ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

ЖАРИЯ ЕТУ РӘСІМДЕРІ
 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Мүлікті заңдастыруға қатысуға құқығы бар тұлғалар
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.
Жария етуге жататын мүлік
- ақша
- бағалы қағаздар
- заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі
- басқа адамға ресімделген, оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерін және магистралдық құбырлардың желілік бөліктерін қоспағанда)
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, тиісті құрылыс нормалары мен
ережелеріне, сондай-ақ жария ету субъектісінің меншік құқығына тиесілі алып отырған
жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін үйлер( құрылыстар, ғимараттар)
- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жылжымайтын мүлік
Жария етуге жатпайтын мүлік
Мыналар:
- жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың
конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және
адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен
қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке,
халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және
жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау
- экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа), оның ішінде экономикалықконтробанда саласындағы қылмыстарды жасау;
- жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау және өткізу, жалған құжаттарды,
мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік наградаларды дайындау немесе өткізу;
- инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айлы-шарғы жасау нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды
Сондай-ақ:
- сот тәртібімен оған құқықтар дауланып жатқан;
- Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берілмейтін мүлік;
- кредиттер түрінде алынған ақша;
- мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;
- «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Жария ету мерзімі
2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Өзге мүлікті жария ету үшін құжаттар беру мерзімі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні ішінде аяқталады.
Мүлікті жария етуші тұлғалар үшін негізгі кепілдіктер
Мүлікті жария етуші тұлға:
- 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершіліктен;
- 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершіліктен
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен
міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның кірістері және мүлкі туралы декларацияны, оның ішінде жұбайының (зайыбының) тапсырмағаны немесе осындай декларациялардағы мәліметтерді толық емес, анық емес түрде бергені, оның ішіндежұбайының (зайыбының) бергені үшін тәртiптiк жауапкершіліктен босатылады.
Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, мүлікті жария етуші тұлғаға және (немесе) басқа да адамға, жұбайына(зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатынқұжаттарда бар мәліметтер, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) тәртіптік теріс қылықта жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария етуші тұлғаның кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды.
АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ ҚЫСҚАША РӘСІМІ
Ақшаны жария ету тәсілдері
1.Алымды төлеусіз
Банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ағымдағы шотқа ақшаны есепке алу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына арнайы декларация тапсыру арқылы.
Банкте ағымдағы шотқа есепке алу жолымен жария етілген ақшаны олардың иесі өзінің ұйғаруы бойынша, оларды осындай шотта сақтау қажеттігінсіз пайдалана алады.
2.Жария етілетін ақша сомасының 10% мөлшерінде алым төлеу арқылы
Қазақстан банктерінде банк шоттарына ақшаны есепке алусыз тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларация тапсыру арқылы.
Декларацияда шетел банкінің не банк шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы бар қаржы ұйымының атауы, осындай банктегі (қаржы ұйымындағы) шоттың нөмірі және жария етілетін ақша сомасы көрсетіледі. Алымды мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төлеу қажет. Арнайы декларация тапсыру және алымды төлеу арқылы жария етілген ақшаны олардың иесі өзінің ұйғаруы бойынша пайдалана алады.
Ақшаны жария ету акциясына рұқсат берілетін қаржы ұйымдары
1.Қазақстан Республикасында
Ақшаны жария ету үшін ағымдағы шоттарды мынадай банктерді қоспағанда, банктердің бөлімшелерінде және «Қазпочта» АҚ-та ашуға болады:
- «RBS «ЕБ» (Kazakhstan) АҚ
- «Altyn Bank» АҚ
- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
- «Al-Hilal» «Ислам Банкі» АҚ
- «Ситибанк Қазақстан» АҚ
Мүлікті жария ету жөніндегі акцияға қатысатын банктердің және «Қазпочта» АҚ-тың байланыс деректері Ұлттық Банктің интернет-ресурсында http://nationalbank.kz/?docid=1471& switch=russianмекенжай бойынша қолжетімді.
2.Шетелде
Шетелде орналасқан ақшаны Қазақстан Республикасына аударусыз жария ету үшін ақша шетел мемлекетінің банк шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы бар банкте не қаржы ұйымында орналасуы тиіс.
Ақша жария етілуі мүмкін болатын валюта
Ақша ұлттық валютада, сондай-ақ Ұлттық Банк оған қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валютасында жария етілуі мүмкін.
Ұлттық Банк оған қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валютасының тізбесі Ұлттық Банктің интернет-ресурсында http://nationalbank.kz/?docid=1471& switch=russian мекенжай бойынша қолжетімді.
Бұрын төленген алымды қайтару
Жинақ шоттарында жария етілетін ақшаны сақтау мерзімдерінің күшін жоюға, сондай-ақ жинақ шоттарынан жария етілетін ақшаны мерзімінен бұрын алғаны үшін төленетін алымның күшін жоюға байланысты осындай алымды төлеген адамдар 2015 жылғы 29 қарашаға дейін1 төлеген сомалардың қайтарылуына құқылы.
Ақшаны жария еткені үшін (жинақ шотынан мерзімінен бұрын алғаны үшін) бұрын төленген алымды қайтару мақсатында осындай алымды төлеген адамға тиісті өтінішпен және алымды төлегенін растайтын банктің құжатын қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өтініш жасауы қажет.
Арнайы декларацияны ұсыну тәсілдері
Арнайы декларация мемлекеттік кірістер органына мынадай тәсілдермен берілуі мүмкін:
- өз қолымен беру тәртібінде
- почта бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен
Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну күні беру тәсіліне қарамастан төмендегідей болып табылады:
өз қолымен беру тәртібінде - мемлекеттік кірістер органы арнайы декларацияны алу күні;
почта бойынша - мемлекеттік кірістер органы почта хат-хабарын қабылдау туралы белгі қою күні.
Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуі тиіс мәліметтерді, оны толтыру
тәртібін Қаржы министрлігі белгілейді.
1 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу күні
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ ҚЫСҚАША РӘСІМІ
Мүлікті жария ету тәсілдері
1. Қазақстан Республикасында тұрған, құқықтары тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша әкімдік жанындағы комиссияға мынадай құжаттарды беру арқылы:
- мүлікті жария ету жүргізуге өтініш екі данада белгіленген нысан бойынша
- өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі
- үйлер мен ғимараттарға техникалық зерттеуді жүзеге асыратын аттестацияланған сарапшының объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне қорытындысы
- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты
Әкімдіктер жанындағы комиссиялардың байланыс деректері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша қол жетімді:
2.Қазақстан Республикасының аумағында тұрған басқа тұлғаға ресімделген мүлік ( ақшаны қоспағанда )
Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну арқылы.
Арнайы декларацияға мынадай растайтын құжаттар қоса беріледі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
- жария ету субъектісінің жария етілетін мүлікке меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі
- мүлікке басқа тұлғадан меншік құқығын жария ету субъектісіне өтеусіз немесе басқалай
нысанда беру құқығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресімделген мүлік жария
етілген жағдайда)
- жария ету субъектісінің қалауы бойынша арнайы декларацияда бар ақпаратты растайтын қоса берілетін басқа құжаттар және (немесе) мәліметтер
3.Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік, эмитенттері шетелдік мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар, шетелдік мемлекеттерде тіркелген заңды тұлғалардың
қатысу үлестері
Жария етілетін мүліктің атауын, оның құны мен орналасқан жерін, сондай-ақ алымның төленгенін міндетті көрсетумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына арнайы декларация ұсыну жолымен.
Төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілетін мүліктің құнынан есептелген алымның мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуы тиіс.
Арнайы декларацияға келесі растаушы құжаттар қоса беріледі:
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі
- жария ету субъектісінің не болмаса басқа тұлғаның мүлікке оны жария ету субъектісіне тапсырғанға дейін меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (басқа тұлғаға ресімделген мүлікті жария ету жағдайында). Бағалы қағаздарды қатысу үлесін жария ету жағдайында меншік құқығын растайтын тиісті орган немесе шетелдік мемлекеттің ұйымы берген өзге құжат жария ету субъектісі бола алады
- мүлікке меншік құқығын басқа тұлғадан жария ету субъектісіне өтеусіз немесе басқа түрде беру туралы шетелдік мемлекеттің қолданылатын құқығына немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың немесе өзге құжаттың
нотариалды куәландырылған көшірмесі ( басқа тұлғаға ресімделген мүлікті жария еткен жағдайда)
- алымды растайтын құжаттың көшірмесі
- арнайы декларацияда баяндалған ақпаратты растайтын жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін өзге құжаттар және (немесе) мәліметтер
Арнайы декларацияны ұсыну тәсілдері
Арнайы декларация мемлекеттік кірістер органына мынадай түрде тапсырыла алады:
- өз қолымен беру тәртібінде
- почта арқылы хабарлама ұсынумен тапсырыс хатпен
Арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органына ұсыну күні оны беру тәсіліне байланысты:
өз қолымен беру тәртібінде – мемлекеттік кірістер органының арнайы декларацияны алу күні;
почта арқылы – мемлекеттік кірістер органының почталық хат-хабарды қабылдағанын белгілеген күні болып табылады.
Арнайы декларацияның нысанын, соның ішінде онда баяндалуы тиіс мәліметтерді, оны толтыру тәртібін Қаржы министрлігі белгілейді

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырумен байланысты қаржы ұйымдарының сұрақтарына жауаптар


Сұрақ

Жауап

1.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері үшін ақшаны жария ету мақсатында жинақ шотын ашу міндетті талап болып табыла ма және екінші деңгейдегі банктер көрсетілген талапты 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап орындауға міндетті ме?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 747-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы. ҚР АК 148-бабына сәйкес шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келісілген ерiк бiлдiруi қажет.

Осылайша, банктік қызмет көрсету шартын жасасу тараптардың өз еркіне байланысты.

 

2.

Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жинақ шотына салынуға тиіс. Көрсетілген норманы ескерсек, көрсетілген салымдар мультивалюталық (түрлі валютада орналастырылуы) бола алады деп болжауға бола ма?

Жария ету туралы заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша екiншi деңгейдегi банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (бұдан әрі – банк) ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс.

Осылайша, ақша түрлі жинақ шотына түрлі валютамен орналастырылуы мүмкін. Бұл ретте ақшаны енгізу (аудару) үшін жинақ шотын аша алатын шетел валютасының тізбесін айқындау кезінде жария ету субъектісі өтініш жасаған кезде  банк ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын басшылыққа алуға тиіс.

 

3.

Ақшаны жария ету шеңберінде үшінші тұлғаның пайдасына салым ашу Заңның талаптарына қайшы келмей ме?

Егер ақшаны жария ету шеңберінде үшінші тұлғаның пайдасына салым ашу мүмкін болса, онда бұл салымға Заңның 8-бабында көзделген оны пайдалану жөніндегі шектеу қолданыла ма?

Рақымшылық жасау туралы заң 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін оларға тиесілі және олар алған мүлікті жария етуші және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. Рақымшылық жасау туралы заң нормаларының ережелерімен жинақ шотының жария ету субъектісінің өтінішінің негізінде ашылатындығы да белгіленген. Бұл ретте Рақымшылық жасау туралы заң үшінші тұлғалардың пайдасына жинақ шоттарын ашуды және салым салуды көздемейді.    

 

4.

1)  Банк:

- жинақ шотын ашқаны үшін;

- ақшаны жария ету үшін жинақ шотына ақшаның енгізілгенін/аударылғанын растайтын анықтаманы бергені;

- жинақ шотынан ақшаны алғаны және шотты жапқаны;

- ақшаны басқа шотқа аударғаны;

- жинақ шотынан алынып, басқа шотқа аударылған ақша сомасынан алымды бюджетке аударғаны;

- Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және бағалы қағаздардың жария етілгені үшін алымды аударғаны үшін комиссия белгілеуге құқылы ма?

 

2) Банк клиенттің жария етілетін ақшасының есебінен банк қызметтерін көрсеткені үшін комиссия ұстап қалуға құқылы ма?

 

3) Банк клиенттің жария етілетін ақшасының есебінен тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын ұстап қалуға құқылы ма?

 1) Жинақ шотын ашқаны, шоттан ақшаны алғаны және ол бойынша басқа да қызметтер үшін комиссия белгілеу мәселелері банк пен жария ету субъектісі арасында жасалатын банктік салым шартымен реттелуі тиіс.

ҚР АК 744-бабына сәйкес клиент банктiк қызмет көрсету шарты бойынша өзiне банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген ережелер мен тәртiп бойынша ақы төлейдi.

Бұл ретте жария ету субъектісіне жинақ шотына ақшаның енгізілгенін/аударылғанын растайтын анықтаманы беру ақысыз негізде жүзеге асырылуға тиіс.

 

2) Егер шартта бұл көзделсе, банктік қызметтерді көрсеткені үшін банк клиенттің жария етілетін ақшасының есебінен 10%-дық алымды ала отырып, комиссия ұстап қалуға құқылы.

 

3) Егер бұл шарттар көзделсе, банк клиенттің жария етілетін ақшасының есебінен 10%-дық алымды ала отырып, айыппұл санкцияларын ұстап қалуға құқылы.

 

 

 

5.

ҚР заңнамасына сәйкес жинақ шотының құқықтық режимі жинақ шотында орналастырылған ақшаны үшінші тұлғалардың шоттарына аударуға мүмкіндік бермейді. Жинақ шотында орналастырылған ақшадан төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін клиенттің тапсырмасы бойынша оның ағымдағы шотына ақша аударуды және ағымдағы шоттан клиенттің өкімі негізінде тиісті ақша сомасын үшінші тұлғаларға ақша аударуды жүзеге асыру қажет. Заңның нормаларын ескерсек, жинақ шотынан ақша аударудың мұндай тәртібіне жол беріле ме, ақша аударудың көрсетілген тәртібін қолдану Заң талаптарын бұзу болмай ма?

Расында да, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақ шотының құқықтық режимі жинақ шотына орналастырылған ақшаны үшінші тұлғалардың шоттарына аударуға мүмкіндік бермейді. Жинақ шотында орналастырылған ақшадан төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін клиенттің тапсырмасы бойынша оның ағымдағы шотына ақша аударуды және ағымдағы шоттан клиенттің өкімі негізінде тиісті ақша сомасын үшінші тұлғаларға ақша аударуды жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты жинақ шоттарынан ақша аудару осындай шоттағы ақшаны Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсаттарға не 10%-дық алымды ала отырып, басқа мақсаттарға ғана пайдалану туралы талап жазылған, жеке жасалған шарттың негізінде ашылған клиенттің ағымдағы шотына жүзеге асырылуы мүмкін.

 

6.

Заңның 8-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында ақшаны басқа шотқа аудару көзделген. Бұл клиенттің осы банктегі (жинақ шоты ашылған банктегі) басқа шоты/клиенттің басқа банкте ашылған шоты немесе үшінші тұлғаның шоты ма?

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген басқа шот деп жария ету субъектісінің шоттары ғана түсінілмейді, себебі жинақ шотынан, мысалы, банкке сыйақы төлеумен, үшінші тұлғалардың талаптары бойынша алумен, сондай-ақ экономикаға ақшаны инвестициялаумен байланысты төлемдер мен аударымдар да жүзеге асырылуы мүмкін.

 

7.

1) Жария етілетін ақшаның пайда болу көзін немесе Заңның 3-бабының 3-тармағына көзделген шектеулердің болу-болмауын тексеру банктердің міндетіне кіре ме? Егер кіретін болса, банк көрсетілген шектеулердің болу-болмауын қалайша тексеруі қажет, қандай құжаттар алуы қажет?

Клиент Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықтар нәтижесінде алмағанын және Заңның 3-бабының 3-тармағында көрсетілген шектеулердің жоқ екендігін көрсетіп, шот ашу үшін банкке өтініш берсе жеткілікті ме?

 

2) Жинақ шотында орналастырылған салым сомасына үшінші тұлғалардың өндіріп алуын алуға, тыйым салуға, төлем талаптарын, инкассалық өкімдерді қоюға бола ма? ҚР заңнамасының талаптарын ескере отырып банк үшінші тұлғалардың осындай талаптарын орындауға міндетті ме?

Егер клиент жинақ шотындағы ақша сомасынан алымды төлеп, содан соң оны алам немесе басқа шотқа аударам деп шешсе, банктің мұндай салымның негізгі сомасынан артық есептелген сыйақы сомасын алуға құқығы бар ма (бұрын есептелген сыйақыдан ұстап қалу қарастырылмайды, себебі сыйақы клиенттің ағымдағы немесе карточкалық шотына аударылуы мүмкін)?   

 

3) Жинақ шотында орналастырылған салым бойынша Банктің төмендетілмейтін қалдықты белгілеуге құқығы бар ма, бұл Заңның талаптарына қайшы келмей ме?

1) Рақымшылық жасау туралы заңның нормаларын ескерсек, банктер жария етілетін ақшаның Рақымшылық жасау туралы заңда жария етуге жіберілмеген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынғанын не алынбағанын айқындауға міндетті емес. Клиентті КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес тиісінше тексеру рәсімдерінің шеңберінде ақшаның пайда болу көзін тексеру туралы талап 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар клиентті тиісінше тексерудің стандартты рәсімдері клиент ұсынатын мәліметтердің дәйектілігін тексеру қажеттігін көздемейді. Осылайша, клиенттің кәсіпкерлік қызметті ақшаны пайда болу көзі ретінде көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Бұған қоса банктер ақшаны жылыстатуға қатысты күмән туындаған жағдайда (операция (операциялар) күмәнді деп танылған кезде) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға хабарлар жіберуге міндетті. Рақымшылық жасау туралы заңмен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ақшаны жария ету мақсатында ашылған жинақ шоттарына инкассалық өкімдер, төлемдік талап-тапсырмалар берілмейтіндігі, сондай-ақ олар бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұратындығы көзделмеген.

 

2) Мұндай салымның негізгі сомасынан артық есептелген сыйақыны, егер мұндай алу талабы мен тәртібі шартта көзделсе, банк ала алады. 

 

3) Рақымшылық жасау туралы заңда жария ету субъектісі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін өз ақшасын иеленуге құқылы екендігі белгіленген. Тиісінше, банк ақшаны жария ету мақсатында ашылған салым бойынша төмендетілмейтін қалдықты белгілемеуге тиіс.

 

8.

Банктердің алымдарды жария ету субъектілеріне жатпайтын арнайы шоттардан бюджетке аударуы тиіс пе, бұл ретте төлем мақсатында осындай жария ету субъектілерінің деректемелері көрсетіле ме немесе алым бюджетке жария ету субъектілерінің банк (ағымдағы) шоттарына төленуі тиіс пе?

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабының 3-тармағында жария ету субъектісінің ақшаны жария ету мерзімі аяқталғанға дейін ақшаны жинақ шотынан алу немесе оны басқа шотқа аудару кезінде банк жария ету үшін алымды акцептісіз ұстап қалатыны, ол міндетті түрде бюджетке аударатыны көзделген. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9703 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысымен бекітілген Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктерінің 5-тармағының 4) тармақшасына (бұдан әрі – № 1 қағида) сәйкес Заңның 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген мөлшерде және жағдайда банктің салым сомасынан бюджетке төленуге жататын ақшаны заңдастыруға алымды акцептсіз тәртіппен ұстап қалуы туралы талап Банктік салым шартында қамтылуы тиіс.

Бұл ретте заңнамада жария ету үшін алымды бюджетке аудару тәртібі көзделмеген, осындай тәртіп банк пен жария ету субъектісі арасында жасалған шартта белгіленуі мүмкін. 

Соменен бірге банкке жария ету үшін алым ұстап қалу жөніндегі міндеттің жүктелгенін ескере отырып, ақшаны аударуды жария ету субъектісінің – алым  төлеушінің деректемелерін төлем мақсатында көрсетіп банктің транзиттік шотын пайдалана отырып жүзеге асырған дұрыс болады.

 

9.

Жария ету субъектілерінің ақшаның бір бөлігін Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануы, ал бір бөлігін банктердің жария ету үшін алымды акцептісіз алу талаптарымен алуы мүмкін бе? Ақшаның бір бөлігін банктердің жария ету үшін алымды акцептісіз алу шартымен жинақ шотына сақтай отырып жинақ шотынан алу мүмкін бе?

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабында жария ету субъектісінің жинақ шотына салынған/аударылған ақшаға жария ету мерзімі аяқталғанға дейін иелік ету құқығы көзделген. Мәселен, жария ету субъектісі ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарды, жекешелендіру объектілерін және басқа бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдалануға, сондай-ақ оларды басқа банк шотынан алуға/аударуға құқылы. Осылайша, Рақымшылық жасау туралы заңда жария ету субъектісінің міндеттері белгіленбейді, керісінше оның құқықтары көзделеді. Тиісінше, жария ету субъектісі өзінің қалауы бойынша ақшаның бір бөлігін бағалы қағаздарды сатып алу, ал бір бөлігін шоттан алу (банктің жария ету үшін алымды акцептісіз алу шартымен) үшін пайдалана алады.

 

10.

Жария ету субъектісі бір банктен Заң шеңберінде ашылған жинақ шотына ақша аудару туралы талап еткен жағдайда ақша аударушының банкі ол жария еткен ақшаны банктің жария ету үшін алымды акцептісіз аударуы тиіс пе?

Рақымшылық жасау туралы заңда жария ету субъектісі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін ақшаны жинақ шотына алған немесе басқа банк шотына аударған кезде банктердің жария ету үшін алымды акцептісіз алуы көзделген. Бұл ретте көрсетілген заңда жария ету субъектісінің ақшаны басқа банкте ақшаны жария ету мақсатында ашылған басқа жинақ шотына аударған кезде алым алуын алып тастау көзделмеген.

 
 

11.

Ақшаны жария ету үшін банктер бөлек жинақ шотын ашуға міндетті. Банктер уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды  тұлғалардың шот бойынша шығыс операцияларына тыйым салу, тоқтата тұру шешімдерін, сондай-ақ банктердің ақша жіберушінің акцептеуі талап етілмейтін келіп түскен инкассалық өкімдерін және ТТТ-ларын орындауға міндетті мен?

Рақымшылық жасау туралы заңда және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ақшаны жария ету мақсатында ашылған жинақ шоттарына инкассалық өкімдер, төлемдік талап-тапсырмалардың ұсынылмайтыны, сондай-ақ олар бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұранын көзелмеген.

Сонымен бірге, Рақымшылық жасау туралы заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Рақымшылық жасау туралы заңның 2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етілген мүлiк бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.

 

12.

Бағалы қағаздарды, жекешелендіру объектілерін және т.с.с. сатып алу мәмілелері жойылған жағдайда банк ақшаны қайтарудың ықтималдылығын бақылауы тиіс пе?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 Қаулысымен бекітілген Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларына (бұдан әрі – № 2 қағидалар) сәйкес жария ету субъектісі:

1) бағалы қағаздарды сатып алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде брокерге ақшаның пайдаланылмаған бөлігін өзінің жинақ шотына қайтару қажеттілігі туралы тапсырма береді;

2) бағалы қағаздар сатып алынбаған жағдайда, осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген бағалы қағаздарды сатып алуға арналған мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде брокерге ақшаны өзінің жинақ шотына қайтару қажеттілігі туралы тапсырма береді.

Осылайша, банк бағалы қағаздар сатып алынбаған жағдайда жария ету субъектісінен ақшаны қайтаруды бақыламауы тиіс.

Осы міндет брокерге және жария ету субъектісіне жүктеледі.

 
 
 

13.

Заңда, егер БҚН-ға инвестиция жасалмаған/ішінара жасалған және ақша (толық немесе бір бөлігі) ЕДБ-ге жинақ шотына қайтарылған жағдайда, алымды төлеу туралы төлеу қажеттілігінің жоқ екені туралы нормалар жоқ.

Көрсетілгенмен қатар, ҚРҰБ-тың жинақ шоттарын жүргізу тәртібі туралы НҚА сәйкес салымшының кейіннен жинақ шотына ақша салуына/есепке алуына жол берілмейді. Яғни қайтарылған ақша салымшының ақшаны салуы/есепке алуы ретінде қаралуы мүмкін.

Ақша жинақ шотына қайтарылған жағдайда, алымды төлеуді алып тастау керек. Жобада ақшаны жинақ шотына қайтарудың ақшаны салымшының салуы/есепке алуы болып табылмайтынын нақтылау керек.

Шотқа қайтарылған ақша жария ету мақсатында жаңадан түскен болып табылмайды, себебі жария етілген ақша сомасы туралы банк берген анықтамада осындай сома енгізілген.

 

14.

Капиталын жария ететін  тұлға жалған мәліметтер ұсынған жағдайда, жауапкершілікті оған қызмет көрсететін ЕДБ-ге/брокерлерге емес, осы тұлғаға жүктелетінін, ал ол жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тануды белгілеуді ұсынамыз.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рақымшылық жасау туралы заң) 7-бабының 12-тармағына сәйкес жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады.

Мүлікті, оның ішінде ақшаны жария ету үшін жауапкершілікті жария ету субъектісі өзі атқарады. Банктер жария етілген ақшаның Рақымшылық жасау туралы заңда жол берілмейтін қылмыстарды жасау нәтижесінде алынғаны не алынбағанын анықтауға міндетті емес.

Көрсетілген іс-шаралар, банкке жария ету субъектісі белгіленген талаптарды бұзған жағдайда оған әсер ету жөніндегі тиісті өкілеттіктер берілмеген жағдайды қоспағанда, банктің құзыретіне кірмейді.

 

15.

Жинақ шотын ашу үшін жария ету субъектісінің жеке жүгінуі талап етіле ме не осындай шотты жария ету субъектісінің сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын өкілі аша ала ма?

Рақымшылық жасау туралы заңның күші өздеріне тиесілі және 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алған мүлікті жария ететін және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. Рақымшылық жасау туралы заң нормаларының ережелерінде сондай-ақ жинақ шотының жария ету субъектілерінің өтініші негізінде ашылатыны белгіленген.

 
 
 
 
 
 
 
 

16.

Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларының  қосымшасында көрсетілген барлық валюталарда мүлікті жария ету субъектілерінің ақшасын орналастыру  үшін жинақ  шоттарын ашуға міндеті ме не  өзінің қалауы  бойынша шотты тек теңгемен не белгіленген тізбеден бір/бірнеше валюта  түрлерінде  ашуға  құқылы ма (бұл ретте жария  етілетін ақшаны  өзге валютада қабылдау мүмкіндігі үшін банктер ақшаны валюта шотына айырбастауды жүзеге асыратын  болады )?

Рақымшылық жасау  туралы заңның  8-бабының 2-тармағына  сәйкес ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша банкте ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс.

Бұл ретте, жария ету субъектісі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларында  белгіленген  кез келген валютада  осындай  шотты ашуға  құқылы.

Қажет болған жағдайда, егер ашылған шот валютасы ақша аударылатын  валютадан өзгеше болса, Рақымшылық жасау туралы заң шеңберінде ашылған  жинақ  шотына олар келіп түскен кезде банк ақшаны айырбастауға құқылы деп санаймыз.

Оған қоса, банктік салым шартының  талаптарын  тараптар айқындайды.

17.

Жария етудің  қолданылуы кезеңінде банктер жария ету субъектісінің  көрсетілген күнге дейін  ақшаны алу  фактісін  тексеруі  қажет пе? Егер жария ету субъектісі   ақшаны 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алғанын растаса (салымды ашуға салым шартында/өтініште) осы  жеткілікті ме?

Мүлікті, оның ішінде ақшаны  жария етуді  жүзеге асыру  шеңберінде жария ету субъектілеріне жинақ  шоттарын ашқан кезде банк «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы»  ҚР Заңының және  банк  шоттарын ашу  және  жабу  тәртібін  реттейтін Ұлттық Банк нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы  қажет. Бұл ретте, жария ету субъектісінің  жария ететін  ақшасының шығу көзін  анықтау банктің  міндетіне  жатпайды. Мүлікті, оның ішінде ақшаны  жария ету үшін   жария ету субъектісі өзі жауапкершілік атқарады, өйткені  Рақымшылық жасау  туралы заңда мүлікті, оның ішінде ақшаны  жария етуге жол берілмейтін  жағдайлар  тікелей  көзделген.

Осыған  байланысты банктік салым шартындағы көрсетілген уағдаласты жеткілікті деп санаймыз.

 

18.

Егер жария ету субъектісі  салым  шартының қолданыс  мерзімі аяқталғанға  дейін ақшаны алу  немесе оларды  басқа  шотқа (өзінің  немесе 3-ші  тұлғаның шотына) аудару құқығын  пайдаланса, банк  жария  ету үшін алымды ұстап қалып, ақшаны  мақсатты пайдалануға  бақылауды  жүргізбейді  деген сөз бе?

 

Жария ету субъектісінің алынған ақшаны бұдан әрі  пайдалануы  үшін айрықша бақылауды банктердің  жүзеге асыру қажеттілігі Рақымшылық жасау  туралы заңда белгіленбеген.

 

19.

Оралмандар банктің оларға  жинақ  шотын ашу  мүмкіндігі үшін қандай құжаттарды беруі  тиіс -  ықтиярхат және  оралманның  куәлігі?

 

№ 1 Қағидалардың 4-тармағына сәйкес  жинақ  шотын ашу «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының  талаптарын сақтаумен,  Нормативтік  құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы  2 маусымдағы № 266 қаулысына (бұдан әрі-№ 266 Ереже) сәйкес, сондай-ақ жинақ  шотының валютасы және  жинақ  шотының  ақшаны  жария ету мақсатында ашылғандығы белгісі  бар  жинақ  щотын ашу  туралы өтініш негізінде жүргізіледі.

№ 266 Ереженің  17-тармағының 2) тармақшасына  сәйкес  жинақ  шотын ашу  үшін  салымшы клиентке  жеке  басын куәландыратын  құжатты  ұсыну  қажет.

2013 жылғы  29 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жеке  басын куәландыратын  құжатқа  шетел төлқұжаты жатады.

Осылайша, банк оралманға шетел төлқұжаты негізінде ақшаны  жария ету  мақсатында жинақ  шотын ашуға құқылы.

 

20.

Жария ету субъектісі ақшаны  жинақ  шотына шетел валютасында енгізген және  оны кейін  алған жағдайда бюджетке алымды теңгемен (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы бойынша) төлеуі қажет. Банктер жария ету субъектісінен ұстап қалған шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми  бағамнан төмен  болуы  мүмкін  нарықтық бағам (сату) бойынша  айырбастайтындығын ескере отырып, клиент ақшасынан бағамдық айырманы ұстап  қалуға  бола ма?

«Ақша төлемі  мен аударымы туралы» ҚР Заңының  6-бабының  1-тармағына  сәйкес банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.  Осыған  байланысты,  егер  мұндай  талап банк  пен  жария ету  субъектісі арасындағы  шартта бар  болса, бағамдық  айырманы есептен  шығару  клиенттің ақшасынан жүзеге асырылуы  мүмкін  деп санаймыз.

Оған қоса,  ҚР Салық және Бюджет кодекстерінің нормаларына сәйкес  салықтар  мен бюджетке басқа төлемдерді төлеу мақсатында валюта айырбастаудың  нарықтық  бағамы пайдаланылады. Бұл ретте Рақымшылық жасау  туралы заңда жинақ шотындағы  шетел валютасындағы ақшаны  нарықтық бағамнан басқаша бағам  бойынша айырбастау жөніндегі талаптар көзделмегендігін ескеру  қажет.

 

21.

Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын  орындау үшін күдікті  операциялар ретінде ақшаны  жария  ету бойынша операциялар  туралы хабарлау  қажет  пе?

 

Қаржы  министрлігінің Қаржы  мониторингі комитетіне  қаржы  мониторингі субъектілерінің шекті және күдікті операциялар туралы ақпаратты жіберу жөніндегі міндеттілігі, сондай-ақ осындай хабарларды жіберу тәртібі мен мерзімдері «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы»  ҚР Заңында  және тиісті заң  аясындағы  нормативтік  құқықтық актілерде  белгіленген.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы банктерді бұл міндеттерден  босатпайды.

Осылайша, егер клиент жасайтын операцияның  шекті  және күдікті операциялар  белгісі  болса,  банк Қаржы  министрлігінің Қаржы  мониторингі комитетіне  тиісті  хабарды  жіберуге  міндетті.

 

22.

Егер:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  тіркелген заңды  тұлға?

- жоғарыда көрсетілген заңды тұлға болып  табылмайтын Қазақстан Республикасының  резиденті 

 

бағалы қағаздардың  эмитенттері  болса, «Бағалы  қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы бойынша орналастырылатын бағалы  қағаздарды  жария етілетін  ақшаға сатып алу  мүмкін бола ма?

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының  8-бабының 3-тармағына  сәйкес  жария ету субъектісі жинақ  шотына ақшаны  енгізген (аударған) күннен  бастап күнтізбелік  алпыс ай аяқталғанға дейін:

1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберіндегі, сондай-ақ:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;

Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын;

қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған ақша сомасы  шегінде  жария етілетін  ақшаға  иелік етуге  құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес ««Бағалы  қағаздар  рыногы  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі - БҚР туралы заң) 22-1-бабына  сәйкес  резидент - эмитенттер шығаратын және  орналастыратын бағалы  қағаздардың кем дегенде жиырма пайызы осы  бағалы  қағаздарды  шетел мемлекеттерінің аумағында орналастырылатындай талаптармен Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдасқан нарығында сатып алуға  ұсынылуы тиіс.

Заңнаманың  жоғарыда көрсетілген  талаптарын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдасқан нарығында сатып алуға  ұсынылған бағалы  қағаздарды шығару жалпы  көлемінің жиырма  пайызы шегінде    БҚР туралы заңның 22-1-бабы бойынша орналастырылатын бағалы қағаздарды  жария етілетін ақшаға сатып алуды  мүмкін  деп санаймыз.

 

 

23.

Мүлікті жария ету субъектісінің ақшасын жария етуіне байланысты жаңа өнімді әзірлеу және ендіру шеңберінде жария ету субъектісінің сұратуы бойынша мыналарға:

а) ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №242 қаулысына сәйкес ақшаны жеке жинақ шотына салғанға (аударғанға) дейін жария етілетін ақшаны бір валютадан басқасына айырбастауға;

б) мүлікті жариялау субъектісінің ақшасын сақтау барысында жария етілетін ақша сомасын айырбастауға (экономикаға инвестициялау мақсатында бір бөлігін алған кезде, жинақ шотынан алған немесе басқа шотқа аударған кезде) құқылы ма, түсіндіріңіз.

Ашылған шоттың валютасы ақша аударылатын шоттың, оның ішінде ақшаны басқа банк шотына аударған кездегі валютасынан өзгеше болған жағдайда, Банк Рақымшылық жасау туралы заңның шеңберінде ашылған жинақ шотына ақша келіп түскен кезде (оларды есепке алғанға дейін) ақшаны айырбастауға құқылы.

 

 

24.

Банк жеке жинақ шоты бойынша сыйақыны қалай төлеуге тиіс, шартты қолданылу мерзімінің соңында ма немесе шартта салымды қайтару көзделетін жағдайлар басталғаннан кейін бе, ақшаны жария ету субъектісінің ағымдағы шотына ай сайын төленетін сыйақы?

 

Рақымшылық жасау туралы заңда сыйақы мөлшері, ақшаны жария ету мақсатында ашылатын салымдар бойынша сыйақы төлеу мерзімдері бойынша қандай да бір ерекшеліктер белгіленбеген. Сондықтан, банктер осы мәселе бойынша ҚР АК, банк заңнамасының нормаларын және мүлікті жария ету субъектісімен жасалған банктік салым шартын басшылыққа алуға тиіс.

 

25.

Банктер алымды қалай ұстап қалуы тиіс, 10% мөлшерінде жария етілетін ақшаның жалпы сомасынан ба, немесе алынған/аударылған ақшадан ба?

 

 

Рақымшылық жасау туралы заңның 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жария ету үшін алым осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасынан төленеді.

 
 

26.

Банктер уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тыйым салу,  шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін, сондай-ақ банктердің келіп түскен ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін инкассалық өкімдерін және төлемдік талап-тапсырмаларын (ТТТ)  орындауға міндетті ме?

 

Рақымшылық жасау туралы заңда және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңында ақшаны жария ету мақсатында ашылған жинақ шоттарына инкассалық өкімдерді, төлемдік талап-тапсырмаларды қоюға болмайды, сондай-ақ олар бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға болмайды деген нормалар көзделмеген. Осыған байланысты банктер оларды орындауды  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.

Бұл ретте көрсетілген төлем құжаттары орындалатын ақша сомасынан жария еткені үшін  10 % мөлшерінде алым ұсталынады.

 

27.

1) Инкассалық өкім/ТТТ бойынша жинақ шотынан ақша алу «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шығыс операциясы деп санала ма?

 

2) Көрсетілген жағдайда банк бюджетке алымды ұстауға тиіс пе?

1) Иә, саналады, өйткені ақша жария ету субъектісінің міндеттемелері бойынша алынды.

 

 

 

 

 

 

2) Банк көрсетілген төлем құжаттары орындалған ақша сомасынан жария еткені үшін  10 % алым ұстап қалуға тиіс.

 

28.

№ 2 қағидалардың 6-тармағына сәйкес жария етілген ақша есебінен №2 қағидаларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды сатып алған тұлғаларға банк бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалған бөлігінде ақшаның жария етілуін растайтын, Заңда белгіленген құжатты береді.

Осы жағдайда қандай құжат туралы айтылатынын анықтау мүмкін емес, өйткені Заңның қосымшалары мүлікті жария етуді өткізуге арналған өтініштің және Ақшаны жария ету үшін жинақ шотына ақшаның алынғанын/аударылғанын растау туралы анықтаманың нысандары болып табылады. Осыған байланысты ҚРҰБ тарапынан осы мәселені түсініктеме қажет. Қандай құжат туралы айтылады?

 Қағидаларға сәйкес брокер бағалы қағаздарды сатып алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған Банкке (пошта операторына) брокердің бірінші басшысының (ол болмаған кезде – оның орнындағы адамның) қолы қойылған брокердің мөрімен расталған, бағалы қағаздарды бір жолғы сатып алуын растайтын құжатты мәміле жасалған күнін, нөмірін, бағалы қағаздар сатып алынған бағалы қағаздар нарығын (бастапқы, қайталама) көрсете отырып береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы  заңнамасына сәйкес мүлікті жария ету субъектісінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын  құжатты береді. 

Осылайша, № 2 қағидаларда банктің бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалған бөлігінде ақшаны жария етуді растайтын құжатты беруі көзделмеген.

 

 

29.

Банк жария етілетін ақша сомасын осындай мультивалюталық шот шеңберінде бір валютадан басқасына айырбастауға құқылы ма?

 

Иә, құқылы. Бірақ оларды айырбастау ақшаны бір банк шотынан басқа банк шотына аударуға апармайды. Бұл ретте банк 10%-дық алымды ұстап қалуға тиіс. Осыған байланысты мұндай операцияны жүргізу орынсыз болып табылады.

 

 

30.

Жария ету субъектісіне үшінші тұлғалардан талаптар қойыла ма немесе уәкілетті мемлекеттік органдар жинақ шотындағы ақшаға тыйым сала ала ма?

Мысалы, төлемдік талап-тапсырмалар немесе инкассалық өкімдер. Егер қойылса немесе салынса, онда бұл жағдайда мүлікті жария еткені үшін он пайыз мөлшерінде алымды төлеу  қажет пе?

 

Рақымшылық жасау туралы заңда және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңында ақшаны жария ету мақсатында ашылған жинақ шоттарына инкассалық өкімдерді, төлемдік талап-тапсырмаларды қоюға болмайды, сондай-ақ олар бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға болмайды деген нормалар көзделмеген. Осыған байланысты банктер оларды орындауды  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.

Бұл ретте көрсетілген төлем құжаттары орындалатын ақша сомасынан жария еткені үшін  10 % мөлшерінде алым ұсталынады.

 

31.

Төлемдік төлем тапсырмасын, инкассалық өкімді төлегеннен кейін жария еткені үшін алымды төлеуге ақша жеткіліксіз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер жария еткені үшін алымды төлеу жөніндегі талапты қандай қаражаттың есебінен орындауға тиіс?

Төлемдік төлем тапсырманы, инкассалық өкімді төлегеннен кейін жария еткені үшін 10% алымды төлеуге ақша жеткіліксіз болған жағдайда, банктік салым шартында жинақ шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайда жария еткені үшін 10% алымды басқа банк шоттарынан есептен шығаруды көздейтін талапты қарастыру ұсынылады.

 

32.

Банк жариялауға жататын ақшаны жария ету субъектісінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылдауға құқылы ма? Егер сондай мүмкіндік болса, бұл жағдайда мүлікті жария еткені үшін алымды төлеудің рәсімі қандай болады және ол қалай жүргізіледі?

 

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 3-тармағына сәйкес жария ету субъектісі жинақ шотында ақшаны сақтау мерзімі (60 айдан кем емес)  аяқталғанға дейін:

1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберіндегі, сондай-ақ:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;

Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын;

қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған;

2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы.

 

33.

Мынадай ұсыныстарды іске асыру мүмкіндігін түсіндіру:

ОБ-не инвестициялау мақсатында, ЕДБ-ден брокерден хат (хабарлама) негізінде жинақ шоттан  ақша алуға өтініш жасайды. Қызметті стандарттауға арналған осындай хаттың (хабарламаның) нысанын жоба ретінде қарау қажет, олар мыналар тұрады:

- брокердің атауы, оның заңды/нақты мекенжайы,  лицензия туралы мәліметтер;

- капиталды жария етуші инвестордың аты-жөні, бар болса әкесінің аты;

- капиталды жария етуші инвестордың брокерлік шотының деректемелері;

- Брокер көрсетілген хат бойынша брокерлік шоттың жарамдылығына және инвестордың ақшаны ОБ-ке инвестициялау ниетінің бар екендігіне кепілдік береді;

- хатты жасау күні (оны ЕДБ-ге ұсынғанға дейін 15 күнтізбелік күннен аспауға тиіс);

- хатқа брокердің уәкілетті тұлғасы қол қояды және брокердің мөрінің бедерімен расталады.

 № 2 қағидаларға сәйкес бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында мүлікті жария ету шеңберінде ашылған жинақ шотынан ақша аударуды банк брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесін (түпнұсқасын ұсына отырып) ұсыну жағдайында брокердің клиенттердің ақшасын есепке алу үшін орталық депозитарийде ашқан ағымдағы шотына ақша аудару туралы клиенттің нұсқауы негізінде жүзеге асырады. 

 

34.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жинақ шотынан ақша аудару жүзеге асырылуы мүмкін ұйымдардың  тізбесі қалыптастырылып, ұсыныла ма?

 № 2 қағидаларға сәйкес жекешелендіру объектілерін сатып алу мақсатында  мүлікті жария ету шеңберінде ашылған жинақ шотынан ақша аудару ақша аудару туралы мынадай нұсқаулар негізінде жүзеге асырылады:

  1. хабарлама бере отырып, кепілдік жарнасын төлеу үшін алдағы сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген деректемелерге сәйкес;
  2. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның (бұдан әрі  – Қор) тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активтерін сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемелерге сәйкес, Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісіне немесе активіне  ақы төлеу үшін  Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активтерін сатып алу-сату шартының көшірмесімен қоса.

Жекешелендіру объектілерін сатып алуға арналған қаражат аударылуға тиіс деректемелерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қор айқындауға тиіс.

 

35.

Жария ету субъектілерінің ақшаның бір бөлігін  Заңның 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға  пайдалана ала ма, ал басқа бөлігін банктер жария еткенi үшiн алымды акцептеусіз алу жағдайында ала ала ма? Банктің жария еткенi үшiн алымды акцептеусіз алу жағдайында жинақ шотына ақшаның бір бөлігін сақтай отырып, жинақ шоттан ақшаны ішінара алуға бола ма?

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабында жария ету мерзімі аяқталғанға дейін жария ету субъектісінің жинақ шотына салынған/аударылған ақшаға иелік ету құқығы көзделген. Мәселен, жария ету субъектісі ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарды, жекешелендіру объектілерін және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануға, сондай-ақ оларды алуға/басқа банк шотына аударуға құқылы. Осылайша, Рақымшылық жасау туралы заң жария ету субъектісінің міндеттерін емес, құқығын көздейді. Сонымен қатар, жария ету субъектісі, өзінің қалауы бойынша, ақшаның бір бөлігін бағалы қағаздарды сатып алуға, ал бір бөлігін  – шоттан алуға (банктің жария еткенi үшiн алымды акцептеусіз алу жағдайында) пайдалана алады.

 
 

36.

Жария ету субъектісінің ақшаны бір банктен Заң шеңберінде ашылған басқа жинақ шотқа аудару туралы талаптары жағдайында ақша жөнелтуші банк жария еткенi үшiн алымды алмай жария еткен ақшаны аударуға тиіс пе?

Рақымшылық жасау туралы заңда жария ету субъектісінің жария ету мерзімі аяқталғанға дейін  ақшаны жинақ шотынан алу немесе басқа банк шотына аудару кезінде екінші деңгейдегі банктердің және «Казпочта» АҚ-ның жария еткенi үшiн алымды акцептеусіз алуы көзделген. Бұл ретте көрсетілген заңда ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің ақшаны басқа банкте ашылған басқа жинақ шотына аударған кезде ақшаны алу бойынша ерекшелік көзделмейді.

Осылайша, банк жария ету субъектісінің өзінің бір банкте ашылған жинақ шотынан басқа банкте ашылған басқа банк шотына, оның ішінде жинақ шотына ақшаны аударған кезде жария еткенi үшiн 10% алым ұстауға міндетті.

 

37.

Cалымшының ағымдағы шотына аудару арқылы ай сайын сыйақы төлеген жағдайда ағымдағы шотқа аударылатын ақша сомасынан  10% мөлшерде жария еткенi үшiн алым жүзеге асырыла ма?

Егер сыйақы ең алдымен жинақ шотына есептелінсе, ал одан кейін клиенттің ағымдағы шотына аударылса, онда мұндай жағдайда аударылған сомадан 10 % мөлшеріндегі алым Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және 6-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсталынуға тиіс деп санаймыз.

 

38.

Ақшаны жария ету мақсатында әрекетсіз салық төлеушілерге жинақ шоты ашыла ма?

ҚР Салық кодексінің 579-бабының 1-тармағына сәйкес әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер әрекетсіз салық төлеушілер болып табылады.

Рақымшылық жасау туралы заңның  1-бабының 4) тармақшасына сәйкес мүлікті жария ету субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар болып табылады.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, жинақ шоттарын Рақымшылық жасау туралы заңның шеңберінде жеке тұлғалар ғана аша алады.

 

39.

Салық органына дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға жинақ шотын ашқандығы туралы хабарлама жіберіле ме?

Банк салық қызметінің тиісті органдарына Рақымшылық жасау туралы заң шеңберінде жинақ шоттарының Салық Кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға ашқандығы туралы хабарлауға тиіс.

 

40.

Банк ақшаны жария ету мақсатында ашылған жинақ шоттарына қойылатын ТТТ/ИӨ орындауға міндетті, ақша аударымын орындау кезінде банк бюджетке аударым сомасынан  10% мөлшерде ұстауға тиіс пе?

Рақымшылық жасау туралы заңның 6-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жария еткенi үшiн алым Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасынан төленеді.

Үшінші тұлғалардың талаптарын басқа банк шоттарына орындаудың көрсетілген ерекшеліктерге жатпайтындықтан банк 10% алымды ұстауға тиіс.

 

41.

Осыған байланысты, ақша аударымдары бойынша барлық есеп айырысу операциялары ағымдағы шоттар арқылы жүзеге асырылады, жария еткенi үшiн алымды ұстап қалуға, 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсатқа ақша аударуға байланысты операциялар жүргізу мүмкін бе?

Рақымшылық жасау туралы заңның 6-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа алынған немесе аударылған ақша сомасы 10% мөлшерде ұсталынуға жатпайды. 

 

42.

Ақшаны ҚР экономикасына инвестициялау және жекешелендіру объектілерін сатып алу кезінде клиенттің қандай құжаттары төлемнің негізділігін растайды?

№ 2 қағидаларға сәйкес, сонымен бір мезгілде жария ету субъектісі ақша аудару туралы нұсқаумен қоса мыналарды банкке ұсынады:

1) Рақымшылық жасау туралы заңның шеңберінде бағалы қағаздарды сатып алу үшін - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар брокермен брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі (түпнұсқасын ұсына отырып);

2) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдары тобының жекешелендіру объектілерін немесе активтерін сатып алу үшін - алдағы сауда-саттық туралы хабарлама (кепілдік жарнасын төлеу үшін) және (немесе) Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін  немесе активін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жекешелендіру объектісіне немесе активке иелік етуге ақы төлеу үшін).

 

43.

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 3-тармағыныңы 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін Банктің комиссиялық ақшаны ұстауына рұқсат берілген бе?

Рақымшылық жасау туралы заңда ақшаны заңдастыру мақсатында ашылатын салымдар бойынша сыйақы мөлшерін белгілеу, сыйақы төлеу мерзімдері бойынша қандай да бір ерекшеліктер белгіленбеген. Сондықтан, банктер бұл мәселе бойынша ҚР АК, банк заңнамасының және заңдастыру субъектілерімен жасалған шарттың нормаларын басшылыққа алулары тиіс.

 

44.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы»

2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес 2208 баланстық шотта «Жеке тұлғалардың шартты салымдары» көрсетіледі, оларды жабу күні мерзімсіз болады. Алайда Заңға сәйкес ақшаны заңдастыру мақсатында жинақ шотын ашқан кезде жинақ шотының мерзімі нақты айқындалған – күнтізбелік 60 ай деп, осыған сәйкес бұл шоттарды  «Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары» 2207 баланстық шотта көрсету қажет деп есептейміз.

Осылайша, Банк бұл жинақ шоттарды 2208 баланстық шотта көрсетуі міндетті ме?

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 2-тармағыныңы 2) тармақшасына сәйкес ақша  кемінде күнтізбелік 60 ай жинақ шотында жатуға тиіс.

 Осыған байланысты, бұл нормада салымның соңғы мерзімі шектелмеген (ол кемінде күнтізбелік 60 ай болуы тиіс).

Бұл ретте №1 қағидалардың 9-тармағына сәйкес ақшаны жинақ шотқа есепке алу қажет.

 

 

45.

Банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асырумен байланысты Заңды іске асыру шегінде туындаған міндеттемелері жоғарыда көрсетілген лимиттердің есебіне кіре ме?

Депозиттерге кепілді беру жүйесі мүлікті заңдастыру жөніндегі акцияның шегінде ашылатын жинақ шоттарға қолданатындығына, сондай-ақ НҚА-ның аталған жобасында кезкелген ерекше жағдайлар (түсіндірмелер) болмауына байланысты, банктердің тиісті міндеттемелері лимиттерді есептеу кезінде ескеріледі.

 

 

46.

Мүлікті заңдастыру рәсімін өткізу жөніндегі нұсқаулықты (жадынаманы) әзірлеуі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша талаптардың бірі болып табылады, оны банктер Ұлттық Банкке 2014 жылғы

15 тамызға дейінгі мерзімде ұсынуы міндетті.

Осы нұсқаулықты (жадынаманы) әзірлеу кезінде банкте Заңды түсіндіріп беруді талап ететін бірқатар сұрақтар туындайды.

 

Банктер жинақ шоттарды ашу және жүргізу кезінде «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шоттарға ақша енгізілгенін (аударылғанын) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидалары мен ҚР екінші деңгейдегі банктерінің шоттарды ашу және жүргізу ерекшеліктері» болмауы жағдайында, «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының» нормаларын басшылық алуы заңды ма?

Банк Рақымшылық туралы заңның шегінде жинақ шоттарын ашу кезінде 2000 жылғы 02 маусымдағы №266 «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын» басшылыққа алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысымен бекітілген Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктерінде бұл тәртіптің ерекшеліктері айқындалған.



 

 

 

 

47.

Банк сыйақыны есептеу мен төлеуге қатысты айыппұл санкциялары бар депозитті мерзімінен бұзу талаптарын көздеуге құқылы ма?

 

Рақымшылық жасау туралы заңның 8-бабы 2-тармағыныңы 2) тармақшасына сәйкес ақша жинақ шотында кемінде күнтізбелік алпыс ай болуы тиіс.

Осыған байланысты, банк депозитті мерзімінен бұзу туралы талапты көздеуге құқылы емес.

 

48.

Алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының 10% мөлшерінде заңдастыру үшін алымды ұстаусыз жекешелендіру объектілерін, мемлекеттік бағалы қағаздарды, ұлттық басқарушы холдингтерінің облигациялары және басқаларды  сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау үшін ақшаны шоттан алған жағдайда, Банк «Рақымшылық туралы ...» ҚРЗ 8-бабы 3-тармағыныңы 1) тармақшасын қолдану үшін заңдастыру субъектісінің құжатты ұсынуы көзделген бе?

№ 2 қағидаларға сәйкес бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында брокермен брокерлік қызметті көрсету туралы жасалған шарттың көшірмесін ұсыну  (тұпнұсқасын қоса бере отырып) талабымен мүлікті заңдастыру шегінде ашылған жинақ шотынан ақшаны аудару клиенттердің ақшаларын есепке алу үшін орталық депозитарийде брокер ашқан ағымдағы шотқа (бұдан әрі - брокердің ағымдағы шоты) ақша аудару туралы нұсқауы негізінде жүзеге асырылады.

 

 

49.

Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында сыйақы мөлшерлемесі бойынша ұсынымдар көзделе ме? Атап айтқанда, жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымы бойынша мөлшерлеме ме немесе ұзақмерзімді салымы бойынша мөлшерлеме бола ма?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 39-бабы ның 1-тармағына сәйкес сыйақы ставкалары мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.

 

50.

Банктің ақшаны заңдастыру үшін арналған жинақ шот бойынша банк өнімін әзірлеген кезде салымның ең төменгі сомасын белгілеуі (мысалы, кемінде 10 000 000 KZT/шетел валютасымен баламасы) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамаға қайшы келеме, соны түсіндіріп берулеріңізді өтінеміз.

 

Рақымшылық туралы заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес ақша аталған тармақтың 1) және 2) тармақтарында көзделген талаптар сақталғанда заңдастыруға жатады. Бұл ретте Рақымшылық туралы заңда заңдастырылатын ақшаның сомасы бойынша шектеулер белгіленбеген.

 Осыған орай, салымның ең төменгі сомасы туралы банк салымы шартындағы банктің талабы (мысалы, кемінде 10 000 000 теңге) егер ол заңдастыратын ақшаның сомасы банк заңдастыру мақсатында жинақ шотын ашу үшін көзделгеннен аз болғанда заңдастыру субъектісінің мүлікті заңдастыру бойынша құқығын шектейді.

Осылайша, осындай талап банк салымы шартында көзделуі мүмкін емес.

 

51.

Сатып алынатын активтер үшін төленетін ақша сомасын айырбастау ақшаны аудару кезінде қандай бағам (ҚР ҰБ немесе Банктің бағамы бойынша ма) бойынша жүргізілуі тиіс?

Рақымшылық туралы заңның шегінде ашылған жинақ шотынан басқа шотқа ашаны аударған кезде оны банк белгілеген бағамды пайдалан отырып аударуға құқылы, бұл ретте бұл талап банк салымы шартында болуы тиіс.

 

 

52.

ҚР экономикасына инвестициялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес ҚР ЕДБ бағалы қағаздарды сатып алған заңдастыру субъектілеріне бағалы қағаздардың сатып алынғанын растайтын хатты береді деп көзделген. Осыған байланысты, аталған ҚР экономикасына инвестициялау қағидаларының мәтінінде заңдастыру субъектісінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжат ретінде ЕДБ хаты көзделген?

 Заңдастыру субъектісінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжат ретінде ҚР экономикасына инвестициялау қағидаларының 4-тармағында көзделгендей орталық депозитарий берген брокердің жеке шотынан заңдастыру субъектісінің қосалқы шоты жөніндегі үзінді-көшірме көзделуі мүмкін деп пайымдаймыз, өйткені ЕДБ ақша аударылғанын және төлем мақсатын ғана растауы мүмкін.

 

Үкіметтің қаулысымен бекітілген №2 қағидалардың редакциясына сәйкес банктің бағалы қағаздарды сатып алуды растайтын хатты беруі көзделмеген.

№2 қағидалардың 14-тармағына сәйкес брокер бағалы қағаздар сатып алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған Банкке (Пошта операторына) брокердің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде - оны алмастыратын адам) қол қойған және мәміле жасау күнін, сомасын және бағалы қағаздар сатып алынған бағалы қағаздар нарығын (бастапқы немесе қайталама) көрсете отырып, бағалы қағаздардың біржолғы сатып алынуын растайтын брокер мөрінің бедерімен расталған құжатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес аталған жария ету субъектісінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжатты береді.

 

 

 


 

Азаматтардың «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақшаны жария етуге қатысты жиі қоятын сұрақтарына жауаптар

1.

Сұрақ: Мүлікті жария ету бойынша акция немен реттеледі?

 

Жауап: Мүлікті жария ету бойынша акция «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері» қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттеледі.

2.

Сұрақ: Қандай ақшаны жария етуге болады?

 

Жауап:  Алынатын кірісті (ақшаны) жүргізілетін рақымшылық шеңберінде жария ету мүмкін болатын қызметтің негізгі түрлері мыналар болып табылады: 

ресми тіркелмеген (тіркеусіз, лицензия алусыз және с.с.) және тиісінше салық салынбаған кәсіпкерлік қызмет, 

алынған кірісі әр түрлі тәсілдермен (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте тиісті операцияларды көрсетпеу жолымен,  салық декларациясында тиісті кірістерді көрсетпеу жолымен,  ақшаны шетелге экспорт-импорттық келісімшарттар бойынша шығару жолымен және с.с.) салық төлеуден жасырылған ресми тіркелген кәсіпкерлік қызмет

3.

Сұрақ:  Қандай ақшаны жария етуге болмайды

 

Жауап:  Бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылық жасау, оның ішінде: 

жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстар; 

экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда; 

жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу

инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесінде алынған ақша жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар оған құқықтары сот тәртібімен дауланатын не кредиттер ретінде алынған ақша рақымшылыққа жатпайды.

4.

Сұрақ: Ақшаны жария етуге кім қатыса алмайды? 

 

Жауап: Мүлікті жария ету туралы Заңның қолданысқа енгізілу күніне мыналар күшіне енгенде жария ету субъектілеріне ақшаны жария ету қолданылмайды:

1)  оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 90 191,  193 (осы тармақшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлік жария етілген жағдайда),  208,  213,  215,  216 216-1,  217,  218,  221,  222-баптарымен  көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп таныған сот үкімі

2)  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118,  143,  143-2,  155,  155-1,  155-3,  155-4,  155-5,  156, 157,  166, 168-1 178,  185,  187,  205-1,  205-2,  206,  206-1,  206-2,  207,  208,  208-1,  209, 214,  237,  239,  357-1-баптарымен  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін әкімшілік жаза қолдану туралы соттың, органның (лауазымды адамның) қаулысы.

5.

Сұрақ: Ақшаны жария ету қашан басталады және қашан аяқталады?

 

Жауап: 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

6.

Сұрақ: Жинақ шотындағы жария етілетін ақшаның сақталуына кепілдік беріледі ме?

 

Жауап: Иә, белгiленген тәртiппен кепілдік беріледі.

7.

Сұрақ: Жария ету кезінде құпиялылық қамтамасыз етіледі  ме?

 

Жауап:  Иә.  Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес мемлекеттiк органдар, ұйымдар, оның ішінде қаржылық ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті

8.

Сұрақ:  Ақшаны жария ететін азаматтарды қорғау немен кепілдендіріледі? 

 

Жауап:  Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес, жария ету субъектісіне қатысты  Мүлікті жария ету туралы заңның қолданысқа енгізілу күніне ҚР Қылмыстық кодексінің баптарымен  көзделген белгілі бір қылмыстарды жасауда кінәлі деп таныған сот үкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін әкімшілік жаза қолдану туралы соттың, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жағдайларды қоспағанда, жария етілген мүлік бөлігінде Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады. 

9.

Сұрақ:  Ақшаның жария етілгенін растау не болып табылады? 

 

Жауап: Жария ету субъектісі ақшаны ҚР екiншi деңгейдегi банктерінде ашылған арнайы жинақ шотына салуы және банктің салынған (аударылған) ақша сомасы туралы тиісті анықтаманы беруі ақшаның жария етілгенін растау болып табылады.

10.

Сұрақ:  Ақшаны жария ету үшін қандай талаптар белгіленді?

 

Жауап: Ақша жалпы мынадай талаптар сақталған кезде жария етіледі: 

  1. ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы жария етілетін ақша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде, Ұлттық почта операторында ашылған жинақ шотына енгізілуі және (немесе) аударылуы тиіс; 
  2. жария етілетін ақша оларды жинақ шотынан жария ету немесе жария етілген ақшаны Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау үшін алымды акцептсіз алу шартымен алу жағдайларын қоспағанда,  жинақ шотында ақшаны жария ету мақсатында осындай шотқа енгізу және (немесе) аудару күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуы тиіс. 

11.

Сұрақ:  Ақша қандай уақыттан бастап жария етілген болып саналады.

 

Жауап:  Ақша олар ҚР екінші деңгейдегі банктерінде, Ұлттық почта операторында ашылған жинақ шотына енгізілген және (немесе) аударылған күннен бастап жария етілген болып саналады

12.

Сұрақ:  Жинақ шоттарын қандай банктерде ашуға болады

 

Жауап:  Қазақстан Республикасының жинақ шоттарын ашуға болатын екінші деңгейдегі банктерінің тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz  айтында көрсетілген. 

Бұл ретте, Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес жинақ шоты ҚР екінші деңгейдегі банктерінің ҚР тысқары орналасқан филиалдарында ашылмайды

13.

Сұрақ:  Ақшаны жария ету шеңберінде жинақ шотын ашу кезінде банктік салым шартының мазмұнына қойылатын қандай да болмасын ерекше талаптар көзделген бе? 

 

Жауап:  Банктік салым шарты 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және № 226 қағидаларда көздеген талаптардан басқа:

l)  жинақ шотының ақшаны жария ету мақсатында ашылатыны туралы талапты; 

2)  жинақ шотындағы ақшаны Мүлікті жария ету туралы заңда және № 134 қағидаларда көзделген тәртіпте енгізу, алу, сақтау және тиелік ету талаптарын;

3)  сыйақы мөлшерлемесінің банк белгіленген мөлшерін;

4) банктің акцептсіз тәртіппен салымның сомасынан ақшаны жария ету үшін 10% алым ұстауы туралы талапты;

5) салымшыға белгіленген нысан бойынша (Мүлікті жария ету туралы заңның 2-қосымшасы) енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама беру тәртібін қамтуы тиіс.

14.

Сұрақ: Жинақ шоты қандай мерзімдерде ашылуы тиіс?

 

Жауап: Жинақ шоты жария ету мерзімі ішінде, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде ашылуы тиіс.

15.

Сұрақ: жария ету мақсатында жинақ шотын ашу мақсаты көрсетілуі тиіс пе?

 

Жауап: Иә. Жинақ шотын ашу жинақ шотын ашу туралы өтініш негізінде жүзеге асырылады, онда жинақ шотының валютасы және жинақ шотының ақшаны жария ету мақсатында ашылатыны туралы белгі көрсетіледі.

16.

Сұрақ: Жинақ шоты қандай валютамен ашылуы мүмкін?

 

Жауап: Ақшаны жария ету талаптарына сәйкес жария етілетін ақша жинақ шотына ұлттық немесе шетел валютасымен енгізілуі тиіс. Бұл ретте валюталардың тізбесін ҚР Ұлттық Банкі www.nationalbank.kz сайтында айқындайды.

17.

Сұрақ: Жария етуге жататын ақшаның оларды банктегі басқа шотқа аудару арқылы жинақ шотына есепке алынуы мүмкін бе?

 

Жауап: Иә, мұндай мүмкіндік көзделген.

18.

Сұрақ:  Банк жария ету  субъектісіне  енгізілген (аударылған)  ақша сомасының  мөлшерін  растайтын  анықтаманы  қандай  мерзімде  беруі тиіс?

 

Жауап: Салымшы-жария ету субъектісі жинақ шотына ақшаны  енгізген/аударған соң  банк  жинақ  шотына  ақшаны есептеу күнінен кейінгі  үш  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  салымшыға Мүлікті  жария ету  туралы заңға  2-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша   енгізілген (аударылған)  ақша сомасының  мөлшерін  растайтын,   банк  басшысының бұйрығы  не  негізінде осындай  өкілеттіктер берілген  өзге  құжаттар  негізінде тиісті  өкілеттіктерге  ие  банк  уәкілетті тұлғаларының мөрімен  және қолымен  расталған анықтаманы  береді.

19.

Сұрақ: Жария етілген ақшаны жинақ  шотында сақтау  ұзақтығы қандай болмақ?

 

Жауап:  Егер жария ету  субъектісі жария етілген ақшаны  оларды  жинақ шотынан  алу  жолымен ҚР экономикасына  инвестициялау  үшін пайдалануға  ниет  білдірмесе, жинақ  шотында  ақшаны  сақтау  мерзімі кемінде алпыс күнтізбелік айды (5 жыл)  құрайды.

20.

Сұрақ:  Арнайы  жинақ  шоты шартының  мерзімін алпыс  күнтізбелік  ай өткен соң  ұзартуға  бола ма?

 

Жауап:  Мүлікті  жария ету  туралы заң ережелерін ескере  отырып, салымшылардың  жинақ  шотына  енгізілген/аударылған ақшаларына иелік етуі ақшаны  жинақ  шотына  енгізген/аударған күннен  бастап алпыс  күнтізбелік ай  аяқталған соң  жүзеге асырылады.  Осыған  байланысты,  көрсетілген  мерзім аяқталған соң , тараптардың  келісімі  бойынша  салым  мерзімі Мүлікті  жария ету  туралы заң  шеңберінде  жасалған  Банктік салым шартына  қосымша келісім негізінде  ұзартылуы  мүмкін.

21.

Сұрақ: Ақшаны жария етуді растау бойынша анықтаманы беру ақылы қызмет болып табыла ма?

 

Жауап: Жоқ, жария ету субъектісіне жинақ шотына ақша енгізуді/аударуды растайтын анықтаманы беру  тегін негізде жүзеге асырылуға тиіс.

22.

Сұрақ: Ақшаны жария ету мақсатында ақша жинақ шотына кейіннен қосымша есептеле алады ма?

 

Жауап: Жоқ, банк ашылған жинақ шотына салымшының кейіннен ақша енгізуіне/есептеуіне жол бермейді. Бұл ретте жария ету субъектісі мүлікті жария ету шеңберінде басқа жинақ шотын аша алады.

23.

Сұрақ: Ақшаны жария ету үшін қандай активтер мен бағалы қағаздар сатып алу үшін рұқсат етілген?

 

Жауап: Жария ету субъектісі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін ҚР экономикасына инвестициялар үшін жинақ шотының ақшасын пайдалануға, оның ішінде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасының («Халықтық IPO») шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, 

жекешелендіру объектілерін, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұйымдарының, тобының активтерін сатып алу арқылы,

сондай-ақ бастапқы орналастыру шеңберінде:

-Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздарын;

-Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларын;

-«Қазақстан қор биржасы» АҚ-та орналастырылатын басқа да бағалы қағаздарды сатып алу арқылы пайдалануға құқылы.

24.

Cұрақ: Мүлікті жария ету шеңберінде жария ету субъектісі шетел эмитенттері шығарған және шетелдік (халықаралық) қор нарықтарында айналыстағы бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы ма?

 

Жауап: Жоқ, өйткені осындай бағалы қағаздар мүлікті жария ету шеңберінде жария етілетін ақша есебінен сатып алуға орналастырған активтердің тізбесіне кірмейді.

25.

Cұрақ: Мүлікті жария ету шеңберінде сатып алуға  рұқсат берілген бағалы қағаздарды жария етілетін ақша есебінен қандай алаңда сатып алуға болады?

 

Жауап: Қазақстан қор биржасында www.kase.kz. сайтында

26.

Cұрақ: Жария ету субъектісінің жинақ шотындағы ақша кепілдігіне қарыз алуына бола ма?

 

Жауап: Жоқ ала алмайды. Мүлікті жария ету туралы заңда жария етілетін ақшаны пайдалануға болатын нақты мақсаттар  айқындалған. Бұл ретте жария етілетін ақша кепілдігіне қарыз алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

27.

Cұрақ: Жинақ шотын үшінші тұлғаның пайдасына ашуға бола ма?

 

Жауап: Жоқ болмайды. Жинақ шоты өзіне тиесілі және 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған мүлікті жария ететін немесе жария еткен шоттың меншік иесінің пайдасына ашылады.

28.

Cұрақ: Жария етілген ақшаны жария ету мерзімі ішінде жинақ шотынан алуға бола ма?

 

Жауап: Иә, болады. Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес жария ету субъектісі алпыс айлық мерзім аяқталғанға дейін ҚР экономикасына инвестициялаған немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы.

29.

 Cұрақ: Қандай жағдайда жинақ шотындағы ақшаны жария еткені үшін алым төленеді?

 

Жауап: Жария етілген ақшаны жария ету мерзімі аяқталғанға дейін жинақ шотынан ҚР экономикасына инвестициялау мақсатында емес алған немесе оларды басқа шотқа аударған жағдайда.

30.

Cұрақ: Жария ету субъектісі жария етілген ақша есебінен бағалы қағаздарды қалай сатып ала алады, атап айтқанда, ол сол үшін қайда жүгіну керек және ол бағалы қағаздарды өз бетінше сатып алуға құқылы ма?

 

Жауап: Жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына жинақ шотын ашу және жария етілген ақшаны осы шотқа аудару, сондай-ақ брокермен брокерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасау мақсатында өтініш жасау керек.

31.

Cұрақ: Жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банк, Ұлттық пошта операторы қор биржасында бағалы қағаздарды сатып алу үшін жинақ шотынан жария етілген ақшаны аударуды (алуды) қалай жүзеге асырады?

 

Жауап: Жария ету субъектісі мен брокердің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың негізінде жария ету субъектісі осы жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына жария етілген ақшаны брокер орталық депозитарийде ашқан клиенттердің ақшасын есепке алуға арналған  ағымдағы шотқа аудару туралы бұйрық (нұсқау) береді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісінің ақша аудару жөніндегі нұсқауын орындайды және брокерді жүргізілетін мүлікті жария ету шеңберінде ақшаның аударылғаны туралы жария ету субъектісі, аударым сомасы және аударым жасалған жинақ шотының нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлар етеді.

32.

Сұрақ: Жария ету субъектісі жария етілген ақшаны брокердің ағымдағы шотына аударғаннан кейін қандай мерзім ішінде  бағалы қағаздарды сатып алуға тиіс?

 

Жауап: Жария ету субъектісі бағалы қағаздарды сатып алуға міндетті мерзім ақшаны брокердің ағымдағы шотына белгіленген тәртіппен аударған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.

33.

Сұрақ: Жария етілетін ақшаны брокердің ағымдағы шотынан жария ету субъектісінің немесе үшінші тұлғалардың банктік шорттарына аударуға жол беріледі ме?

 

Жауап: Жоқ, жол берілмейді. Жария ету субъектісі брокердің шотына ақша аударылған кезден бастап жиырма күн ішінде рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларды жинақ шотына қайтаруға міндетті. Жария ету субъектісі брокерді шарттық тәртіппен жария етілген, жиырма күндік мерзім ішінде инвестицияланбаған ақшаны жария ету субъектісінің жинақ шотына автоматты түрде қайтаруға уәкілетті етуге тиіс. 

34.

Сұрақ: Жинақ шоттағы ақшаны ҚР экономикасына инвестициялау мақсатында ішінара пайдалануға рұқсат беріле ме?

 

Жауап: Рұқсат беріледі. Пайдаланылмаған ақша кемінде 5 жыл сақталынуы тиіс. Ақшаны инвестициялау сомасы бойынша талаптар мен шектеулер белгіленбейді.

35.

Сұрақ: Қандай  брокерлермен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасауға рұқсат етіледі?

 

Жауап: Брокерлердің тізбесі ҚР Ұлттық Банктің  www.nationalbank.kz   сайтында орналастырылған

36.

Сұрақ: Жария ету субъектісі брокердің қызметіне жария етілген ақша сомасы есебінен ақы төлеуге құқылы ма?

 

Жауап: Брокердің қызметіне ақы төлеу мәселелері шарт шеңберінде жария ету субъектісі мен брокердің шарттық қатынастарымен реттеледі.

37.

Сұрақ: Бағалы қағаздармен қанша мерзімде иелік ету қажет?

 

Жауап: Жария ету шеңберінде бағалы қағаздарға иелік ету мерзімі бойынша талаптар көзделмеген.

38.

Сұрақ: Рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алғаннан кейін ақшаны пайдаланылмаған ақша бөлігі болған жағдайда ақша жинақ шотына қайтарылуға жата ма?

 

Жауап: Иә, жатады. Ақшаны ҚР экономикасына инвестициялау талаптарына сәйкес жария ету субъектісі бағалы қағаздарды сатып алғаннан кейін 2 жұмыс күні өткен соң брокерге ақшаның пайдаланылмаған бөлігін банктегі сол жинақ шотына қайтару туралы тапсырма беруге тиіс. Брокер осы соманы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті.

39.

Сұрақ: Егер рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі жасалмаған жағдайда жария ету субъектісінің/брокердің іс-әрекет қандай?

 

Жауап: Жария ету субъектісі, бағалы қағаздарды сатып алмаған жағдайда бағалы қағаздарды сатып алуға берілген жиырма күндік мерзім аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде  брокерге ақшаны сол жинақ шотына қайтаруды жүктеуге тиіс. Брокер осы соманы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті.

40.

Сұрақ: Алпыс айлық мерзім ішінде сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан жағдайда ақша жинақ шотына кері аударылуға жата ма?

 

Жауап: Жоқ, жатпайды. Мүлікті жария ету туралы заңда бұл талап көзделмеген.

41.

Сұрақ: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының топтары ұйымдарының жекешелендіру немесе активтері объектілерін сатып алудың тәртібі қандай?

 

Жауап: Субъектілер хабарламаны ұсына отырып, кепілді жарнаны төлеу үшін алда өтетін сауда-саттық жөніндегі хабарламада көрсетілген деректемелерге сәйкес өзінің атына жинақ шоты ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне, Ұлттық почта операторына ақшаны аудару жөніндегі нұсқауды беруі міндетті.

42.

Сұрақ: Қор тобының жекешелендіру немесе активтері объектілерін сатып алудың растамасы ретінде не болады?

 

Жауап: Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісіне ақы төлеу үшін Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісін сатып алу-сату шартының көшірмесін  қоса бере отырып, Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісін сатып алу-сату шарты

43.

Сұрақ: Жекешелендіру объектілерін сатып алғаннан кейін жинақ шотқа кепілді жарна қайтарыла ма?

 

Жауап: Иә, қайтарылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде, Ұлттық почта операторында ашылған сол жинақ шотқа:

1)         сауда-саттықты өтпеген деп таныған жағдайда, жария ету субъектілеріне;

2)         сауда-саттыққа қатысқан, алайда ұтып алмаған жария ету субъектілеріне;

3)         сауда-саттықты өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен бұрын кешіктірмей оған қатысудан жазбаша түрде бас тартқан жария ету субъектілеріне кепілді жарнаны қайтаруы тиіс.

44.

Сұрақ: Жария ету субъектісі жинақ шоты ашылған банкпен брокерлік қызметті көрсету туралы шартты жасасуға құқылы ма?

 

Жауап: Банкте тиісті лицензия болған жағдайда құқылы. Қызметті көрсету мен ақы төлеу талаптары жасалған шарттардың аясында банк пен жария ету субъектісінің шарттық қатынастарымен реттеледі. 

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген.

45.

Сұрақ: Жария ету субъектісі рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алғаны туралы банкке хабарлауы тиіс пе? Егер хабарлау қажет болса, бұл жағдайда қандай құжаттар талап етіледі?

 

Жауап: Жария ету субъектісінің хабарлауы қажет емес. Брокер жинақ шотынан алынған ақша есебінен бағалы қағаздарды сатып алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мәміленің күнін, сомасын және бағалы қағаздар сатып алынған нарықты көрсете отырып, бағалы қағаздардың бір жолғы сатып алынғанын растайтын брокердің бірінші басшысы қол қойған және брокер мөрінің бедерімен расталған құжатты, сондай-ақ осы жария ету субъектісінің меншік иесі құқығын растайтын құжатты банкке ұсынуы тиіс.

 

Құрылған күні: 04-06-2015 11:54
Жаңартылған күні: 08-06-2016 10:52

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика