ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Басқарма: 
Еңбек саласындағы бақылау басқармасы

Сұрақтар

Беттер

Карахан АЙДАНА Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 16.04.19

Вопрос:

Саламатсызба? Мен жол картасы 2020мен жұмыс жасап 31.03.2019 бітті.02.04.2019дан бастап жұмысқа тұрдым хатшылық қызыметке.Енді маған бастықтарым айтады шілде мен тамыз айында ақысыз демалысқа шығасың деп жалақым 44000тг.Сізден сұрайын дегенім қыркүйекте декреттік демалысқа шығамын маған декретный шығама?

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 97-бабының 1 тармағына сәйкес, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Яғни, жалақы сақталмайтын демалыс тек жұмыскердің өтініші болған кезде беріледі.
Кодекстің 99-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.
Осы баптың 2 тармағына сәйкес, жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының (ары қарай - Заң) 4-бабының 4 тармағына сәйкес, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерiне, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайлар кіреді.
Заңның 10-бабының 2 тармағының 11 тармақшасына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.
Сондықтан, хатыңызда көрсетілген жүктілікке және босануға байланысты  төлемдерге қатысты сауалыңызға толық ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға құқылысыз.   
 

Ибраим Жадыра Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 12.04.19

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Мен Ибраим Жадыра Толыбекқызы. 12.10.2017 -01.06.2018 уақыт аралығында Қызылорда қаласындағы “Сыр балажан” балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқардым. Осы кезеңдерге ешқандай еңбек демалысына, ақысыз демалыстарға шықпай жұмыс атқардым. 2018 жылдың 1 маусымында өз еркіммен жұмыстан шықтым. Дегенмен, маған ешқандай есеп айырысу жүргізілген жоқ. Балабақша басшылығынан сұрағанымызда есеп айырысамыз деген болатын. Осы уақытқа дейін еш нәтиже жоқ. Мен енді қандай әрекет жасай аламын. Жалпы есеп айырысуды талап еткенім заңды ма? Менің осы мәселемді шешіп беруге ықпал етуіңізді сұраймын.

Ердәлі Лилия Категория Жалпы мәселелер Дата: 29.01.19

Вопрос:

Қызылорда облысы "Қазалы аудандық білім бөлімінің Абай атындағы № 90 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы болып қызмет атқарудамын. Биылғы оқу жылында мектеп алдындағы дайындықты қосқанда 14 комплект сыныппен 0,5 штат кітапханашы болып жұмыс атқарып жүрмін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім беретін мектептердегі кітапхана қызметкерлері бар білім беру ұйымдарының штат бірліктеріне мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірліктерінің саны 14-16 болғанда 1 (бір) штат кітапхана меңгерушілік болуы тиісті делінген. Қазалы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 77 қаулысын басшылыққа алып неге 1 (бір) штат кітапхана меңгерушісі штатымен айлық жалақы төлемей отыр. Кітапханашы мамандығымен 8 жыл еңбек өтілім бар. Осы сұрағыма нақты жауап талап етемін. Заңдылыққа сәйкес жауап берсеңіз.Рахмет.

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 21 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.
Жұмыскерге еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары Кодекстің 28 бабының 1 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының мазмұнында көрсетілуі тиіс.
Кодекстің 23 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Яғни, жұмыс беруші Сізге еңбек шартында көзделген шарттарға сәйкес, атқарып  отырған лауазымыңыз бойынша еңбекақыңызды төлеуге міндетті. 
Жалпы білім беретін мектептерде «кітапхана меңгерушісі» лауазымының штат бірлігі ҚР Үкіметінің 30.01.2008ж. №77 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының» (ары қарай – Үлгі штаттары) 2 тармағына сәйкес, мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай айқындалады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде бір бірлік «кітапхана меңгерушісі» лауазымын штатқа енгізу үшін оқу орнындағы мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) саны 14-16 аралығында болуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде жұмыскерлердің штат бірліктерінің саны жұмыс берушімен бекітіледі.
Сондықтан, жалпы білім беретін мектептерде «кітапхана меңгерушісі» лауазымының штат бірлігін енгізу мәселесін жұмыс беруші білім саласындағы уәкілетті басқарушы орган арқылы анықтап, шешуі тиіс.
Кодекстің 23 бабының 1 тармағының 1 және 2 тармақшаларына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне және жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға құқылы.
Сондықтан, Сіз жұмыс атқаратын мектептің штаттық кестесіне «кітапхана меңгерушісі» лауазымының штат бірлігі енгізілген жағдайда, ол лауазымға жұмыскерді тағайындау кезінде жұмыс беруші өзінің таңдау еркіндігі мен жұмыскермен жасалған еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын пайдалануға құқылы.
Кодекстің 33-бабының 2 тармағына сәйкес, еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.
Сондықтан, Сізбен жасалған еңбек шартына қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі туындаған жағдайда, жұмыс берушімен Кодекстің 33-бабының 2 тармағында көзделген талаптар сақталуы тиіс.
 

КАЛЫШОВА ЖАЗИРА Категория Жалпы мәселелер Дата: 13.11.18

Вопрос:

Мен білім саласында 2011 ж шілде айынан бастап жұмыс жасаймын. 2011-2012, 2012-2013, 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016, 2016-2017 жылғы еңбек демалыстарымды алдым. 2017 ж 1 наурыз - 5 шілде аралығында декреттік демалыста болдым. Осы жылдың 5 шілде - 11 тамыз аралығында еңбек демалысында болдым. 2017 ж 11 тамызынан 2018 ж 15 қыркүйегіне дейін ақысыз күнде болдым. 2018 ж 15 қыркүйегінен бастап жұмысқа қосылдым. Сізге сұрағым, 2018 ж еңбек демалысымды осы жылдың ішінде алуыма бола ма? Алған жағдайда материалдық төлем толық төленеді ме? Заңдылыққа сәйкес жауап берсеңіз, рахмет!

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасы Сіздің вэб-портал арқылы келіп түскен еңбек заңнамасын түсіндіру туралы cауалыңызды қарап, ҚР Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) талаптарына сәйкес төмендегіні түсіндіреді: 
Кодекстің 92-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осы баптың 2-тармағына сай, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Сонымен қатар, Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт және жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Яғни, 07.2017-07.2018ж. жұмыс жылы кезеңі аралығындағы 11.08.-15.09.2017ж. бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақыты еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне кірмейді.
Сондықтан, 07.2017-07.2018ж. жұмыс жылы кезеңінің 5.07.-11.08.2017ж. аралығындағы кезеңге еңбек демалысы пропорционалды түрде есептеліп, берілуі тиіс.
Сондай-ақ, Кодекстің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының (ары қарай - Заң) 13-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.
Сондықтан хатыңызда көрсетілген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген жағдайда, жұмыс берушімен материалдық көмек көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз.
 

Абылайұлы Әділбек Категория Жалпы мәселелер Дата: 01.10.18

Вопрос:

Менің жолдасым Сахи Райхан жоғары категориялы ұстаз,бір орнында ,бір мектепте 35 жыл балаларды география биология пәні бойынша білім нәрімен сусындатып келеді.Биыл 20 маусымда 58 жасқа толды,өзгеріске байланысты 6 айға ұзартылғанмен 01 қаңтар 2019 жылы еңбек демалысына шығады деп отырмыз. Сондықтан,Сіздерден сұрайтыным: 20 маусымнан кейін екі жарым ай кезекті еңбек демалысында болды.Осы кезекті еңбек демалысында болған күні 6 айға ұзартылған күн есебіне кіре ме?...Сонымен қатар Мектеп басшылығымен жасалған келсім шартта оқу жылын аяқтап шығу айтылған.Зейнет жасына толғанда қанша уақытқа дейін жұмыс істеуге болады.Мектеп басшылығы зейнет жасына толғаннан кейін,қай уақытта жұмыстан босатуға құқылы?...

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай-Кодекс) 52-бабының 1 тармағының 24 тармақшасына сәйкес, жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Кодекстің 53-бабының 9 тармағына сәйкес, осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
Кодекстің 96-бабының 2 тармағына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
 

Изтилеуова Айгерим Категория Жалпы мәселелер Дата: 25.04.18

Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Мен Әйтеке би кентіндегі аудандық емханада 2011 жылдың ақпан айынан бастап мейіркеш болып жұмыс жасаймын. 2011-2012, 2012-2013, 2013-2014 ж.ж аралығында ақпан айында кезекті еңбек демалысымда алдым, 2014 -2015 ж сәуір айында, 2015-2016 ж ж желтоқсан айының 5 жұлдызынан қаңтардың 29 жұлдызына дейінгі аралықта кезекті еңбек демалысымда алдым. 2017 жылдың 30 қаңтар айынан бастап 2017 жылдың 31 тамыз айына дейін декреттік демалыста отырдым. 2017 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап жұмысқа қосылдым. Ендігі сұрағым: Маған 2016 ж ақпан айынан 2017 ж ақпан айына дейінгі кезекті еңбек демалысымды беруге тиісті ме?

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасы Сіздің вэб-портал арқылы келіп түскен еңбек заңнамасын түсіндіру туралы хатыңызды қарап, ҚР Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) талаптарына сәйкес төмендегіні түсіндіреді: 
Кодекстің 92-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осы баптың 2-тармағына сай, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Сонымен қатар, Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт және жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Сондай-ақ, Кодекстің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілуі мүмкін.
Басқарманың вэб-сайтына жазған сұрағыңызда көрсетілген жағдайда,  2016 ақпай айы мен 2017 ақпан айы аралығына жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған уақытыңыз (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша) және  нақты жұмыс істелген уақытыңыз (жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының еңбек өтіліне қосылады.
Сондықтан, 2016-2017 жылдарғы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілі аралығына Сізге еңбек демалысы нақты кезең үшін берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа  шағымдануыңызға құқылысыз.
 

Алиевна Айжан Категория Жалпы мәселелер Дата: 01.02.18

Вопрос:

Саламатсызба? Менің сұрағым бала күтіміндегі қызметкердің орнында уақытша жүрген адам кезекті еңбек демалысын ала аладыма. 2016-2017 жылға еңбек демалысын кім алады уақытша жүрген қызметкер ме алде бала күтіміндегі демалыстан шығатын қызметкер аладыма.

Ответ:

Кодекстің 92-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осы баптың 2-тармағына сай, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Сонымен қатар, Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт және жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Сондай-ақ, Кодекстің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілуі мүмкін.
Сондықтан, 10.01.18ж. сұрағыңызда көрсетілген жағдайда, жұмыс беруші уақытша еңбек қатынасында тұрған жұмыскерге 2016-2017 жылдар аралығына  еңбек демалысының жұмыс жылы кезеңі ішінде, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын демалыс кестесіне сәйкес немесе кестеден тыс тараптардың келісімі бойынша берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз.
 

Омарова Перизат Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 12.01.18

Вопрос:

Мен Омарова Перизат Тереңөзек кентіндегі Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Маған төмендегі мән-жайды анықтап беруіңізді сұраймын. Мәншүк Мәметова атындағы Гуманитарлық колледжінің «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша 2009 жылы бітіріп шығып 2012 жылы 7 ақпанда Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп – лицейіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. 2012 жылдың маусым айында өзім декреттік демалысқа шықтым. Сол уақыт аралығында Болашақ университетінің «Педагогика және психология» мамандығын 2013 жылы 01 шілдеде бітіріп шықтым. 2016 жылы 11 сәуірде декреттік демалыстан кейін жұмысқа қайта шықтым. Осыған орай, менің еңбекақымды қазіргі уақытқа дейін орта дипломмен яғни «Бастауыш сыныптарды оқыту» бойынша төленіп жатыр. Сіздерден сұрайтыным еңбекақымды жоғарғы оқып шыққан «Педагогика және психология» дипломымен қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төленуі тиістілігін жазбаша түрде анықтап беруіңізді сұраймын. Дегенмен 2016 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін орта білім бойынша дипломмен жалақы төленіп келеді. 1. Сондықтан жоғары білім бойынша төленуі тиіс па? 2. Төленуге тиіс болған жағдайда осы уақытқа дейін төленбей келген жалақыдағы айырмашылықты өндіріп алуға болады ма?

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 101-бабының 8 тармағына сәйкес, жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 13.07.2009ж. №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының (ары қарай - Сипаттама) 1 тарауының 1 тармағына сәйкес, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеуге негіз болады.
Сипаттаманың 4 тарауының білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптарына сәйкес, біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Яғни, бастауыш сынып мұғалімінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеуге негіз болатын  үлгілік біліктілік сипаттамасындағы біліктілікке қойылатын талаптарында тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 32 тармағына сәйкес, білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіреді.
Сондықтан, арызда көрсетілген «педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білім туралы дипломыңыз  бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім болып саналатындығы немесе саналмайтындығы туралы тиісті түсіндірмені білім саласындағы уәкілетті орган арқылы (Облыстық білім саласындағы бақылау департаменті) алуыңызға болатындығын түсіндіремін.
Кодекстің 107-бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленеді.
Осы баптың 5 тармағына сәйкес, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
Егер де, Сіздің біліктілігіңіз бастауыш сынып мұғалімінің лауазымдық нұсқаулығындағы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушіден аталған лауазым бойынша тиісті еңбекке ақы төлеуді талап етуге құқылысыз.
 

Жанабаева Лаура Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 15.08.17

Вопрос:

Мен Л.К.Жанабаева Достар Мед Line клиникасында окушер лауазымындағы қызметті 04.07.2016 жылдан бастап атқарылып келемін. Кезекті еңбек демелысына 02.05.2017 -30.05.2017 ж аралығында шыққан болатынмын. Алайда төленгегн телемақыға қанағаттанбаймын. Осы жөнінде нақты біліп, заңдылығын тексеріп беруіңізді сұрймын!

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасы Сіздің 2017 жылдың 10 шілдесіндегі өтінішіңізге сәйкес, «Достар Мед Line» клиникасына байланысты 2017 жылдың 4 шілдесінде Басқарманың веб-порталы арқылы келіп түскен, еңбек демалысының тиесілі өтемақысына қанағаттанбайтындығыңыз жөніндегі арызыңыз қараусыз қалдырылғандығын хабарлаймын. 
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.
 

Куанбаева Бакытгуль Категория Бiлiм Дата: 03.03.17

Вопрос:

Мектепте бағдарламашыларға жоғары біліктілікті кім береді? Болмаса арнайы біліктілікті арттыру орындарынан өту керек пе? Осы сұрақпен қайда барамыз?

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы Сіздің мемлекеттік еңбек инспекциясының вебпорталына жолдаған «мектепте бағдарламашыларға жоғары біліктілікті кім береді» деген сауалыңызды ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасына  түсіндірме беру мақсатында қатынас хат жолданған болатын. 
Жоғарыда аталған басқарма, өзінің 2017 жылғы 01-наурызындағы №ВП-3 санды шығыс хатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес жалпы орта білім беру мекемелерінің бағдарламашылары педагог қызметкерлер қатарына жатпайтындығын, сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №123 «Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің қызметтік реестрін бекіту туралы» Бұйрығында, «С» блогының «С2» және «С3» байланысында көрсетілгендей бағдарламашылар техникалық қызметкерлер қатарында екендігін, осыған сәйкес жалпы орта білім беретін мекемелердің бағдарламашыларына айлық жалақы біліктілік санаты бойынша төленбейтіндігін хабарлайды. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігі түсіндіріледі.
 

Беттер

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика