ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 20,7 млн.теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн.теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн.теңге қаржы қаралған. 
Есепті мерзімде 382 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 96 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
Мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен 156 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты. Қорытындысымен 91-і оң нәтиже көрсетіп, «Қазтест» сертификатын иеленді. 
Сонымен қатар, «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, оған 675 қызметкер қамтылды. 
Сондай-ақ, 2016 жылдың сәуір, қазан айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облысымыздағы 3821 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді.
Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,3% (203 адам), А2 (базалық) деңгейді – 39,9% (1526 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,2% (1307 адам), В2 (ортадан жоғары) – 19,4% (743 адам), С1 (жоғары) – 1% (42 адам) құрады. 
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,6% құрайды. 
Облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,2%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,1%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,4% құрады.
2016 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау мақсатында орталық атқарушы органдардың 3 (үш) облыстық бөлімшесіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен 1 мекемеде, яғни Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында тіл туралы заңнама талабын бұзу фактісі анықталып, басқарма тарапынан орын алған заңбұзушылықты жою жөнінен ұсыным берілді.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 фестиваль, 1 кеңейтілген семинар-кеңес, 2 диагностикалық және 1 сертификаттық тестілеу, 3 дөңгелек үстел, 3 акция, 3 тексеру, 10 облыстық байқау, 7 семинар, 27 семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін облыс бойынша лайықты атап өту мақсатында бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс бойынша 400-ден астам шаралар өткізіліп, оған 6000-ға жуық адам қатысты.
Облыстық байқаулардың жеңімпаздары бірқатар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, орыс жастарының арасында өткен республикалық «Тіл-парасат» байқауында К.Денисов жүлделі 1-орынды, «Абай оқулары» байқауында Р.Рызманов пен «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауында Ж.Төлебай жүлделі 2-орындарды, үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадада Ф.Қаражан жүлделі 3-орынды иеленсе, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауында Д. Мұзарап «Үздік шеберлігі үшін» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленсе, «Мың бала» жобасының аясында өткізілген «Тіл мектебі» авторлық курсы» байқауында  Ә. Бахытованың ұсынған әдістемесі үздіктер қатарынан танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғысхатымен марапатталды.
Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар,«Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» және «Ағылшын тілі – әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 
Есепті мерзімде облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында тіл мәселесіне қатысты барлығы 349 мақала жарияланды.  
Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында  облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы» бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 149 сюжет көрсетілді.   
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын пәрменді, жүйелі жүргізу мақсатында 1 қоғамдық ұйымға, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, 32 мекемеге, барлығы 1853 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.
 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған. 
Есепті мерзімде 96 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да ұйымдастырылды. 
Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.
Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады. 
«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік (16 сағаттық) 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады. 
Бүгінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал  аудандық әкімдіктері бойынша 14 семинар, Қызылорда қалалық әкімдігі бойынша 3 семинар-тренинг өткізіліп, оған 425 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерінің қатысуы қамтамасыз етілді.  
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталуда. Қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады. Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тіл саясаты бағытында жүргізілген сауалнама қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,4%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,5% құрады.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы,   Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы,  тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы, қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой – сана», этнос жастары арасында «Абай оқулары»,  баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ», мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің арасында «Тіл мерейі» облыстық байқаулары өткізілді. 
Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық форумға мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі салада еңбек етіп жүрген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық жиынға Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың филолог-ғалымдарының қатысуы ұйымдастырылды.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып жүлделі 1-орынды жеңіп алса, тіл мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауында облыстық байқаудың жеңімпазы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің          3-курс студенті Р. Рызманов жүлделі 2-орынды иеленді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы  балабақшалардың тиісті мамандарының қатысуымен «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы – балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында  қаладағы №8 «Бүлдіршін», №31 «Алтын кілт», № 32 «Қызғалдақ», «Сыр самалы», «Баларман», «Алтын ұя»  балабақша ұжымдарына әдістемелік оқулықтар, ертегілер жинақтары, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңыз кітапшалар, қазақ ертегілердің  аудиожинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары,  барлығы 414 әдістемелік құрал тарту етілді.  
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, «оқиғалар қатары» қалыптастырылды.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 6 қыркүйекте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, балалардың  мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы отбасы үлгідегі «Атамекен» балалар ауылында «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы өткізілді. 
Акция барысында балалар ауылындағы 8 үйге «Даналық әліппесі» - электрондық оқулығының жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары, сонымен бірге, бүлдіршіндердің танымын, ой-өрісін кеңейтуге арналған түрлі  қазақ ертегілерінің  кітап және аудио жинақтары мен үш тілдегі аңыз кітаптары, барлығы 92 әдістемелік оқу құралы тарту етілді. 
16 қыркүйек күні үш тілде білім беруді насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында облысымыздағы білім беру ұйым басшыларының, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің пән мұғалімдерінің, тіл жанашырларының, филолог-ғалымдар мен тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
22 қыркүйек күні облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай  «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді.
Шараға аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындарының басшылары, мұнай компаниялары мен этномәдени бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.
Шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, облыстың Құрмет грамоталарымен және  Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, тіл мерекесіне орай этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауының жеңімпаздарына облыс әкімдігінің дипломы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Сәуір айында үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында  «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен берілген «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар,  Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды.  
Мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 50-ден аса  мақала, тіл мәселесіне қатысты 207 мақала жарияланды.  
Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 81 сюжет көрсетілді.   
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 1 қоғамдық ұйымға, 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, барлығы  1121 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 
2016 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға 2,7 млн. теңге қаржы қаралған. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталды.
Нәтижесімен 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады. 
Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бүгінде 37 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін тәмәмдап, сертификат алды. 
Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты. 
Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтерілді. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.
11 наурызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдердің үштұғырлығын насихаттау, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, құқық қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы хабарламалар жасалды.
Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды. 
30 наурызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 21-29 жас аралығындағы Қызылорда қалалық, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандық әкімдіктерінде және облыстық басқармалар мен департаменттерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысты. 
Сәуір айында тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар, Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.
8 сәуірде  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты. 
15 сәуірде қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қазалы, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр қаласының  мектептері мен Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 18-22 жас аралығындағы 19 талапкер қатысты. 
2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да өткізілді. 
Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.
Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады. 
«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.   
13 мамырда қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.               
Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына облыстан мемлекеттік тілді жетік меңгерген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық шарасына тілші-ғалымдардың қатысуы ұйымдастырылды. 
2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілді дамыту, қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы - балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді.
Акция барысында Қызылорда қаласының білім беру бөліміне қарасты 6 балабақша ұжымына балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, тілін ұстартуға қажетті оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер мен олардың аудио жинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары тарту етілді.
3 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінің арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Іріктеу кезеңіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы 14 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері қатысты. Мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылық өнерді қоса дамытып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер іріктеу кезеңіне жоғары дайындықпен келді. 
24 маусымда  мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына 16 қатысушыдан келіп түскен 28 материалға сараптама жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. Нәтижесімен «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» бойынша анықталған жеңімпаздар мен 7 ынталандыру сыйлықтарына үміткерлер марапатталды.
16 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірбиелерін тарату мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 25-40 жас аралығындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, мамандар қатысты.           
Байқау жеңімпазы Қостанай облысында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірбиелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру мақсатында өткізілген семинар-тренингке қатысты.
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақшаға 991 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.
Облысымызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  спикерлер тізімі жасақталып, олардың үш тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары республикалық телеарналардан берілуі жоспарлануда. 
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 30-дан аса мақала жарияланды. 
Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы» бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 73 сюжет көрсетілді.   
Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгертуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен тілдердің үштұғырлығын, көптілділікті насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламалары ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарна арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы І тоқсанның есебі жинақталып, сарапталуда.
2016 жылғы 19 қаңтардағы Тілдердің үштұғырлығын насихаттау жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар ұйымдастыру шаралары жүргізілді.
«Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында әлеуметтік желіде (Facebook) парақша ашылып, тіркелді. Аталған тақырыпқа сай өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда. 
2016 жылғы 19 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты. 
Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтеріліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді. 
2016 жылдың 11 наурызында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, құқық  қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы  хабарламалар жасалды.
Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» мәселесі бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды. 
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 3 балабақшаға 577 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі» деген 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.
Есепті мерзімде облысымызда қазақ, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, оқушыларға тәлімді тәрбие беріп келе жатқан А.Тайжанова, Н. Есбосын секілді мұғалімдер жайлы «Тіл оқытудағы оқу орнының оңды істері», «Үнемі ізденіс үстінде» атты мақалалалар интернет ресурстарда жарық көрсе, тілдерді білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы өңірлік бұқарат ақпарат құралдарында 24 мақала, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 62 мақала жарияланды. 
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімі бойынша
2015 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы қысқаша
АҚПАРАТ
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 10 млн.теңге мемлекеттік тілді оқытуға, 2,7 млн. теңге ағылшын тілін оқытуға бөлінді. 
Жыл ішінде Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы 192 мемлекеттік және  бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
Оқыту жұмыстары бірқатар аудандарда жалғасын табуда. Атап айтқанда, Жалағаш және Жаңақорған аудандық әкімдіктерінің 24 мемлекеттік қызметшісі «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсынан, Жалағаш ауданының 10 мемлекеттік қызметшісі ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көш басшылыққа үйрету мақсатында  Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі жұмыс жасауда. 
Бүгінде облысымызға шетелден келіп білім алып жатқан 30 қазақ студенттері осы үйірмеге қатысып, білімдерін көтеруде.  
Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтулері ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарға 2013 жылы  1200 адамның, 2014 жылы 1000 адамның қатысуы ұйымдастырылса, 2015 жылдың 10-20 тамыз аралығында өткен тестілеу жұмыстарына 4325 адам қамтылды. 
Келесі 2016 жылдан бастап қызметкерлер аталған жүйе бойынша емтихан тапсырып, сертификат алатын болады.
«Тілдік ахуалды» зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы мәлімет жинақталып, сараптама жасалып отырады.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 99,2% құрады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жыл басынан бері 1 ғылыми-практикалық конференция, 5 акция, 7 «дөңгелек үстел» отырысы, 8 семинар-кеңес, 14 облыстық байқау, 24 мемлекеттік мекемеге жоспарлы тексеру,34 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстары,  30 жеке нотариусқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маусым айында мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісі өткізілді. 
Есепті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында 220 мақала жарық көріп, 12 телебағдарлама мен 2 бейнеролик эфирден берілді.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда облыстық телеарнадан «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны, филолог ғалымдар мен тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл– таным» телехабары, қалалық телеарнадан «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында «Тіл үйренейік» телебағдарламасы тұрақты көрсетілуде.
Облыстық телеарна арқылы берілетін бағдарламалардың бір күндегі қазақ тілінің үлесі 80 пайызды, қалалық - 75 пайызды құрайды. 
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 81 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 57% қазақ тілінде, 5% орыс тілінде, 37,3% аралас тілде шығады. 
Облыста барлығы 298 мектеп бар. Оның 268-і қазақ (89,9%), 26-сы аралас (8,8%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 93% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 128-і этнос өкілдері. 
Облыстағы 390 балабақшаның 376-сы қазақ (96,4%), 13-і аралас (3,3%),1-еуі орыс (0,3%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 97%-ы қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 1419-ы этнос өкілдері.
Сонымен қатар, облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 98,1%-ы мемлекеттік тілді еркін меңгергендерді құрады.
Бүгінде Сыр елінен шыққан ақын-жазушылар, батырлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, еңбек және соғыс ардагерлері туралы мәліметтер жинақталып, сарапталуда.
Алдағы міндеттер:
- тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық түсіндіру шараларын жүргізу;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында түрлі форматта шаралар ұйымдастыру,
- «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің диагностикалық тестілеуден өтулерін және емтихан тапсырып, сертификат алуларын ұйымдастыру;
- мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне «Қазтест» бағдарламасы бойынша деңгейлік оқыту курстарын ұйымдастыру;
- мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқыту  курстарын жүргізу;
- өңірде тілдердің үштұғырлығын дамыту бойынша шаралар жүргізу;
- кәсіпкерлік саласының ісқағаздары мен көрнекі ақпараттарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, әріптестік Меморандумын қабылдау;
- әлеуметтік жобалар арқылы мемлекеттік тілді насихаттау шараларын жүргізу.
- мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуі, тіл туралы заңнамалардың орындалуы туралы мәселелерді облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында қарау;
- мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысын электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
- этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді, өз ана тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу,қорытындысымен ұсыныстар әзірлеу.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 
2015 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында ІІІ тоқсанда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тоқсан сайын барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы мәлімет алынып, сараптама жасалып отырады.
ІІІ тоқсанның қорытындысымен облыс әкімі аппараты мен барлық аудан әкімдіктерінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, Қызылорда қаласының әкімдігі 99,3 пайызды, облыстық басқармаларда 99,8 пайызды, ал аумақтық департаменттер мен инспекцияларда 98,8 пайызды құрады. 
Есепті мерзімде «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК арқылы 48 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша оқыту кустарынан, ал 24 мемлекеттік қызметші ағылшын тілінің оқыту курсынан өтті.
2015 жылдың 10-20 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 4330 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтулері ұйымдастырылды.
2015 жылғы тамыз айында мемлекеттік тілді насихаттау, тіл тазалығын сақтау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Шұбарламай, таза сөйлейік» тақырыбында бейнероликтің берілуі ұйымдастырылды.
Есепті мерзімде облыстық телеарнадан «Маржан сөз», «Тіл – таным» телехабарларының берілуі ұйымдастырылса, қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы үш тілді насихаттауға бағытталған «Тіл үйренейік» телехабары көрсетілді.
28 тамызда Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу, дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраға Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан 17 жас ақын қатысты.
Қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілді. 
Атап айтқанда, мереке күндері облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы» атты бейнеролик көрсетілді.
Тіл мерекесі «Тілді сүю – талбесіктен» акциясымен басталды. Акция барысында бүлдіршіндердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл байлығын жетілдіру, ой-өрісін, танымын кеңейту мақсатында облыс орталығында орналасқан төрт балабақшаға әдістемелік оқу-құралдары тапсырылды.
10 қыркүйек күні жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының жастары, түрлі салаларда жұмыс істеп жүрген мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерінің белсенді жастары, тіл жанашырлары, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының белсенді мүшелері, «Болашақ» университетінің қазақ тілі мен журналистика кафедрасы студенттерінің қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.  
Шара барысында тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Л. Есімова - «Тіл - бірліктің бастауы», «Болашақ» университетінің доценті , ф.ғ.к. С. Тайманова - «Тіл - елдігіміз бен бірлігіміздің туы», «Назарбаев зияткерлік мектебінің» баспасөз хатшысы Е. Рыбина - «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыптарында баяндамалар жасалып, қатысушылар өзара пікір алмасты.       
Шара соңында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға атсалысып жүрген жастар басқарманың алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке қарсаңында жастар арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», қоғамдық орындарда, қалаішілік көліктерде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциялары ұйымдастырылды.
18 қыркүйекте үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, ғылыми негіздегі жолдарын көпшілікке түсіндіру мақсатында тілдер мерекесінің қорытынды шарасы «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық ғылыми конференция болып өтті.
Конференцияға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, қалалық, аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімедерінің басшылары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары мен  мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты.                                           
Конференцияда А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.к. Фазылжанова Анар Мұратқызы, «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығының профессоры, п.ғ.д. Сариева Күлпаш Нтымақбайқызы, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ университетінің аға оқытушысы Тутбаева Жаннат Әбдіқайымқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қызметкері Айтбаева Анжела Давыдовна, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ–дің  орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «Синергия» ғылыми әдістемелік орталығының жетекшісі, п.ғ.к. Жарбулова Сауле Тұрарқызы Қазақстандағы үштілділіктің тиімді моделі мен тілдердің рөлі, тілдерді синхронды оқыту әдістері, шетел тілдерін оқытудың негізгі бағыттары мен тиімді жолдары, қазақ мектептерінде орыс тілін оқытуды жақсартудың нақты шаралары жөнінде баяндамалар жасады.
Конференцияға қатысушылар үштілділікті оқытудың тиімді жолдары жөніндегі ойларын ортаға салып, шара соңында бірқатар тіл жанашырлары облыстың және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси комитетінің Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 
Тіл мерекесі қарсаңында басқарма басшысының орынбасары Е. Меңлібаевтың «Қоғам ТВ» телеарнасына сұхбат беруі ұйымдастырылса, бөлім басшысы Л. Есімова облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының кезекті «Жаңа күн» телехабарына қатысты.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 

2015 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Есепті мерзімде бірқатар жұмыстар атқарылды. 
Тоқсан сайын барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы мәлімет алынып, сараптама жасалып отырады.
ІІ тоқсанның қорытындысымен облыс әкімі аппараты мен барлық аудан әкімдіктерінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, Қызылорда қаласының әкімдігі 99,1 пайызды, облыстық басқармаларда 99,8 пайызды, ал аумақтық департаменттер мен инспекцияларда 98,4 пайызды құрады. 
2015 жылдың сәуір айында басқарма тарапынан Қызылорда облысы бойынша экология департаментінде, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекцияларында, маусым айында Қазалы ауданының қала, кент әкімдіктері мен ауылдық округтерінде жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жүргізілген 24 мемлекеттік мекеменің 3-еуінде құжаттама тілінде тіл заңнамаларының дұрыс сақталмағаны анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.
Тексерілген 23 мекемеде іс жүргізу 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілсе, бір мекеменің, яғни Экология департаментінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99 пайызды құрады. Осыған байланысты 100 пайызға жеткізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Бағалау критерийлері бойынша тексерілген мекемелер бес жылда бір рет тексерілетін объектілер қатарына жатқызылды. 
Биылғы жылға мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курсына жергілікті бюджеттен  10 073,0 мың теңге, ағылшын тілін оқытуға 2 758,0 мың теңге қаржы бөлінді. «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК арқылы 83 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша оқыту кустарынан, ал 17 мемлекеттік қызметші ағылшын тілінің оқыту курсынан өтті.
Бұл жұмыстар Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында жалғасын табуда.
2015 жылғы маусым айында Жаңақорған, Жалағаш аудандарының 24 мемлекеттік қызметшісі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқыту курсынан өтсе, Жалағаш ауданының 12 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтуде. 
29 сәуірде ақиық ақын М. Мақатаевтың поэзиясын насихаттау, өлең құдіретімен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жазба ақындар байқауы өтті.
Республикалық байқауға облыстық ішкі саясат басқармасының жолдамасымен қатысқан жас ақын Ұ. Тәңірбергенов жүлделі ІІ орынды, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Б. Сәтжанов ынталандыру сыйлығына ие болды.                      
14 мамырда қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласының мектептерінен және Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан  16-22 жас аралығындағы 13 талапкер қатысты.   
Облыстық байқаудың жеңімпазы Қармақшы ауданы, №99 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ә. Ертілеуовке қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді. 
19 мамырда қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Қармақшы ауданы, №108 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ч. Мурсалова Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өтетін республикалық байқауға қатысу құқына ие болды.
22 мамырда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр мен Қызылорда қалаларының мектеп оқушылары және арнаулы орта оқу орындары мен халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 16-22 жас аралығындағы 20 талапкер қатысты.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Динара Нұрлыбайға қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді.
28 мамырда үштілділікті насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтап, қолдау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі жастардың тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Тіл шебері-2015» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға 21 мен 30 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жалағаш аудандарында өткен іріктеу сайыстарының жеңімпаздары, мемлекеттік және кәсіпорын қызметкерлері, орта мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының мұғалімдері, барлығы 14 талапкер қатысты. 
Облыстық байқаудың жеңімпазы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Е. Үсенбаевқа республикалық байқауға қатысуға жолдама берілді.
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ұлтымыздың нышаны іспеттес тегіміз бен аты-жөнімізді ана тілімізде яғни, мемлекеттік тілде жазуды көпшілікке насихаттау, ұлты қазақ азаматтар арасында тектілігімізді көрсетіп, қазақы нақышта жазылған төлқұжат алуды жаңғырту бағытында «Сыр бөбегі» балабақшасында «Ата-тек – ата-баба аманаты» акциясы ұйымдастырылып, балабақша бүлдіршіндеріне  дидактикалық әдістемелік құралдар тарту етілді 
8 маусымда мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқауға Арал, Қазалы аудандық газеттерінің, облыстық, қалалық басылымдардың, телеарналар мен интернет газеттердің жекелеген журналист тілшілері мен басқа да сала мамандарының 25 материалы ұсынылды.
Байқау қорытындысымен қазақ тілді баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясына «Халық» республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық газетінің тілшісі Н.Құдайбергенованың «Көнектей басымызға шүмектей тілімізді жау етпейік» мақаласы, орыс тілді баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясына облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Ж. Исаевтың «Душа народа - в его языке» мақаласы, қазақ тіліндегі «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясына Қызылорда қоғамдық телекомпаниясының журналисі І. Құрбанбаевтың «Тіл – тағдыр» хабары, орыс тіліндегі «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясына облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының журналисі А. Аханованың «Моя страна» хабары лайықты деп танылды.
10 маусымда ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін тарату мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы өткізілді. 
Байқауға 25-40 жас аралығындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, мамандар қатысты. 
Байқау қорытындысы бойынша Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Г. Сәдуова жеңімпаз деп танылып, республикалық байқауға қатысу құқына ие болды.
17 маусымда аймағымыздағы ономастика саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты облыстық семинар-кеңес отырысы өткізілді.
Семинарға қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары, жарнама агенттіктерінің, басқарманың қызметкерлері қатысып, ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу мәселелері талқыланып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Басқарма тарапынан ономастика саласындағы мәселелерді реттеу, көрнекі ақпараттар мен жарнама жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру мақсатында әдістемелік құралдар таратылды.
Есепті мерзімде Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізілді. 
Комиссия қарауына келіп түскен 41 ұсыныстың 38-і комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Яғни, облыс аудандарының 38 көшесіне келісім берілсе, Қызылорда қаласы орталығының 4 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.
Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың ықпалдылығын күшейту мақсатында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған «Таза тіл» жастар қоғамдық тобымен бірлесе отырып, 329 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 121 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.
2015 жылғы 26 маусымда Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының кеңейтілген селекторлық мәжілісі болып өтті.
Мәжілісте орыс тілінде оқытатын балабақша-мектеп-колледждерде қазақ тілін оқытудың сапасы, Қазынашылық департаментінде тіл туралы заңнамалардың орындалуы, қаржылық құжаттарда мемлекеттік тілдің қолданылуы және Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларының бірі ретінде қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесін анықтаудың құралы - ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша облысымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар, басқа да түйінді мәселелер кеңінен әңгіме болды.
Мәжіліске қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытындағы пікірлерін ортаға салды. Қорытындысымен Хаттамалық шешім қабылданып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.
Тіл тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді. Есепті мерзімде тіл тақырыбында 160-қа жуық мақала жарияланып, 5 телебағдарлама көрсетілді.
 
Құрылған күні: 14-07-2015 15:25
Жаңартылған күні: 09-01-2017 18:55

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика