ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы жөнінде ақпарат
(01.07.2018 ж)
Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгерген жоқ. Талапкер 5 пән бойынша тестілеуден өтті. Оның 3-і міндетті (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, тарих) және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейінді пәні бойынша тапсырды. 
Тестте 5 пәннен  120 сұрақ беріледі, ең жоғарғы балл - 140. Шекті балл – 50-ді құрайды. Ұлттық университеттерге түсу үшін 65-тен жоғары балл жинау қажет.
Мектеп бітірушілер тестілеуге қатысу үшін 10 мамырға дейін тестілеу пункттеріне өтініш білдірді. Оларға кіруге рұқсат қағаздары таратылды. 
Облыста 9 тестілеу пункттері Ереже талаптарына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған. Тестілеу орталықтары бойынша  107 аудитория әзірленді. Пункттерде рамалық детектор, қолда ұстайтын металл іздегіш, телефон дыбысын жоятын құрал және  бейнекамера орнатылған. 
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, барлық тестілеу пункттерінде арнайы бөлінген медициналық бөлмелерге дәрігерер мейірбикелер бекітілді. Аудиториялар кондиционерлермен жабдықталды.
Биылғы жылы Министрлік ұсынысына сәйкес тестілеу барысында он-лайн трансляция жүргізілді. Кез-келген ата-ана тестілеу пункттеріне бармай-ақ, балалырының тест тапсыру кезін өз телефондарынан немесе компьютерлерінен бақылай алды.
Осыған орай тестілеу пункттері қажетті жоғары жылдамдықтағы Интернет желісімен және бейнекамералармен жабдықталды. Тестілеу нәтижесін testcenter.kz сайтынан көре алды және күні бойы 88000807177 нөмерде call-center жұмыс жасады.
Елдімекендердегі талапкерлердің 1728-і (35,3%) тестілеу пунктіне тасымалданып, оларға тамақтану ұйымдастырылды. 
50 км қашық орналасқан елдімекен түлектерінің 715-і (14,6%) жататын орындармен қамтамасыз етілді.
Енді Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына келсек.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы облыста 20-22 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізілді. 
Мектеп бітіруші 7113 баладан 4742-і (66,7%) қатысты. 
Арал ауданы – 451, Қазалы ауданы – 555 бала, Қармақшы ауданы – 458, Жалағаш ауданы - 246 бала, Сырдария ауданы – 216, Шиелі ауданы - 518 бала, Жаңақорған ауданы - 524 бала, Қызылорда қаласы – 1670 бала, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат – 29 бала, №9 «Білім-инновация» мектеп-лицейі -35 бала, №10 «Білім-инновация» мектеп-лицейі - 40 бала.
ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл:
Арал ауданы – 85,2 балл (82,8 балл)
Қазалы ауданы – 82,7 балл (88,1 балл)
Қармақшы ауданы – 83,6 балл (2017 жыл - 82,1 балл), 
Жалағаш ауданы – 87,4 балл (2017 ж. - 81,6 балл), 
Сырдария ауданы – 85,02 балл (2017 жыл - 86,6 балл), 
Шиелі ауданы – 81,4 балл (2017 жыл - 80,5 балл),
Жаңақорған ауданы – 79,7 балл (78,6 балл),
Қызылорда қаласы - 90,9 балл (2017 жыл – 80,6 балл), 
№9 БИЛ – 95,5 балл (2017 жыл - 104,1 балл), 
№10 БИЛ – 100,3 балл (2017 жыл - 104,4 балл), 
№4 ОДМИ – 103,2 балл (2017 жыл - 87,1 балл). 
Облыс бойынша орташа балл – 86,1 балл (2017 жыл –  82,4 балл.)
Ең жоғарғы 135 балл алған Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейдің түлегі Рат Еркін Қазбекұлы және Қызылорда қаласының №15 мектеп-лицей түлегі Жалғасбай Абылай Ергешбайұлы.
Шекті деңгейден өтпегендер саны – 113 бала.
100 және 100-ден жоғары балл жинаған бала саны – 1131.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен шекті деңгейден өтпеген балаларға тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны 2 рет ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. 
Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған бала жоқ.
«TIMSS», «PISA», «PIRLS» халықаралық зерттеулері
2018 жылы облыс бойынша TIMSS-2019, PISA-2018, IСІLS-2018, TALIS-2018  халықаралық зерттеулерге 2 сәуір мен 18 мамыр аралығында 51 білім беру мекемелерінен 1442 білім алушы мен 347 мұғалім қатысты. 
Атап айтқанда PISA-2018 білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеуіне 35 (27 мектеп, 8 колледж) білім беру мекемелерінен 1197 білім алушы (оның ішінде Назарбаев зияткерлік мектебінен 111 оқушы), TIMSS-2019 апробациялық жаратылыстану-математикалық білім берудің сапасын зерттеуге 2 мектептен 125 оқушы, IСІLS-2018 компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеуге 6 мектептен 120 оқушы мен 94 мұғалім, сонымен қатар мұғалімдерге арналған TALIS-2018 білім берудің және оқытудың халықаралық зерттеуіне 12 мектептен 257 мұғалім. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы жөнінде ақпарат
(01.07.2017 ж)
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы облыста 20-22 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өткізіліп, оған бітіруші 6412 түлектің 4188-і қатысты. Қатысу пайызы – 65,3%.
Облыс бойынша  9 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс жасады. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен толық жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. 
ҰБТ өткізу барысында Ереже талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарында өз деңгейіндегі қызметтер көрсетілді. 
Облыс бойынша қорытынды балл – 82,35.
100-ден жоғары балл жинағандар саны: 800. 
Қызылорда – 244 бала, Қазалы ауданы – 120 бала, Қармақшы - 93 бала, Арал ауданы- 68 бала, Жаңақорған – 64 бала, Шиелі-63 бала, Сырдария – 46 бала, Жалағаш – 41 бала, Білім-инновация лицейлері – 50 бала, №4 дарынды балалар мектебі – 11 бала.
Облыс бойынша орташа балл – 82,35 құрады.
Үш күнгі тестілеу сынағының қорытындысы бойынша 6196 мектеп бітірушілердің ішінде 3829 (62,4%) талапкер жоғары оқу орнына мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады.  

ҰБТ қорытындысы
(01.07.2016 ж)
Облыста 2-4 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. 
Облыс бойынша 9 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті жұмыс жасады. Барлық тестілеу пункттері талапқа сай қажетті құралдармен жабдықталып, ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.
ҰБТ өткізу барысында Ереже талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарында өз деңгейіндегі қызметтер көрсетілді.
Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 6564. Оның 4559-ы ҰБТ-ге қатысамын деп өтініш білдіргендер.
2-4 маусымда тестілеуге қатысқандар саны 4507.
Облыс бойынша орташа балл 82,7.
ҰБТ-ге қатысқан 4507 бітірушінің 50-ден балл жинап, жоғары оқу орнына және колледждерге ақылы негізде түсуге және мемлекеттік білім гранты үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік алған түлектер саны 4108 яғни 91 %-ы.
100 және 100-ден жоғары балл жинағандар саны – 722.
Жекелеген пәндер бойынша мүмкін болған 25 баллды 321 оқушы жинаған.
Жалағаш ауданында №123 мектеп-лицейі өткен жылы республикадағы «Ең үздік 100 мектеп» тізімінде болса, ағымдағы жылы да ең үздік мектептердің қатарына еніп отыр.
Бұл мектептегі бітірушінің барлығы ҰБТ-ге қатысып, орташа ең жоғары деген 104,1 балды жинаған. Мектептегі үш «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған үміткерлердің барлығы да өз білімдерін  дәлелдеп шықты. Мектептегі ең жоғарғы 120 баллды жинаған оқушы «Алтын белгі» белгісіне ие болды.
«Алтын белгі» белгісіне үміткер болған түлектердің 143-і өз білімдерін дәлелдеді.
Үздік аттестатты 33 түлек дәлелдеген. Одан бөлек «Алтын белгі» белгісі туралы Ереже талаптарына сәйкес 1 баллы жетпеген 35 түлек Үздік аттестат алды.
Аудандар бойынша орта балл:  
1) Жалағаш ауданы – 89,8 балл
2) Жаңақорған ауданы – 83,3 балл
3) Қармақшы – 83,01 балл
4) Қызылорда қаласы – 82,5 балл
5) Қазалы ауданы – 82,9 балл
6) Шиелі ауданы – 81,36 балл
7) Арал ауданы – 80,4 балл
8) Сырдария ауданы – 79,56 балл
Облыстық білім мекемелерінің орташа баллы:
1) №4 облыстық дарынды балаларға арналға мектеп интернат – 93,1 балл
2) №9 қазақ-түрік лицейі – 102,1 балл
3) №10 қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі – 109 балл

Ұлттық бірыңғай тестілеу  қорытындысы
Облыста 2015 жылғы маусым айының 2-5 күндері жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілерін ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында тәуелсіз бағалау тәсілімен қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
2014-2015 оқу жылында 6452 оқушы мектеп бітірді. Олардың 4092-і (немесе 63.4%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысамын деп өтініш білдірген (бұл қатысудың 63.4 пайызын құрады). 
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған 2360 мектеп бітіруші мектеп қабырғасында мемлекеттік емтихан тапсырды. 
ҰБТ қорытындысымен орташа балл 81.7. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 231 оқушының 139 (58 пайызы) өз білімдерін дәлелдеді.
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің 26-інің 1 балы жетпеген. Бұл үміткерлер ҰБТ Ереже талаптарына сәйкес Үздік аттестатқа иегер болды. 
2014-2015 жылғы ҰБТ бойынша атқарылған шаралар:
Мектеп бітірушілердің бітіру емтихандарына дайындалу үшін түгелдей 2015 жылға арналған сынама кітапшалары мен ҰБТ-ға дайындық кітаптары тегін алынып берілді. Облыс әкімінің қолдауымен 2015 жылдың басында бюджетті нақтылау барысында 45 млн тенге бөлініп математика, Қазақстан тарихы және қазақ тілінен мектеп бітірушілерге арналған «ҰБТ-ға дайындаламыз» атты оқу-әдістемелік құралы алынып, бұл кітап ата-аналар мен мектеп бітірушілердің, ұстаздардың қызығушылығы мен сұранысына ие болды.
- 12-14 мамыр күндерінде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының мектеп бітірушілерінен 2-ші рет онлайн режиміндегі сынама тестілеу алынды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу  қорытындысы
Облыста 2014  жылғы маусым айының 2-5 күндері жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілерін ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында тәуелсіз бағалау тәсілімен қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
2013-2014 оқу жылында 7064 оқушы мектеп бітірді. Олардың 4987-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысамын деп өтініш білдірген (бұл қатысудың 72,2 пайызын құрады) (2013 жылы қатысу 65 пайыз болған) қатысудың көрсеткіші 7,2 –ге өскен немесе 324 балаға артық)
2014 жылы орташа балдық көрсеткіш 74,2 болды. (2013 жылы 73,3 болған, 0,9 балға өсім бар)
«Алтын белгі» белгісіне үміткер 249 оқушының 94-і (37,7 пайызы) өз білімдерін дәлелдеді (2013 жылы 66 оқушы өз білімін дәлелдеп, 33 пайыз болған)
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің  38-інің 1 ғана балы жетпеген. Бұл үміткерлер ҰБТ Ереже  талаптарына сәйкес Үздік аттестат иегері болды. (2013 жылы -33 болды)
Үздік аттестатқа 55 мектеп бітіруші  ие болды. 
Облыста Ең жоғары 122 балды Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі №11 мектептің бітірушісі Жеткергенова Жансая Еділқызы және №136 мектеп-лицейдің оқушысы Қыпшақбай Перизат Өмірғалиқызы алған.
Одан бөлек 120-дан жоғары балды 8 мектеп бітіруші  алды.
Облыс бойынша 100 ден жоғары балл жинаған балалар саны 447. (2013 жылы 429 болды)
2013-2014 оқу жылында 45 мектеп бітіруші  дүниежүзілік, халықаралық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №172 санды бұйрығына сәйкес ҰБТ-ден босатылып, мемлекеттік оқу грантына ие болды.
2014 жылғы 29 мамырдағы  еліміздің ең өзекті жаңалығы Евразиялық экономикалық одақ құрылуының қарсаңында Мәскеу–Қызылорда  арасындағы білім саласының алтын көпірі іспеттес байланыс орнауда. Оған дәлел ағымдағы жылы Москва қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университетінің сынақ емтиханы Қызылорда қаласында өткізіліп, оған облыс бойынша 643 мектеп бітіруші қатысты. Емтиханды Москва қаласынан келген комиссия жүргізді. Нәтижесінде   153 мектеп бітіруші Москва қаласындағы аталған оқу орнына бюджеттік негізде оқуға қабылданды,  111 мектеп бітіруші аталған оқу орнының бюджеттен тыс оқу негізінде оқуға қабылданды.
Сонымен қатар 2014 жылдың 28-29 мамыр күндері Санк-Петербург қаласындағы Мемлекеттік технологиялық табиғи полимерлер университетіне алдын –ала тестілеу өткізіліп, оған Қызылорда қаласынан 137 мектеп бітіруші қатысты. Нәтижесінде 41 мектеп бітіруші аталған оқу орнының мемлекеттік оқу грантын жеңіп алды.
Одан бөлек облыс әкімінің 300 оқу гранты тағайындалып, алдағы уақытта өңірімізге қажетті мамандықтар бойынша белгіленген тәртіппен бөлінетін болады.

ҰБТ 2013 жыл

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

2013 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткен жылғымен салыстырғанда ілгерілеушілік бар.

ҰБТ қорытындысымен орташа балл 73,4. (2012 жылы 64,02) 9,38 балға өскен.

«Алтын белгі» белгісіне 196 үміткердің 66-ы өз білімдерін дәлелдеді, ол 33,6 пайызды құрайды. (өткен жылғымен салыстырғанда 21,8 пайызға өсім бар)

Үміткерлердің жалпы санынан әрбір үшінші бала өз білімін дәлелдеген.

Ерекше атап өту керек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болған 34 оқушының 1 балы жетпеген. Бұл үміткерлерде  өз білімін ақтады деп түсінуіміз керек. 

Олар ҰБТ ұйымдастыру мен өткізудің Ереже талаптарына сәйкес Үздік аттестатқа ие болды.

(2012 жылы 421 үміткерден 50-і дәлелдеген ол 11,8 пайыз) Әрбір үміткердің 8-іншісі өз білімін дәлелдеген.

Үздік аттестатқа үміткер 79 оқушының 20-ы өз білімдерін дәлелдеді (25,3 пайызы) (өткен жылғымен салыстырғанда 15,3 пайызға өсім бар)

(2012 жылы 229  үміткерден 23-і дәлелдеген 10 пайызы)

(2012 жылы 229  үміткерден 23-і дәлелдеген 10 пайызы)


Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасы жүктеу...68 КБ

Құрылған күні: 14-02-2013 10:56
Жаңартылған күні: 17-07-2018 12:53

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика