ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер жолдау мерзімі туралы ақпарат
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!
2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Азаматтық қоғам істері комитетінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады. 
Осыған орай, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмай infonpo.kz сайтында есеп берудің электронды нұсқасын толтыру ұсынылады.
ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың баламалы тәсілі есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептің қағаз нұсқасын электрондық форманың CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мекен-жайына үстіміздегі жылдың 31 наурызына дейін жолдау қажет.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. 

- 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) жеңілдітілген нұсқасын реттейтін ҚР Дін істері дәне азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы күшіне енді.
- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы жұмысын бастады (infonpo.kz);
- ҮЕҰ infonpo.kz арқылы өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына бере алады;
- ҮЕҰ мәліметтер базасына мәліметтерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infonpo.kz веб-порталы арқылы электронды түрде беруге болады;
- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер пошта немесе қолма-қол қағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті мекен-жайына берілуі мүмкін;
- үкіметтік емес ұйымдарды 2018 ж. 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына 2017 жылғы қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырамыз;
- ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
- 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес:
1.Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақы тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдар ҮЕҰ дерекқорында болуы керек
1)ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не? 
ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
2)Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.  
3) ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.  
4) Жақында, ҮЕҰ дерекқорына үкіметтік емес ұйымдар өз мәліметтерін ұсыну туралы жаңа қағидалар әзірленгені белгілі болды. Қағидаларға өзгерту енгізу туралы шешім немен байланысты?
Жаңа Қағида уәкілетті органға мәліметтер ұсынуды жеңілдету мақсатында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің пікірін ескере отырып, әзірленді. Мәліметтерді ұсыну нысаны жеңілдетілді – кейбір тармақтар алынып тасталды және нақтыланды, толтыруға ыңғайлы болу үшін кестелерге бөлінді (құрылтай құжаттарын, бухгалтерлік баланстарды, ұсынуды талап ететін нормалар, кірістер мен шығыстарға қатысты тармақтар салық есептілік нысанына сәйкес келтірілді, бұл мәлімет ұсынуды жеңілдетеді). 
5) ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын, есептік мерзімнен кейінгі әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет. 
6) ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?
Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (Мәдениет және спорт министрінің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (https://infonpo.kz/wp-content/uploads/2018/01/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D...) сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.  
7)ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек? 
Мәліметтер:
-пошта немесе электронды тасушылар арқылы қолма-қол қағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 2018 жылы 31 наурызға дейін;
-ҮЕҰ Дерекқордың (http://infonpo.kz) интернет-порталы арқылы ұсынылады.   
8) ҮЕҰ дерекқорына веб-портал арқылы, яғни электронды түрде мәліметтерді ұсыну мүмкіндігі сақталды ма?  
Иә, бұл мүмкіндік сақталды. Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін ҮЕҰ дерекқоры infonpo.kz веб-порталы қызмет атқарады. Веб-порталды тіркелу/авторизациялау үшін заңды тұлғаға электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) қажет. ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын бөлімшесіне өтінім бере аласыз. 
ҮЕҰ дерекқоры http://infonpo.kz интернет-порталына кірген кезде  ҮЕҰ пайдаланушы нұсқаулығымен таныса алады, онда алгоритм бойынша порталмен жұмыс істеу үшін әр қадамы көрсетілген.  
9) Қағаз түріндегі мәліметтерді пошта арқылы қай мекенжайға жолдау керек?
Уәкілетті органға үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну кезінде, үкіметтік емес ұйымдар пошта арқылы немесе қолма-қол ілеспе хатпен өзінің қызметі туралы мәліметті мына мекенжайға жолдайды: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.  
10)Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма? 
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар infonpo.kz (https://infonpo.kz/wp-content/uploads/2017/09/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D...) сайтында орналасқан:
11)Биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдар өз мәліметтерін былтыр тапсырса биыл тапсыруға міндетті ме?  
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өз қызметі туралы мәліметтерін уәкілетті органға жыл сайын тапсырады.
12) Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорында ұсынуға міндетті ме?  
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері өзінің қызметтері туралы мәліметтерді өздері ұсынбайды. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі туралы мәліметтерді «бас ұйым» ұсынады. 
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері бар (филиалдар және өкіледіктер) үкіметтік емес ұйымдар филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметті ұсынуы тиіс. 
Егер «бас ұйым» барлық филиалдар туралы ақпарат, оның ішінде филиалдар немесе өкілдіктер ағымдағы жылы іске асырған және асырылатын жобалар туралы мәліметтерді ұсынбаса, онда мәліметтер толық деп есептелмейді және ҮЕҰ ДҚ-ға енгізілмейді.
13.ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді беру мерзімінен кейін құрылған, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәлімет ҮЕҰ дерекқорына енгізіле ме? Мысалға, ұйым 2018 жылы 10 сәуірде құрылды.  
Егер келесі есепті кезеңнің басына дейін мәліметті ұсынған жағдайда, ұйым (ҮЕҰ дерекқорына мәліметті есепті кезеңнен кейін құрылған) ҮЕҰ дерекқорына енгізіледі. 
14.ҮЕҰ-ның ҮЕҰ дерекқорында болуын қалай білуге болады?
ҮЕҰ дерекқорына мәліметті ұсынатын ҮЕҰ-ның тізбесі infonpo.kz сайтында орналасқан. Бұл тізбе түсуіне қарай жаңарып отырады. 
15. Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған? 
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес: 
1.Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
16.ҮЕҰ-дар ҮЕҰ дерекқорында болған жағдайда, қандай артықшылыққа ие болады?
ҮЕҰ дерекқорында болуы ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.  
Сонымен қоса, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға, сонымен бірге ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады. 
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі. 
17. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді ұсыну рәсімі жетілдіріліп отыра ма?  
Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігі ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер беру рәсімдерін жеңілдету бойынша  жұмысты жалғастыруда. Сондай ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша  мәселе пысықталуды, бұл ҮЕҰ-ға ұйымдар қызметіне қатысты ақпаратты жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.  

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы

әдістемелік ұсынымдар

жүктеу...54 Кб


ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама жүктеу...41 Кб


ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Сұрақ-Жауаптар жүктеу...52 Кб


Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат 
 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды (түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Заңымен енгізілді).
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
ҮЕҰ өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен реттеледі. 
Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (ДІАҚМ) Қағидаларға қосымша берілген нысанға сәйкес (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  :
-2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;
-2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады. 
ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.  
Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).
ДІАҚМ-нің ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты бөлімшесі: ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47 «жедел желі» телефондарына хабарласу қажет. 
Сондай-ақ ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады. 
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру жөніндегі Нысан, Жадынама, Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы сайттарында орналастырылған. 
ДІАҚМ мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті. 
 
Құрылған күні: 15-02-2017 15:48
Жаңартылған күні: 16-03-2018 09:14

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика