап - арыздар соттың қарауында. 
Бұдан бөлек Басқармамен, нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 18 тұлғаларға жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен нұсқама талаптарының орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, істі қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. 
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 56 тұлғаның өз бетінше иеленген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді. 

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында 2018 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша есеп 
Қызылорда облысының жердің  пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) облыс көлемінде жер заңдылықтарының сақталуына бақылауды Қызылорда облысы әкімдігімен 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің бекітілген тізімі» бойынша жүргізіліп келеді.
Бекітілген шараларға сәйкес, 2018 жылдың 1-жартыжылдығында облыс көлемінде Басқармамен, ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны – 139-ды құрайды, оның ішінде: ішінара – 9, жоспардан тыс – 39, бақылаудың өзгеде нысанында – 91. (Заңды тұлғалар – 25, жеке тұлға – 73, дара кәсіпкер – 41) 
Тексерулермен барлығы 15810,29 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 8384,7266 гектар жер учаскелерінде 113 субъекті тарапынан 114 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 57 заң бұзушылықтар жойылды (50,0 %). 
Орын алған құқық бұзушылықтардың 57 факті бойынша 23069,213 мың теңге көлемінде айыппұл, 31 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 26 факті бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. 
Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 71 фактілері бойынша (63 жеке тұлғаларға, 8 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,338,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 46 факті бойынша 4574,063 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 4 факті бойынша 962 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 96,2 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 360,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 17076,2 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 49 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 19882,588 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (86,2%). 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының әкімшілік сотының қаулысымен, Басқарманың 29.01.2018 жылғы № 7-К қаулысының күші жойылып, 1 тұлғаға қатысты салынған 180,375 мың теңге айыппұл өндірістен қысқартылды.2 тұлғаға қатысты салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 5 тұлғаға қатысты салынған 3006,25 мың теңгенің мемлекет бюджетіне өндіруге қатысты өз еркімен төлеу мерзімдері бар. 
Сонымен қатар, 1 субъектінің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 2,28 мың теңге болып есептелініп, мемлекетке өндірілді.
Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 11 субъектінің пайдалануындағы 11 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды. Нәтижесінде 2 субъектіге қатысты берілген талап-арыз сотпен қанағаттандырылып, көлемі 648,0286 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданса, берілген  9 талап арыздар соттың қарауында. 
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 42 тұлғаның өз бетінше иеленген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді. 
 

2018 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша есеп
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2018 жылдың 1-тоқсанында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 80, оның ішінде: жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 21, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 59. ( заңды тұлғалар – 15, жеке тұлға – 48, дара кәсіпкер -17)
Тексерулермен барлығы 1551,31 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 1252,8452 гектар жер учаскелерінде 79 субъекті тарапынан 79 заң бұзушылық фактілері анықталды. Орын алған құқық бұзушылықтардың            30 фактісі бойынша 6287,625 мың теңге көлемінде айыппұл, 25 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 24 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай нұсқамалар берілді.
(Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 45 фактілері бойынша (39 жеке тұлғаларға, 6 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,338,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды).
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, есепті кезеңде жеке тұлғаларға қатысты 27 факті бойынша 2680,125 мың теңге көлемінде, дара кәсіпкерлерге қатысты 1 факті бойынша 240,5 мың теңге көлемінде, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға қатысты 2 факті бойынша 3367 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Салынған айыппұлдардың 26 фактілері бойынша 5506,0 мың теңгесі, өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (87,5%). Сондай-ақ, 2 тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдардың (360,75 мың теңге) өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданып, жеке тұлға Оралов Абзал Асқарұлына қатысты салынған 180,375 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 29 наурыз 2018 жылғы № 4359-18-00-3ж/57 қаулысымен, айыппұл салу туралы 29.01.2018 жылғы № 7-К қаулысының күші жойылды. Қалған 2 тұлғаға қатысты салынған 420,875 мың теңге айыппұлдың өз еркімен төлеу мерзімдері бар.
Сондай-ақ, екі мұнай компанияларының жасаған заң бұзушылығынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 91,8 мың теңге болып есептелініп, мемлекет бюджетіне өндірілді.
Бұдан бөлек, Басқармамен жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланылмауына не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалануына байланысты мөжбүрлеп алып қою жөнінде сотқа 8 жер учаскесі бойынша талап арыз берілді, оның: 6-ауы кәсіпкерлік (көлемі 4,8986 гектар) және 2-еуі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (көлемі 700,11 гектар).
Қазіргі таңда, кәсіпкерлік мақсатындағы көлемі 0,0286 гектарды құрайтын 1 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды және 7 іс сотта қаралуда (көлемі 700,11 гектарды құрайтын 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы және көлемі 4,87 гектарды құрайтын 5 жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатындағы).
Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 28 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап - арыз беру туралы ұсыныстар берілді.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен

2017 жылдың 12 айында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында
атқарған шаралары туралы ақпарат
Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2017 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.
Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».
Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.
Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылы облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны – 507, оның ішінде: ішінара – 58, жоспардан тыс – 205, бақылаудың өзгеде нысанында – 244. (Заңды тұлғалар – 74, жеке тұлға – 258, дара кәсіпкер – 175) 
Тексерулермен барлығы 273355,8414 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 30087,1886 гектар жер учаскелерінде 390 субъекті тарапынан 439 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 351 заң бұзушылықтар жойылды (80,0 %). 
Орын алған құқық бұзушылықтардың 160 факті бойынша 36695,402 мың теңге көлемінде айыппұл, 154 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылып, 29 факті бойынша заң бұзушылық жасаған субъектілер, ҚР «ӘҚБТ»К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылса, 96 фактілер бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. 
Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 222  фактілері бойынша (3-заңды тұлға, 137 жеке тұлғаларға, 82 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,338,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 121 факті бойынша 10738,042 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 14 факті бойынша 2019,41 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 8 факті бойынша 3176,6 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 12 факті бойынша 19059,6 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 141 анықталған фактілерге сәйкес салынған 32814,067 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (89,4%). 
Сондай-ақ, 8 тұлғаларға (10 факті) қатысты салынған 2145,55 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 2 тұлғаға қатысты салынған 340,35 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының қаулыларымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В және 28.09.2017 жылғы №104-К қаулыларының күштері жойылған. 
Сонымен қатар, 15 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 1431,847 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 14 субъектімен 1429,447 мың теңгесі өндіріліп, қалған 2,4 мың теңге залал сомасы, мәжбүрлеп өндіру үшін сот органдарына жолданды.
Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 17 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.
Нәтижесінде, 11 жер учаскесіне (көлемі 2709,9064 гектар) қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, мемлекет меншігіне қайтарылса, 5 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,676 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 1 жер учаскесіне (көлемі 3,0 гектар)  қатысты талап-арыз, сотпен қаралуда.
Сондай-ақ Басқармамен, нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 36 тұлғаларға жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен нұсқама талаптарының орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, істі қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Қазіргі таңда, соттармен 25 фактілер бойынша 3 649,707 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынып, қалған 11 фактілерге қатысты соттармен қаралуда.
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 177 тұлғалардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді. 

2017 жылдың 9-айында жүргізілген тексерулер 
қорытындысы бойынша «1-ЖЕР» есебіне түсініктеме 
 
Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.
Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».
Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.
Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылдың 9-айында облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны – 372, оның ішінде: ішінара – 46, жоспардан тыс – 120, бақылаудың өзгеде нысанында – 206. (Заңды тұлғалар – 56, жеке тұлға – 175, дара кәсіпкер – 141) 
Тексерулермен барлығы 83490,2528 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 17754,99 гектар жер учаскелерінде 289 субъекті тарапынан 330 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 233 заң бұзушылықтар жойылды (70,6 %). 
Орын алған құқық бұзушылықтардың 129 дерек бойынша 19507,727 мың теңге көлемінде айыппұл, 88 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 86 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалары берілді. Және 27 заң бұзушылық жасаған субъектілер ҚР «ӘҚБТ» К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды.
Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 164 фактілері бойынша (1-заңды тұлға, 111 жеке тұлғаларға, 52 жеке кәсіпкерлерге қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136,339 және 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 105 факті бойынша 9206,462 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 9 факті бойынша 884,91 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 7 факті бойынша 2949,7 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 3 факті бойынша 4764,9 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 119 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 17192,002 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (88,9%). 
Сондай-ақ, 7 тұлғаларға (9 дерек) қатысты салынған 2145,55 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 1 тұлғаға қатысты салынған 170,175 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 01.02.2017 жылғы № 3Ж-5/2017 қаулысымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В қаулының күші жойылған. 
Сонымен қатар, 9 субъектілердің жасаған заң бұзушылықтарынан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 1181,616 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 8 субъектімен 1181,16 мың теңгесі өндіріліп, қалған залал сомасын төлеу мерзімдері бар.
Өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 12 субъектінің пайдалануындағы 14 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.
Нәтижесінде 6 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, 8 жер учаскесі (көлемі 2465,5064 гектар) мемлекет меншігіне қайтарылса, 2 жер учаскесіне қатысты (көлемі 0,416 гектар) талап-арыз сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 4 субъектілерге қатысты (көлемі 5,26 гектар), талап-арыздар сотпен қаралуда.
Сондай-ақ Басқармамен, нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында 29 тұлғаларға жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен нұсқама талаптарының орындамауына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалып, істі қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. 
Бұған қоса, 2016 жылы жалпы көлемі 239,4 га болатын «Рахат» және «Жалимбетов Малик» шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерілерін, мақсаты бойынша  пайдаланбауына (игермеуіне) байланысты ҚР Жер Кодексінің 92 және 94 баптарына сәйкес, Басқармамен мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызы сотпен 2017 жылы қаралып, қанағаттандырылды. 
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, 170 тұлғалардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, Басқармамен жергілікті атқарушы органдарға Ұсыныстар берілді.

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған шаралары туралы ақпарат
Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2016 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «2017 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында жерді пайдалану мен қорғауға ішінара тексерулердің тізімі» бекітілді.
Мәлімет ретінде: «Мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау Бағдаржолы», «Заңсыз карьерлерді анықтау Бағдаржолы» және «Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің толық алып қойылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы».
Бекітілген Бағдаржолдар мен Жол картасында жер заңнамасының бұзылуын анықтау мен мәлімет ұсынуда әр мүдделі мемлекеттік органдардың міндеттері нақты айқындалған.
Бекітілген шараларға сәйкес, 2017 жылдың 1-жартыжылдығында облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны – 236, оның ішінде: ішінара – 44, жоспардан тыс – 71, бақылаудың өзгеде нысанында – 121. (Заңды тұлғалар – 42, жеке тұлға – 105, дара кәсіпкер – 89) 
Тексерулермен барлығы 75162,5 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 17291,54 гектар жер учаскелерінде 224 субъекті тарапынан 260 заң бұзушылық деректері анықталып, бүгінгі күні 205 заң бұзушылықтар жойылды (78,8 %). 
Анықталған 111 құқық бұзушылық дерек бойынша 17329,487 мың теңге көлемінде айыппұл, 60 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылса, 62 дерек бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалмай заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалары берілді. Және 27 заң бұзушылық жасаған субъектілер ҚР «ӘҚБТ» К-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды.
Есепті мерзімде салынған айыппұл түріндегі әкімшілік жазалардың жіктелуі төмендегідей:
Жеке тұлғаларға 93 факті бойынша 8185,417 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 6 факті бойынша 408,42 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 4 факті бойынша 2269 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 1701,75 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 3 факті бойынша 4764,9 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Салынған айыппұл түріндегі әкімшілік жазалардың сомасы 15376,802 мың теңге, субъектімен мемлекет кірісіне өз еріктерімен өндірілген.
Ал, 5 субъектіге (7 дерек бойынша) қатысты салынған 1351,4 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, 2 субъектіге (2 дерек бойынша) қатысты салынған 601,285 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімдері бар. 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылғы 1 ақпандағы № ЗЖ-5/2017 қаулысына сәйкес, 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4-В қаулымен салынған сомасы 170,175 мың теңге әкімшілік айыппұл қысқартылған.
Сонымен қатар, 5 субъектімен жасаған заң бұзушылықтардан жерге және қоршаған ортағы келтірілген залал сомасы 765,96 мың теңге болып есептелініп, бүгінгі күні мемлекетке 3 субъектімен 433,56 мың теңгесі өндірілген.
Өз мақсаты бойынша не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 6 субъектінің пайдалануындағы 6 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.
Нәтижесінде 3 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырылды. Қазіргі таңда 3 жер учаскелеріне қатысты талап-арыздар соттың қарауында. 
Сонымен бірге, Басқармамен бұрын берілген нұсқама талаптарының орындалуына жоспардан тыс бақылау тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
2017 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген тексерулер нәтижесінде  нұсқама талаптары ішінара немесе толық орындамаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жергілікті сот органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.
Нәтижесінде, Сот орындарымен, ҚР ӘҚБтК-нің 821-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасын және 822, 823-баптарын басшылыққа алып, осы кодекстің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, төмендегі тұлғаларға қатысты айыппұл түріндегі шараны қолдану туралы қаулылар қабылданды. 
Атап айтқанда: 
- «Қайнар Сауда ЛТД» ЖШС-не 226900 теңге (100 АЕК);
- «Арал Газ» ЖШС-не 453800 теңге (200 АЕК);
- «Садыков» ШҚ жетекшісі Садыков Куракбайқа 34035 теңге (15 АЕК);
- «Утегенов» ШҚ жетекшісі Утегенов Серик Елемесовичке 11345 теңге  (5 АЕК);
- «Сағым» ШҚ жетекшісі Балымбетов Базарбай Турековичке 11345 теңге (5 АЕК);
- «Шапет» ШҚ жетекшісі Кенжебаева Умиткул Мусаевнаға 34035 теңге (15 АЕК);
- «Абсолют КZ» ЖШС-не 680700 теңге (300 АЕК);
- ЖК Демесинов Ергеш Балабиевичке 226900 теңге (100 АЕК);
- ЖК Туржанов Нурабек Калшабековичке 226900 теңге (100 АЕК);
- ЖК Мұхамбетжанов Қайрат Мұхамбетқалиұлына 226900 теңге (100 АЕК);
- ЖК Нұрымбетов Данияр Сериковичке 226900 теңге (100 АЕК);
- «Думан» ШҚ жетекшісі Сарсенов Габит Байдуллаевичке 34035 теңге  (15 АЕК); 
- ЖТ Еспанова Ақкербез Құрманәліқызына 11345 теңге (5 АЕК);
- ЖТ Әзбергенова Ботагөз Мұхтарқызына 11345 теңге (5 АЕК).
Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес, Басқармамен 142 тұлғадан өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алуды талап ету мақсатында сот органдарына талап-арыз беру үшін, жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органдарға хат жолданды.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2017 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексерулер қорытындысына түсіндірме

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2017 жылдың 1-тоқсанында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 80, оның ішінде: ішінара жүргізілуде -5, жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 32, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 43. (мемлекеттік мекемелер – 5, заңды тұлғалар – 11, жеке тұлға – 46, дара кәсіпкер -18)

Тексерулермен барлығы 10778,4101 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 7379,504 гектар жер учаскелерінде 59 субъекті тарапынан 60 заң бұзушылық фактілері анықталды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 42 фактісі бойынша 3828,938 мың теңге көлемінде айыппұл, 18 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 8 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай нұсқамалар берілді.

Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, есепті кезеңде жеке тұлғаларға қатысты 42 факті бойынша 3828,938 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылып, салынған айыппұлдардың 39 фактілері бойынша салынған айыппұлдар (3328,413 мың теңге) өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (87%). Сондай-ақ, 2 тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдардың (330,35 мың теңге) өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 1 тұлғаға қатысты салынған 170,175 мың теңге, Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 01.02.2017 жылғы № 3Ж-5/2017 қаулысымен, айыппұл салу туралы 09.01.2017 жылғы № 4-В қаулының күші жойылды.

Жоспардан тыс және бақылаудың өзге нысанымен жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша пайдаланбай және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 21 субъектілерге (оның ішінде әкімшілік іс өндірісін қозғамай 8 субъектілерге) анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 21 нұсқамалар берілді.

Есепті кезенде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған 1 фактіге қатысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында  сотқа талап-арыз беріліп, сотпен қаралуда. Сондай-ақ коммерциялық мақсаттарға табысталған, бірақ өз мақсатында пайдаланбаған немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 1 субъектіге («А-Сер иК» ЖШС) қатысты (көлемі 0,116 гектар) талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, шешім күшіне енбей тұрып, субъект тарапынан апеляциялық шағым берілді. 2 субъектіге қатысты (көлемі 0,5 гектар) берілген талап-арыздар сотпен қаралуда.

Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 106 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап - арыз беру туралы Ұсыныстар берілді. 


Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында 2016 жылдың 12-айында атқарған шаралары туралы ақпарат
 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың қорытындысымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны – 850, оның ішінде ішінара (жоспарлы) тексерулер - 145, жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 95, бақылаудың өзге де нысанында және ҚР ӘҚБТ Кодексінің 802-бабына сәйкес – 610 (мемлекеттік мекемелер – 36, заңды тұлғалар – 61, жеке тұлға – 648, дара кәсіпкер – 105).
Тексерулермен барлығы 354193,197 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 56931,2557 гектар жер учаскелерінде 754 субъекті тарапынан 803 заң бұзушылық фактілері анықталып, бүгінгі күні 689 заң бұзушылық жойылды (85,8 %). Орын алған құқық бұзушылықтардың 634 фактісі бойынша 67294,477 мың мың теңге көлемінде айыппұл, 127 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 42 заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. 
(Ескерту: Орын алған құқық бұзушылықтардың 610 фактілері бойынша (610 жеке тұлғаларға қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136, 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды). 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 610 факті бойынша 50559,787 мың мың теңге, дара кәсіпкерлерге 7 факті бойынша 1484,7 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 5 факті бойынша 933,24 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға 3 факті бойынша 954,45 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға 9 факті бойынша 13362,3 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 614 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 63953,902 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілсе, 1 тұлғаға қатысты салынған 159,075 мың теңге айыппұлдың 20,0 мың теңгесі және 2 тұлғаға қатысты салынған 318,15 мың теңге айыппұл сот орындаушылар арқылы мәжбүрлеп өндірілді (95,5%).  
Сондай-ақ, 15 тұлғаларға қатысты салынған 2631,25 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданды.
Екі субъектіге қатысты салынған 371,175 мың теңге айыппұлдардың, 212,1 мың теңгесі Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 01.09.2016 жылғы № 4359-16-00-ЗЖ/81 қаулысы негізінде істен қысқартылса, салынған 159,075 мың теңге айыппұлға байланысты жаңадан ашылған мән-жайларға сәйкес әкімшілік іс қайта қаралып, мемлекеттік инспектордың № 54-Е/2 қаулысымен, алғашқы айыппұл салу туралы №54-Е қаулысының күші жойылды.
Сонымен қатар, 8 субъектіге, жасалған заң бұзушылығы үшін ауыл шаруашылығы жерлеріне келтірілген 135,381 мың теңге көлемінде залал есептелініп, мемлекетке өндірілді. 
Сондай-ақ 2016 жылы, 2014 жылы салынған айыппұлдың 811,36 мың теңгесі (9 тұлға), 2015 жылы салынған айыппұлдың 3009,78 мың теңгесі (22 тұлға) мемлекет меншігіне өндірілді. 
Басқармамен жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланылмауына не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалануына байланысты мәжбүрлеп алып қою жөнінде сотқа 49 талап арыз берілді, оның: 31 кәсіпкерлік (көлемі 21,7321 гектар) және 18 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (көлемі 3414,04 гектар).
Осылайша, жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланылмауына не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалануына байланысты барлығы 286,18 гектарды (көлемі 285,6 гектарды құрайтын 6 жер учаскесі ауыл шаруашылығы және көлемі 0,5796 гектарды қрайтын 4 кәсіпкерлік мақсатындағы) құрайтын 10 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды. Сондай-ақ, 23 талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылса (көлемі 860,9 гектарды құрайтын 8 жер учаскесі ауыл шаруашылығы және көлемі 4,4526 гектарды құрайтын 15 кәсіпкерлік мақсатындағы), 16 іс сотта қаралуда (көлемі 2267,54 гектарды құрайтын 4 жер учаскесі ауыл шаруашылығы және көлемі 16,6999 гектарды құрайтын 12 кәсіпкерлік мақсатындағы).
Сонымен қатар, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміне енгізу үшін көлемі 294,6472 гектарды құрайтын 9 жер учаскесіне қатысты қабылданған сот шешімі және өзге да қажетті мәліметтер облыстық жер қатынастары басқармасына жолданды.
Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 558 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап-арыз беру туралы Ұсыныстар берілді. 
Бүгінде, тұлғалармен заңсыз құрылысқа меншік құқығын тану жөнінде сот органдарына талап-арыз берілуде және қазіргі таңда 382 құрылысқа сот шешімдерімен меншік құқығы танылып, қалған талап-арыздар сотта қаралуда.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 3 тоқсанында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында атқарған шаралары туралы

 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 9 айында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны – 170, оның ішінде ішінара жоспарлы тексерулер - 93, жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 77 (мемлекеттік мекемелер – 9, заңды тұлғалар –54, жеке тұлға –31, дара кәсіпкер-76).
Тексерулермен барлығы 211449,595 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 52383,4921 гектар жер учаскелерінде 571 субъекті тарапынан 574 заң бұзушылық фактілері анықталып, бүгінгі күні 500 заң бұзушылық жойылды (87,1 %). Орын алған құқық бұзушылықтардың 476 фактісі бойынша 43719,562 мың теңге көлемінде айыппұл, 98 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 29 субъектіге әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 38 заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді.
(Анықтама ретінде: Орын алған құқық бұзушылықтардың 455 фактілері бойынша (455 жеке тұлғаларға қатысты) Қызылорда қаласының мемлекеттік органдардан түскен материалдардың жеткілікті әрі дәлелді себептері болуына байланысты ҚР «ӘҚБт» Кодексінің 136, 802-баптарына сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілмей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды). 
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 467 факті бойынша 38947,312 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 3 факті бойынша 636,3 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға («Галаз и К» ЖШС)  3 факті бойынша 954,45 мың теңге, ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға («Қор Мұнай компаниясы» АҚ) 2 факті бойынша 2969,4 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 459 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 40829,7 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (93,4%). Сондай-ақ, 8 тұлғаларға қатысты салынған 1272,6 мың теңге айыппұлдардың өз еркімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 8 тұлғаларға қатысты салынған 1166,55 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар. Бір субъектіге қатысты салынған 212,1 мың теңге айыппұл, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 01.09.2016 жылғы № 4359-16-00-ЗЖ/81 қаулысы негізінде істен қысқартылды.
Сонымен қатар, 4 субъектіге, жасалған заң бұзушылығы үшін ауыл шаруашылығы жерлеріне келтірілген 75,393 мың теңге көлемінде залал есептелініп, мемлекетке өндірілді.
Сондай-ақ 2016 жылдың тоғыз айында, 2014 жылы салынған айыппұлдың 718,8 мың теңгесі (8 тұлға), 2015 жылы салынған айыппұлдың 2712,48 мың теңгесі (20 тұлға) мемлекет меншігіне өндірілді.
Сондай-ақ, есепті кезеңде өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 20 субъектіге қатысты сотқа талап-арыздар жолданып, нәтижесінде көлемі 0,195 гектар 3 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылып, көлемі 20,2158 гектар 17 субъектіге қатысты талап-арыздар сотпен қаралуда.
Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 411 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап-арыз беру туралы Ұсыныстар берілді.

Қызылорда облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 1-жартыжылдығында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында атқарған шаралары туралы
 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 1-жартыжылдығында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 89, оның ішінде жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 60, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 29. (Заңды тұлғалар – 12, жеке тұлға – 51, дара кәсіпкер -26) 
Тексерулермен барлығы 57625,614 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 49994,7481 гектар жер учаскелерінде 304 субъекті тарапынан 304 заң бұзушылық фактілері анықталып, бүгінгі күні 258 заң бұзушылық жойылды (84,8 пайыз). Орын алған құқық бұзушылықтардың 267 фактісі бойынша 22403,512 мың теңге көлемінде айыппұл, 37 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 29 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 37 нұсқамалар берілді.
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 264 факті бойынша 21767,212 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 2 факті бойынша 424,2 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 261 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған 21316,5 мың тенге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (95%). Сондай-ақ, 3 тұлғаларға қатысты салынған 477,225 мың теңге айыппұлдардың өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 3 тұлғаға қатысты салынған 609,787 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар. 
Сондай-ақ 2016 жылдың 1- жартыжылдығында, 2014 жылы салынған айыппұлдың 440,96 мың теңгесі (5 тұлға),2015 жылы салынған айыппұлдың 2514,28 мың теңгесі (19 тұлға) мемлекет меншігіне өндірілді. 
Сонымен қатар, «Асар» ЖШС-не жасаған заң бұзушылығына ауылшаруашылығы жерлеріне келтірілген 5,016 мың теңге көлемінде залал есептелініп, мемлекетке өндірілді.  
Есепті кезенде, 2015 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған фактілерге қатысты сотқа жолданған, яғни жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында берілген талап-арыздардың нәтижесінде көлемі 224,3 гектар болатын 4 субъектіге қатысты талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, көлемі 757 гектар болатын 6 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сондай-ақ, есепті кезеңде өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында барлығы 10 субъектіге қатысты сотқа талап-арыздар жолданып, нәтижесінде көлемі 45,395 гектар 5 субъектіге қатысты берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылып, көлемі 123,0507 гектар 5 субъектіге қатысты талап-арыздар сотпен қаралуда. 
Басқармамен, жергілікті атқарушы органдарға ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес 217 тұлғалардың пайдалануындағы өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерінде салынған (салынып жатқан) құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұздыру үшін сот органдарына талап-арыз беру туралы Ұсыныстар берілді. 
Сонымен қатар, 2015 жылы Басқармамен, Қызылорда қаласы әкімдігіне берілген Ұсынысқа (ҚРЖК 164-1 бабы) байланысты, жеке тұлға Тулемисова Акайшаның өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты мәжбүрлі түрде бұздыру туралы қала әкімдігімен сот органдарына талап-арыз беріліп, нәтижесінде құрылысты мәжбүрлі түрде бұздыру туралы сот шешімі қабылданған.

2016 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексерулер 
қорытындысы бойынша «1-ЖЕР» есебіне түсініктеме 
 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2016 жылдың 1-тоқсанында ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген тексерулер саны - 42, оның ішінде жоспардан тыс жүргізілген тексерулер – 21, бақылаудың өзге де нысанымен жүргізілген тексерулер – 21. (Заңды тұлғалар – 11, жеке тұлға – 23, дара кәсіпкер -8) 
Тексерулермен барлығы 5637,95 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 347,81 гектар жер учаскелерінде 44 субъекті тарапынан 48 заң бұзушылық фактілері анықталды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 11 фактісі бойынша 1432,125 мың теңге көлемінде айыппұл, 12 фактілер бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шара түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 21 субъектілерге қатысты әкімшілік іс өндірістерін қозғамай 25 нұсқамалар берілді.
Салынған айыппұлдардың жіктелуіне келіп тоқталатын болсақ, олар: жеке тұлғаларға 9 факті бойынша 1007,925 мың теңге, дара кәсіпкерлерге 1 факті бойынша 212,1 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларға 1 факті бойынша 212,1 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Есепті кезеңде 6 тұлғаларға қатысты анықталған фактілерге сәйкес салынған айыппұлдар (541,125 мың теңге) өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (38%). Сондай-ақ, 4 тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдардың (678,9 мың теңге) өз еріктерімен төлеу мерзімдерінің өтуіне байланысты мәжбүрлеп орындату мақсатында құжаттары атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданса, қалған 1 тұлғаға қатысты салынған 212,1 мың теңгенің өз еркімен төлеу мерзімі бар. 
Сонымен қатар, «Асар» ЖШС-не жасаған заң бұзушылығын ауылшаруашылығы жерлеріне келтірілген 5,016 мың теңге көлемінде залал есептелінді.  
Жоспардан тыс және бақылаудың өзге нысанымен жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша пайдаланбай және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 34 субъектілерге (оның ішінде әкімшілік іс өндірісін қозғамай 21 субъектілерге) анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 38 нұсқамалар берілді.
Есепті кезенде, 2015 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған фактілерге қатысты сотқа жолданған, яғни жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында берілген талап-арыздардың нәтижесінде 4 субъектіге қатысты (көлемі 224,3 гектар) талап-арыздар сотпен қанағаттандырылып, 3 субъектіге қатысты (көлемі 195,0 гектар) берілген талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Соттың қанағаттандырусыз қалдырылған шешімінен кейін Басқарма тарапынан апелляциялық шағымдар беріліп, сотпен 2 апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылып («Қожахметов» және «Қодаманов» ш/қ ), 1 апелляциялық шағым сотпен қаралуда («Атамұра» ш/қ).  
Сонымен қатар, есепті кезеңде 2015 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланған 3 субъектілердің жер учаскелерін (көлемі 456 гектар) мәжбүрлеп алып қою мақсатында сот органдарына талап-арыздар жолданып, сотпен қаралуда. 
Сондай-ақ, ҚР жер заңнамаларына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін қайтаруды талап ету мақсатында жергілікті атқарушы органға (ЖАО), ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптары бойынша 31 тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелерін босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты өзі немесе өз есебінен бұздыру үшін сот органдарына жолдау мақсатында Ұсыныстар берілді. 
Сонымен қатар, 2015 жылы Басқармамен, Қызылорда қаласы әкімдігіне берген Ұсынысқа байланысты, атап айтқанда жеке тұлға Тулемисова Акайшаның пайдалануындағы жер учаскесіне қатысты қала әкімдігімен сот органдарына талап-арыз беріліп, нәтижесінде сотпен қаралып қанағаттандырылған. 

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау бағытында 2015 жылдың 12-айында  атқарған шаралары туралы

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2015 жылдың 12 айында жер заңдылықтарының сақталуына барлығы 535 тексерулер жүргізілді. Жүргізілген тексерулердің 465 жоспардан тыс және 70 бақылаудың өзге нысандарында жүргізілді. (Оның ішінде: заңды тұлға – 50  жеке тұлғалар – 270, жеке кәсіпкер - 215)

Тексерумен 176372,6114 гектар жер учаскелері қамтылды.

Тексеру нәтижелерімен көлемі 94943,8438 гектар жер учаскелерінде   261 субъекті тарапынан 365 заң бұзушылық фактілері анықталды.

Орын алған құқық бұзушылықтардың 179 факті бойынша 28996,66 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 146 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шараға тартылды, ал 40 факті бойынша заңды тұлға – «ҚОР мұнай компаниясы» АҚ-ы кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылған.

Есепті кезеңде анықталған 365 заң бұзушылық фактілердің 151 фактілерге қатысты заң бұзушылықтар жойылған. Қалған заң бұзушылық фактілерінің негізінен заң бұзушылықтарды жою бойынша мерзімдері бар. Олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр және ескерту, нұсқамалардың талаптары орындалмаған жағдайларда, сот орындарына талап-арыздар берілетін болады.

Салынған айыппұлдардың жіктелуі төмендегідей.

Жеке тұлғаларға 124 факті бойынша 12912,73 мың теңге, лауазымды тұлғаға 1 факті бойынша 59,46 мың теңге, дара кәсіпкерге 34 факті бойынша 4469,41 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаға 7 факті бойынша 1387,4 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға 4 факті бойынша 1189,2 мың теңге және ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға 9 факті бойынша 8978,46 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.

Қазіргі таңға анықталып шара көрілген 103 факті бойынша салынған 13001,97 мың теңге заң бұзушылықтарға жол берген субъектілер тарапынан өз еріктерімен мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Ал, заңды тұлға – «Байқоңыр (Байконур) Әлеуметтік-Кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 6 факті бойынша ҚР ӘҚБтКодексінің 136 және 140 – баптарының нормаларын бұзғаны үшін барлығы 4816,26 мың теңге айыппұл салынып, «Байқоңыр (Байконур) Әлеуметтік-Кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының шағымы бойынша Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 08.05.2015 жылғы №ЗЖ-25/2015, №ЗЖ-26/2015, №ЗЖ-27/2015 шешімдерімен ҚР ӘҚБтКодексінің 136-бабымен анықталған 3 факті бойынша №1-В, №2-В, №3-В қаулыларының  (салынған  4162,2 мың теңге айыппұл) күші жойылып, соттың №ЗЖ-23/2015, №ЗЖ-24/2015, №ЗЖ-28/2015 шешімдерімен №4-В, №5-В және №6-В қаулыларындағы айыппұл түріндегі (3 факті бойынша – 656,06 мың теңге) жазалар ескерту жасау түріне ауыстырылды.

Сондай-ақ, анықталған заң бұзушылық фактілер бойынша 19 субъектіге қатысты қоршаған ортаға келтірілген 1747,8 мың теңге көлемінде залал сомалары есептеліп, оның ішінде 9 субъектілер тарапынан өз еріктерімен 1407,0 мың теңгесі өндірілсе, 2 субъекті тарапынан көлемі 88,92 мың теңге сот органдарымен мәжбүрлеп өндірілді. Қоршаған ортаға келтірілген залалдарды өндіруге қатысты қалған 7 субъектілер төлемдерін мемлекет кірісіне төлемеген жағдайларда, сот органдарына мәжбүрлі түрде өндіру үшін талап - арыздар берілетін болады.

Барлық анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 170 субъектіге 239  нұсқамалар, соның ішінде әкімшілік іс өндірісін қозғамай 71 субъектіге 71 Нұсқамалар берілді. Есепте кезеңде заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген 67 нұсқамалардың талаптары толығымен орындалды. Қалған нұсқамалардың мерзімдері бар. Олар бойынша Басқармамен ұдайы бақылауда болып, нұсқамалардың талаптары орындалмаған жағдайларда, сот орындарына талап-арыздар берілетін болады.

Есеп беру кезеңінде мемлекет меншігіндегі, жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтарып алуды талап ету мақсатында Басқарма тарапынан ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 80 тұлғалардың жер учаскелерін қайтарып алу туралы Ұсыныстар берілді.

 Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы 10 шаруашылық субъектілерінің пайдалануына берілген көлемі 3982,3 гектар жерді алып қою үшін сот органдарына талап-арыздар берілсе, оның ішінде 1 субъектінің көлемі 9,0 гектар жер учаскесінің талап арызы қанағаттандырылып, мемлекетке қайтарылды, 2 субъектінің көлемі 3545,0 гектар жер учаскесін алып қою үшін берілген талап-арыз сот органдарымен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 7 субъектіге қатысты талап арыздар қаралу үстінде.

Сонымен қатар, елді мекен ішінен табысталған жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланбай отырған  жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы көлемі 1,894 гектар 7 жер учаскелерін  6 субъектілерден алып қою үшін сот органдарына талап-арыздар берілсе, 5 субъектілердің көлемі 1,494 гектар жер учаскелерін алып қою үшін берілген 6 талап-арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды. Қалған 1 талап-арыз сотпен қаралу үстінде.


2015 жылдың 9 айында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша «1-ЖЕР» есебіне түсініктеме 

 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2015 жылдың 9 айында жер заңдылықтарының сақталуына барлығы 373 тексерулер жүргізілді. Жүргізілген тексерулердің 303 жоспардан тыс және 70 бақылаудың өзге нысандарында жүргізілді. (Оның ішінде: заңды тұлға – 46  жеке тұлғалар – 217, жеке кәсіпкер - 110) 
Тексерумен 43967,0214 гектар жер учаскелері қамтылды.
Тексеру нәтижелерімен көлемі 6885,2027 гектар жер учаскелерінде 167 субъекті тарапынан 216 заң бұзушылық фактілері анықталды. 
Орын алған құқық бұзушылықтардың 137 факті бойынша 23630,395 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 78 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шараға тартылды, ал 40 факті бойынша заңды тұлға – «ҚОР мұнай компаниясы» АҚ-ы кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылған. 
Салынған айыппұлдардың жіктелуі төмендегідей. 
Жеке тұлғаларға 93 факті бойынша 9419,455 мың теңге, лауазымды тұлғаға 1 факті бойынша 59,46 мың теңге, дара кәсіпкерге 27 факті бойынша 3389,22 мың теңге, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаға 6 факті бойынша 1189,2 мың теңге, орта кәсіпкерлік заңды тұлғаға 2 факті бойынша 594,6 мың теңге және ірі кәсіпкерлік заңды тұлғаға 9 факті бойынша 8978,46 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Қазіргі таңға заң бұзушылықтарға жол берген 69 субъектілер тарапынан айыппұлдардың, яғни 8636,835 мың теңгесі өз еріктерімен мемлекеттік бюджетке өндірілді. 
Ал, заңды тұлға – «Байқоңыр (Байконур) Әлеуметтік-Кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 6 факті бойынша ҚР ӘҚБтКодексінің 136 және 140 – баптарының нормаларын бұзғаны үшін барлығы 4816,26 мың теңге айыппұл салынып, «Байқоңыр (Байконур) Әлеуметтік-Кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының шағымы бойынша Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 08.05.2015 жылғы №ЗЖ-25/2015, №ЗЖ-26/2015, №ЗЖ-27/2015 шешімдерімен ҚР ӘҚБтКодексінің 136-бабымен анықталған 3 факті бойынша №1-В, №2-В, №3-В қаулыларының  (салынған  4162,2 мың теңге айыппұл) күші жойылып, соттың №ЗЖ-23/2015, №ЗЖ-24/2015, №ЗЖ-28/2015 шешімдерімен №4-В, №5-В және №6-В қаулыларындағы айыппұл түріндегі (3 факті бойынша – 656,06 мың теңге) жазалар ескерту жасау түріне ауыстырылды. 
Осы анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 102 субъектіге 157 нұсқамалар, соның ішінде әкімшілік іс өндірісін қозғамай 70 субъектіге 70 Нұсқамалар берілді. Есепте кезеңде заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген 60 нұсқамалардың талаптары толығымен орындалды. 
Есеп беру кезеңінде мемлекет меншігіндегі, жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтарып алуды талап ету мақсатында Басқарма тарапынан ҚР Жер кодексінің 164-1-бабының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 41 тұлғалардың жер учаскелерін қайтарып алу туралы Ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы 10 шаруашылық субъектілерінің пайдалануына берілген көлемі 3953,3 гектар жерді алып қою үшін сот органдарына талап-арыздар берілсе,  елді мекен ішінен табысталған жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланбай отырған  жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы көлемі 1,894 гектар 7 жер учаскелерін  6 субъектілерден алып қою үшін сот органдарына талап-арыздар берілді. Қазіргі таңда талап-арызда сотпен қаралу үстінде.

 


 

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2015 жылдың 1-тоқсанында 

атқарған жұмыстардың есебі
 
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2015 жылдың 1-тоқсанында жер заңдылықтарының сақталуына барлығы 12 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (оның ішінде: заңды тұлға – 3,  жеке тұлғалар – 5, жеке кәсіпкерлер - 4) 
Тексерумен көлемі 2171,5782 гектар жер учаскелері қамтылды.
Тексеру нәтижелерімен көлемі 2053,6483 гектар жер учаскелерінде 8 субъекті тарапынан 12 заң бұзушылық фактілері анықталды. 
Анықталған құқық бұзушылықтардың 11 фактісі бойынша 5658,61 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылып, 1 факті бойынша ескерту түріндегі әкімшілік шараға тартылды 
Салынған айыппұлдардың жіктелуі төмендегідей. 
Жеке тұлғаларға 3 факті бойынша 445,95 мың теңге, дара кәсіпкерге 2 факті бойынша 396,4 мың теңге, ірі кәсіпкерлік субъектіге 6 факті бойынша 4816,26 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. 
Сонымен қатар, анықталған заң бұзушылық фактілерін жою туралы 3 субъектіге 5 нұсқамалар берілді.
 
Құрылған күні: 23-04-2015 16:44
Жаңартылған күні: 16-10-2018 10:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика