ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

(2018 жылдың 6 ай қортындысы бойынша) 

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 852-ні құрап отыр. Оның ішінде 436-сы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 2018 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша 235 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
2018 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 966, 9 млн. тг. қаржы қаралып, 143 жоба жүзеге асырылуда.
Оның 61-і облыстық,  17-сі қалалық, 65-і аудандық бюджет арқылы. ф
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 500 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 (Т.Жүргенов атындағы шығармашылық Үйі), 3 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 
Сонымен қатар, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында 4 қоғамдық қабылдау, 7 кездесу, 2 акция, 6 семинар, 4 сұхбат алаңдары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, 2018 жылдың 29 наурызында Қызылорда қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының бас ғимаратында құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру» қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға өңірдегі Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қатысып, тұрғындарға құқықтық түсіндірме жүргізді. 
Сонымен бірге, келесі қоғамдық қабылдау 18 сәуір күні Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде жалғасын тапты. Сырдария аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. 
Осы бағыттағы қоғамдық қабылдаулар мамыр, маусым айларында Жалағаш, Шиелі аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдауға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша сауалдарына жауап берді. 
Сонымен қатар, жоба аясында 30 наурыз күні Шиелі, Жаңақорған аудандарында, 17 сәуірде Арал, Қазалы аудандарында, 18 сәуірде Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудардарында аймақ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған кездесулерге Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесуге облыстық ішкі істер департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті өкілдері қатысты.
Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында өткізілген кездесулерге аудан прокурорлары, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және қоғамдық қор өкілдері, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу туралы баяндамалар жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. 
Сонымен қатар, 2018 жылғы 15-16 мамыр күндері И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде, «Болашақ» университетінің колледжінде «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыптарында сұхбат алаңдары өткізілді.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

(2018 жылдың 3 ай қортындысы бойынша) 

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 852-сі құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша 220 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 2017 жылы 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2018 жылдың есепті мерзімінде облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында үкіметтік емес ұйымдардың  14 жобасын жүзеге асыруға  96 млн. 405 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 3 млн. 200 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету, ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 («Т.Жүргенов атындағы» шығармашылық орталығы), 3 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 

2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  

Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.

Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  

2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 

2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен үкіметтік емес ұйымдардың 169 әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңгеге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.

Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 

Сонымен қатар, әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.

Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылды.  

«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралды.

Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат.

Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.

Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 5 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел отырысы, 4 кездесу, жоғары білікті заңгер мамандардың күнделікті кеңестері берілді. Қазақ және орыс тілдерінде «Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеуді оқыту» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

SarapTime сарапшылар клубының «Қазақстан жаңа конституциялық шарттарда» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде  еліміздің танымал спикерлері жергілікті ҮЕҰ мүшелерімен  пікір алмасты.

Жоба жүзеге асқаннан бері ҮЕҰ өкілдеріне 100-ге жуық құқықтық кеңес берілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ көп тіркелген Қармақшы, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласында ресурс орталығы жұмыс жасады. Аталмыш ресурс орталықтарын ашуға жергілікті бюджеттен 7 млн. 437 мың. тг қаралды. Атқарылған барлық жұмыстар облыстың әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға, халықтың рөлін арттыруға, оның ішінде үшінші сектор бойынша қоғамды дамыту мен демократиялық құндылықтарды нығайтуға арналды.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды.

ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 61 кездесу, 92 кеңес беру, 26 дөңгелек үстел отырысы, 3 ашық есік күні, 9 түнгі рейд, 9 акция ұйымдастырылып, 9 байқау, 9 қоғамдық тыңдау, 41 семинар-тренинг пен 22 оқыту курсы, 9 тақырыпта 3500-ден астам әдістемелік құралдар мен 1 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 7 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 58 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді.

ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілді.

Сонымен қатар, облыстың соңғы жылдардағы әлеуметтік –экономикалық дамуынан сыр шертететін «Qyzylorda» атты 1000 дана фотоальбом басып шығарылды. Фотоальбомда әр саладағы  жетістіктер суреттелген.

Саяси партиялармен жұмыс

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.

Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».

 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.

Оның ішінде, 22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 

2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

11 шілдеде Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен халық арасында медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара темір жол вокзалында өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Дәуленбаев, Төретам кенті емханасының бөлім жетекшісі Н. Бектасова жүргізді.

12 шілдеде Арал аудандық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Ералиев және Г. Шиповскихтың қатысуымен «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

19 шілдеде Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 22 ұйым бос жұмыс орындарын ұсынса, 88 жас жұмыс іздеуші ретінде қатысқан. 65 жас жұмыс орындарға жолдама алды.

26 шілдеде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партия филиалының және «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігіне бақылау жүргізілді.

3 тамызда «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» партиялық жобасы аясында темір жол саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен темір жол саласының басшылары қатысты.

4 тамызда партияның облыстық филиалы 125 мүмкіндігі шектеулі балаға тынығу лагерлеріне жолдама берді. Шараға партия өкілдерінен бөлек қайырымдылық көмек көрсетуші кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар қатысты.

Сонымен қатар, облыста Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы қоғам өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.

16 тамызда қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ҚКХП облыстық филиалында кездесу өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, ҮЕҰ-дар мен БАҚ өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.

20 қыркүйекте ҚКХП ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы тұтынушы мен өнім беруші арасында қарым-қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Баймахановамен партия филиалының өкілдері кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Саяси партиялар тарапынан облыста 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 364 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 239-ы қоғамдық-саяси шаралар.

Қоғамдық - маңызды шаралар

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 208 ірі көлемді шара өтті.

Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 

Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.

30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.

31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30-дан астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.

30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 

Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.

Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты.

3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  

Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  

5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  

21 қыркүйекте А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады.

Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 

2017 жылғы 20-21 қазан күндері облыста мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.  «Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, көрме және өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

28 қазанда «Текей батырдың 350 жылдығына» арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

13 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Туған жерге тағзым» форумы «Сұлтан Плаза»  кешенінде өтті.

Шараға облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев, еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қызылордалықтар арнайы келіп қатысты.

Форум аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Сонымен қатар Сырдан шыққан дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми орталығының директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының иегері Болатбек Баймаханов телекөпір арқылы байланысқа шығып, аймақтағы медицина саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін Сыр елінің бірқатар тумаларына «Сыр жанашыры» марапаты табысталды. Олардың ішінде әйгілі зілтемірші Илья Ильин мен кардиохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя, «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми зерттеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов бар. Мұнан өзге ғалымдар, дәрігерлер мен өнер майталмандары, кәсіпкерлер, спортшылар және басқа да салалардың өкілдерінен 20 адам марапатталды.

27 желтоқсанда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: Сыр өңірі тарихының зерттелуі және өлкетану пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында алғаш рет тарихшылар слеті ұйымдастырылды. 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
(2017 жылдың 9 ай қортындысы бойынша) 
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 18 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Шексіз спорт» спорттық сайысы, «Медиация негізінде келіссөз жүргізуші тәсілдері», «Мәңгілік Ел» идеясын орнықтырудың заңнамалық тәсілдері» атты семинар-тренингтерді, ҚР Конституциясы күніне арналған шеру мен әскери-спорттық турнир, «Супер әже» тақырыбында байқау, «Hand-made» қолөнер көрмесі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауды атап өтуге болады. Сонымен қатар, облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің және әскери патриоттық тәрбиелеу орталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 
Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 170 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Жоба мақсаты - ҮЕҰ-дарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылады.  Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды. 
ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты көтеру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 43 кездесу, 78 кеңес беру, 19 дөңгелек үстел отырысы, 2 ашық есік күні, 7 түнгі рейд, 7 акция ұйымдастырылып, 5 байқау, 7 қоғамдық тыңдау, 23 семинар-тренинг пен 9 оқыту курсы, 9 тақырыпта 1500-ден астам әдістемелік құралдар мен 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 5 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 15 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді. Облыстың жетістіктері жайлы 170-ке жуық жаңалықтар мен ақпараттық посттар интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланды. ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілген. 
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 115 ірі көлемді шара өтті.
Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап, саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
21 қыркүйекте А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады. 
Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
(2017 жылдың I жартыжылдық қортындысы бойынша) 
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылдың есепті мерзімінде 1 109 821 мың. теңге қаралып, 153 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді.
Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсыну керек.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметіне сәйкес 2017 жылдың есепті мерзімінде  Қызылорда облысы бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған  (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). 
Жыл басынан облыс бойынша ҮЕҰ-дың мәліметті Дерекқорға ұсыну тәртібі бойынша 60-қа жуық түсіндірме жұмыстары, кездесу, дөңгелек үстелдер өткізілді. ҮЕҰ-ды барынша ақпараттандыру бойынша БАҚ-та хабарландырулар берілді. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінің және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ресми интернет-ресурстарында әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар орналастырылған.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді). 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беру үшін жүзеге асырылып отыр.    
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында 72 ірі көлемді  шара өтті. 
Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері  және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.
2017 жылғы 17 наурызда  Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты. 
2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
2017 жылы 30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Сонымен бірге, Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта  жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусым күні Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал,бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

(2017 жылдың I тоқсаны бойынша)

Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 838-ді құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы 924,6 млн. теңге қаралып, 130 әлеуметтік жоба жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 18 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 160 млн. 333 мың теңге қаржы бөлінді.

Қоғамдық-маңызды шаралар

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері  және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.

2017 жылғы 17 наурызда  Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты.

2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды.

Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.

Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.

Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсыну керек.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес 2016 жылы  Қызылорда облысы бойынша 101 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер тапсырған. 

Жыл басынан облыс бойынша ҮЕҰ-дың мәліметті Дерекқорға ұсыну тәртібі бойынша 50-ге жуық түсіндірме жұмыстары, кездесу, дөңгелек үстелдер өткізілді. ҮЕҰ-ды барынша ақпараттандыру бойынша БАҚ-та хабарландырулар берілді. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінің және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ресми интернет-ресурстарында әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар орналастырылған.

 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

Мәдениет және спорт министрлігінің ресми мәліметі бойынша 2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына Қызылорда облысы бойынша 101 ҮЕҰ тапсырса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер ұсынған. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдар арасында аталған заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

(2016 жылдың қорытындысы бойынша)
 
2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ тіркелген болса, 2016 жылы облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ды құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 576 млн. теңге қаржы бөлініп, 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 811,6 млн. теңге қаралып, 176 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Қоғамдық-маңызды шаралар.
Ел тарихында ерекше орын алған 2016 жыл көптеген маңызды оқиғалармен есте қалды.
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 96 ірі көлемді шаралардан тұратын 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды. 
Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2016 жылдың айтулы даталары - Тәуелсіздіктің 
25 жылдығы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуы және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.  
Сондай-ақ, 2016 жылдың басты оқиғасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 
25 жылдығын мерекелеу.
Қызылорда облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бойынша жұмыс тобы құрылып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1071 шараны жүзеге асыру қарастырылып, жоспарланған шаралар толықтай орындалды.
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күнге арналған 370 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.
25 жұлдызды күн аясында облыс көлемінде 1212  шара (қоғамдық-саяси - 214, ақпараттық-имидждік - 85, ғылыми-ағартушылық - 162, спорттық - 90, мәдени-557, әлеуметтік -экономикалық - 104) оның ішінде: «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форум, «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» республикалық ғылыми конференция; «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» ХІІ облыстық жастар форумы, Тәуелсіздік құрдастарының форумы; «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі; «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының шығарылуы; «25 маңызды оқиға» фильмінің көрсетілімі; «25 қайырымды іс» әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында акциялар, ҚР Тұңғыш Президенті күні, «Тәуелсіздік тартуы» телемосты және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиындар, кездесулер мен мерекелік концерттер өткізілді. 
Ұйымдастырылған шаралар барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасуы және Мемлекет Басшысының 5 институционалды реформасы «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға ерекше маңыз берілді.
Саяси партиялармен жұмыс. Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктерімен түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып келеді.
Айта кету керек, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өзінің белсенділігімен танылып жүр. 
2016 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 320 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер және көпшілік т.б. шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 220-сы қоғамдық-саяси шаралар.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
(2016 жылдың IIтоқсаны бойынша)
 
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ Әділет органдарында заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында республикалық бюджеттен қарастырылған 576 млн. теңге қаржы бөлініп, оған облыс бойынша 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 176 әлеуметтік жобаға 811,6  млн. теңге қаралып, жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. 
Жалпы бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған. Жергілікті атқарушы органдар мен саяси партиялар, азаматтық қоғам құрылымдары арасында шешімін таппаған шиеленісті мәселелер, түсініспеушіліктер жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы (2016 жылғы 28 наурыздағы №220) Жарлығына сәйкес аймақта а.ж. 20 сәуірінде 104 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 60  ірі көлемді шара өткізіліп, 10 әлеуметтік нысан, 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мұнан өзге Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында екінші жартыжылдықта ірі көлемді 44 шара өткізілетін болады.
Жергілікті баспа және электронды БАҚ-да «Тәуелсіздікке - 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Мерей», «Тәуелсіздікке тарту» айдарларымен 345-ден аса материал, үнқатпалар орналастырылды, 110-нен аса шара республикалық, жергілікті БАҚ-да ақпараттандырылды. Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбымен арнайы сілтеме ашыды.
Қоғамдық кеңестер. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті мәслихаттардың шешімі мен облыстық, аудандық, қалалық деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылып, олардың Ережесі және құрамдары бекітілген болатын. Кеңес құрамына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, оның ішінде партия өкілдері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, ҮЕҮ өкілдері, ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының өкілдері қамтылған.
Қоғамдық кеңестер жұмысын жандандыру бағытында 2016 жылдың 31 тамызында облыстық мәслихаттың кезектен тыс №6 сессиясының №52 шешімімен облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Жаңартылған құрам бойынша қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен басқа да қоғамдық ұйым жетекшілерімен толықтырылды.
Қазіргі таңда Қоғамдық кеңес қызметтерін одан әрі жетілдіру үшін Қоғамдық кеңестің қоғамдық қабылдаулар кестесін бекіту, ең өзекті мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырыстарын ұйымдастырып, оған халықты барынша тартуды қалыптастыру (қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларын қайта қарап, олар өзекті мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс және БАҚ өкілдерінің қатысуын, жариялылығын, ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, Қоғамдық кеңестің аудандарда, елді мекендерде көшпелі отырыстарын ұйымдастыру) бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Саяси партиялармен жұмыс. 
Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктері партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүргізе отырып, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып келеді.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.
(2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша)
 
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ Әділет органдарында заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 576 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 143 жоба жүзеге асырылды.
Ал 2016 жылдың есепті мерзімінде 142 әлеуметтік жобаға 418,0 млн теңге қаралып, жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 216 млн. 306 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 34 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.
Жалпы бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған. 
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 39 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Саяси партиялармен жұмыс. Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктері партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүргізе отырып, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып келеді.
Кеңес саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық кеңестер. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті мәслихаттардың шешімі мен облыстық, аудандық, қалалық деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылып, олардың Ережесі және құрамдары бекітілген болатын. Кеңес құрамына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, оның ішінде партия өкілдері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, ҮЕҮ өкілдері, ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының өкілдері қамтылған.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
(2016 жылдың I тоқсаны бойынша)
 
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы 
№ 51 бұйрығына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың 2016 жылдың 31 наурызға дейін мәлімет беруі жөнінде БАҚ-қа хабарлама орналастырылды. Аталған қағидаларды түсіндіру мақсатында "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг өткізілді.  
2015 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілген «Достық үйі» ғимаратынан "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығына үкіметтік емес ұйымдармен салааралық жұмыс жүргізу үшін 2 бөлме бөлінді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес, облыс әкімдігі жанынан Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды. 
Облыстық Қоғамдық кеңеске мүшелікке ұсынылған 62 (жеке азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардан) кандидаттың 33-і мүшелікке енді.
2016 жылдың 10 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс №44 сессиясында №355 шешімі мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді. 
Олардың құрамы 23 ҮЕҰ-дан, 7-уі мемлекеттік органдардан болса, қалған 3-уі саяси партия өкілдері. Яғни, Қоғамдық кеңес 79% азаматтық қоғам институтары өкілдерінен құралды.
Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті мәжілісі сәуір айында өткізу жоспарлануда. 
2016 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 96 шара енгізіліп, есепті мерзімде 10 шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстық «Ерлік" үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігімен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған «Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» атты тағзым алаңында ардагерлерді еске алу митингісі және «Ерлікке тағзым-ұрпаққа парыз» атты кеш ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы 11 наурызда Қазалы ауданына, ал 12 наурызда Қызылорда қаласында болды. Делегация мүшелері бағдарламаға сәйкес іс-шараларға қатысып, облыс тұрғындарына бизнесті дамыту,әлеуметтік және медициналық консультациялар жүргізді. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті. 
Наурыз мерекесін облыста атап өтудің желілік кестесі қалыптастырылып, 14-22 наурыз аралығында 9 күнге тақырыптық бағыттар бекітілді. Бағыттарға сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау 2015 жыл бойынша
 
Қазіргі уақытта облыста 831 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 409-ы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуда.
Қызылорда облысында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылған 109 әлеуметтік жобаға республикалық бюджетті қосқа есептегенде барлығы 586,0 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік жобалар аясында 2000-нан аса іс-шара ұйымдастырылса, әлеуметтік қызметпен 200 мыңнан аса адам қамтылды.Бұл өз кезегінде азаматтық қоғам мен мемлекеттік орган арасындағы  ықпалдастыққа негіз болып, бірлескен әлеуметтік бастамалар мемлекет іргесін берік ете түсері анық.
Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2015 жылы облыстық бюджеттен 86,0 млн теңге қаржы бөлініп, үкіметтік емес ұйымдармен 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, атаулы күндерді мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, республикалық және облыстық деңгейде ірі-көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, ҚР Конституциясының 20, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелерін атап өтуге бағытталған 14 мәдени көпшілік шара,
11 дөңгелек үстел, 10 қоғамдық тыңдау және 9 конференция өткізілді.Сонымен қатар қоғамның басқа да өзекті мәселелеріне байланысты 23 семинар-тренинг, 16 оқыту курстары, 12 байқау, 11 акция, 3 сұхбат алаңы,4 форум, 2 флеш-моб, 3 ашық есік күні және 1 брифинг өткізілді.
Оның ішінде, журналистер форумы, облыстық әйелдер форумы, «Ұлы дала төсіндегі Мәңгілік ел: әлеуметтік әріптестік» VII Азаматтық форумы, «Туған жерге тағзым» тақырыбындағы сырбойылықтардың кездесуі секілді іс-шаралар қоғамды топтастыруға, мемлекеттігімізді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған тағылымды шаралар.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
(2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)
 
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 831-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 585 млн.982 мың теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 109 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 151 млн 181 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 36 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2015 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 55 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
 
ҮЕҰ-дың 2015 жылғы салалық бағыттары бойынша бөлініс саны туралы статистикалық мәлімет

ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары

Қызылорда қаласындағы ҮЕҰ саны

Аудандардағы ҮЕҰ саны

1

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

194

53

2

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

5

3

3

Қоршаған ортаны қорғау

53

20

4

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

40

22

5

Демография проблемаларын шешу

10

6

6

Гендерлік проблемаларды шешу

6

2

7

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

46

20

8

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

4

4

9

Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

-

-

10

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

35

16

11

Мәдениет пен өнерді дамыту

25

15

12

Тарихи-мәдени мұраны қорғау

20

12

13

Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту

7

6

14

Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-

атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу

-

-

15

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар

188

19

Жалпы

633

198

Барлығы

831

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
(2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша)
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 831-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 585 млн.982 мың теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 109 жоба жүзеге асырылатын болады.
Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 151 млн 181 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 36 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2015 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 39 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
ҮЕҰ-дың 2015 жылдың 1 шілдесіне салалық бағыттары бойынша бөлініс саны туралы статистикалық мәлімет

ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары

Қызылорда қаласындағы ҮЕҰ саны

Аудандардағы ҮЕҰ саны

1

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

194

53

2

Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

5

3

3

Қоршаған ортаны қорғау

53

20

4

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

40

22

5

Демография проблемаларын шешу

10

6

6

Гендерлік проблемаларды шешу

6

2

7

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

46

20

8

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

4

4

9

Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

-

-

10

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

35

16

11

Мәдениет пен өнерді дамыту

25

15

12

Тарихи-мәдени мұраны қорғау

20

12

13

Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту

7

6

14

Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-

атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу

-

-

15

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар

188

19

Жалпы

633

198

Барлығы

831

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күні облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. Атап айтқанда, 2002 жылы 310 ҮЕҰ тіркелсе, қазіргі кезде олардың қатары 690-ға жуықтап отыр.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 526 млн.358 мың теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 83 жоба жүзеге асырылатын болады. 
Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 164 млн 181 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 35 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар.
2015 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбесі жоспарына сәйкес есепті мерзімде 12 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.  
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, 2005 жылы олардың саны 519-ды құрады. Бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 769-ды құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
ҮЕҰ-дың 2015 жылғы салалық бағыттары бойынша бөлінісі төмендегідей. Жастар саясатын қолдау саласында – 65, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қолдау бағытында - 16, гендерлік саясат және демографиялық мәселелерді шешу саласында – 32, азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында – 23, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін қолдау бағытында – 33, мәдениет пен өнерді дамыту бағытында – 55, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бағытында – 13, білім және ғылым саласында – 17, қоршаған ортаны қорғау бағытында - 8, азаматтардың құқығын қорғау саласында – 18, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында – 8, денешынықтыру және спорт саласында – 30, ақпараттандыру және БАҚ саласында – 9, мемлекеттік тілді дамыту саласында - 7 және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін, өзге де салалар бойынша – 75 ҮЕҰ-дар жұмыс жасайды.

ҮЕҰ-дың 2015 жылғы салалық бағыттары бойынша бөлініс саны туралы

статистикалық мәлімет

ҮЕҰ-дың жұмыс жасау бағыттары

Нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ саны

Жұмыс жасамайтын (жұмысы тоқтап тұрған) ҮЕҰ саны

Жалпы саны

1.

Білім және ғылым саласында

17

19

36

2.

Жастар саясатын қолдау саласында

65

125

190

3.

Азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында

23

22

45

4.

Халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін қолдау бағытында

33

21

54

5.

Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қолдау бағытында

16

7

23

6.

Азаматтарды жұмыспен қамту бағытында

8

7

15

7.

Азаматтардың құқығын қорғау саласында

18

8

26

8.

Гендерлік саясат және демографиялық мәселелерді шешу саласында

22

26

48

9.

Денешынықтыру және спорт саласында

30

17

47

10.

Ақпараттандыру және БАҚ саласында

9

3

12

11.

Мәдениет пен өнерді дамыту бағытында

55

40

95

12.

Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бағытында

13

12

25

13.

Қоршаған ортаны қорғау бағытында

8

11

19

14.

Мемлекеттік тілді дамыту саласында

7

4

11

15.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін, өзге де салалар бойынша

75

48

123

        Жалпы саны

399

370

769

Үкіметтік емес ұйымдар
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күні облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. Атап айтқанда, 2002 жылы 380 ҮЕҰ тіркелсе, қазір (2015 жыл 1-қаңтарға) олардың қатары 690 болып отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын жобалар аясында салалық аудиторияның қамтылуына ерекше мән беріліп басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингі жүргізілді. Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 566 млн. теңге қаржы қаралды. 
Мемлекеттік тапсырыс қаржысы негізінен ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу және ұлттық саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуға бағытталған қызмет, жастар саясатын жүзеге асыру, отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру, жетімдіктің алдын-алу жұмыстарына, ұлттық тарих, діни экстремизмнің алдын-алу, діни сауаттылықты көтеру, еріктілер қозғалысын дамыту, ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту, азаматтық бастамаларды қолдау бағытында жүзеге асырылды. 
Сонымен қатар, облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап облыс әкімдігі, «Қызылорда облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығы және «Игілік» корпоративтік қоры арасында қабылданған Меморандумға сәйкес мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Аталған меморандум республика бойынша тек Қызылорда облысында ғана жүзеге асырылуда. Алты жыл көлемінде Меморандум аясында 439 млн. теңгеге, 220 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. 2014 жылы 89 млн. теңгеден аса қаржыға 43 әлеуметтік жоба облыстың үкіметтік емес ұйымдары арқылы жүзеге асырылуда.

Общие сведения
Құрылған күні: 07-08-2012 08:37
Жаңартылған күні: 25-07-2018 12:35

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика