ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Лауазымы: 
Заместители акима

Сұрақтар

Нұржанқызы Дидар Категория Жалпы мәселелер Дата: 11.09.18

Вопрос:

Сәлеметсіз бе Қуанышбек Досмайылұлы. Сұрақ мынадай біз Жаппасбай батыр көшесі 16/18 тұрғынымын. Кезекпен алынған пәтер. Енді осы үйге газ қосылмаған. Газ қосу үшін біз пәтер иелері 5000(бес мың) теңгеден жинап беруіміз керек екен. Ол не үшін? Газ трубалары келіп тұр. Сонда әр пәтерге газ жалғап қосқаны үшін төлеуіміз керке пе? Келіп тұрған газды қосу олардың міндеттері емес пе?

Ағыбаева Майра Категория Мемлекеттiк органдардың жұмысы туралы Дата: 03.08.18

Вопрос:

Құрметті Қ.Д.Ысқақов мырза!.Мен үйде ұсақ сауда саттықпен айналысып өзімді - өзім жұмыспен қамтылғандардың бірі едім, Арал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы инспекторларының тексерулерінен кейін салық басқармасында тіркеуден өткізіліп "жеке кəсіпкер" деген атағына ие болған жеке тұлғамын.Адамдардың ашылған бизнесін басқа түрлерімен кеңейткісі келетіні заңдылық. Мемлекеттік қолдау арқасында кəсібімізді өрлетуге толық мүмкіндік бар. Нəтижелі жұмыспен қамтудың жəне жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты қысқа мерзімді кəсіптік оқу болып табылады. Осыған орай биыл Арал ауданында түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді кəсіптік курстар ашылды. Бизнесін кеңейткісі келетін қатысушылардың бастамасы қаншалықты табысты болатыны таңдаған саласына байланысты. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптердің бірі тігін ісі. Осы кәсіпті жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетулеріңізді, яғни "тігін" мамандығына жолдама беруіңізді сұраймын.Екінші мəселе Қ.Медетов мырза басқарып отырған Арал аудандық ауруханасында көп жағдайда қызметкерлерінің салғырт қараулары салдарынан ем алушылар бір аурудан айықпай жатырып екінші бір ауруға душар болып жатады. Бір қызығы Қ.Медетов мырзаның тарапынан жан жақты көрсетілетін қолдауларынан дəрігерлердің заңсыз іс - əрекеттерін дəлелдеу қиынға соғады екен. Жақында мамыр - маусым аралығында анам Қыданова Ғалия гайморит деген диагнозбен лор дəрігер Құрманбекова Гүлзинаға қаралған болатын. Рентгеннің нəтижесі бойынша ауруыңыз расталды деп бір топ дəрілерді жаздыртып берді. Қалай сол дәрілерді қабылдай бастады екі аяғы аура бастады. Бастапқыда ем дом жүріп жатырған шығар деп уколдарын жалғастыра беруін сұрадым. Алайда араға аз уақыт өткен де аяғы судорогы бере бастағанын, ең қиыны орнынан тұрып жүре алмайтындай дәрежеге жеткенін айтқанда дереу емді доғаруын сұрадым. Осы мəселені қарастырып Қыданова Ғалияның емге кеткен материалдық моральдық шығындарын өтеп беруіңізді сұраймыз.

Ответ:

1.Сәлеметсіз бе, Майра Қуанышбайқызы!
Анаңыз Кыданова Галия 17.03.1947 жылы туылған. Анаңыз 22.05.2018 жылы аймақтық дәрігердің ( мұрынның бітелуі, бас ауруы) қабылдауында болған. Аймақтық дәрігер "Другие хронические синуситы" диагнозымен лор дәрігер кеңесіне жолдаған. 24.05.2018 жылы "Хронический верхнечелюстной синусит слева, смещение носовой перегородки" диагнозымен сараптамалар алынып, рентген қорытындысымен "левосторонний гайморит" диагнозымен ем тағайындаған. Алайда лор дәрігердің тағайындаған емін анаңыз бос уақытында ғана келіп, толық қабылдамаған. 14.06.2018 жылы қайтадан лор дәрігердің қабылдауында болып, дәрігер анаңыздың диагнозы бойынша денсаулығының қанағаттанарлық жағдайда екендігін ескерткен. 
26.07.2018 жылы аймақтық дәрігер Анаңызға барып, хал жағдайын біліп, науқасқа тиісті рентгенологиялық, зертханалық тексерулер мен невропатолог дәрігерінің кеңесін тағайындады. Осы медициналық тексерулерден кейін  Анаңызға тиісті емдік шаралар жүргізілетін болады.
Сұрағыңызда көрсетілген мәселереге тоқталатын болсақ осы кезге дейін емхана меңгерушісі Ш.Медетов тарапынан қарамағындағы дәрігерлердің заңсыз іс-әрекеттеріне қолдау көрсетілген туралы мәліметтер тіркелмеген. Егер осы көрсетілген жағдайларға байланысты айғақты деректеріңіз болса, қайтадан хабарласуыңызды сұраймыз.
 
2.Сіздің, 2018 жылғы 18 шілдесіндегі облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтың веб порталына жазған №216 сауалыңызға сәйкес, келесіні хабарлаймыз.
Сауалда көрсетілген бірінші мәселе бойынша (қысқа мерзімді кәсіптік оқудан «тігінші» мамындығына жолдама алу туралы):
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының  5.1.2-тармақшасында «Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар»,- делінген.
Және де аталған бағдарламаның 2.1-тармағы, 39-тармақшасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар делінген.
Сондықтан, Сізге аталған бағдарлама талаптарын таныстыра отырып, қысқа мерзімді оқу курсына қатысушылар қатарына жеке кәсіпкерлердің жатпайтындығын хабарлаймыз.
Ал, екінші мәселе бойынша (анаңыз Қыданова Ғалияның ем алуы туралы): 
Жүргізілген зерттеулер бойынша Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық аурухана басшылығының хабарлауынша, аудандық емхана меңгерушісі Ш. Медетов тарапынан қарамағындағы дәрігерлердің заңсыз іс әрекеттері тіркелмегендігі анықталған. 
26.07.2018 жылы аймақ дәрігері А. Ешниязова Арал қаласы, Нұржаубаев көшесіндегі № 23 үйге барып, науқастың хал-жағдайын біліп, науқасқа тиісті рентгенологиялық, зертханалық тексерулер мен невропатолог дәрігерінің кеңесін тағайындаған. Осы зерттеулер қорытындысымен науқасқа тиісті емдік шаралары жүргізілетін болатындығын хабарлаймыз.
Анықтама ретінде:
Науқас алғаш рет 15.07.2011 жылы шағымдармен (үнемі мұрнының бітуі, көз ауырсынуы, бас ауырсыну) лор дәрігерінің қабылдауында болған. «Обострения хронического гайморита слева» диагнозымен сараптамаларын тапсыруға және рентгенографияға түсуге ұсыныс берген. Рентген қорытындысымен (18.07.2011ж): «Левосторонный гайморит» қорытындысы берілген. Осы  қорытындыме  ОДО-ның (облыстық диагностикалық орталық) лор дәрігеріне ем қабылдауға жолданған. 19.09.2011 жылы ОДО лор дәрігері «Хронический гайморит» диагнозымен емін тағайындаған. 26.03.2013 жылы аймақ дәрігерінің қабылдауында «Обострения хронического гайморита» диагнозымен лор дәрігеріне жолдап, «Обострения двухстороннего хронического гнойного гайморита и Гемангиома перегородки носа» диагнозымен толық емін қабылдаған.
22.05.2018 жылы аймақтық дәрігер қабылдауына шағымдарымен (мұрынның бітуі, бас ауырсыну) қайта келген. «Другие хронические синнуситы» диагнозымен лор кеңесіне жолданып, лор дәрігері 24.05.2018 жылы «Хронический верхнечелюстной синусит слева, смещение носовой перегородки» диагнозы бойынша сараптамаларын алып, рентген қортындысымен (Левосторонний гайморит) толық емін тағайындаған (амнезия слизостой лор органов, пункция пазухи носа справа с раствором фурацилина, цифриакцион по 1 гр – 2 раз в день на 0,9% NaCl в/в, после пробы №7, Витамин В1 ,В6 по 1 мл 1 раз в день №10, капли в нос нафозалином по 4 каплей 4 раза в день).
Алайда, лор дәрігерінің тағайындаған емін науқас Г. Кыданова «Абай» ауылдық емханасындағы ем-шара бөлмесінде көк тамырға емес, бұлшық етке цефазолин дәрісін 0,5% новокаин ерітіндісімен салдырған, яғни науқас цефтриаксон емес, цефазолин алып келген. Жалпы емдік шараларын қолы тиген кезде, бос уақытында келіп, үзіп-үзіп қабылдаған.
14.06.2018 жылы қайтадан лор дәрігерінің қабылдауында болып, «Улучшение» қорытындысын берілген.
Cауалыңызда көрсетілген емге кеткен материалдық моральдық шығындарды өтеп беру аудан әкімшілігінің функционалдық міндеттеріне кірмейтіндігін хабарлай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екеу ара келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда сот тәртібімен шешлетінін баяндаймыз.
Өтінішіңізді қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағыммен жүгінуге құқылы екендігіңізді хабардар етеміз.

Бəкілбек Айгүл Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 28.11.17

Вопрос:

Сəлеметсізбе Қуанышбек Досмайылұлы! Мен Бəкілбек Айгүл Нұржанқызы жұмыспен қамту мəселесі бойынша өтініш жолдап отырмын.Мен биыл 2017ж Қорқыт ата атындағы университетті, су шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтадым.Сол кезден бастап жұмыс қарастырып жатырмын.Жастар практикасыда биылғы жылға штат жоқ деп қайтарды. Барлық мекемелерге түйіндеме қалдырғанмын жауап жоқ. Мемлекеттік тестті де тапсырдым бірақ ол бойыншада ваканшия мүлде болмай жатыр. Сіздің қабылдауыңызға жазылғанмын екі ай бұрын бірақ оғанда шақырмады.Күте күте осы блогыңызға жазып отырмын.Алдын ала Рақмет.Сізденде хабар күтемін.Əлі де біраз сауалдарым бар еді.Көмектесіз деген ойдамын барынша...

Ответ:

Сіздің облыс әкімдігінің ресми сайтына «су шаруашылығы» мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраған өтінішіңіз зерделенді. Бүгінгі күнге «қалалық жұмыспен қамту орталығына» қала мекемелерінен аталған мамандық бойынша сұраныс түспеген. 
Сізбен кездесу барысында бүгінгі күнге «қалалық жұмыспен қамту орталығына» қала мекемелерінен келіп түскен бос жұмыс орындары ұсынылды, өз келісіміңізбен «Браунис центр» ЖШС-і ұсынған бос жұмыс орнына «кассир» мамандығына ағымдағы жылдың 22 қарашасында №1861 санды жолдама берілді.
Дегенмен, алдағы уақытта орталыққа жұмыссыз ретінде хабарласып, тіркелген жағдайда, Сізді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарлама аясында жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға және «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне» қатысуға немесе басқа да әлеуметтік көмектер көрсетуге ықпал жасалатындығын хабарлаймыз.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғары тұрған органға шағымдануға құқығыңыз бар екенін мәлімдейміз.
 

Халықұл Ғани Категория Мемлекеттiк органдардың жұмысы туралы Дата: 21.09.17

Вопрос:

Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақовқа Қызылорда қаласы, КБИ м/а, Полигон тұйығы №9 үй тұрғыны Ғ. Халықұлдан 8/701/131-91-56 Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! (04.08.2017 ж. Жеке қабылдауда айтылған өтініш) Үстіміздегі жылы, облыс әкімі, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының атына бірнеше өтініш жазып, түсінік сұраған болатынмын. Бірі БАҚ өкілдерінің қатысуымен телефон арқылы жолданып, бірі облыс әкімдігінің сайтында жарияланып, жауаптарыда берілді. Алайда, көкейде жүрген сұрақтарға берiлген жауаптар, мазмұны бойынша негiзделмеген және өтініште айтылған (заңсыз) әрекеттерді жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтылмаған. Қойылған кейбір сұрақтар ашық күйінде қалып отыр. Сол себептен, Қуанышбек Досмайылұлы, аталған өтініштерде көрсетілген мәселелерді төмендегідей қысқаша жиынтықталған сұрақтарға, ҚР заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, менің қабылданған шешiмге кімге шағым жасау құқықтарымды түсiндiре отырып, менің дәлелімді жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамти отырып, жауап жолдауыңызды сұраймын. Атап айтқанда: 1. Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында, облыс әкімінің блогында: Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердегі жол жүру құнының өсуіне байланысты, оның ішінде 800 теңге тұратын «ЖОЛ ҚҰЖАТЫ» қатысты есептеулер туралы. ПАРК көрсететін қызметіндегі осы «жол құжатын» беру, оған байланысты төлем алу (ставкасын кім бекіткен) және бұл ақпараттар мемлекеттік құпияны құрамайтыны, ашықтық, жариялылық турасында сұрақтарға мүлдем жауап берілмеді. Сондай ақ, жаңа автобустарды лизингке, несиеге алынғандығы, келісім-шарт негізінде тағы қандай қызмет көрсетіп отырғандығы, парктың тұрақ жайы және жүргізуші мен кассирлердің еңбек шартымен жұмыс жасауы туралы ақпарат жоқ. Осы ақпараттар уәкілетті органның ресми сайттарында немесе басқа да интернет жүйесі арқылы халыққа қол жетім болмай отыр. Сұрақтарға берілген жауаптар, сол жауапта көрсетілгендей, сұрақ мазмұны бойынша 25 пайызына жауап беріліп,75 пайызына жауап берілмеді. Ал берілген жауаптан заңды сұрақтар туындап отыр. Яғни: 2. Берілген жауапта: «Қалаішілік қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын жоғары деңгейде сапалы қызметпен қамтамасыз ету үшін, мекемеміздің теңгеріміндегі 112 дана заманауи автобуспен 5 бағытты, жеке тасымалдаушыларға диспетчерлік қызмет көрсету арқылы қала көлемінде 25 маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетіп келеді. Бұл дегеніміз, қаламыздағы автобустардың 25 пайызы парктікі, ал, қалған 75 пайызы жеке кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі. Бүгінгі таңда, жолаушылардың төлейтін жол ақысы Парк пен маршрутқа енгізілген жеке кәсіпкерлердің жалғыз табыс көзі болып табылады. Одан басқа тасымалдаушылардың өз бюджетін толықтыру мүмкіндігі болмай отыр» -делінген. Яғни, ПАРК теңгеріміндегі 112 дана заманауи автобусты күтіп ұстауға, жұмысшы жалақысы мен қаржы-шаруашылық қызметі бойынша шығындарды жаппай келеді. 3 шығын: 1 шығын) - Көлік құралдарының қосалқы бөлшектері шет мемлекеттерден әкелінетін болғандықтан, олардың бағалары соңғы девальвациядан кейін күрт өсіп кетуіне байланысты. Интернет құралдарында берілген ақпаратқа сүйенсек: И помимо 112 новых, в последние два года прибывших в регион по лизинговой системе автобусов, которые курсируют по самым многолюдным маршрутам, автобусный парк обслуживает по договору частных перевозчиков. Яғни, соңғы екі жылда 2016-2017 жылдарда 112 жаңа автобустар. Жауапта көрсетілген кестеге сәйкес екі жылда жаңа автобустардың даңғалақтары мен аккумуляторлары тозығы жетуі мүмкін емес және автобус жанар жағар май емес газбен жүретін көлік емеспе. Сол себептен, көп сомманы қажет ететін қосалқы бөлшектер 4-5 жылда ауыстырылатын, ал кестеде көрсетілген кейбір құралдар күтіп ұстамау, уақытылы майларын ауыстыру және жөндемеу салдарынан болатын табиғи құбылыс. 2 шығын) – жұмысшылардың, қызметкерлердің жалақысы. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмысшылардың, қызметкерлердің жалақысы туралы еш ақпарат жоқ. Себебі, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кассирлерінен білуімше (жалпы халықта біледі) жалақың жақсы болу үшін план толтыру қажет. Тер төгіп жүрген жүргізуші мен кассирлердің жайы белгілі, ал штаттық кестеге сәйкес басшылық қанша айлық алып отыр, белгісіз. Нақты еш ақпарат жоқ болғандықтан қапергеде алуға да болмайтын жайт деп есептеймін. (Кабинетте отырған жұмыс беруші мен тер төгіп қиналатын жұмысшы айлығының әділетсіздігі көп айқай шуға әкелетін факті емеспе) 3 шығын) - қаржы-шаруашылық қызметі бойынша. Қандай? Коммуналдық қызметтерге кететін шығын және диспечерлік қызмет. Яғни, жоғарыда айтылған «ЖОЛ ҚҰЖАТ» -қа қатысты нақты жауап берілмегендіктен, ПАРК оны жоққа шығармай отырғандықтан, менің ойым, айына 20 миллион теңгеден аса түсетін қаражат осы 3 шығынды жауып, қосымша шығындарға жұмсауға болатындай. Менің ойымша, «ЖОЛ ҚҰЖАТ»- тан түсетін қаражат жоғарыда көрсетілген шығындарды жоюға көп септігін тигізеді. Ал, жол жүру ақысынан және басқада жарнамалық қаржылары мақсатты жұмсалуын қадағаланса, 2020 жылға дейін қосымша автобустар, қосалқы бөлшектер, тіпті жанар жағар май, газ бұйымдарын көп мөлшерде сатып алып қоюға мүмкін жетеді деп есептеймін. 3. Жолақысын көтеру мәселесі бойынша қаланың 4 жерінен халықтың ой-пікірін білу мақсатында қоғамдық тындаулар өткізілді. Алайда сол жиналыстың біріне (яғни 25 пайызына) қатысып, келген 15-20 азамат наразылықтарын айтып, жиналысты тоқтатуды сұрап, қайта бұхараны хабарлауын өтініп, не себепті келгендерін білмейтіндерін айтып, халықты шақырып үлкен жиналыс жасауды сұраған болатын (аудио жазбасы бар). Қоғамдық тыңдауда лауазымды тұлғалардың, халық қалаулырарының болмауы, БАҚ өкілдерін шақырылмауы, тек есеп үшін жасалған жиналыс екенін көрсеткен 15 минуттық масқара дебат болды. Осыдан кейін халықтың ой пікірін білді, не болды, жиналыс боған жоқ, ал қалған 75 жиналыста не болды, болды ма, үлкен сұрақ. Ешбір бейне жазбалардың болмауы қалай, халық пікірі, депутаттарға жеткіземіз деп, нені жеткізеді, өздері қол қойған хаттама мен 15 адамның суретін ба? Сонымен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 Бұйрығымен бекітілген Әдістеменің 8-тармағына сәйкес, тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны өзгеруге жататыны көрсетілген. Алайда осы 8-тармағының екі тармақшасына сүйену заңсыз деп санаймын. 1) тармақшасы жанар жағар май мен қосалқы бөлшектерге қатысты, ал оларға қатысты еш шығын жоқ, ал 2) тармақшасы жол жамылғысының, ауа-райының нашарлауы сияқты тасымалдау шарттарының өзгеруіне қатысты (Қалалық жолдар жаңа және ауа райына қатысты ТЖ жарияланған емес). Сонымен қатар, ҚР «Автомобиль көлiгi туралы» Заңына және ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға қатысты қандай жұмыстар атқарылды? Нәтижелер бар ма? Әлде оңайы халықтан алу болды ма? Сондай ақ, Парктің қызметі қоғамдық көлікпен халықты тасымалдау болғандықтан, бұл қоғамнан не алдым деп емес, бұқара халыққа не қызмет көрсеттім деген абзал. Расында, Парк тарапынан қоғамға қандай игі шаралар жасалды, мысалы қайымдырылық мақсатында аялдамалар салу немесе соны қазіргі үлгіде әрлеу, «Қызылорда қаласының автобус паркі» болғандықтан, Қызылорда қаласының тазалығына ат салысып, төмен айлық ақымен жұмыс жасап жүрген нағыз жұмысшыларға жеңілдіктер берілсе. Қуанышбек Досмайылұлы!, жоғарыдағыларды көрсете келе, Сізден, жалған ақпарат таратып, кейбір қаржылық ақпараттарды жасырған лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолдану үшін және заңсыз шығарылған нормативтік актінің күшін жою мақсатында толық ақпарат қамтамасыз етуіңізді сұраймын. 4. «ӘКІМ САҒАТЫ» бағдарламасында, облыс әкіміне: КБИ мөлтек ауданындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгеріп, көпшілігі қазақшаланды. Тек біздің көшеміз ғана ескіше атауы өзгертілмегенді, көше бойында асфальт төселмегендігі, жауынды күндері балшықтан көз ашпаймыз, жүру мүмкін еместігін айтып. Қашан біздің көшеге тегіс асфальт төселер екен? Осы мәселелер шешімін тапса деген өтінішім бар. Жалпы бұл көше архитектуралық планда бар ма?-деген сауал жолданған болатын. Жауап төмендегідей болды: Шамамен ұзындығы 300 метр болатын КБИ мөлтек ауданындағы Полигон тұйығына арнайы мамандар тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, орташа жол жөндеу жұмыстары қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджет мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады.-делінген. ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес, автомобиль жолын орташа жөндеу дегеніміз – автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені. Яғни, Полигон тұйығының автомобиль жолының құрылысы бар. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің» жіктеліміне, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "20" қаңтардағы № 307 қаулысымен бекітілген «Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің» сыныптамасына сәйкес, «Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады». Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, жыл сайын бірнеше жұмыстар атқарылады. Яғни, Қызылорда облыстық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі негізінде Полигон тұйығының автомобиль жолын күтіп ұстауға бюджетінен қаржы бөлініп келеді. Алайда, бұл Полигон тұйығында 25 жыл шамасында тұрып келемін, бұл жолға асфальт салынбақ түгілі, балас төселмеген, тіпті жауын шашыннан кейін ең болмаса грейдер немесе трактормен балшығын қырғанын көрмедік. СҰРАҚ: Шамамен ұзындығы 300 – ақ метр болатын КБИ мөлтек ауданындағы Полигон тұйығында, қай жылы, қай уақытта (ҚазССР немесе ҚР кезеңінде) сапалы пайдалануға автомобиль жол құрылысы жүргізілген. 5. Және қосымша тұрғындарды мазалайтын тағы бір сауал бізде аялдама жоқ. Күннің шыжыған ыстығында қоғамдық көліктерді күтіп тұру мүмкін емес. Тіпті аялдап тұратын ағаштар да жоқ. Тұрғындар атынан аялдама салынса деген өтінішіміз бар.-екендігін жеткізген болатынмын. Алайда, «ҚР құрылыс нормалары және ережесінің 11.19 тармағына сәйкес аталған 300 метр көше тұйығының бойына аялдама орнату қажеттілігі міндетті емес және Полигон тұйығы арқылы қоғамдық көліктер қатынамайды» деп жауап жазылыпты. Кешірім сұраймын арине, бірақ жауап берер алдында қарапайым, логикалық тұрғыда ойланып, өзі 300 ақ метр, қоғамдық көлік жүрмейді, (адам әрең жүретін көшеде), өзі тұйық болса, аялдама салып беруді сұрау......... Керісінше, зерттеу жұмыстары жүргізген, жоғарыда айтылған арнайы мамандар Полигон тұйығынан шығып, жалпы аумағы бойынша үлкен КБИ мөлтек ауданын аралап, аялдама бар жоғын қарау керек еді. Себебі, КБИ мөлтек ауданында қаншама көшелер салынып, кейбірі жаңадан салынғанымен бірде бір аялдама жоқ. Ең болмаса келіп тұратын аяқ су болғанда, тұрғындар өзінің есігінің алдына, көшеге бойына талдар отырғызған болар еді. СҰРАҚ: қашан аяқсу мен аялдама мәселесі шешіледі және 14 қоғамдық көлікті тұрақты кби мөлтек ауданы арқылы жүру мүмкіндігі барма, себебі кбиден шанхай, комсомол, т.б. мөлтек аудандарға қатынайтын көлік жоқ. 6. КБИ м/а ауданы бойынша, мал базар, құмкөл үйлерін қоса алғанда және каналдың арғы беті «Жезқазған» автожолына дейінгі алқапта тұратын тұрғындар, қалалық №6 емханаға қарасты КБИ мөлтек ауданындағы емхана бектітіліп, тіркелген. Халықтың саны аталған өте көп, сол кішкене емханаға қаралады, емделеді. Алайда, тұрғындардың көптігінен медқызметкерлер жетіспейді. Учаскелік дәрігерге алдын ала күн бұрын жазылмасаң, талон жетсе көрініп, тексерілесің. Себебі дәрігердің қарауына екі учаскі тұрғындары барады, науқастарды қараудан бөлек қағаз, құжат, есеп беру дегендей, бір сөзбен айтқанда физикалық тұрғыдан үлгірмейді. Ол рас, көзбен көріп отырмыз. Бұл енді қаланың шеткі аймағы жетіспеушілік бар шығар, үлгірмейтін шығар десең, қаланың қақ ортасында тұрған №6 емханада да дәрігерлер жетіспеулігі байқалады. Сондай ақ, емханада науқастарға нағыз қажетті медициналық аппараттардың жоқтың қасы десе болады. Мыс: мен 2016 жылдың көктемінен қазіргі таңға дейін емделудемін. Алайда еш нәтиже жоқ. Себебі, емханаға қаралуыңа тіркеле бір уайым, одан қалды тексерілетін медаппараттардың болмауына байланысты қомақты қаржыға жеке емхананың аппаратына түсіп келу (әлем таныған мемлекеттің емханасынан жеке емханалардың материалдық жағдайы жақсы болғаны), ең сорақысы мамандардың жетіспеуі. СҰРАҚ: 1) Көзге көрініп тұрған, каналдың арғы жағындағы тұрғындарының өте көп болуына байланысты, КБИ м/а-дағы емхана дәрігерлеріне қосымша штатқа сәйкес қызметкерлер алынады ма? Сонымен қатар, №6 емханада былтырдан осы мерзімге дейін 4 невропотолог ауыстырдым.Невропотологтарды неге жарты ставкамен ғана жұмысқа алынады. Толық штат жоқ болғаныма. Мамандардың кетіп қалуы да осыдан болар, жарты күнге жұмысқа келіп толық бір күн жүреді. Бұл кімге тиімді? 2) Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, қымбат, бірақ халық денсаулығын жақсарту мақсатындағы медаппараттарды республика немесе жергілікті бюджеттен алу жолдары қарастырылдыма? Мысалы: МРТ, КТ т.б. аппараттарын. Бір МРТ-ға түсу 15000 мың теңге көлемінде. Кейбір қарапайым адамның оған ақшасы жоқ немесе тамағынан артылмауы, қимауы мүмкін емеспе. Рас. Себебі халықта қалыптасқан: тек ақша алудың амалы дейді де кете береді, онсызда солай біреудің бизнесіне тағы жол ашып отырмыз. Осындай керекті аппараттарға мемлекетте қаржы жоқпа, әлде жеке медұйымдар арзан сататын жерін біледіме дейсің. Ал, ОМО сатып алынған МРТ бұзылып неше жылдан бері шаң басып тұр, оны жөндейтін мамандар тапшы және оны пайдалана білетін маманның жоқ болғаны ма? Бар болғанымен оны жұмысқа ала алмайдыма, себебі аппарат жоқ болғандықтан. 3) Осыдан бірнеше жыл бұрын осы №6 емханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, сыртқы келбетіне ажар кірген еді. Сөйтсек баяғы жартас сол жартас. Ішіне кіргенде покозательный 1 қабат тамаша, ал жоғарлаған сайын ертегідей, жоғарлаған сайын қорқынышты. Себебі, ҚазССр заманынан бері келе жатқан жар сылағы, үсті-үстіне жағылған боя, скатчпен жабыстырылған еден, ал есіктері (кешірім сұраймын) сарайлардікі қазір заманауи шығар. Бұл жерде мені бір түрлі адам ретінде қарауыңыз мүмкін, бірақ менің айтқым келетіні Әлемдегі ең танымал шара ЭКСПОға келген шетелдік азамат осыған кіріп көзімен көрсе не болады, ұят. Ал шын мәнінде, осы мемлекеттік, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды күтіп ұстауға, медаппараттар алуға қаржы бөлінедіме? Бөлінсе неге жеткіліксіз? Медициналық кадр мәселесі толық шешімін қашан табады және жарты ставка емес толық сағатпен керекті мамандықтарға қабылдау, резервке қою тағы сынды басқа қандай шаралар атқарылуда ма?

Ответ:

«Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сізге, Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ысқақовқа жазған хатыңыз бойынша төмендегіні жеткізеді.
Қызылорда қаласы, Полигон тұйығы №9 үй тұрғыны Ғ.Халықұлының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына жазған хаты бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №710 қаулысымен және Қызылорда облыстық маслихатының №98 шешімімен Қызылорда қаласындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген.
405 көшеге жаңадан қазақша атаулар берілді. Қазіргі таңда Полигонның тұйығы Айбын тұйығы болып аталады.
Мекенжай туралы анықтама алу үшін жеке және заңды тұлғалар тарапынан халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдірген жағдайда стандарт талабына сәйкес ескі және қазіргі көше атауы көрсетілген анықтама беріледі. Шамамен ұзындығы 300 метр болатын КБИ мөлтек ауданындағы Полигон тұйығына арнайы мамандар тарапынан зерттеу жұмысттары жүргізілді. Нәтижесінде, орташа жол жөндеу жұмыстары қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджет мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Сондай-ақ, ҚР құрылыс нормалары және ережесінің 11.19 тармағына сәйкес аталған 300 метр көше тұйығының бойына аялдама орнату қажеттілгі міндетті емес және Полигон тұйығы арқылы қоғамдық көліктер қатынамайды. Себебі жақын орналасқан Торайғыров көшесінің бойынан №1,7,10 бағытындағы қоғамдық көліктері тұрақты қатынауда. Қызылорда қаласында жолаушыларды қалаішілік қоғамдық көлік тасымалымен қамтамасыз ету қызметін «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і 2013 жылы «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» 
мекемесі өткізген конкурста жеңімпаз атанып, 2013 жылғы13 желтоқсандағы №1келісім-шарт негізінде қызмет атқарып келеді.
«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалаішілік қоғамдық көліктердің жұмысын бірқалыпты деңгейде қамтамасыз ету мақсатында «Мед-Тех Қызылорда» ЖШС-і және «Ақмешіт-Жолаушы тасымалы» ЖШС-мен келісім шартқа отырып жұмыс жасауда.       
«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і жеке кәсіпкерлерге диспетчерлік сүйемелдеу үшін келісім-шарт негізінде, кіші сыйымдылықтағы автобустардан 275 теңге, орта сыйымдылықтағы автобустар үшін 350 теңге және үлкен сыйымдылықтағы автобустар үшін 400 теңге көлемінде қаражат алып, барлығына төлем түбіртектері беріліп жатқандығын назарыңызға жеткізеді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  №221 Заңына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігі ескертіледі.
 

Алиева Калдыгул Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 24.02.16

Вопрос:

Салеметсизбе Куанышбек мырза.Мен Арал каласынын тургынымын.Озим еки бала тарбиелеп отырган жалгыз басты анамын.Балаларым окушы .Менин оз уйим не жумысым жок.Мен осы балаларымды алатын "жардем акы"мен айсайынгы 4000мын тенгемен багып олместин кунин корип отырмын.Мен каншама жылдан бери жумыссызбын.Жумыс истеин балалырымды киндирип тамагын табайын деп каншама рет жумыс издедим окинишке орай таба алмадым менде жогаргы билим жок.Менин издеп журген жумысым бала кутуши "бала-бакшага"немесе еден жуушы осы жумысты табу акыреттин акырети киын болып отыр.Мен 2015ж караша айында обл акими Кошербаев К мырзага оз жануя жагдайымды айтып жумыс сурадым Арал каласынын "Жумыспен камту жане Элеуметтик багдарламалар"болимине арызымды жиберген болатын.Болим кызыметкерлери жыл басында жумыс тауып беремиз деген болатын мине осы кунге деин али хабар жок.Менин хабарым бойынша осы жылдын басында Республикалык жане жергиликти акимдик тарапынан жумыс усынылады осы жумыска мен сиякты жалгыз басты ананы орналастырмайды сонда кимдерди осы аты аталган жумыска орналастырып жатыр бул мен ушин белгисиз болып отыр.Мен жалгыз басты ана ретинде ешкандай комек алмаймын мектеп тарапынанда комек жок кеше обл билим баскармасынын басшысы Сайлыбаев Б.мырзага оз арызымды жолдадым.Онда Арал каласында К.Р 2008ж шыккан №64 жане 2012ж шыккан №255 каулыларынын билим уйымдарында орындалмай отырганын мендей кун кориси ен томенги денгейден томен жанга комек корсетилмей отырганын айтып жаздым.Менин балаларымнын устинде кими,аяк кими,оку куралдары жок оныда озим сатып алып беруим керек.Менин алатын 4000мын тенге "жардем акым"неге жетеди тамагымама алде кимгеме или оку куралдарынама.Менин жануямда табыс табатын адам болмагасын балаларыммен олместин куйн кешип шыкпа жаным шыкпа деп арен кун корип отырмыз.Мен "Жумыспен камту Элеуметтик багдарламалар"болимине барып "Адрес помощ"Жилищный помощь"т)б сурасам олар жумыс истемесемде табыс табады деп омиримде устап кормеген акшаларды жазады 50000.-60000мын тенге деп мен осыны тусинбеимин.Мен жумыс истемесем осы 50000мын тенгени кайдан алып табыс кылып жазады мен каншама рет айттым неге олай жазасыздар деп олар биз жазып корсетуимиз керек деп отырады осы зандыма жумыс истемеитин адамга табыс жазуы.Осындай табыс жазады да сиздин табысыныз асып кетти деп ешкандай жардем акы толемеиди .Осы адилдикпе зандыма зан шенберинде жасалып отырган испе.Осы обл басшылар билеме.Осы сурактарыма жауап бере кетсениз.Мен осы озинизге арнаган арызымды корыта келип сизден сурайтыным 1) Менин жануя мда еки баламен жалгызбасты жумыссыз ана екенимди.2)Менин жануямда табыстын кози болмагандыктан жане "жардем акы"мен олместин кунин корип шыкпа жаным деп арен омир сурип отырганымызды,3)"Жумыспен камту жане Элеуметтик багдарламалар"болими Республикалык жане жергиликти акимдиктен берилетин жумыс коздерин кандай себептермен мен сиякты жалгыз басты еки бала тарбиелеп отырган арен кун корип анага неге усынып жумыска орналастырмай отыргандарын жауап берун отинемин.4)Мен жогарыда айтып откен "Адресной,Жилищной"пособияларга жумыс истемеитин адамга кандай себептермен табыс козин жазады табыс,айлык алмайтын жумыс истемеитин адамга осы истеп отыргандары "Жумыспен камту жане Элеуметтик багдарламалар"болиминин зандыма жане зан шенбериндеме.осы истин ак-карасын ашып беруинизди сураймын. Елбасымыз айткан болатын "Демократия"дегенимиз зан аясында.шенберинде оз кукыгын коргау деп.Елбасымыз кеше 30.11.2015ж жолдаган жолдауында жане кеше откен "НУРОТАН"сьезинде акимдерге жане мемлекеттик озгеде кызыметкерлермен басшыларга халыкка жумыс тауып берип орналастыруды катан тапсырган болатын.Осы Елбасымыздын айткан создери Арал каласында орындалмай отыр.Мен сизден обл басшысы ретинде маган комек корсетуинизди сураймын жануя жагдайымды ескерип еки баламнын мкиналып жургенин олместин кунин корип омир сурумизге байланысты сизден Арал ауд Мектепке немесе бала-бакшага я болмаса ауруханага бала кутуши немесе еден жуушы кылып балаларымнын болашагы коз жасы ушин жумыска орнадастырып беруинизди отинип сураймын. Колыныздан келгенше комек корсетунизди отинемин жаксылыгыныз алладан кайтсын дегим келеди.Мен сизден осы арызымнын "футболит" етилип есиктен есикке жугирип немес басшылардын столынын устинеде "ШАН"басып жатпай оз шешимин табуын сизден отинип сураймын.Сизге алдын -ала улкен рахмет менин арызыма назар аударып конил болгениниз ушин.Сизден обл басшысы ретинде мендей арен кунин корип еки баламды арен багып отырган жалгызбасты анага комек корсетип жумыска орналасуыма ыкпал жасап арызымды оз бакылауынызга алып комек корсетеди деп сизге сенемин жане умит артамын. Осы арызым оз шешимин тауып канагаттандырылады деп камил сенемин. P.S. Мен осы арызым оз шешимин таппаса Елбасына кузырлы орындарга жогаргы басшыларга адилдик сурап арыз жазатынымды айткым келеди,бул коркыту емес бул ескерту. Сизге улкен рахмет жумысынызга табыс,Жануянызга бакыт тилеимин.

Ответ:

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің» 30 тармағына сәйкес «әкесі немесе анасы бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды».
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінде» «өзін-өзі жұмыспен қамтып, өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады. Ресми расталмаған табыс ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады» - делінген. Яғни, өзбетінше жұмыспен айналысатын, табысын ресми түрде растай алмайтын азаматтар, табысын өз өтінішімен растайды. 
Осыған орай, Сіз жәрдемақы алуға өтініш берген тоқсанның алындағы тоқсанда жоғарыда көрсетілген жағдайлармен айналысатын азаматтардың санатына кірмейтін, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтардың санатында болмасаңыз «жұмыссыз» ретінде Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп, балалар жәрдемақысын алуға өтініш берген кезде жұмыссыздығыңызды растайтын анықтамаңызды тапсыруыңыз қажеттігін білдіреміз.
 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшері азық-түлiк себетiнiң құнынан аспайтын отбасыларының балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар (2016 жылдың 1-тоқсанына белгіленген азық-түлік себетінің құны 11033 теңге). Азық-түлік себетінің құны әр тоқсан сайын белгіленіп отыратындығын хабарлаймыз.
Сізге «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылдың 1-тоқсанына 13368 теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып төленген.
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрасыз.
Қазіргі таңда «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес аудан мекемелерінен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтердің бөлімге түспегендігін, сондай-ақ алдағы уақытта бос жұмыс орнындарына сұраныс болған жағдайда заңдылықтарға сәйкес кезектілік тәртіппен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктер қарастырылатын болады. Сонымен қатар, ақылы қоғамдық жұмысқа ниет білдірген жағдайда Арал қаласы әкімшілігіне өтініш білдіруге болады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес арызыңыздың жауабына қанағаттанбаған жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектіге немесе тікелей сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
 

Ахметов Қайболды Категория Жалпы мәселелер Дата: 14.11.14

Вопрос:

Құрметті Наталья Николаевна! Мен, Республикалық есту қабілетін оңалту орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының меңгерушісімін. Біздің филиалдың ашылғанына биыл 37 жыл толады. Осы уақытқа дейін біздің арнаулы мекен-жайымыз болмады. Былтыр, яғни 2013 жылы Сіздің қабылдауыңызда болып болып, Сіздің ықпалыңызбен облыстық денсаулық сақтау басқармасы №3 қалалық емханадан бір бөлме беретін болып келісілген болатын. Сол бөлмені алатын уақытта науқастанып қалуыма байланысты ала алмай қалдым. Ал қазір қаңтар айынан бері әр түрлі себептер айтып бөлмені бергісі жоқ. Халыққа қызмет ететін мүмкіндік болмай далада қалдық. Сізден өтінемін қабылдауыңызды сураймын. Байланыс телефоны: 87242-25-89-81, ұялы телефон: 87773975114

Ответ:

«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін оңалту орталығы» РМҚК-ны директорының у.м.а. С.Диханбаевтың 2013 жылғы 11 қарашадағы №02-2/193 хатымен  «№ 3 қалалық емхана»  МКҚК-ны ғимаратынан Қызылорда филиалына қызметтік бөлме бөлуді сұрап жазған. Емхана тарапынан ересектер бөлімі ғимаратынан  жалпы көлемі 7,7 шаршы метрді құрайтын бөлменің бөлінетіндігі хабарланған. 2014 жылдың қантар-наурыз айлар аралығында филиал меңгерушісі Қ.Ахметовқа бөлмені қолданысқа алуларын сұрап бірнеше мәрте емхана басшылары хабарласқан, алайда  ол кісі түрлі себептер бойынша емханаға келе алмайтындығын хабарлаған.  

Қазіргі таңда   жоғарыда аталған бөлменің бос тұрғаның мәлімдейді.

Джумашев Бакыт Категория Жалпы мәселелер Дата: 25.09.13

Вопрос:

ҚҰРМЕТТІ НАТАЛЬЯ ХАНЫМ !!! «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем» қоғамдық бірлестігі жұмысқа қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында, төмендегі тізімдегі оқу орындарынан шағын көшірме орталығын ашуға 6 шаршы метр орын алып беруіңізді сұраймын. Жұмыспен қамтылатын 10 мүмкіндігі шектеулі жан. 1. Қызылорда медициналық колледжі 2. «Болашақ» университеті 3. КазГЮА колледжі 4. И. Әбдікәрімов атындағы Агротехникалық колледж 5. М.Мәметова атындағы Гуманитарлық колледжі Күтілетін нәтиже: 1. Мүмкіндігі шектеулі 10 азаматты тұрақты жұмыспен қамту 2. Аталған оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен оның ұл-қыздарына тегін сервистік қызмет көрсету Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескере отырып, жаңа жұмыс көздерінің ашылуына көмегіңізді беруіңізді сұраймын. Өтінішім аяқсыз қалмаса екен.

Ответ:

Қызылорда облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіздің облыс әкімінің орынбасары Н. Годуноваға және оның веб порталына жазған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні  хабарлайды.

Сіздің өтінішіңізде көрсетілген техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына хат жолданып, жауап алынды.

М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі мен «Болашақ» университетінде студенттер контингентінің өсуіне байланысты Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмайды.

И. Әбдікәрімов атындағы аграрлы техникалық колледжі мен Қызылорда медицина колледжі жұмысқа қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында  6 шаршы метр орын беруге келісімдерін беріп отыр.

Дегенмен аталған оқу орындарында оқып жатқан мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға біршама көмектер көрсетіледі.

Категория Денсаулық сақтау Дата: 03.01.13

Вопрос:

Саламатсыз ба  Сәбит Нұрмаханұлы!Мен Байқоңыр қаласындағы жездем Сейтов Нурлыбек Өтешұлының жағдайы бойынша өтініш жазып отырмын. Жездем17 жылдан бері Байқоңыр қаласында жұмыс жасаған қазақ азаматы. Алайда осы жылдар ішінде тұрақты прописка ала алмаған. 2010 жылдан бері екі бүйрегі істен шығып, гемодиалез аппаратына тәуелді. 2012 жылдың шілде айына дейін Байқоңыр қаласы госпиталынан күнара ағзасын аппаратпен тазартып келген болатын. Шілде айынан бастап Қазақстан жағы өз азаматтарының ем-домына ақша аудармайды деген себеппен госпитал қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Қазіргі уақытта Жездем Қазалы қаласына  күнара қатынап ем алып жүр. Қазір жағдайы күннен күнге төмендеп келе жатыр. Алды болса қыс. Ол қатынауға да жарамай қалса, арты қандай жағдайға душар болатынын өзіңізде білетін шығарсыз. Аппаратсыз оның өмірі санаулы болып отыр. Сізден өтініш Жездемді тұрақты пропискаға қоюға басындағы ауыр жағдайларына байланысты көмек көрсетіңізші. Бір адамның өмірі мәселесі жағдайында бұл мәселені шешуге болады деп ойлаймын.       Менің Қызылорда қаласында тұрып өтініш жазуымгың себебі, менің апам, яғни Елеусінова Ләззат сіздің қабылдауыңызға сол шілде айынан бері кіре алмай жүр. Сіз жеке адамдарды негізі қабылдайсыз ба? Ол қабылдауға кіре алмау себебі не екен. Әлде қабылдау бөлімі сізге кіргізбей ме. Осы өтінішті алғаннан кейін жездемнің жағдайын анықтау ниеттеріңіз болса  ол кісілердің телефонын жазамын. Оларда Қазақстан азаматтары ғой. Ресейдің ғарыш айлағы үшін төлеп жатқан мол қаржысында қазақстандықтардың денсаулығы үшін бір үлес бар деп ойлаймыз. Ол кісі денсаулығын қазмет жасап жүріп жоғалтты емес па. Егер сізде бұл мәселені оң шеше алмайтын болсаңыздар тезірек жауабын беріңіздерші. Себебі жездемнің денсаулығы күн сайын алаңдатарлық.  Оларда басқаша әрекетін жасауы керек қой. телефон- 83362273790   ұялы 87777010205

Ответ:

 

Құрметті Гаухар Елеусинова ханым!

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі Департамент) Сіздің өтінішіңізге орай төмендегіні хабарлайды.

Біріншіден, өтініште көрсетілген «..шілде айынан бастап, Қазақстан жағы өз азаматтарының ем-домына ақша аудармайды..» деген РФ ФМБА-нің сылтауы шындыққа жанаспайды, өйткені ҚР азаматтары үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру өз тәртібіне сай жүргізіліп келеді, осы жылдың 11 айына 290 091 417тг аударылды, бүгінгі таңда РФ ФМБА алдында Департаменттің кредиторлық қарызы жоқ.

Екіншіден, қаржы жетпейді деген негізсіз сылтаумен гемодиализ алатын науқастарды қабылдаудан бас тарту - РФ ФМБА №1 орталық медициналық санитарлық бөлімнің бастығы В.А.Шкуропат мырза тарапынан жеке-дара қабылданған шешім, себебі арадағы келісім-шарт бойынша ФМБА өзіне қарасты емдеу мекемелерінде көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін, әдіс-тәсілдерін, орнын және күш-құралдарын өз бетімен айқындауға құқығы бар, яғни Департамент РФ ФМБА-не қай науқастарды қабылдап, қайсысын қабылдамау туралы нұсқама бере алмайтынын, азаматтардың тегін медициналық қызметтің кепілді көлемін алуына байланысты мәселелер денсаулық сақтау саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жататынын жеткіземін.

Үшіншіден, науқас Сейтов Нұрлыбек Өтешұлының жары Ләззат Елеусінованың осы мәселе бойынша Департамент басшылығының жеке қабылдауы кезінде жасаған сұрауына байланысты Департамент басшылығының өз кезегінде РФ ФМБА №1 ОМСБ бастығы В.А.Шкуропат мырзадан осы мәселені реттеу жайындағы өтініші оң шешімін тауып, Сейтов Н.Ө. мырза осы жылдың 07 желтоқсанынан бастап, емдік гемодиализ сеанстарын қабылдауға кіріскенін хабарлаймын.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика