ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Басқарма: 
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Сұрақтар

Алдан Светлана Категория Жалпы мәселелер Дата: 17.03.17

Вопрос:

Салеметсиз бе Бахыт Дуйсенулы! Мен 2010 жылы С.Сейфуллин атындыгы Агротехникалык университетти Агороинженерия мамандыгы бойынша битирип, 2015 жылы Коркыт Ата атындагы КМУ-нен Аграрлык техника жане технология мамандыгын битирип, Ауылшаруагылыгы гылымдарынын магистри дарежесин алганмын. Отбасым бар, осы каланын тургынымын. Сизден сурарым озиниз басшылык етип отырган баскарманызга туракты жумыска алсаныз екен.Мамандыгым бойынша жумыс жасагым келеди.Жумыспен камту орталыгында менин мамандыгыма ешкандай сураныс жок екен, ол жакта да бираз уакыттан бери тиркеудемин. Жумыс жасаймын деген жас маманга колдау корсетсениз екен. Рахмет.

Ответ:

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Сіздің мамандығыңыз бойынша қалалық және барлық аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне, сонымен қатар бірнеше ауылшаруашылық құрылымдарына қазіргі таңда бос жұмыс орындары туралы ақпарат сұратылып, хабарлама хат жіберілген болатын. Алайда, сұранысқа сәйкес жоғарыда аталған мекемелер бойынша бос жұмыс орындарының жоқ екендігі туралы ақпарат келіп отыр. 
Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша бос орындардың жоқ екендігін ескерте отырып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарлама аясында Сізді қоғамдық жұмысқа қабылдауға және қалалық жұмыспен қамту орталығына "жұмыс іздеуші" ретінде тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 13,14 - баптарына сәйкес, тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналастыруына және ай сайынғы өткізілетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» қатысып, тұрақты жұмысқа жолдама алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Сондай-ақ, басқарма тарапынан бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар пайда болған жағдайда жергілікті басылымдарға (Сыр бойы және Кызылординскии вести газеттері), басқарманың және уәкілетті органның интернет-сайтына жарияланып отырады.
Мемлекеттік қызметке тұру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес тестілеуден өтіп, бос мемлекеттік қызметке арнайы конкурсқа қатысу тәсілімен конкурстық комиссияның шешімі негізінде жұмысқа қабылдануға болады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңына сәйкес, берген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда құзырлы органдарға шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлайды.
 
Қуандықова Айдана Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 08.01.16

Вопрос:

Сәлеметсіздер ме? Мен ҚазМемҚызПУ - дың. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша үздік дипломға 2015 жылы аяқтадым. Осы аталған мамандығым бойынша "Диполмен ауылға" атты арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға болады ма?

Ответ:

Құрметті Қуандықова Айдана!

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Сіздің басқарма басшысының веб-порталдағы блогы арқылы  жолдаған сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлайды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына  және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шарасын ұсыну Қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Аталған қаулыға сәйкес «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен» мамандарына әлеуметтік қолдау шарасы (бір жолғы көтерме жәрдемақы, тұрғын үй несиесі) беріледі.

«Дипломмен ауылға!» жобасында жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылмаған, жұмысқа орналасқан мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.

Мамандығыңыз бойынша ауылдық елді мекенге жұмысқа орналасқан жағдайда, әлеуметтік қолдау шараларын алуға құжаттарыңызды тиісті аудандық немесе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне тапсыруыңызға болады. 

Ботабаев Габит Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 05.03.15

Вопрос:

Құрметті басқарма басшысы! Мен Ботабаев Ғабит 2013 жылы ҚызМУ-дан зейнетке шыққан ауылшаруашылығы маманымын.Зейнетке шыққанға дейін Ғылымда (КазНИИ рис), Шаруашылықтарда бас агроном (Аманкелді және Қаракөл совхоздарында), және Жоғарғы оқу орнында (КИИАП, ҚызМУ-да) жұмыс атқардым. Бір сөзбен айтқанда Ауылшаруашылығы саласында теориялық, эксперимерименталдық және практикалық салаларында қызмет атқарған , тәжірибе жинақтаған өз саламның қас шеберімін десем жаңылыспаймын. Оны жоғарыдағы істеген қызметтерім дәлелдейді. Сізден сұрайтыным: 2014 жылы ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев халыққа жолдаған өз жолдауында ұсақ ауылшаруашылық өндірушілерді қолдауға арналған ауылшаруашылығы дамыған шетелдің барлығында бар (Германия,Голландия, КАНАДА, ақш Т.Б.) ФЕРМЕРЛІК КООПЕРАЦИЯ құру туралы айтып кетті. Сондықтан менде осы идеяны іс жүзіне асыратын "Асар-Мақпалкөл" атты СТК бар. Сол мәселе жөнінен облыстың құзырлы мекемесінің басшысы ретінде алдымен сізбен пікірлесіп және пікіріңізді біліп сосын барып Облыс әкіміне шығуды жөн көріп отырмын.Сондықтан осы мәселе бойынша өзіңіздің жеке қабылдауыңызда болу үшін жеке қабылдаыңызға қабылдаыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Ғабит мырза! Сіздің, ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде  ірілендіру жөніндегі мәселеге байланысты төмендегіні жеткіземіз.

Расында, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өңірімізде өндірілетін сүт, ет, картоп, көкөніс өнімдерінің басым бөлігі жеке қожалықтар мен кіші шаруа қожалықтарында өндіріледі. Осы басым өндірісті  бір жүйеде қалыптастыру үшін кооперативтерді құру жөніндегі ұсынысыңыз қошталады.

Қызылорда облысында 2004-2006 жылдары барлығы 160 селолық тұтынушылар кооперативтері (СТК) құрылғандығы Өзіңізге жақсы белгілі. Осы СТК-дің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бюджеттен тыс қорлардан  259,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға олар өздеріне бірінші кезекте қажет етілетін ауылшаруашылығы техникаларын алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қахақстан халқына арнаған жолдауында «Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн» тапсырған болатын. Елбасының осы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2014 жылдың 6 тамызында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ауылшаруашылығы саласындағы ұсақтауарлық мәселесін шешу үшін «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» жаңа заң жобасын әзірленетін болды.

 Осы орайда, ауыл шаруашылығы саласын кооперацияландыру мақсатыда дамыған елдердің озық тәжірибелерін енгізуді қолға алынуда. Атап айтқанда экономикалық әлеуметтік даму ұйымының Фрациядағы сарапшылары, үстіміздегі жылы  бірнеше мәрте біздің облыста болып, облыс әкімдігі мен облыстық СТК ассоциациясы басшылығымен, қаржы институттарның өкілдерінің қатысуымен кездесіп, кооперативтері дамыған елдердің тәжіриебиелерін кеңінен таратты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қазан айында бірқатар мамандар, құрамында біздің облыстың мамандары Италияның Тренто провинциясына іс-сапарға барып, ондағы ұйымдастырылған кооперативтердің жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.

Сөйтіп, Заң жобасы ағымдағы жылдың 10-на және 13 қарашасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың төрағалығымен  ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен, облыстардың әкімі орынбасарларының, басқа да қатысты лауазымдардың  қатысуымен өткізілген мәжілісте «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы талқыланды.

Осы қабылданатын заңда кооператив мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке тұлғалар мен (немесе) заңды тұлғалардың ерікті түрде ұйымдасуынан құрылған заңды тұлға болып саналады.

Кооперативке ерікті түрде қатысу мен кооперативке кіру мүмкіндіктері, кооператив мүшелеріне өзара көмек пен экономикалық пайдасының болуы, кооператив мүшелерінің теңдігіне негізделген демократиялық басқару: бір мүше – бір дауыс, кооперативтің тауар өткізуі, өз мүшелеріне жұмыс пен қызметті өз бағасында беру, өз мүшелеріне кооператив қызметінің айқындылығымен қамтамасыздандыру ауыл шаруашылығы кооперативінің басты қағидалары болады.

Қабылданатын жаңа заңда, ауыл шаруашылығы кооперативі коммерциялық ұйым болғандықтан сәйкесінше кооператив  табысы оның мүшелері арасында жарғы капиталында көрсетілген немесе кооперативтің шаруашылық қызметіне қатысуына байланысты пропорционалды бөлінеді.

Аталмыш заң қабылданумен бірге, ауыл шаруашылығы кооперацияларына мемлекеттік қолдау шараларын күшейтуге,  салық жеңілдіктері,  көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімі кеңейту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады. 

Категория Жастар саясаты Дата: 11.02.13

Вопрос:

сәлеметсіз бе?неше күннен бері барлық жереге хат жазып та,қоңырау шалып та болдым...хаттарым жауапсыз,қоңырауларым басқа жақты сілтеумен қалып жатыр...ешқандай қиын мәселе де емес,тек қарапайым ғана сұрақ...дипломмен ауылға бағдарламасы жөнінде.Педагогика ғылымдарының магистрымын,енды карьералық сатымды ауылды жерден бастағым келген, өзімнің аз да болса үлесімді қосып,бала күнгі арманымды орындағым келеді...бірақ қазіргі таңда бұл бағдарлама бар ма,өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айында тоқтатпайды және үйге қатысты пайызы аз несиелердің реті қандай ,тек 100 мың + 900 мың ғана ма,ауылды жерде үйінді қамтамасыз ете алама бұл сумма деген сияқты т.б осы бағдарлама қатысты сұрақты кімге қойып,жауабын кімнен алуға болады?Әлде біздің облысымызда бұл мәселе қарастырылмайды ма?облыстық бірнеше мекемеге хабарласып,қанағаттанарлық жауап ала алмадым.бағдарлама мәселелерін толық игерген маман жоқ па әлде бізде?Өтініш,маған нақты қай бөлімге хабарласу қажеттігін айта аласыздар ма?интернеттен қарағанымда сіздерге де қатысы бар деп еді...Сіздердің бір бөлімшелеріңізге хабарласқанымда менің жұмыс орнымды,орным кімдікі екенін,декреттегі адамның орныма ,бос қалама деген сияқты сұрақтар қойып кетті. Бірақ мен орныма басқа маман іздеп емес, өзіме қажет мәселемен хабарластым.Әлде бұл сұрақтарсыз менің жауабыма сұрақ табылмайды ма? Қазіргі жұмыс орнымда артық проблема болғанын қаламаймын,себебі бағдарлама шарттары ұнамаса , осы жақта жұмыс жасауды жалғастыра беретінім белгілі.Сіздерден жауап болады деп үміттенемін!!!!

Ответ:

Құрметті Анел  Саттарбекқызы !!!

xОблыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Сіздің 2013 жылғы 23 қаңтардағы Веб-порталға жолдаған сұрағыңызға «Дипломмен ауылға» бағдарламасының облыс бойынша әкімшісі ретінде төмендегідей жауап береді.

Аталған бағдарлама бойынша Елбасы Н. Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес  республика көлемінде 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды тарта отырып, оларды ынталандыру және сонда тұрақтандыру болып табылады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009 жылдың 18 ақпанында ҚР Үкіметінің №183 Қаулысы қабылданып, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі» бекітілді.

Сонымен қатар 2012 жылдың 1 ақпанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы   8 шілдедегі №66 заңына өзгеріс енгізіліп, 2012 жылдан бастап ветеринария мамандарына да әлеуметтік қолдау көрсетілетін болды.

Сондай-ақ «Тұрғын үй сатып алумен» қатар «Тұрғын үй салу» үшін де бюджеттік несие берілуге көзделіп, жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаның талаптары мен ерекшеліктері аталған қаулыда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарды жұмысқа орналастыру қарастырылмаған.

Қаулыға сәйкес маманның өзі ауылдық елді мекенге жұмысқа орналасады және кемінде 5 жыл ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге міндеттеме қабылдауы міндеттелген. Жұмысқа уақытша қабылданған мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілмейді.

Сонымен бірге, ауылдық елді мекенге оранласқан әрбір әлеуметтік сала мамандарына жас мөлшері шектелмеген, яғни оқу орнын бітірген маманға мемлекеттен бөлініп берілетін  көмекке ие бола алады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман қай ауылға жұмысқа орналасады, сол ауданның бағдарлама әкімшісі аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне  барып  төмендегі құжаттарды тапсырады.

1.     Бекітілген ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.

2.     Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3.     Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі.

4.     Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай  анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдіктің анықтамасы).

5.     Білімі туралы дипломының көшірмесі (еңбек өтілі жоқ тұлғалар үшін).

6.     Салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі.

7.     Әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігінің көшірмесі.

8.     ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала шарт.

Аталған бағдарлама бойынша барлық аудандар мен Қызылорда қаласындағы құрылған тұрақты Комиссия мүшелері құрылған.

Комиссия мүшелері құжаттар келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде құжаттарды қарап, маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге әкімдікке ұсыным жасайды. Ұсынымдар келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылданады.

Қаулы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде Әкімші мамандармен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.

Келісім жасалғаннан кейін:

1.Әкімші жеті күннің ішінде маманға берілетін көтерме жәрдемақыны жеке есеп шоттарына аударады.

2.Отыз жұмыс күн ішінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен маманға тұрғын үй сатып алуға кредит береді.

Биылғы жылдан бастап бір жолғы көтерме  жәрдемақы 1 маманға 121170 теңге, ал тұрғын үй сатып алу үшін 2 596 500 теңге көлемінде берілетін болды.

Қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің телефондары:

1.     Арал ауданы – 872433 21457

2.     Қазалы ауданы – 872438 21260

3.     Қармақшы ауданы – 872437 21244

4.     Жалағаш ауданы – 872431 31870

5.     Сырдария ауданы – 872436 79103

6.     Шиелі ауданы – 872432 42150

7.     Жаңақорған ауданы – 872435 22308

8.     Қызылорда қаласы – 278389

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша басқарма тарапынан  толық қанағаттанбасаңыз құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика