ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Жастарды жұмыспен қамтылуы
 
Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтары бірі жұмыссыз жастарды тарту болып табылады. 2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады.
Есепті кезеңде (қаңтар-қыркүйек) жастар ресурстық орталықтармен 9 бос жұмыс орын жармеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша – 94 жас жұмыспен қамтылды. 
Қосымша жас құрылыс жасағы арқылы студент және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 286 жас құрылыс нысандарына жұмысқа жіберілді. 
Олардың қатарында жазасын шартты өтеп шыққандар-16, балалар үйінің түлектері - 9, мүмкіндігі шектеулі - 2 жас, студент және жұмыссыз жастар – 259.
Жастардың жұмыссыздық мәселелерінің алдын алуы және кәсіптік бағдарлау мақсатында аталмыш олқылықтың орнын толтыру үшін мектеп және техникалық кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларын өңіріміздегі 13 кәсіпорынына эксурсия ұйымдастырылды. 
Сонымен қатар, жазғы маусымда «Жасыл Ел» жобасы аясында 1035 жас көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тартылды. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан жастар корпусын дамыту жобасы (Zhas project) биыл еліміз бойынша 6 облыста, оның ішінде Қызылорда облысында да жүзеге асырылуда.
Жоба – жастарды қоғамның өміріне тартуға және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына ықпал етуге, өмірлік маңызы бар дағдыларды үйретіп, бастамаларын қолдауға бағытталған. Жоба бойынша ерекше басымдылық жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған қатысушыларға беріледі.
Сондай-ақ, конкурстардан өткен бір жобаға 1,0 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз грант бөлінеді. 
Осы ретте, облыстан 671 жоба ұсынылған болатын. Бүгінгі күні конкурстық іріктеме жұмыстары аяқталып, қорытындысымен СҚО-нан – 71, Қостанай облысынан – 145, ШҚО-нан – 158, Ақтөбе облысынан - 165, Жамбыл облысынан – 222 өтсе, Қызылорда облысы 266 жобамен (931 қатысушы жас) көш басында.
Аталған 266 жоба қала және аудандар бөлінісінде келесідей болып отыр: 

Аймақ атауы

Жеңімпаз жобаның саны

Жұмысын тоқтатқан жобаның саны

Нақты жұмыс жасаушы жобаның саны

Жұмысын бастаған жобаның саны

Қатысушы саны

1.

Қызылорда

93

2

91

47

327

2.

Арал

4

-

4

4

12

3.

Қазалы

11

-

10

10

31

4.

Қармақшы

14

1

13

13

43

5.

Жалағаш

26

3

23

23

76

6.

Сырдария

19

-

19

19

63

7.

Жаңақорған

69

1

68

68

245

8.

Шиелі

30

-

30

30

101

Барлығы:

266

7

259

215

898

 

Жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету, оларды сүйемелдеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығынан» тиісті қызметкерлер бекітілді. 
Қызылорда облысы әкімдігінің жолдамасымен Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарынан үстіміздегі жылы бітіруші 75 түлектің 74-і дипломын алды.
Бүгінгі күнге түлектердің 43-і Ресей Федерациясының оқу орындарында білім алуды жалғастыру мақсатында магистратураға түсті. 
Дипломын алып, елге оралған түлектердің есепті мерзімде 16-і жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерге («СКЗ-U» ЖШС, «Теплотехникс» ЖШС, «Bеst сервис» LTD» ЖШС, «Қызылорда жарығы» компаниясы, «Ансар сервис» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, индустриалды-инновациялық даму және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, облыстық жастар ресурстық орталығы т.б.) тұрақты жұмысқа қабылданды. 5 түлек жеке себептерге байланысты (көшу т.б.) әкімдік ұсынған жұмыстан бас тартты. Қалған 10 бітірушіні жұмысқа орналастырудың белсенді шаралары қабылдануда. Жыл соңына дейін барлық бітіруші түлектер жұмыспен қамтылатын болады. 
Қызылорда облысы әкімі гранты иешерлерінің саны биылдан бастап екі есеге артып 200-ді құрады. Жалпы грант иегерлері 878 жетті.
2016-2017 оқу жылында 116 түлек оқуларын аяқтап дипломдарын алған болса, биыл 226 түлекті құрап отыр. 

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы (2018 жылдың І жартыжылдығы)
І. Мемлекеттік жастар саясатын жалпы қаржыландыруы.
Үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 519 млн. аса қаржы (2017 жылдан 25,6% төмен), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 176 168,3 теңге қаржы қарастырылды. Барлығы 37 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, оның 24-і қала және аудандық деңгейде іске асады.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен 13 әлеуметтік жоба (128 067,0 тг.) жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ауыл жастарын әлеуметтендіру, еріктілердің тиімді жұмысының жүйесін, жастардың бойында жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, педагогикалық, жас құрылысшылар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жастар шығармашылығын дамыту, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметін насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жұмыс жасалатын болады.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 533 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн.070 мың теңге қаржы бөлінді.
2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 678. Оның ішінде 342 студент оқуын бітіріп, дипломын алды (2016ж.-9, 2017ж.-107, 2018ж.-226), қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде облыс әкімінің грантымен 336 студент білім алуда. Осы бастамаға облыстық бюджеттен 2017 жылы 262 млн. 600 мың тг. бөлінсе, үстіміздегі жылы 205 грантқа 115 млн. тг. қаржы қаралды.
ІІ. Жастар ресурстық орталығының қызметі.
Өңірімізде 9 «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме, Байқоныр қаласында 1 бөлімше жастарға қызмет жасауда. Барлық қызметкерлер саны 103. 
Облыстық орталықпен 16 жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Жас кеңесші», «Жастар қоғам назарында», «КZO fan club»,  «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман», «Еріктілер мектебі», «Жастар стартап», «Біз спортты таңдаймыз», «Дін және жастар», «Орталық ньюс», «Жайдарлы Жайдарман», «Сыр серілері», «Жахаев ізбасарлары», «Орталық студияда – Бағлан Қалиев» жобалары. Жобалар аясында 219 шаралар ұйымдастырылып (қаңтарда - 18, ақпанда - 23, наурызда - 114, сәуірде – 9, мамырда - 53, маусымда - 2), 9820 жас қамтылған, 834 жасқа кеңес берілді.     
Жастар арасында өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау, шешу механизмдерін табу мақсатында орталық жанынан Қызылорда облысының жастар маслихатының ережесі бекітіліп, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы орта арнаулы мектептерде жастар маслихаттары құрылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысындағы түйіткілді мәселелерді талқылау және олардың шешілу жолдарын қарастыру, жастар ұйымдарынының тиімді әрі өзара іс - қимыл жасауын, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында Орталық жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ережесі, жоспары мен құрамы жаңартылып, қайта бекітілді.
Есепті кезеңде барлық жастар ресурстық орталықтары тарапынан әр түрлі бағыттағы 704 шараға 35200 жас тартылды. Атап айтқанда, жастар арасында діни ағымдардың алдын алу - 45 кездесу, Елбасы Жолдауын насихаттау - 98 кездесу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау – 96 кеңес беру шарасы, оқыту курсы - 10, психологиялық семинар-тренинг - 11, флэшмоб акциялар - 33, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу - 95, түнгі рейд - 6, байқау - 9, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - 41, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша – 83 шара, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар – 133, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша - 23 кездесу және 21 қайырымдылық шара өткізілді. Әр түрлі бағыттар бойынша 1680 жасқа кеңес берілді (804 - жұмыссыздық мәселесі, 82 - өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру, 96 - мемлекеттік бағдарламалар, 79 - тұрғын үй мәселесі, 21 - психологиялық және 601- басқа да  бағыттар бойынша).
ІІІ. Құқықбұзушылық профилактикасы мен спорт нысандарына қолжетімділігі.
Жастар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 19-24 ақпан аралығында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты акция, 24-28 наурыз аралығында «Жасөспірім және көше» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аптаның әр сенбі күндері «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Іс-шаралардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға кеңінен  насихатталып келеді.
Жастар арасында келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, 27 ақпан – 7 наурыз аралығында жастар ресурстық және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының мамандарымен жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қылмыстылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу, заңнамаларды насихаттау бағытында кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу аясында қылмыстылықтың алдын алуға, жат ағымдардан сақтануға байланысты «Жалған жихад», «Телефон терроризміне жол бермеңіз!» атты бейнероликтер көрсетіліп, сондай-ақ, «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің», «Қылмыстық кодексінің баптары» туралы ақпараттық жадынамалар таратылып, кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
11-16 сәуір аралығында Қызылорда қаласында орналасқан 19 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер мен дәрістер оқылды.
ҚР ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау»  атты имидждік жобаны іске асыру мақсатында наурыз айының 16-сы күні Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» ойын сауық орталығында К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Жастар жат қылықтардан аулақ болуға шақырады» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.
Балалардың қайта қылмысқа және құқық бұзушылыққа баруының алдын алу бағытында пилоттық бағдарлама аясында Қызылорда қаласында  құрылған «Сыр ұландары» оңалту орталығымен бірлесіп, ішкі істер органдарында қылмыс жасап есепте тұрған 36 кәмелетке толмағандармен жеке-дара профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жастардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен қаржы қаралып 2018 жылдың соңғы алты айында Еңбекші ауылында спорт кешені, Түгіскен ауылында және Сексеуіл кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері  пайдалануға берілді.  160 орынға арналған Түгіскен ауылындағы дене шынықтыру–сауықтыру кешені гандбол, волейбол, ауыр атлетика, бокс, күрес түрлері бойынша шұғылданушыларға қызмет атқарса, 160 орынға арналған Сексеуіл кентіндегі дене шынықтыру–сауықтыру кешенінде грек-рим, еркін күрес, қазақ күресі, бокс түрлерімен шұғылданушыларға жағдайлар қарастырылған. 120 орынға арналған Еңбекші ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінде футзал, волейбол, күрес түрлері, атлетикалық залдар бойынша шұғылданушыларды қамту жоспарлануда. 

2018 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 
Жалпы мәлімет.
2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 649 млн. аса қаржы (2017 жылдан 30% артып отыр), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 128 067,0  теңге қаржы қарастырылды. Барлығы 42 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 29-і қала және аудандық деңгейде іске асады.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен 13 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ауыл жастарын әлеуметтендіру, еріктілердің тиімді жұмысының жүйесін, жастардың бойында жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, педагогикалық, құрылыс, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жастар шығармашылығын дамыту, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметін насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жұмыс жасалатын болады. 
Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» жаңартылып қайта бекітілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі және Байқоныр қаласының әкімшісінің басшысымен бірлескен ісшаралар жоспары бекітілді.
Жастар ресурстық орталығының қызметі.
Облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Онда 100 маман жастармен жұмыс жасайды. Әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.
Жастар арасында өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылау, шешу механизмдерін табу мақсатында облыстық орталық жанынан Қызылорда облысының жастар маслихатының ережесі бекітіліп, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы орта арнаулы мектептерде жастар маслихаттары құрылды.
Облыстағы жастар ресурстық орталықтарының жұмысының сапасын және нәтижелілігін дамыту мақсатында облыстық орталық жанынан «Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесі» құрылды. Ережесі бекітіліп, жоспары әзірленді. 
Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысындағы түйіткілді мәселелерді талқылау және олардың шешілу жолдарын қарастыру, жастар ұйымдарынының тиімді әрі өзара іс - қимыл жасауын, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында Орталық жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ережесі, жоспары мен құрамы жаңартылып, қайта бекітілді.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының  жүзеге асырылуы

(2017 жыл бойынша)

Статистикалық мәліметке сәйкес, облыста Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанына 14 пен 29 жас аралығында 192 912 азамат (2016 жылдың басына 201 347 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары – 81 054 (42%), ауыл жастары 111 858 (58%) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың  25 пайызын құрайды. 
2017 жылы жергілікті бюджеттен 699 796 569 теңге қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді.
«Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. 2018 жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 11 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 
Әр түрлі санаттағы жастармен жұмыс жасаудың бірінші басымдық - оларды оқумен және жұмыспен қамту болып белгіленді. 
2017 жылғы мектеп түлектерінің 97 пайызы оқумен қамтылды. 
Өңірімізде 293 мектепте 14 пен 17 жас аралығында 36 197 оқушы білім алуда (8-11 сынып).
Үш жыл көлемінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 694 түлек облыс әкімдігінің арнайы грантын иеленіп отыр. Қазіргі таңда, облыс әкімінің грантымен 387 жас оқуда. 2017 жылдың өзінде грант иегерлері 165 (154-бакалавр, 11-резидентура) мектеп түлегімен толықты. Осы уақытқа дейін 116 жас оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.
2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл және нәтижелі әріптестік арқасында бүгінгі күні облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті (МИСиС), Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеттерінде білім алуда. Ағымдағы жылы 62 бала оқуға қабылданса, 2018 жылы алғашқы түлектер (78 студент) оқуын аяқтайды. 
Атап айту қажет, 2017 жылдың 10 қарашада Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінде Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының беделді жоғары оқу орындарындағы қызылордалық бітіруші студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі мен бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру, дүние жүзіндегі ғылым, техниканың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы тақырыптар қозғалды. 
Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Елшілігінде Ресей ғылым орталығы, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті және тағы басқа оқу орындарымен меморандумға қол қойылып, келісім-шарт жасалды. Меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті магистратура бойынша физика-математика және механика-математикалық мамандықтардан 20 грант бөлінуі жоспарлануда. Бұл бітіруші сырбойлық жастарға білім алуға үлкен мүмкіндік береді. 
«Болашақ» Халықаралық бағдарламасы бойынша облыстан 25 адам шетелде оқуда және тағылымдамадан өтуде, бүгінгі күнге дейін барлығы 142 жас қатысқан. 
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы іске асырылғаннан бастап Қызылорда облысынан 3162 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде білім алуда. Жобаға қатысушылардың 41 пайызын өңірдің үлесінде. 2017 жылы 1046 түлек грант иеленді (ЖОО - 638, колледж – 408).
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан жоба бойынша ақпаратты қала мен аудандардың әр елдімекендеріндегі бітіруші түлектер арасында кеңінен насихаттық және ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 
Осы бағыттағы жұмыстарды тұрақты жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және жастар ұйымдары өкілдерінен тұратын мобильді топ құрылып, 2017 жылғы 24-29 сәуір аралығында жоба аясында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында білім алушы студенттердің оқу үлгірімі және тыныс тіршілігімен танысу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, барлық студенттер толық жатақханамен қамтылғандығы, оқу орнын бітірген студенттерді жұмыспен қамту немесе оқуын жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылғандығы анықталды.
Аталмыш өңірлердегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылығы қызылордалық студенттердің білім алу деңгейінің жоғарылығы, олармен тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың орын алмағандығы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктеріне тоқталды. 
Өңірде мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 33, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 15 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Үйлестіру кеңесі жұмысын жүргізуде.
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген. 
Сондай-ақ, жыл басынан 18 әр түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді (облыс, қала және барлық аудандарда).
Кеңес отырыстарында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленіп, алда тұрған міндеттер қаралды (NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстар бойынша жүргізілген мониторинг жайлы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және т.б.).

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

(2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша)

ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес үстіміздегі жылғы ІІ тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар 95,8 мың адам (2016 жылғы ІІ тоқсанында 97,8 мың адам), оның 4 мыңға жуық жұмыссыздар (2016 жылғы ІІ тоқсанында 4,9 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 4,2% құрап отыр (2016 жылғы ІІ тоқсанында 5,0%). Экономикалық белсенді емес жастар – 67 100 мың адам, оның ішінде оқудағылар – 19 649 адам, үй шаруашылығында 350 адам, денсаулығына байланысты үйде – 175 адам, басқа да жағдайлармен – 2469 адам. NEET санатына жататын жастардың саны 9,5% құрады (2016 жылғы ІІ тоқсанында – 12,6%).
Өңірімізде 9 «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме, Байқоныр қаласында 1 бөлімше жастарға қызмет жасауда. Барлық қызметкерлер саны 100.
Есепті кезеңде орталықтардың ұйымдастыруымен барлығы 1079 шара ұйымдастырылып, 31 510 жас қамтылды. Әр түрлі бағыттар бойынша 5172 жасқа кеңес берілді (2365–і жұмыссыздық мәселесі, 218–і өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру, 490 мемлекеттік бағдарламалар, 42-і діни ағымдар, 101-і тұрғын үй мәселесі бойынша, 46-і – әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, 93-і – біліктілігін арттыру, 401–і психологиялық бағытта және 1416 басқа да әлеуметтік бағыттағы кеңестер).
Жыл басынан облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды жұмыспен қамту бойынша 9 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 2286 жасқа кеңес беру шарасы өткізілді.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтары тарапынан 83 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, облыста 871 жұмыс берушілерден 3406 бос жұмыс орны ұсынылды, оған 2815 жас қатысып, 2225 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Жастар бастамаларына қолдау көрсету, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жартылай жетім, тұл жетім жастарға тегін негізде әр түрлі бағытта оқу курстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «IQ орда» оқу орталығы» ЖШС-мен меморандумға отырды.
Қазіргі таңда Меморандум аясында 8 қыркүйектен бастап 12 мектеп оқушысы математика, ағылшын тілі, физика, химия, орыс тілі пәндері бойынша оқу курстарын бастады.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық - ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 тамыз күні Достық үйінде Қызылорда өңірлік XІІІ жастар Дельфий ойындары өткізілді.
Өңірлік жастар Дельфий ойындарына Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 13 номинация бойынша 100-ден астам шығармашыл жастар қатысты. Өңірлік Дельфий ойындарына Ұлттық Дельфий комитетінің атқарушы директоры Түспекова Қ. және танымал академиялық орындаушы Желтыргузов А. қатысып, академиялық орындаудан мастер-класс өткізді. 
Биылғы жылғы өңірлік жастар Дельфий ойындарынан топ жарып, озып шыққан жеңімпаздар 2017 жылдың қараша айында өтетін республикалық XIIІ Ұлттық жастар Дельфий ойындарына 13 номинация бойынша 17 жеке орындаушы және 3 би ансамблі жолдама алды. 
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан «Сыр сүлейлері» аллеясында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясының ашылу салтанаты өткізілді.
Аталған акция ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында, оның ішінде жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаев сөз сөйлеп, қатысушыларды акцияның басталуымен құттықтады. Шараға облыс орталығындағы жоғары және кәсіптік, техникалық оқу орындарының 1200-ге жуық студент жастары қатысты. Акция барысында өңірдің жас өнерпаздары өнер көрсетіп, ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Елбасының бағдарламалық мақаласын білуге арналған викториналық ойындар өткізіліп, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, аталған акция 15-22 қыркүйек аралығында облыстың барлық елдімекендерінде өткізіліп, 100-ге жуық әр түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды.
Акция төрт бағытта жүзеге асырылды:
- «БІЛІМ» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстанның және туған өлкенің тарихын білу бойынша жалпыхалықтық іс-шаралар ұйымдастыру;
- «АСАР» бағыты бойынша зейнеткерлерге, жалғызбасты қарт кісілерге, тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, қарттар үйіне сенбілік ұйымдастыру, балалар алаңдарын жөндеуден өткізу;
- «ТАҒЗЫМ» бағыты бойынша қасиетті орындарды, тарихи маңызды ескерткіштер айналасын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу, су арналарын тазалау, әр түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыру;
- «ӨНЕР» бағыты бойынша әр түрлі субмәдениет өкілдерін тарта отырып, фестивальдер, спорттық шаралар ұйымдастыру.
Жастар арасында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды анықтау, олардың шешу жолдарын қарастыру, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстық басқармалардың, Қызылорда қаласының әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі мен белсенді жастар ұйымдарының өкілдерінен төрт мобильді топ құрылған болатын.
Мобильді топтың жұмысы ү.ж. 12-19 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, облыс орталығында орналасқан жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орындарының 4 жарым мыңнан астам студент жастарымен кездесулер өтті. Бүгінгі күні бұл бағыттағы жұмыстар жатақханалардағы студент жастармен жүргізілуде.
Сондай-ақ, ү.ж. 9-18 қыркүйегі аралығында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, жергілікті полиция қызметі, жастар ұйымдарының өкілдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қаладағы ойын-сауық орталықтарында «StopҚЫЛМЫС!» түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
1. Жалпы статистикалық мәлімет.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
2. Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші.
2017 жылдың І тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар
92 мың 300 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 2 900 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 89 400, жалдамалы қызметкерлер - 54 400, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер - 35 000. 
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9% төмендеді (5,1%). NEET санатына жататын жастардың саны 12,6% құрады.
3. Мемлекеттік жастар саясатының институционалды дамуы. 
2017 жылдың қаңтарынан «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. 
Үстіміздегі жылы «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасы» әзірленді. Жол картасына 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілді. Жол картасы аясында өңірде жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.
Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» облыс әкімімен бекітілді.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілді. Әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 15, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 34 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. 
2016 жылы облыста заңды тұлға ретінде тіркелген 1 жастар ресурстық орталығы болса, үстіміздегі жылы олардың саны 9 құрады. Байқоңыр қаласында облыстық орталықтың бөлімшесі жұмыс жасайды. Барлық жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен (облыстық, қалалық, аудандық) 167 млн. 692 мың теңге. Қызметкерлердің саны 82. 
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды.
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелген, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. 
4. Қаржыландыру көлемі.
Үстіміздегі жылы жастар саясатын жүзеге асыруға 515 млн. 754 теңгеге жуық қаржы қарастырылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 192 млн. 450 теңге қаржы қарастырылды (133,2 млн.теңге). Барлығы 43 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 26-ы қала және аудандық деңгейде іске асуда.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн.070 мың теңге қаржы бөлінді.  
5. Жастарға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету. 
2016 жылы 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда.
Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3000 аса студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда.
Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 419 түлек білім алуда. 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды (облыстық бюджеттен 214614,7 мың теңге әлеуметтік көмек ретінде қаржы).
6. Жастармен адресті жұмысты ұйымдастыру.
Үстіміздегі жылы орталықпен 10 бағыттағы жоба, атап айтқанда, «Жас кеңесші», «Жастар қоғам назарында», «КZO fan club», «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман», «Еріктілер мектебі», «Жастар стартап», «Біз спортты таңдаймыз» жүзеге асырылуда.
Жыл басынан облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды жұмыспен қамту бойынша 5 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 2135 жасқа кеңес беру шарасы өткізілді. 
Жұмыспен қамту орталықтар тарапынан 52 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, облыста 587 жұмыс берушілерден 2286 бос жұмыс орны ұсынылды, оған 2211 жас қатысып, 1716 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (жалпы қатысушылардан 35%).
Есепті кезеңінде барлық жастар ресурстық орталықтары тарапынан әр түрлі бағыттағы 838 шараға 26 240 жас тартылды. Әр түрлі бағыттар бойынша 4772 жасқа кеңес берілді (2135–і жұмыссыздық мәселесі; 216-і өз кәсіпкерлігін дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру; 489-і мемлекеттік бағдарламалар; 42 -і діни ағымдар; 96-і тұрғын үй мәселесі, 46-і әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, 88-і – біліктілігін арттыру, 401-і психологиялық бағытта және 1259 басқа әлеуметтік бағыт бойынша)

2017 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Үстіміздегі жылы «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасы» әзірленді. Жол картасына 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілді. Жол картасы аясында өңірде жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.
Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» облыс әкімімен бекітілді.
Жоспар аясында қылмыстың алдын алу шараларын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген кездесулерге барлық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, Байқоңыр қаласында, 7 ауданда, 36 ауылдық округті қамтып, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардың модулі құрылуда. Модульдің негізгі мақсаты осы санаттағы жастардың көрсеткішінің өсу динамикасын бақылау және оларға әсер етуші факторларды анықтау, сәйкесінше олармен адресті жұмыстарды жүргізу.
2. Мемлекеттік жастар саясатының институционалды дамуы.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілді. Әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде.
Орталықтың қызметкерлері мен комитет жетекшілеріне арналған жастармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері, міндеті мен мақсатын түсіндіруге бағытталған кездесу өтті.
Ү.ж. ақпан айында облыстық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жоғары және орта арнаулы оқу орындары жанындағы жастар комитетінің жетекшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингке оқу орындарының жастар комитетінің жетекшілері, үйірме, клуб жетекшілері қатысты. Қатысушыларға жастармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері, жастар комитетінің міндеті мен мақсаты туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, 20 ақпанда  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің мәжіліс залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің білім алушы белсенді студенттері, жастар комитетінің жетекшілерімен бейнеконференциясы өткізілді. Шараның мақсаты 2017 жылғы 25 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі және 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында түсіндіру, жоғары оқу орындарының білім алушы студенттері арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Аталған шараға барлығы 100-ге жуық жас қатысты.
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды.
Үстіміздегі жылғы 15 ақпанда Орталықтың мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар және орталық мамандарының қатысуымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан жастар ұйымдарының қызметін үйлестіру кеңесін құру бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында жастар ұйымдарының мүшелері өз қалаулары бойынша үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілді. Кеңес төрағасы болып, көпшіліктің дауысымен сайланды. 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. 9 наурызда орталықтың мәжіліс залында Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.
3. Жастар ресурстық орталығының қызметі.
Облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Онда 86 маман жастармен жұмыс жасайды. Әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.
Үстіміздегі жылы облыстық орталықпен 10 бағыттан тұратын жоба жүзеге асуда. («Жас кеңесші», «Жастар қоғам назарында», «КZO fan club», «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман», «Еріктілер мектебі», «Жастар стартап», «Біз спортты таңдаймыз»).
Жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар үшін ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылық бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Оған 174 жас қатысуда.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларының қолдауымен «Жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы» аясында ү.ж. қаңтар, наурыз айларында ресурстық орталық мамандарының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесімен орталықтың жастармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілі қалыптастырылуда.
Ү.ж. мамыр айында облыстық орталықтың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (34 млн.055 мың тг), шілде айынан бастап,  орталықта жастарға арналған COWORKING, IT-CENTER, продюсерлік орталықтар және психологиялық, видео ойындар бөлмелері және түрлі спорттық секциялар жұмысын бастамақ.
2017 жылға арналған жастар саясаты саласындағы республикалық оқиғалар кестесіне және облыстық қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 12 шара енгізілген. Олардың ішінде  Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына арналған Халықаралық жастар форумы, Республикалық еңбек маусымының ашылу салтанаты, облыс жастарының форумы және тағы да басқа жастарға маңызды ісшаралар қамтылды.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
(2016 жыл)
 
1.Жалпы статистикалық мәлімет.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
2016 жылы аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100 мың 500 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4900 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 95600, жалдамалы қызметкерлер – 51200, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 44400. 
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%, NEET санатына жататын жастардың саны 12,0% құрады (Экономикалық белсенді емес-62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар-47,8 мың адам, үй шаруашылығында 2 278 адам, денсаулығына байланысты 948 адам, басқа мәселелер бойынша – 11 497 адам).
2.Қаржыландыру көлемі.
2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа 460 млн. жуық қаржы қарастырылып, 53 пайызға артып отыр. 
Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған (2015 жылы                      16 әлеуметтік жобаға 62,6 млн. теңге). Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 26 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 52 млн.358 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.
Анықтама: Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы арқылы жүзеге асырылған 18 жоба аясында 4 орталық қызметі, 4 ірі форматтағы шара және әр түрлі бағыттағы 10 әлеуметтік қызмет жұмыстары ұйымдастырылды. Әр түрлі бағыттағы 300 жуық шара өткізіліп, 38 мың жас қамтылған.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн. 070 мың теңге қаржы бөлінді.  
Үстіміздегі жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 15 әлеуметтік жобаны (68 млн. 703 мың теңге) жүзеге асыру жоспарлануда. Оның  ішінде, ауыл жастарын әлеуметтендіру, ЖОО және ТжКБ беру ұйымдарын бітірген студенттерді тәжірибеден өткізу, жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарға арналған әр түрлі сала бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында үйірмелер жұмыс жасайтын болады. 
3.Жастарға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету 
Қазіргі таңда 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда.
Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша
3162 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда.
Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 400 сырбойылықтың білім алуына жағдай жасалды. 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды (облыстық бюджеттен 214614,7 мың теңге әлеуметтік көмек ретінде қаржы)
4.Консультативті-кеңесші органдар.
Облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. 2013 жылдан бастап көшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді. 
Жыл басынан 14 әр түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді (облыс, қала және барлық аудандарда).
Кеңес отырыстарында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленіп, алда тұрған міндеттер қаралды (NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстар бойынша жүргізілген мониторинг жайлы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және т.б.).
5. Жастар комитеттері мен ҮЕҰ дамуы.
Өңірде мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. 
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген. 
Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде. 
6.Жастармен адресті жұмыс.
Өткен жылғы 18 маусымда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында өткізілген жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заңды тұлға ретінде, барлығы 9  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жұмыс жасауда (9 - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 1-Байқоңыр қаласында бөлімше) 
Атап айту қажет, өткен жылы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 1612 шара ұйымдастырылып, оған  45 200 жас қамтылған. 
Орталық жанынан ашылған «Жас маман бөлімі» рекрутинг орталығының қызметін атқаруда. Жастарды жұмыспен қамту бойынша 48 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 66  кеңес беру шарасы өткізілді. Осы ретте, маусымдық кезінде 344 жас «Жас құрылысшылар» жасағында жұмыспен қамтылған, бұлардың арасында жазасын өтеп шыққан жастар жұмыс жасауда. «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 сарбаз, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасақ құрамына 40 жас тартылды.
NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау және жастар арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар жоспары аясында 
NEET санатына жататын жастардың мәліметтер базасы жасақталды. Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға (жасыл ел, жас құрылысшылар жасағы), Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатыспаған жастар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылды. Жұмыссыз жастарға 2015-2016 жылдарға арналған жастардың кәсіпкерлігін дамыту «Жол картасы» аясында кәсіпкерлік бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.
Орталық қызметкерлерімен 8300 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (3712 жұмыссыздық мәселесі, 229 кәсіпкерлігін дамытуға, 281 әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге, 695-і мемлекеттік бағдарламалар, 33-і діни ағымдар, 639-ы тұрғын үй мәселесі бойынша, 2711 әртүрлі мәселелерді қамтиды) көрсетілген. 
7.Мемлекеттік бағдарламалар бойынша.
Жастарды әлеуметтендіру мақсатында бір қатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде 5251 жас (50,5%) енгізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5078 жас (16-29 жас аралығындағы жастары) қамтылды. Бірінші бағыт бойынша 163 жоба аясында 1173 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 228 жас бағдарлама қатысушысы. Екінші бағыт - кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 43 жас оқыды. Жыл басынан 
212 жас несиелендіріліп, 4-і өз кәсібін ашты. Үшінші бағыт әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға 248 мекеме, кәсіпорындарға 438 жас жолданды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша – 822 адамға - 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 571 мекеме, кәсіпорындарға 1094 жас мамандар жолданып, мерзімі аяқталғандардың ішінен 365 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336,2 млн. теңге бөлінді. 
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 307 маманға 210,5 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы – 193, денсаулық сақтау саласы – 88, мәдениет саласы – 11, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 1, спорт саласы – 5, агроөнеркәсіп кешен саласы - 9.
Сондай-ақ, 439 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1327,0 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы –257, денсаулық сақтау саласы – 140, мәдениет саласы – 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 13, агроөнеркәсіп кешен саласы – 7. 
Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарынан «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде. 

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
(2016 жылғы ІІІ тоқсан)
 
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді. 
Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған (2015 жылы 16 әлеуметтік жобаға 62,6 млн. теңге). 
Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 26 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 52 млн. 358 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 93 млн. 334 мың теңге қаржы бөлінді.  
Жастар саясатында басқарудың вертикалі күшейтілуде. Облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. 2013 жылдан бастап көшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді. 
Мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 
Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркеліп, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. 
Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының бөлімдері Қызылорда, Байқоңыр қалалары және аудандарда қызмет көрсетуде. 
Есепті кезеңде, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 810-ға жуық ісшара ұйымдастырылып, оған  28 300 жас қамтылған.  
Орталықпен 32 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 
344-тен астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. «Жасыл ел» жастар жасағына 1000 жас тартылды.
Орталық қызметкерлерімен 5800 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (3010-ы жұмыссыздық мәселесі, 180-і кәсіпкерлігін дамытуға, 270 әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге, 674-і мемлекеттік бағдарламалар, 29-і діни ағымдар, 622-і тұрғын үй мәселесі бойынша, 1015-і әртүрлі мәселелерді қамтиды) көрсетілген. 
Сонымен қатар, белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп 200-ден аса ісшара ұйымдастырылған. 
Атап айтқанда, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Консенсус» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 17 қыркүйекте «Қорқыт Ата» ескерткішінің алдында өлкетанушы тарихшылардың, республикалық деңгейдегі блогерлердің, белсенді жастардың қатысуымен «Сыр – Алаштың анасы» экспедиция тобын шығарып салу рәсімі өткізілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі. Экспедиция тобы 20 күн аралығында Қызылорда облысының барлық аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде арнайы  бейне-фильм әзірленетін болады. 
«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ-мен бірлесіп әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің қызметін дамыту мақсатында үстіміздегі жылғы 20 қыркүйекте «Ұжымдағы қарым - қатынасты дамытудағы негізгі талаптар» тақырыбында жастар ісі жөніндегі комитеттердің жетекшілерімен семинар-тренинг өткізілді.  
Семинар-тренинг қатысушылар уақыт жоспарлау, командадағы кризистік жағдаяттармен күресу, жобалық жоспарлау, коммуникативтік дағдылар және іскерлік келіссөздер жүргізу барысындағы біліктілік бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру тақырыптары қозғалды.
Семинарға «ҚазақТелеком» АҚ Қызылорда облыстық телекомуникациялық дерекциясы, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазақстанТұрғынҮйҚұрылысЖинақбанкі» АҚ, «Центркредит» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Шалқия Цинк» АҚ, Облыстық жалпы ұлттық зейнетақы қоры, «Қызылорда жылу тарату электр орталығы», «Қорқыт Ата» әуежайы, «ҚазГерМұнай», «ҚОР» мұнай компаниялары, облыстық медициналық орталығы,  «ҚазСуШар» РММ-сі Қызылорда филиалдарының өкілдері қатысты. 
22-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және облыс жастарын достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Байқоңыр қаласында «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Бірлік» облыстық спартакиадасы ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шараға барлық ауданның жастары белсенді қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Спартакиада қорытындысы бойынша Қармақшы ауданының құрама командасы жеңімпаз атанып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 80-ге жуық жас қатысты. 
24 қыркүйекте Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Байқоңыр қаласындағы С.А. Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінде «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «EXPO LAND-2016» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 7 үздік инновациялық идея мен жоба анықталып, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. 
Сонымен қатар, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облысындағы «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» ҚБ-мен бірлесіп №2019 әскери бөлімінде жастардың бойында патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға 50-ге жуық жас қатысты. 
«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Қызық Орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қорынмен бірлесіп 26 қыркүйекте Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық ашық чемпионаттың «Маусымашар-2016» жайдарман фестивалі өткізілді. Шараның арнайы қонағы ретінде «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Е.Елеукен шақырылды.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылғы қазан айында «Достық үйінде» облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда облысы жастарының дәстүрлі XII форумы және қараша айында облыс әкімінің аймақ жастарына арналған дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығын табыстау рәсімін өткізу жоспарлануда.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар
саясатының жүзеге асырылуы 
(2016 жылғы І жартыжылдығы бойынша)
 
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 8 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 
Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 90-ға жуық іс шараға 5000-нан аса жас тартылған. 
Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 663 іс шара ұйымдастырылып, оған  20 220 жас қамтылған.  
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау - 154, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу - 30, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - 31, мәдени-көпшілік шаралары - 51, жастардың шығармашылығын дамыту - 32; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру - 39, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 75, Neet санатындағы жастармен шаралар - 30, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау - 15, кеңес беру шаралары – 75, әр түрлі сайыстар - 30, концерттік бағдарлама - 14, 35 - акция, 17 - байқау, көрме, экскурсия, 33 - қайырымдылық шара ұйымдастырылды.
Орталықпен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 30-дан астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. Үстіміздегі жылғы педагогикалық, еңбек, құрылыс жасақтарына 1500-нан астам жасты тарту жоспарлануда.
Орталық қызметкерлерімен 4546 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі - 2230, әлеуметтік психологиялық бағыттар - 4, мемлекеттік бағдарламалар - 442, діни ағымдар -43, кәсіпкерлікті дамытуға – 120, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге – 250, тұрғын үй мәселесі – 420, әр түрлі мәселелер бойынша - 1037) көрсетілген. 
Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. астам теңге қаржы қарастырылған. 
Сонымен қатар, ү.ж. 18 маусымда облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтың төрағалығымен «Жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы» Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде өтті. Аталмыш кеңесте республика бойынша «Жастар ресурстық орталықтары» қызметтерінің жаңа моделін қалыптастыру, жастар денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша атқарылған жұмыстар, Қызылорда облысы, Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды. Сондай-ақ, NEET санатындағы жастарды қолдаудың тетіктерін табу мәселесі талқыланды. Кеңес барысында танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаның қазақ жастарына арнап салынған суреттер көрмесі тамашаланды. Сонымен қатар, Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты, «БК Қызылорда Цемент» ЖШС-нің цемент өнімін шығаратын зауыт құрылысы салынатын орынға капсула салу рәсімі өтті.
Кеңеске Білім және ғылым министрлігінің, Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, барлығы 200-ге жуық делегаттар қатысты.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар 
саясатының жүзеге асырылуы 
(2016 жылғы І тоқсан)
 
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында
201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
Экономикалық белсенді жастар 91,7 мың адам, оның 5,6 мыңға жуығы жұмыссыздар. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 
6,1 % (2015 жылғы IV тоқсан 4,5 %).
Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны
61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 
Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 50-ден астам іс-шараға 3000 жас тартылған. 
Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 250 іс-шара ұйымдастырылып, оған 9 мыңға жуық жас қамтылған.  
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау-16, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу-12, құқық бұзушылықтың алдын алу-6, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту-11, мәдени-көпшілік шаралары-17, жастардың шығармашылығын дамыту-8; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру-14, консультациялық кеңес беру шаралары-23, қайырымдылық бағытта-19, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 32, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау-15, ұйымдастырылмаған жастармен шаралар-9, жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, ЖҚТБ қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу-14 шара ұйымдастырылды.
Орталық қызметкерлерімен 750-жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі-530, әлеуметтік психологиялық бағыттар-4, мемлекеттік бағдарламалар-112, діни ағымдар-18, әр түрлі мәселелер бойынша - 86) көрсетілген. 
Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жастарды тарту бойынша да тиісті жүмыстар жүргізілуде. 
Үстіміздегі жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақыға 307 маманға, 213 млн. теңге, жеңілдетілген несие, тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336 млн. теңге қаржы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 822 адамға 188 млн. 349 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына
450 адамға 115 млн. 636 теңге қаржы қарастырылған.
Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша
2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 
16 әлеуметтік жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 68 млн.теңге(2015 жылы 62,6 млн. теңге) қаржы қарастырылған. 
Мұнан өзге, жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылы 22 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға
47 млн. теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.  
Сондай-ақ, қоғамдық көлікте жеңілдікпен қатынау үшін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі оқу орнында оқитын студенттерге қолдау көрсету биылғы жылы да жалғасын тауып, облыстық бюджеттен 3 214 жасқа
77 млн. 907 мың теңге қаржы бөлінді.
Есепті кезеңде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы 57 мақала электронды, 151 мақала баспа бұқаралық ақпарат да жарияланып, 18 сюжет республикалық, жергілікті телеарналардан көрсетілді.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
(2015 жылдың қорытынды есебі)
Қызылорда облысы бойынша (2015 жылға)Қазіргі таңда, облыс бойынша 61 жастар ұйымы тіркеліп, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды. 
Қызылорда облысының жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 65 млн. 631 мың теңге қаржы қарастырылған. Жобалар аясында әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған адресті жұмыстар ұйымдастырылды.
Жастардың жұмысқа орналасуларына ықпал ету үшін бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды.
Жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы 360 мекемелер мен кәсіпорындарға 607 маман жастар тәжірибесіне жолданды. Мерзімі аяқталған 559 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды (92,1%).
2015 жылы маусымдық жұмыстарға 1 292 жас тартылған («Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына 1000 сарбаз, 252 жас құрылыс, 40 педагогикалық жасақтарға).  Есепті кезеңде 252 жасқа жас құрылысшылар еңбек жасағына жолдама беріліп, 23 құрылыс мекемесімен келісім шарт жасалды. Жас құрылысшылар еңбек жасағының ерікті жастары науқандық кезеңде қаламыздағы құрылыс жұмыстарына араласып, қайырылымдылықпен де айналысты. 
Жылдың басынан облыс көлемінде Жастар ресурстық орталық қызметкерлері жастарға 6564 әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңес берді. 
2015 жылы барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 11 отырысы өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған жастардың техникалық колледждерге баруға үгіттеу және жұмысшы мамандықтарды насихаттау шаралары кеңінен ұйымдастырылды.
Есепті кезеңде 703-ке жуық түрлі бағыттағы шаралар өткізіліп, оған 56 мыңға жуық жас қамтылған. Атап айтқанда: жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу бойынша - 65, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 69, Neet санатындағы жастармен ұйымдастырылған шаралар - 45, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша - 72, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай - 68, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай - 24, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай - 72, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай – 46 және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша - 75 шара ұйымдастырылған. 
23 қыркүйекте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев студент-жастарға арнап «Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс оқыды. 
Дәрістен алған әсерін, ойларын бөліскен студенттер жиын соңында облыс әкіміне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аймақ басшысы жастарға әлемде болып жатқан түрлі қиындықтарға қарамастан, келешекке сеніммен қарауға, әрдайым ізденіс пен оқуға, еңбекке шақырды. Шараға 600 жас тартылды. 
27 қазанда «Жасыл Ел» қатарындағы сарбаздарды мадақтау және жұмысқа ынталандыру мақсатында еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Шараға 250 жас тартылды. 
2 қарашада «EXPO Land - 2015» инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Шара барысында жастар инновациялық жобалар мен идеяларының презентациясын көрсетті. Жәрмеңкеде студенттер мен оқушылар 40 астам жоба ұсынды. 80 жас тартылды. 
9 қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты облыс жастарының ХІ форумы өтті. Форумға облыс әкімі Қ. Көшербаев, «Халық қаһарманы», ғарышкер А. Айымбетов қатысты. 
Форум қонақтары мен делегаттар алдымен Студенттер сарайында ұйымдастырылатын жастардың инновациялық идеялар мен жобалар көрмесіне қатысты. Көрмеде Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен қаладағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жас мамандары өздерінің идеялары мен тың жобаларын ұсынды.  Форум барысында жастар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісетін болады. Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысқан үздік жастар ұйымдары мен жастар облыс әкімінің алғыс хаттар және номинациялармен марапатталды.Шараға 600 жас тартылды. 
12 қарашада С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының еңбек маусымының жабылу салтанаты өткізілді. Шара аясында «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтарының сарбаздарын және жас құрылысшылар жасағына жұмыс беруші бірқатар мекемелерді марапаттау рәсімі өткізілді. Шараға 110 жас қатысты. 
29 қазан - 14 қараша күндері аралығында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлері мен "Жас Отан" Жастар қанаты, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда облысына қарасты аудандар және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатында «Жастар керуені» өткізілді. Шараға 1800 жас тартылды. 
13 қарашада «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми қызметкерлер күні қарсаңында «Білім мен ғылым - кемел келешек кепілі» атты облыстық жас ғалымдар форумы өткізілді. Форум аясында «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі мен аудандардан келген «Жас ғалымдар» Кеңес жетекшілері ынтымақтастық меморандумға қол қойып, жас ғалымдарының атынан үндеу оқылды. Шараға 110 жас тартылды. 
18 қарашада С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Күзгі бал» өткізілді. Шараға 200 жас тартылды. 
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жастар денсаулығы орталықтармен өткізілді: семинар – 511/10220 адам,  тренинг – 537/5427 адам,  дәріс – 671/9655  адам, кездесу – 124/1125 адам,  дөңгелек үстел – 187/2710 адам, акция – 149/10236, конкурс - 7/580, спорттық сайыс – 27/810 адам . Барлығы 2217  іс-шара, қамтылған адам саны – 41538 адам. 
 
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы (2015 жылдың 1 қазанына)
 
Қызылорда облысында Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 203 454 азамат тіркелген, ауыл жастары-119 422 (58,7 %), қала жастары - 84 032 (41,3 %). Жастар өңірдегі жалпы халықтың 28,2 % құрайды.
Үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанда жастар арасындығы жұмыссыздық деңгейі 4,4 % болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,9 % - ға төмендеді (2014 жыл ІІ тоқсан 5,3 %). Ал, 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET жастарының үлесі ІІІ тоқсанда 9,8 % -ды  құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 % - ға төмендеді. (2014 жыл ІІ тоқсан 12%). Қазіргі таңда облыс бойынша 60 жастар ұйымы тіркеліп, оның ішінде 
42-сі белсенді жұмыс атқарады. Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды. 
2013 жылы Қызылорда облысының жастар саясатын дамыту бойынша
2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілді. Аталған «Жол картасы» аясында облыс әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №352 қаулысына сәйкес «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі құрылды. Қазіргі таңда, орталықтың бөлімдері Қызылорда және Байқоңыр қалаларында, барлық аудандарда жұмыс жасайды. Жастар ресурстық орталығының қызметі жастардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған. Есепті кезеңде облыс көлемінде орталық қызметкерлерімен жастарға 6212 әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңестер берілді. Көрсетілген кеңес бағыттары: 2835-і жұмыссыздық мәселесі, 1450-і әлеуметтік-психологиялық, 867-сі мемлекеттік бағдарламалар, 66-сы діни ағымдар, 994-і әртүрлі мәселелерді қамтыған. «Жол картасы» аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 65 632,0 мың теңге бөлінді. Әлеуметтік жоба аясында әртүрлі санаттағы жастармен адресті жұмыстар жүргізілуде. 
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үстіміздегі жылғы IIІ тоқсанда әртүрлі бағыттағы 63 шара ұйымдастырылып, 10 әлеуметтік бейнеролик түсірілімі ұйымдастырылды. 
Есепті кезеңде 677 жуық әртүрлі бағыттағы шаралар өткізіліп, оған 
34 мыңнан астам жас қамтылған. Атап айтқанда, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу бойынша - 56, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 66, Neet санатындағы жастармен ұйымдастырылған шаралар - 33, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша - 65, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай - 56, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай - 24, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай - 63, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай - 39, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша - 69 шара ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың жастарға дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығын табыстау салтанаты, «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» атты облыстық еңбек жастарының слеті, «EXPO LAND – 2015» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі жастар арасында оң резонанс қалыптастырды. 
Биылғы жылы 3 214 тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын студенттерге жәрдемақыға 77 млн. 907 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 сарбаз тартылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 26 млн. 152 мың. теңге қаржы бөлінді. 
Жас құрылысшылар жасағының қатарына есепті кезеңде 240 жас тартылса, 
23 мекемемен келісім-шарт жасалды.
Үстіміздегі жылғы IIІ тоқсанда «Мейірім», «Шапағат», «Үміт» жастар денсаулық орталықтарымен - 418 шаралар, атап айтқанда, 2 баспасөз конференциясы, 62 дөңгелек үстел отырысы, 118 семинар, 100 тренинг, 11 акция, 53 дәріс, 39 кездесу, 2 конкурс, 13 спорттық іс-шаралар өткізіп, 14761 жасты қамтыды. Бұқаралық ақпараттық-құралдармен 6 радиобағдарлама, 4 телебағдарлама, 6 мақала жарияланған.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

(2015 жылдың 1 шілдесіне)
 
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен 2015 жылдың ІІ тоқсанында 5 338 жасқа құқықтық, әлеуметтік-психологиялық кеңестер берілді. 
Көрсетілген кеңес бағыттары 2200-і жұмыссыздық мәселесі, 1340-ы әлеуметтік-психологиялық, 850-і мемлекеттік бағдарламалар, 55-і діни ағымдар, 893-і әртүрлі мәселелерді қамтыған.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен облыс көлеміндегі белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп әртүрлі бағыттағы 226 іс-шара ұйымдастырылған, оның 35-қайырымдылық шара, 12-концерттік бағдарлама, 9-мүшәйра, 52-қоғамдық қабылдау, 23-байқау,72-акция, Қызылорда облысының жастар Парламенті депутаттарымен бірлесіп 35 шара өткізілген.  
Облыста денсаулық сақтау саласында «Шапағат», «Мейірім», «Үміт» жастар денсаулық орталықтары жұмыс жасайды. «Шапағат» жастар орталығы-№ 3 қалалық емхана базасында, «Үміт» жастар денсаулық орталығы - № 6 қалалық емхана базасында, «Мейірім» жастар денсаулық орталығы - Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында орналасқан.
Үстіміздегі жылғы II тоқсанда «Мейірім», «Шапағат», «Үміт» жастар денсаулық орталықтарымен 2 баспасөз-конференция, 39 дөңгелек үстел, 74 семинар, 78 тренинг, 9 акция, 49 дәріс, 17 кездесу, 2 конкурс, 6 спорттық іс-шаралар өткізіп, 7835 жасты қамтыды. Бұқаралық ақпараттық-құралдармен 4 радиобағдарламалар, 3 телебағдарламалар, 4 мақала жарияланған.
Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттері жұмыс жасайды. 
Үстіміздегі жылғы 10 сәуірде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және белсенді жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі әртүрлі меншіктегі кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлер өкілдерін тарта «Қарағанды облысына қайырымдылық керуені» ұйымдастырылды. 
11 сәуірде жас құрылысшылар еңбек жасағына 2015 жылғы еңбек маусымына жолдама беру салтанатты рәсімі өткізілді.
26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің қайта сайлануына орай жастардың домбыра думаны және ерікті жастардың автошеруі ұйымдастырылды. 
29 сәуірде Астанада өткен Елбасымызды ұлықтау рәсіміне орай Сыр елінің жастары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің алдында флэшмоб ұйымдастырды. 
29 мамырда «Ұлағат ұландары жастар қоғамдық бірлестігінің» 15 жылдығына орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Аталған шара барысында жазғы тынығу лагерлеріне тәлімгерлік жасауға жолдама берілді.  
1 мамырда «Халықаралық бірлік күніне орай» орталық алаңда жастар флешмобы өткізілді.
1 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күні» орай қалалық мәдени және демалыс паркінде концерттік бағдарлама және «Қанат» мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығында қайырымдылық шара өткізілді. 
4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне» орай жаяу жүргіншілер және вело-автошеру ұйымдастырылды.
Облыста тұрғындар арасында денсаулық сақтау саласының психологиялық қызметін нығайту мақсатында емдеу-алдын-алу мекемелерінде 41 психолог маман жұмыс жасайды (2014 жылы 31 психолог маман). 
Сонымен қатар, облыстық салауаттық өмір салтын қалыптастыру орталығы 13 психолог, психологиялық-әлеуметтік бөлім - 6 психолог, «Шапағат», «Мейірім»,  «Үміт» жастар денсаулық орталықтары - 5 психолог мамандарымен қамтылған. 
Облыс көлемінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған балалармен жасөспірімдердің саны - 4, ал өзіне қол жұмсауға әрекеттенген балалармен жасөспірімдер саны - 15.
Жалпы жасалған қылмыс санынан жастармен жасалған қылмыс үлесі 2014 жыл қорытындысымен 51,2 % құрап, 2013 жыл қорытындысымен салыстырғанда 2,7 % төмен(2013 жыл - 53,9 %).
Үстіміздегі жылдың 16-18 наурыз аралығында «Жасөспірім - Заң - Қауіпсіздік» акция өткізілді. Сәуір айының 1-10 аралығында «Жасөспірім», мамыр айының 22-24 аралығында «Балалар түнгі қалада» жедел - профлактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, шара аясында рейдтер өткізілді.
 
Құрылған күні: 14-07-2015 15:51
Жаңартылған күні: 17-10-2018 11:46

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика