ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Облыс әкімі Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлының блогы

Құрметті оқырмандар!

Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталына қош келдіңіздер!

 

Сыр өңірі - Алашқа ана, талайға пана болған, ұлы ойшыл Қорқыт Ата дүниеге келген, ежелгі шығыс өркениетінің орталығы, түркі мәдениетінің алтын көмбесі болған қасиетті мекен!
Сыр өңірі - адамзаттың Айға ұшар арманы орындалған, әлемдік зерттеулерге жол ашқан өміршең өлке! 
Тәуелсіз Қазақстанның сындарлы мемлекеттік саясатының арқасында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл сайын артып келеді. Аймағымыз өсіп-өркендеудің жаңа белесіне шығып, аграрлық өңірден индустриялық-аграрлық өңірге айналды. Білім, денсаулық салалары жанданып, мәдени, рухани тұрпаты жаңарды. Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала салынып, ел қоныстануда.
Осы орайда, жаңа технологиялар ғасырында интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасақталған ресми-порталдан Қызылорда облысының күнделікті тыныс-тіршілігі, даму тенденциялары туралы маңызды мәліметтерді таба аласыздар.
Портал - оқырман сұранысын толықтай қанағаттандырып, рухани қажеттіліктеріңізді жедел ақпаратпен қамтамасыз ететін сенімді серіктеріңізге айналады деген сенімдеміз.
 
Басқарма: 
Облыс әкімі
Лауазымы: 
Аким

Сұрақтар

Беттер

Узакова Баян Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 31.07.19

Вопрос:

Свламатсыз ба?Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша мектептен жұмыс іздеймін, осы сауалына өзіңізден тікелей жауап алғым келеді.

Ответ:

Құрметті,Баян Болатқызы! 
Сіздің облыс әкімінің веб-порталына  жұмысқа орналастыру туралы жазған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні білдіреді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағында білім беру ұйымдарының кадрларды іріктеу мен орналастыруда дербестігі көрсетілгендіктен, кадр маманын іріктеу бөлімге қарасты әрбір білім беру ұйымдарының құзырында.
2018 жылдың қараша айынан бастап білім беру ұйымдарында жарияланған бос орындардың (педагог қызметкерлер) бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру мақсатында «jumys.sitcen.kz» жүйесі іске қосылды. 
Бөлімге қарасты мектептерде «jumys.sitcen.kz» жүйесі арқылы салынған бос жұмыс орындарының мәліметі мен конкурс нәтижесі бойынша енгізілген мәлімет «enbek.kz» сайтында, яғни еңбек биржасында автоматты түрде бір мезетте екі сайтқа жарияланатын болады.
Жүйеде жаңа вакансия жарияланады, өтініштер қабылданып, жұмыс іздеушілердің деңгейі тест арқылы тексеріліп, конкурстық комиссия арқылы әңгімелесу өткізіледі. Барлық кезеңдерден өткен соң, жүйе жеңімпазды анықтайды. 
Осы жүйе арқылы Сіз әділ түрде жұмысқа кабылдана аласыз.
Өтінішке сәйкес, берілген жауаппен келіспеген жағдайда қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары тұрған немесе басқа да уәкілетті органдарға (оның ішінде сот органдарына) шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға  ұсынамын.

Нуржанова Мария Категория Жалпы мәселелер Дата: 26.07.19

Вопрос:

Салеметсизбе Аким мырза.Мен жалгызбасты анамын.Еки баламмен патер жалдап турам.Бурыннан жазып жатырм маган уакытша туратын болса да патер тауып беруинизди сураймын.Мен неше жыл болды уакытша патер болсада бериниздерш деп сурап жатканыма,уйге келеди де кагаз толтырады да кетеди.Менин маселемди карауынызды сураймын.Патерге акша толей толей киналып кеттим.Далабаевтын алдынада бардым уакытша туратын уй болсада бериниз деп.Оданда хабар жок.Сизден жаксы жаналык естим деген ойдамын.

Ответ:

Сіз, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй алу кезегіне 2017 жылғы 2 мамырдағы  арызыңыз бойынша халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз тобына тіркелгенсіз. Кезегіңіздің реттік саны –8352.                                          
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.                            
Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің  де  басым  құқығы  болмайды.
Бүгінгі күнге қалалық коммуналдық меншікте бос тұрған пәтерлер мен жатақханалардың жоқ болуына байланысты, уақытша тұратын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқ екендігі хабарланады.   
Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылатын «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
Осы Бағдарламасы аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО)  бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның шартына сәйкес, үш категория бойынша әлеуметтік аз қамтылған төмендегі  отбасылар кіреді: 
1) көп балалы отбасылар;
2) толық емес отбасы (ресми ажырасқан уақыты 3 жылдан асқан болса); 
3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Несие мөлшерлемесі барлық 19 жылға 2%-бен беріледі.
Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа  шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.       
 

Акишев Канат Категория Құрылыс Дата: 26.07.19

Вопрос:

Құрметті облыс әкімі. Мен Сіздің блогыңызға басқаша мәтінде сұрақ қойған болатынмын. Ішінде көше мен көлшікті көму және Сіздің қабылдауыңызға жазылу болатын. Алайда менің қойған сұрағымды бұрмалау арқылы басқаша мәтінде жазылып жауап берулген. Сіздің халықтан түскен арыз шағымдарды қатаң бақылауда ұстаңыздар деп берген тапсырмаңыз дұрыс орындалмай жатыр. Жауап беретін тұлғалар жәй қарастырылып жатыр деген жауап қайтарылады. Кеше 25.06.2019 жылы кешке Қала әкімдігінің маманы телефон арқылы сөйлескенімде Қызылжарма көлінің қайда орналасқан жерінде білмейтіндігі байқалды. Қанша жазсақта әлі күнге дейін нақты жауап бермей келеді. Әл Фараби ауданына еш қаражатта көңіл де бөлінбейді әкімшілік тарапынан. Тағы бір айтатын жай Сағымбаев көшесіне Светлый каналынан әрі қарай көше бойына жарық шамдары қойылса, себебі кун батса қаалада емес трассада кетіп бара жатқандай көрінеді.

Ответ:

Қызылорда қаласы, Сағымбаев көшесіне мамандар тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған көшеге жарық бағаналарын орналастыру жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындауға ұсынылатын көшелер тізіміне енгізілді.
Қазіргі таңда қаламыздың Сәулет мөлтек ауданындағы көлшіктерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім дайындалған болатын.Бұл жобада сіз сұратқан Қызылжарма көлшігі жоқ екендігін назарыңызға жеткіземіз. Аталған жоба қолдау тапқан жағдайда, қаламыздың өзгеде мөлтек аудандарында орналасқан көлдерде жоспарда бар екендігін хабарлаймыз.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғарғы органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіріледі.
 

Мейрманова Марина Категория Жалпы мәселелер Дата: 22.07.19

Вопрос:

Саламатсызба. Құрметті Қырымбек Елеуұлы. Гагарин кентінің тұрғынымын. Есімім Марина. Жасым 41 де. 3 баланың анасымын. 1 балам инвалид с детства. Уйім апаттық жағдайда 1960 жылдары салынған үй. Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкінде шот ашылған. Бақытты отбасы жобасы бойынша пәтерге қол жеткізе аламын ба? Соған рұқсат беруіңізді өтінемін. Жауабын күтемін. 8 705 231 8143

Ответ:

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сізге Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 2019 жылғы 26 наурыздағы арызыңызға сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына (мүгедек бала асыраушы ретінде) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тіркелгендігіңізді хабарлайды. Қазіргі таңда кезегіңіздің реттік саны - 9745.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.   
Сондай ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, өзге азаматтардың басымдық құқығы болмайды.
Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын ұдайы жаңаланып, орналастырылады.  
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2012-2017 жылдар аралығында жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. 
Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылатын «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
Осы Бағдарламасы аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру  жариялауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның шартына сәйкес, үш категория бойынша әлеуметтік аз қамтылған төмендегі  отбасылар кіреді: 
1) көп балалы отбасылар;
2) толық емес отбасы (ресми ажырасқан уақыты 3 жылдан асқан болса); 
3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Несие мөлшерлемесі барлық 19 жылға 2%-бен беріледі.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.
 

Ділдаева Айгүл Категория Жалпы мәселелер Дата: 22.07.19

Вопрос:

Салиметсизбе? Қырымбек Көшербаев мырза менің өтінішім туған апкем 4 баласына 21 000 атаулы әлеуметтік көмекті алалмай отыр күиеуіде өзіде жұмыссыз қоғамдыққа 2ай істеді тоқтап қалды балалар арналған тиесілі ақшасын алалмаи жүр барса күнде ертеңге шегеріп басқа жұмысы бар үиі бар адамдар алып жатыр алды 3ші айын алып жатыр екен 2ай болды өткізген документке ауылдан ауданға бармай жатыр неістеуге болады бала-шағаға тиесілі ақшасынан қағылып отыр Мария апайдың алдына барғысы келмеи шарасыз жылап отыр апкем елдің алған тиесілі ақшамдыда алалмадым деп. Бір көмегіңізді бере аласызба өтініш 4бала үшін жазып отырмын өзімде жалғыз басты анамын қызыма өтпейді деп қайтарды. Өтініш айтып сұрасың арыздандың деп сөгеді. Амалым жоқ өтініп отырмын. Мазаңызды алсам кешірім өтінемін. Апкемнің аты Ділдаева Гүлипа телефон номері 87024288973

Ответ:

Өтінішіңізде көрсетілген Ділдаева Гүлипа Темірханқызы есімді туысыңыз «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінім беру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет.  
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-Заңының  12-бабына сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы тұрған органға шағымдануға құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.
 

Басыгараев Жандос Категория Жалпы мәселелер Дата: 15.07.19

Вопрос:

Кушербаев Крымбек Елеуович сәлеметсіз бе? Мен сізге Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылының тумасы ретінде Алматы қаласынан жазба қалдырып отырмын. Сізден сұрарым алыста жатқан Шөмішкөл ауылының жол менен газ мәселесін, сонымен қатар ауылдық әкімшілік ашу мәселесін көтергелі отырмын. Ауылымыздың халқының саны 700 ден асады, тұрғылықты халықы балық және мал шаруашылығыменен айналысады. Қысты күндері ауылдан аудан орталығына немесе Қазалы ауданына қарай қатынау өте қиын жолымыз сол баяғы саз балшықты жол. Жаңбыр мен қар жауған күндері жергілікті жердің халықының жол азабын тартқанын көрсеңіз адам шошырлықтай. Осы мәселені шешуге ат салысаныз екен және күнделікті хабардан көріп отырганымыздай казір ауыл халқы қыстық жылытуды көмір жағу арқылы жүзеге асырады, бұл жағдай да ел халқын біраз қиналдырады. Атап айтқанда, әр маусым сайын көмірді алу бағасы мен ауылға дейінгі тасымалдануы өте жоғары бағаға жеткізіледі. Осы себептен де ауылымызға газ тарту мәселесін реттеуге бастама берсеңіз екен. Ауылдастырамыздың айтуы бойынша газ құбыры ауылымыздан 40 шақырым аралығында өтіп жатқан көрінеді. Енді ең маңызды мәселеге тоқталсам, ол ауылымыздан әкімшілік ашылуына мұрындық болсаңыз екен. Себебі халық саны 700 ден асады. Әкімшілік ашылса әлеуметтік маңызы бар мәселелер шешіледі деген ойдамын. Осы айтылған мәселелерім шешілу деңгейінде ма екен, шешілетін болса қай уақыт аралығын қамтиды, алде мүлдем басталмаған мәселелер ма осыны білгім келеді. "Ауылым алтын-бесігім" бағдарламасы бойынша ілінеді ме екен. Мен бірнеше рет жазған хатым бойынша алған жауабым төмендегідей бірақта әлі күнге ауылымызға ешқандай жұмыстар жасалмады. Алған жауабым осы: Жол мәселесі бойынша, 2017-2018 жылдары аудандық маңызы бар «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би (23 шқ)» автомобиль жолына орташа жөндеу, «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (6,4 км)» автожолға күрделі жөндеу жұмыстары басталса, биыл қаржының бөлінуіне қарай осы басталған жобаларды аяқтап, пайдалануға беру жоспарымызда бар. Сондай-ақ, Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің бойына қалқымалы көпір (понтонный мост) салынып пайдалануға берілді. Ал, Сіз қозғап отырған Шөмішкөл елді мекеніне барар жолдың алдымен құжаттарын әзірлеп, заңдастыру қажет. Аталған жолдың жер актісі мен техникалық құжаттары дайын болғаннан кейін, жөндеуді қажет ететін автожолдардың тізіміне енгізіп, жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін аудандық, облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныстар енгізілетін болады. Дегенмен, аудан көлеміндегі осындай жолға байланысты проблемалық мәселелер аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. Газ мәселесі бойынша, 2015 жылы Арал қаласына газдандыру жұмыстары жүргізілсе, биыл Жақсықылыш кентін газдандыруға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Ауданның басқа елді мекендеріне көгілдір отын жеткізу үшін, алдағы уақытта тиісті сала мекемелерімен бірге экономикалық тиімділігіне және бюджет қаражатының мүмкіндігіне қарай қарастырылатын болады. Зерделеу нәтижесінде, Өтінішіңіздегі ауылдық округ ашу мәселесі бойынша, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572 Заңының 11-бабының, 3) тармақшасында облыстық өкiлдi және атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызады. Кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi делінген. Ауылдық округ ашу немесе қосымша штат бірліктерін қараудың барлығы қосымша қаржыны қажет етеді. Осы ретте, Арал ауданы, Райым ауылдық округінің құрамынан Шөмішкөл елді мекенін бөліп, Шөмішкөл ауылдық округін құру қазіргі таңда қаржының тапшылығына байланысты мүмкін болмай отыр. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз құзырлы органдарға жүгінуге құқылысыз.

Ответ:

Өтінішіңіздегі мәселелер бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызында №ВП-6 санды хатпен жауап берілгендігін және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 11 бабының, 1 тармағына сәйкес (Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады) өтінішті қарау тоқтатылғандығын хабарлайды.
Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың өтінішті (арыз/шағым) қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) келіспеген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым беруге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.   
 

Нұрғалиев Нұржан Категория Құрылыс Дата: 15.07.19

Вопрос:

Ассалаумагалейкум Аль-Фараби-6 шы кошеде жол жок жанбыр жауганда уйге кирип шыгу мумкин болмай жатыр ен болмаганда тас тосеп берулеринизди сураймын.

Ответ:

Қызылорда қаласы, Әл-Фараби көшесі бойына асфальт жабындысын төсеу үшін бөлім тарапынан тізімге алынып, жоба смета құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен қаржы сұралатындығын және қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлаймыз.  
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғарғы органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіріледі.
 

Төлегенов Жомарт Категория Бiлiм Дата: 04.07.19

Вопрос:

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Қызылорда қаласы "Сәулет" мөлтек ауданында жиырма жылдан бері тұрамын.Осы мөлтек аудандағы "Мұрагер" мектебіне бірінші сыныпқа баратын ұлымды орналастыра алмай жатырмын.Мектеп директоры картаға кірмейсіңдер дейді.Қалалық білім бөліміне бар солар шешеді дейді.Ол жаққа барсам әркімнің мектепті таңдау құқығы бар біз оған араласпаймыз дейді.Сонда мен баламды қайда оқытамын.Менің де мектеп таңдауға құқым бар шығар.Және ол мектеп бірінші кезекте сол ауданда тұратын балаларды қабылдауға міндетті емес пе? Құрметті Қырымбек Елеуұлы!Осы мәселені оңынан шешіп беруіңізді сұраймын.

Ответ:

Өтініште жазылған ұлыңызды «Мұрагер» мектебіне тіркеу жөніндегі мәселе бойынша, Қалалық білім бөлімі тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізгенді.
Білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында mektep.sitcen.kz электронды жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, 2019-2020 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (1 сыныпқа қабылдау, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, лагерьге қабылдау) mektep.sitcen.kz электронды жүйесі арқылы жүргізілуде.
Бұл жүйе бойынша қызмет алушы, яғни ата-ана мектепке бармай, интернет желісі арқылы mektep.sitcen.kz электронды жүйесіне тіркеліп, жүйеде көрсетілген мектептерді таңдап, құжатын сол мектепке тіркей алады. 1 сыныпқа қабылдау қызметі бойынша мектептерде құжат жиналмайды.
Бүгінгі күні mektep.sitcen.kz электронды жүйесі бойынша «Мұрагер» мектебінде бос орын болмауына байланысты өтініш қалдыру мүмкіндігі жоқ. Осы орайда, Сіздің мекенжайыңызға жақын орналасқан №101 мектеп-лицейіне 1 сыныпқа қабылдауға өтініш қалдыруға болатындығын назарыңызға саламыз.
 

Евгений Евгений Категория Шағын және орта бизнес Дата: 29.06.19

Вопрос:

Здравствуйте! Просим прощения за беспокойство и сразу по существу. Мы, экспертная команда веб-разработчиков по CMS WordPress (эта система управления занимает 34% среди всех сайтов мира). Владеем самыми крупными сообществами по данной тематике в России и СНГ. Создаем сайты любой сложности, от сайтов-визиток до Интернет-магазинов и агрегаторов, а также продвигаем их в Google и Yandex, вне зависимости от ниши бизнеса и страны. Предоставляем весь цикл создания проекта: дизайн, верстка, программирование, создание плагинов, исправление ошибок на уже созданном сайте. Портфолио: https://one-pix.ru/m Презентация команды: one-pix.ru/doc/presentation.pdf Если Вам интересно сотрудничество, просим написать нам в ответном письме: E-mail: max@one-pix.com Надеемся на продуктивное сотрудничество! С уважением, команда One-Pix.

Бекмухамбетова Айгерим Категория Әлеуметтiк қамсыздандыру Дата: 28.06.19

Вопрос:

Саламатсызба Кырымбек агай!Менин пособияга катысты сурагым бар еди.Менин 21000 пособияга документ тапсырганыма 1 ай болды,21 кунде дайын болады деген кужаттан али хабар жок.Осы айдын ишинде 5-6рет бардым,сонда айтатындары база истемид,документ дайын емес.Менен кейн тапсыргандардын кужаттары дайын,пособия тагайындалган.Ия беретинин,ия бермитинин айтпайды,бул не деген маскара адамды сонша мазак кылып.Казир шукир интернеттин заманы,бирден интернетке шыгарып,Бердибек Сапарбаев мырзага жазгым келген,бырак улкендер биринши сизден баста дегенсон сизге жазып отырган жагдайым бар.Озим квартирада турам,3 балам бар.Сизге отиниш бир шара колданынызшы.

Ответ:

Сіз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылдың 25 мамырында өтініш білдіргенсіз. Отбасында 5 адам, оның ішінде 3 бала. Сізге 01.05.2019 – 01.05.2020 жылдар аралығына 859272 теңге шартты ақшалай көмектің ай сайынғы түрі тағайындалды. Еріңіз жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартқан, сол себепті атаулы әлеуметтік көмек тек отбасының 4 мүшесіне ғана тағайындалған. Мамыр-маусым айына тағайындалған 143212 теңге ағымдағы жылдың 01 шілдесіне дейін төленетіндігін хабарлаймын.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңына сәйкес өтінішіңіздің жауабына қанағаттанбаған жағдайда, басқа да құзырлы органдарға шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіреміз.
 

Беттер

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика